Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 20:56, курсовая работа
КА диагнозын қою кезінде анамнезін, клиникалық және лабораторлық-диагностикалық көрсеткіштерін тыңғылықты талдау қажет.Осындай кезде еңбектік немесе кәсіптік анамнезі өте маңызды орын алады, себебі тек кәсіптік зияндылықпен қатынасы дәлелденген кезде ғана аурудың адамның жұмысымен байланысты екені анықталады.
Еңбектік анамнезінде КА дамуына мүмкіндік тудыратын шартты жағдайлар көрсетілуі тиіс. Оларға мыналар жатады: кәсібі, еңбек еткен барлық мерзім арасында өндірістік ортаның нақты жағымсыз факторымен қатынастағы еңбек жағдайының толық сипаттамасы; ұжымдық және жекебастық қорғандыру заттарын қолдануы; өндірістік ортаның зиянды әсерлерімен қатынастың ұзақтығы мен мерзімі.
Периодтық медициналық тексерулерді өткізу мерзымдері өндірістің түрі мен адамның кәсібіне байланысты болады.
Алғашқы және периодтық медициналық
тексерулерді қамтамасыз ету жауапкершілігі
денсаулық сақтау органдары мен
ведомствалық медициналық-санитарлық
қызмет орындарына жүктеледі. Медициналық
тексерулердің тікелей
Аурудың кәсіптік екенін мойындауға аса қажетті жағдайға еңбек жағдайында зиянды әсерлерге байланысты жұмыс істеуінен осы аурудың басталуы жатады. Сондықтан МӘСК-ға науқас адамның еңбектік кітапшасының көшірмесі мен, еңбек гииенасы бөлімінің дәрігері толтыратын, еңбек жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаттамасы берілуі тиіс.КА-дағы еңбекке жарамдылық, кәсіптік емес аурулардағы секілді, толықтай немесе жартылай жоғалтылуы мүмкін.
Еңбекке уақытша жарамсыздық мәселесі
емдік-профилактикалық
Еңбекке тұрақты жарамсыздық мәселесін МӘСК шешеді және олар әлеуметтік қорғау саласы (социальная защита) органдарына жатады.
Мүгедектік дегеніміз аурудың салдарынан өзінің тиісті жұмысын істей алмайтын еңбекке жарамдылығының тұрақты бұзылуы немесе үнемі не ұзақ мерзімге еңбекке толықтай жарамсыздық.
МӘСК мүгедектікті немесе ДКК жолдамасы бойынша науқас адамның еңбекке жарамдылықты жоғалту деңгейін бекітеді.
Науқас адамның еңбекке жарамдылықты жоғалту дәрежесі ауру ағымының түріне және ауырлығына, функциялық бұзылыстардың айқындылығына, клиникалық және еңбектік болжамдарына байланысты болады. Сондықтан мүгедектіктің 3 тобы болады: 1,2,3.
1-ші топтағы мүгедектік
функциялық бұзылыстардың өте
айқындығына байланысты адам
өзін-өзі күте алмаса және
2-ші топтағы мүгедектік
адамның еңбекке
3-ші топтағы мүгедектік
организм функциясының
3-ші топтағы мүгедектік науқас адам денсаулығына байланысты ұзақ мерзімге өзінің мамандығына байланысты жұмыс істеуге болмайтын болса, ал еңбекке тиімді орналасуы оның квалификациялық деңгейінің төмендететін болса ғана бекітіледі.
КА-да науқас адамды әлеуметтік-еңбектік және медициналық сауықтыру өте маңызды болып саналады және оның мақсатына ауырған адам денсаулығын қалпына келтіру болып табылады.
Науқас адамды сауықтыру комплексіне мына шаралар жатады:
Білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары:
1. Алғашқы медициналық тексерулердің мақсаттары?
2. Кәсіптік аурулар диагнозын қоюға қайсысы қажет?
3. Қосымша ақылы сырқат
қағазы қандай жағдайда
6.Кәсіптік ауруларды анықтаудағы негізгі шарт?
6. Кәсіптік ауру диагнозын кім қоя алады?
7. Машина құрастырушы
заводтың дәрігері металл
8. Қашан қосымша ақылы (еңбектік) сырқат қағазы беріледі?
9. Кәсіптік ауру диагнозын кімнің қоюға құқысы бар?
5. кәсіптік аурулар орталығы
10. Кәсіптік анамнезін
жинау кезінде қайсысы
Тербеліс ауруы
Тербеліс ауруы – клиникалық симптомдарының полиморфтылығымен және ағымының ерекшеліктерімен ажыратылатын, кәсіптік аурулар. Негізгі этиологиялық факторлары өндірістік вибрация.
Тербеліс ауруы көбінесе машинаны құрайтын жұмысшыларда, металлургиялық, құрылысты, авиа- және кеме құрылыстарндағы, тасты өндіретін құрылыстарда, ауыл шаруашылығымен айналысатындарда, көлік және ауыл шаруашылығының басқада салаларында қызмет ететін жұмысшыларда кездеседі.
Соққылы немесе айналмалы әсерлі қол механизімінің аспаптарымен жұмыс істейтін жұмысшылар вибрацияның әсеріне ұшырауы мүмкін. Оларға металды кесетіндер, қалыпшылар, бұрғышылар, тас кесушілер, ұштағыштар, слесарлар жатады.
