Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2013 в 19:19, дипломная работа
Мемлекеттің салық жүйесі мемлекеттегі қолданылып жүрген салықтардың жиынтығы, салықтық қызмет органдарының жүйесі және салықтық заңнаманы білдіреді. Салықтардың және бүтіндей салықтық жүйенің тиімділігіне қол жеткізу мемлекеттің экономикалық дамуы мен өркендеуінің сенімді арқауы болды. Біздің салық жүйемізді халықаралық стандарқа жақындататын шаралар – салық жүйесін төмендету және салық түрлерін қысқарту болып табылады.
КІРІСПЕ......................................................................................................3
1. САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ...........................................................................................4
1.1 Салықтардың және салық жүйесінің экономикалық мәні....4
1.2 Салық салу принциптері және функциялары.......................17
1.3 Салық жүйесінің шетелдік тәжірибесі..................................25
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ: ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ............................44
2.1 Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі реформаларға салыстырмалы талдау..........................................44
2.2 Мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы салықтардың рөлі.................................................................................................59
2.3 Атырау облысы бойынша салық түсімдерінің жағдайына талдау............................................................................................65
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ.......................71
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................87
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................89
ҚОСЫМШАЛАР.....................................................................................91
Бірақ, әлеуметтік салық шегерімінің өлшері 25000 руб-ден көп болмауы керек. Медициналық мекемелерде қымбат емдеу жүргізіліген жағдайда, нақты шығын сомасы толығымен шегерімге енгізіледі.
Мүліктік салық шегерімдері салық кезінде меншігінде 3-5 жыл болған жылжитын және жылжымайтын мүліктерді сату кезінде алған табыстарына сәйкесінше 1 млн. және 125 мың мөлшерінде салық шегерімдері беріледі.
Кәсіби салық шегерімдерін мындай жеке тұлғалардың пайдалануына болады:
• ғылым, өнер, әдебиет, авторлық құқық салаларында табыс алатын салық төлеушілер нақты шеккен шығындарын құжатпен растаған жағдайда шегерімге жатқыза алады.Егер бұл шығындарын құжатпен растай алмаған жағдайда, шегерім мына мөлшерде беріледі:
Кесте – 5 Кәсіби салық шегерімдері
Атауы |
Нормативтік шығын (есептелген табыс сомасына пайыздық) |
Өнер туындыларын жасау, оның ішінде театр, кино, экстрда, цирк |
20 |
Графика, архитектура, дизайн туындыларын, фоторобот жасау |
30 |
әр түрлі техникада мүсін, театр, кино декорациясының өнерлерін жасау |
40 |
Аудиовизуалдьді туындылар жасау (видео, теле, кинофильмдер ) |
30 |
Музыкалық туындылар жасау, опера, балет, музыкалық комедия, симфония |
40 |
әдебиет пен өнер туындыларын орындау |
20 |
Ғылыми еңбектер жасау мен өнерлер көрсету |
20 |
өнеркәсіп үлгілерін табу, құру, жасау. |
30 |
Ескерту – Шетел мемлекеттер қаржылары оқу құралының авторларымен құрастырылған |
Жеке табыс салығы мынадай табыстардан 35 пайыздық мөлшерлемемен алынады:
ә) ойындар, конкурстарда лотерея бойынша ұтыстар жүлде-
лерін жэне т.б 2000 руб-ден асқан мөлшерлеріне;
б) банктегі салымдар бойынша пайыз сомасының Орталық
Банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің ¾ бөлігінен
асқан мөлшеріне;
в) салық төлеушінің зайымдық қаражаттардан алған пайыздық
сомасының Орталық Банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің
¾ бөлігінен асқан мөлшеріне.
Ресейдің бейрезиденттері барлық алған табыстарынан 30 пайыздық мөлшерлемемен табыс салығын төлейді. Жеке тұлғаның дивиденд түріндегі табысына 6 пайыздық мөлшерлемемен салық салынады. Ал, басқадай табыстарының барлығына 13 пайыздық пропорционалдық мөлшерлемемен салық салынады.
