Салық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2013 в 19:19, дипломная работа

Краткое описание

Мемлекеттің салық жүйесі мемлекеттегі қолданылып жүрген салықтардың жиынтығы, салықтық қызмет органдарының жүйесі және салықтық заңнаманы білдіреді. Салықтардың және бүтіндей салықтық жүйенің тиімділігіне қол жеткізу мемлекеттің экономикалық дамуы мен өркендеуінің сенімді арқауы болды. Біздің салық жүйемізді халықаралық стандарқа жақындататын шаралар – салық жүйесін төмендету және салық түрлерін қысқарту болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................3
1. САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ...........................................................................................4
1.1 Салықтардың және салық жүйесінің экономикалық мәні....4
1.2 Салық салу принциптері және функциялары.......................17
1.3 Салық жүйесінің шетелдік тәжірибесі..................................25
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ: ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ............................44
2.1 Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі реформаларға салыстырмалы талдау..........................................44
2.2 Мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы салықтардың рөлі.................................................................................................59
2.3 Атырау облысы бойынша салық түсімдерінің жағдайына талдау............................................................................................65
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ.......................71
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................87
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................89
ҚОСЫМШАЛАР.....................................................................................91

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-салық-жүйесінің-жағдайын-аспектілері-мен-салық-жүйесінің-жағдайына-талдау-негізінде-салық-жү.docx

— 328.73 Кб (Скачать документ)

Салық салу объектісі, тауар өндірушілер үшін-өндірген өнімін өткізуден алған табысы; ал импортерлер үшін - тауарлардың кеден құнына пайыз түрінде акциз мөлшерлемесі бекітілген кеден құны.

Акциз салығын төлеу мерзімі  салық сомасының мөлшеріне байланысты болып келеді.

Жылжымайтын мүлікке салынатын  салықты шаруашылық жүргізу, немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлгалар және жеке тұлғалар төлейді.

Мемлекеттік бюджеттен қаржыланатын ұйымдар мен мекемелер жылжымайтын  мүлікке салынатын салықтан босатылған.

Негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлардың, аяқталмаған құрылыс объектілерінің құны, жеке тұлғалардың жылжымайтын мүліктерінің құны салық салынатын объектілер болып саналады.

Заңды тұлғалар үшін салық мөлшерлемесі 1% - ал өндірістік кооперативтер үшін 0,1%. Салықты төлеу жыл бойы әр тоқсан сайын төленіп отырады.

Экологиялық салықты төлеушілер болып  табиғат ресурстарын пайдаланған  барлық заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер саналады.

Салық салынатын объектілер - өндірілген табиғат ресурстарының көлемі; қайта өңделген мұнай өнімдерінід көлемі; қоршаған ортаға шығарылған ластаушы заттардың көлемі.

Салық салу объектілеріне сәйкес экологиялық салық салу үш бөлімнен тұрады:

а)белгіленген лимит, сондай-ақ үстем  лимит шегінде табиғат 
ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем;

ә) мұнай және мұнай өнімдерін қайта өңдеу үшін төленетін төлем;

б) белгіленген лимит, сондай-ақ үстем лимит шегінде қоршаған ортаға ластайтын заттар шығарғаны үшін төленетін 
төлем.

Табиғат ресурстарын пайдаланудың лимитін, үстем лимитін, мөлшерлемесін экономика және табиғат ресурстары мен қоршаған ортаны қорғау министрліктерінің ұсынысымен Министрлер Кеңесі бекітеді. Қоршаған ортаға шығарылатын ластаушы заттардың лимитін, үстем лимитін әрбір салық төлеуші үшін депутаттардың жергілікті кеңесі бекітеді.

Қоршаған ортаға белгілеген лимиттен, үстем лимиттен артық мөлшерде ластайтын заттар шығарған жағдайда 15% мөлшерінде, табиғат ресурстарын лимиттен, үстем лимиттен артық мөлшерде өндірген жағдайда 10% мөлшерінде салынады.

Ауылшаруашылығы мақсатында қолданылатын сулар, жер асты сулары салықтан босатылады.