Қатынастың түріне байланысты вибрацияның жалпы және жергілікті түрлерін ажыратады. Жергілікті түрінде вибрация қолдар арқылы беріледі. Вибрацияның бұндай түрі айналмалы немесе соққылы механизмді аспаптармен жұмыс істейтін адамдарда кездеседі.
Жалпы вибрация отырған немесе тұрған бет арқылы беріледі(орындық, пол, өңделінетін заттар, помост және т.б). өндірістік жағдайларда жалпы және жергілікті вибрация орын алады.
Этиологиясы мен патогенезі: негізгі этиологиялық факторларға өндірістік вибрация және қосымша кәсіптік зиянды заттар жатады: шу, суық өту, иық бұлшық еттерінің, иық белдеулерінің кернеулігі, дененің мәжбүрлі қалпы және т.б. Ауру тірек қимыл аппаратының, жүрек тамыр жүйесінің және жүйке жүйесінің қызметтерінің бұзылуымен көрінеді. Жергілікті және жалпы вибрация нервті-рефлекторлы және нейрогуморалды жүйелердің механизмін бұзады. Вибрация күшті тітіркендіргіштердің әсерінен терідегі, нервтегі және нерв бағанындағы рецепторларға әсер етіп, симпатикалық нерв ұштарындағы норадреналин секрециясын күшейтеді. Норадреналиннің бір бөлігі қанға түсіп тамырлардың тонусын жоғарлатады, ол өз кезегінде қан қысымды жоғарлатады және ангиоспазмды тудырады. Вибрацияның әсерінен адамдарда Фатер-Пачини денешіктерінде, жүйке талшықтарында, жұлын нейрондарында, ретикулярлы формация бағанында, омыртқа аралық ганглиларда және симпатикалық шекаралық бағаналарда өзгерістер болады.
Қарап тексерген жағдайларда, әсіресе вибрацияға сезімталафферентті иннервацияның төмендеуі байқалады, кейіннен түсу симптомдары және ауырсыну синдромдары пайда болады. Вегетативті аппаратта патологиялық өзгерістердің дамуына байланысты, тері, бұлшық ет, сүйек жүйелерінде дистрофиялық өзгерістер болады. Әсіресе, иық белдеуінің ірі буындарының рецепторлары зақымданып, ауырсынуларымен жүреді. Аурудың патогенезінде вибрациялық тітіркендіпгіштердің симпатоадренал жүйесіне әсерінің маңызы зор. Асқазан ішек жолдарының реттелуіне вегетативті бұзылыстар әсер етеді, ол асқазан ішек жолдарының дискинизиясына , кейіннен ауыр патологияға әкеледі.
Вибрацияның организмге жалпы әсеріне байланысты тербеліс ауруының жіктелуі (Милков Л.Е., Рыжкова М.Н., Суворов Г.А және тағы басқалары., 1982).
Бастапқы көріністері (І деңгей).
Шамалы айқындықтағы көрініс (ІІ деңгей).
А. Полирадикулярлы бұзылыстармен;
Б. Екіншілік бел-сегізкөз түбірлік синдромымен;
В. ЖЖ қызметінің бұзылыстарымен.
Айқын көріністерімен (ІІІ деңгей).
Вибрацияның жергілікті әсеріне байланысты тербеліс ауруының жіктелуі:
Бастапқы көріністер – 1 деңгей
Шамалы айқындықтағы көрініс (ІІ деңгей).
Айқын көріністерімен (ІІІ деңгей).
Тербеліс ауруының клиникасы: Жергілікті вибрацияның әсерінен пайда болған, вибрациялық ауруды 4 кезеңге бөледі. І-кезеңінде, қол саусақтарындағы ауыспалы ауырсынулар, парестезиялар, жансызданулар болады. ІІ-кезеңде, ауырсыну және парестезия сезімдері айқын және тұрақты болады, тамырлар тонусындағы өзгерістер анықталынады, нақты сезімталдықтардың бұзылыстары болады. Вегетативті дисфункция және астения көріністері дамиды. ІІІ-кезеңінде вазомоторлы және трофикалық бұзылыстар айқын болады, ауырсыну ұстамалары, жансыздану және парестезиялар, айқын вазоспазм- саусақтардың ағаруы, аралас бұзылыстар сезімі пайда болады. Вибрациялық сезімталдықтың толығымен жойылуы тән, сіңір рефлекстерінің тежелуі немесе жойылуы тән, артериялды қысымның жоғарлауымен вегетативті дистония, гипергидроз пайда болады. Асқазан ішек жолдарының бұзылыстары анықталынады, рентгенде сүйек және буындардағы өзгерістер анықталынады. ІҮ-кезеңінде, жергілікті органикалық зақымдангулар, мысалы, энцефаломиелопатия дамиды(сирек кездеседі). Айқын трофикалық және сезімталдықтың бұзылыстары болады. Нерв бағаны бойындағы және саусақтардағы, буындардағы ауырсыну синдромдары тұрақты сипатта болады. Ангиодистониялық криздер қолдың шеткі тамырларын ғана емес, сонымен қатар коронарлы және ми тамырларының аймақтарында қамтиды.
Информация о работе Кәсіптік аурулардың диагностикасы және емі