Калий және ас тұзын өндіру ұшін алынатын экологиялық салықтар республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бірдей үлеспен бөлінеді. Мұнай және мұнай өнімдерін өндіру үшін алынатын экологиялық салықтардың 85% республикалық, 15% жергілікті бюджет кірісіне есептеледі.

Ендігі жерде жер салығына қысқаша  тоқталатын болсақ, салықты барлық меншік иелері - заңды және жеке тұлгалар, немесе жалға алушылар төлейді. Салық салынатын объект - тұлға меншігіндегі, иеленудегі жер салығының мөлщерлемесі әр жердің категориясына байланысты бөлек-бөлек анықталады.

Салық салу мақсатында жер бірнеше категорияға бөлінеді:

  • елді мекен жерлері;
  • орман және су қоры жерлері;
  • өнеркәсіп мақсатындағы жерлер;

          •   көлік, байланыс, қорғаныс мақсатындағы жерлер. 
          Салық мөлшері жер учаскесінің сапасына, орналасқан жеріне байланысты анықталады. Жер салығы жылына бір рет төленеді.

Тағы да бір тоқтала кететін маңызды салықтың бірі -азаматтардық табысына салынатын салық. Бұл салықты Беларуссияда тұрақты немесе уақытша азаматтар, шетел азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар да төлейді.

Беларуссияда тұрақты тұратын азаматтар үшін салық салу объектісі болып азаматтардың ел аумағында және елден тысқары жерде ақшалай және заттай нысанда алған барлық табыстары саналады, ал уақытша тұратын азаматтар үшін салық салу объектісі болып азаматтардың ел аумығында ақшалай және заттай заттай нысанда алған барлық табыстары саналады.

Азаматтардың табысы бірнеше топқа  жіктеледі:

  1. еңбекақы және сыйақы түріндегі табыстар;
  2. кәсіпкерлік қызметтен алынатын салықтар;
  3. шетелдік   жеке   тұлғалардың   және   азаматтығы   жоқ 
    тұлғалардың Беларуссия аумағында алған табыстары;
  4. авторлық марапат түріндегі табыстар,

Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар кәсіпкерлік қызметтен алынған табыс салығын төлеушілер болып табылады. Салық салынатын табыс жалпы табыс пен осы табысты алуға кеткен шығындар арасындағы айырма негізінде анықталады.

Шетелдік жеке тұлғалардың және азаматтығы жоқ тұлғалардың Беларуссия аумағында алған табыстарына салық алғаш жіктеудегі топқа салынатын тәртіппен салынады (яғни жіктелуі-1).  

Беларуссиядағы төлем көздерінен алынған табыстарға 20% мөлшерлемемен  салық салынады.

Авторлық марапат түріндегі  табыстарға да салық салу алғашқы  топқа сәйкес салынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Қазақстан Республикасының салық жүйесі:қалыптасуы және жағдайына

талдау

2.1 Қазақстан Республикасының салық  жүйесіндегі реформаларға салыстырмалы  талдау

Нарықтық экономикалық даму жолын таңдаған кез келген мемлекеттің шынайы тәуелсіздігі мен егемендігі үшін мықты әрі тұрақты қаржылық негіздің болуы міндетті. Ал, салықтар мемлекет бюджетінің кіріс бөлігінің негізгі қайнар көзі болып қана қоймай, материалдық, экономикалық және құқықтық категория ретінде қарама-қайшылығы мол, күрделі құбылыс әрі тауар өндірісінің барысына тікелей ықпал ететін және мемлекеттің экономикалық дамуының маңызды факторы болып табылады.

Мемлекеттегі  қолданылып жүрген салықтардың жиынтығы, салықтық қызмет органдарының жүйесі және салықтық заңнама мемлекеттің салықтық жүйесін құрайды. Салықтардың және бүтіндей салықтық жүйенің тиімділігіне қол жеткізу мемлекеттің экономикалық дамуы мен өркендеуінің сенімді арқауы болады. Дегенмен, салықтардың мәнін түсінбей, салықтардың қалыптасуы мен дамуының тарихын білмей, басқа мемлекеттердің салықтық жүйелерінің қалыптасу және даму ерекшеліктерін анықтамай салықтық жүйенің тиімділігіне қол жеткізу мүмкін емес.

Салықтарды  тарихи тұрғыда зерттеу олардың мемлекетпен қатар пайда болғандығын көрсетеді. Бір дәуірде дүниеге келген мемлекет пен салықтардың қатар қалыптасуы және одан әрі бірге дамуы мемлекет пен салықтардың ажырамас сипатын ашады. Сол уақыттан бастап қазіргі заманға дейінгі салық салу жүйесінің дамуын шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады.

Салық салудың қалыптасуы мен дамуының алғашқы кезеңі ежелгі дүние және орта ғасырлар уақытына келеді және бұл уақыт аралығында салық салу негізінен берекесіздігімен және кездейсоқтықпен сипатталды. Яғни, салық салу нақты ұйымдастырылмаған және салық салу тәртібі реттелмеген болатын. Бірақ, басқа мемлекеттерге қарағанда белгілі бір тәртіпте реттеліп отырған салықтық жүйесі бар мемлекеттер де болғанды.Айталық, Рим империясындағы салық салу жүйесі сол кезеңдегі басқа мемлекеттердің салықтық жуйелерімен салыстырғанда неғүрлым өркениетті дамыды. Алайда, бүтіндей алғанда, салық салудың осы кезеңіндегі салықтар жүйелендірілмеген еді және негізінен натуралды формада төленетінді.

Салық салудың дамуының екінші кезеңі он жетінші ғасырдың орта тұсынан он сегізінші ғасырдың аяғына дейінгі уақыт аралығын қамтыды. Осы уақыт аралығында салықтар мен басқа да міндетті төлемдер көптеген елдердің мемлекеттік бюджеттерінің негізгі табыс көздеріне айналады. Салық салу тәртібі жүйелендіріліп, тікелей салықтар мен жанама салықтар пайда болады. Мемлекеттің қаржы-қаражаттарының негізгі табыс көзі ретінде салықтарды ғылыми тұрғыда түсіндіріп, негіздеудің қажетгігі туындайды.

Үшінші  кезеңде салықтардың өзекті мәселелері туралы алуан түрлі ғылыми ой-тұжырымдар мен теориялар пайда бола бастады. Салық салу теориясының негізін қалауын шотлаңд экономисі Адам Смит салық салудың қазіргі уақыттың өзінде кеңінен қолданылып келетін анықтылық, әділеттілік, ыңғайлылық және арзандылық секілді негізгі принциптерінің авторы болып табылады. Бұл кезеңде көптеген мемлекеттерде белгілі экономист-ғалымдардың ой-тұжырымдарының және теорияларының дамуы нәтижесінде қалыптасқан ғылыми тұрғыдағы бастамалардың негізінде салықтық реформалар жүзеге асырыла бастады.

Келесі  кезең, қазіргі замандағы салық салу салықтарды неғұрлым нақты теориялық негіздеумен сипатталады. Бұрыннан даулы болып келе жатқан кейнсиандык, неоклассикалық, неокейнсиандық теориялар таныла бастады. Салықтарды түсіндіруді, олардың мәнін ашпақ болған және салықтық жүйенің мәні мен сипатын анықтамақ болған, әр түрлі мектептерге жататын теориялардың позитивті және негативті жақтары анықталып, осы теориялармен негізделген ережелерді біріктіру немесе сәйкестендіру жолымен салықтық жүйенің жаңа үлгісін іздену қадамдары жасалды. Салықтар мемлекет табысының негізгі көзі болып қана коймай, экономиканы мемлекеттік реттеудің құралына айналды.

Қазіргі уақытта, тәуелсіздігін алып, егемендігін жариялаған, экономикалық дамудың нарықтық жолын таңдаған Қазақстан Республикасы үшін өзіндік салықтық жүйесін қалыптастыру аса маңызды мәселе болып отыр. Кез келген мемлекеттің егемендігі оның экономикалық дамуының көрсеткіштерімен және каржылық негіздерімен айқындалады. Ал, қарапайым салық төлеушілерден, яғни, азаматтардан және шаруашылық субьектілерінен жиналатын салықтар мен басқа да міндетті төлемдер мемлекеттің қаржылық қуатының басты тірегі болып табылады.

Мемлекеттің экономикасында болып жатқан елеулі өзгерістер салык салу саласында пайда болатын қоғамдық қатынастарға катысты қоғамның немесе көпшіліктің қызығушылығын тудырады. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында салық түріндегі түсімдер және бүтіндей салықтық жүйенің қаражат көзі ретінде маңызы арта түседі. Сондықтан да, мемлекет бюджетінің табыс бөлігінің негізгі қайнар көзі болып табылатын салықтар мәселесі экономистер мен құқықтанушылар арасында белсенді ізденісті ынталандырады. Іздену және зерттеу жұмыстары негізінен салықгық жүйенің сол мемлекетте немесе елде қалыптасып келе жатқан экономикалык қатынастарға тән үлгісін анықтау бағытында жүргізіледі.

Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде салықтық заңнаманың кемшіліктері мен қателері анықталып, салықтық жүйенің жетілдірілуі жөніндегі шаралар қолға алынады. Ғылыми-теориялық жағынан шыңдалып, тиісінше өнделген, сол аумақта қалыптасып келе жатқан нарықтық қатынастарға сай салықтық жүйені бекітетін салықтық заңнама іс жүзінде мемлекет бюджетінің кіріс бөлігінің негізгі көзі болып табылатын салықтардың бюджетке толығымен және уақытылы түсуін қамтамасыз ете алатын, жетілдірілген құжат болмақ.

Салықтық нормативтік-құқықтық актілер экономиканы басқарудың салықтық тәсілін кешенді құқықтық реттеуді қамтамасыз ететін құқықтық және экономикалық ережелерді қамтиды. Сол себепті, мемлекеттегі құқықтық жүйені ескере отырып, салық салуды құқықтық реттеудің жалпы мазмұнын ашу да аса өзекті мәселеге айналып отыр.

Салықтарды  және салықтық жүйені зерттеу салық салудың және салықтық жүйенің теориялық негіздерін ашуды, елдегі салықтық жүйені ұйымдастырудың принциптерін аныктап алуды, бюджетті қалыптастырудың ерекшеліктерін, салықтық қызмет органдарының құрылымын, міндеттері мен құқықтарын, салықтық жүйені одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтауды талап етеді.

1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылдаған бірқатар зандарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.

Еліміздің салық жүйесінің дамуын алты кезеңге бөліп қарастыруға болады:

- 1 кезең (1992-1995ж) – жаңа салық жүйесі базисінің, салық кезеңінің өңделуі және іске қосылуы;

- 2 кезең (1996-1998ж) – нарықтық эконмика талаптарына сай келетін салық жүйесін құруды анықтау;

- 3 кезең (1998-2000ж) – барлық қағидалардың ескерілуі арқылы салық жүйесіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу, салық жүйесін одан әрі жетілдіру;

- 4 кезең (2001-2002ж) – Жаңа Салық Кодексі қабылданып, іске қосылды;

- 5 кезең (2005-2008ж) – кейбір алым және төлемақы түрлеріне өзгерістер енгізу;

- 6 кезең (2008-.....) – кейбір салық түрлеріне өзгерістер енгізумен салық ставкаларын төмендетуіне байланысты Жаңа Салық Кодексін қабылдау.

Енді  осы кезеңдердің әрқайысына толықталып өтелік.Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25-желтоқсанында қабылданған  Қазақстан Республикасындағы Салық  жүйесі туралы Заң тәуелсіз салық  жүйесін құрудың ең алғашқы бастамасы  болып табылды. Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі жұмыстардың бірі болып саналады. Осы кезеңдерде елде көптеген өзгерістер болды және экономиканың дамуына көптеген құбылыстар, атп айтқанда, меншіктің көптеген түрлерінің дамуы, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет арасындағы қатынастардың құқықтық негізде жүргізілуі және т.б. құбылыстар іске аса бастады.

Информация о работе Салық жүйесі