Салық агенттері есептелінген табыстан салық сомасын есептеп ұстап қалуға міндетті. Салық декларациясын есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейін салық органына тапсыру қажет. Салық декларациясында жеке тұлғаның салық кезеңінде алған табыстары, оның көздері, шегерімдері, есептелген салық сомасы, салық кезеңі ішінде төленген аванстық төлемі, салық кезеңінің қорытындысы бойынша төленуі тиіс салық сомасы көрсетіледі.
Біртұтас әлеуметтік салық азаматтардың зейнетақысын, әлеуметтік сақтандыруын және медициналық көмегін қамтамасыз ету мақсатында енгізілген болатын. Бұл салық:
Салық салу объектісі болып салық төлеушінің жеке тұлғаға төлеген әр түрлі нысанындағы төлемдері, марапаттары саналады.
Біртұтас әлеуметтік салықтардан:
а) уақытша еңбекке жарамысыздығына, жүктілігіне, босануына, жұмыссыздығына байланысты төленетін мемлекеттік жәрдемақылар;
ә) бір жолғы материалдық көмек;
б) шаруа қожалығы мүшелерінің табысы - 5 жылға дейін;
в) кәсіподақ ұйымының мүшесіне кәсіподақтық
мүшелік жарналары есебінен берілген
ақшалай және заттай нысандағы
төлемдер - жылына 10000 руб-ден аспаса және
бұл төлем
түрі 3 айдан жиі берілмесе;
г) табыс мөлшері салық кезеңінде 2000 руб-ден
д) табыс мөлшері салық кезеңінде 100000 руб-ге дейін болатын 1, 2, 3 топтағы мүгедектер;
е)ғылым, білім саласының мамандары босатылады.
Салық аванстық төлем түрінде прогрессивтік
шкаламен анықталады.Аванстық төлем түрінде
прогрессивтік есепті айдан кейінгі айдың
15-не дейін жасалуы керек. Салық декларациясы
есепті жылдан кейінгі жылдың 30 наурызына
тапсырылуы қажет.
Украинада салық салу 02.02.1994 жылғы «Салық жүйесі туралы» Украина Заңының негізінде жүзеге асырылады.
Украинаның салық жүйесі жалпы мемлекеттік салықтар мен басқа міндетті төлемдерден (барлығы 19 салық) және жергілікті салықтар мен басқа да міндетті төлемдер мен алымдардан тұрады (аталған толемдер саны 16).
Жалпы мемлекеттік салықтар мен алымдар:
Жалпы мемлекеттік салықтар мен алымдар Украина Жоғары Кеңесімен бекітіледі және Украина территориясының барлық жерінде орындалады.
Ал, жергілікті салықтар мен алымдарға жататындар:
Енді осы аталған салықтардың кейбір негізгілеріне қысқаша тоқтала кететін болсақ, кәсіпкерлік субъектілері үшін пайдага салынатын салық ерекше маңызды.
Қазіргі кезде Украина кәсіпорын пайдасына салынатын салық 01.07.1997 жылы енгізілген «Кәсііюрын пайдасына салық салу туралы» Украина заңының негізінде жүзеге асырыларады.
Салық салынатын объект - пайда.
Пайда - кәсіпорын өзі шеккен шығындарымен амортизациялық аударымдарынан алып тастағаннан қалған есепті кезеңде тапқан жалпы табысы.
Тағы бір ескере кететін жайт, жеке тұлға немесе заңды тұлға казинодан, немесе лотереядан ұтыс тапқан жағдайда ұтыс сомасының 3% мөлшерде салыққа тартылады. Аталмыш салық бойынша біршама жеңілдіктер қарастырылмаған. Мысалы, жалпы украиналық азаматтық мүгедектер ұйымдары құрған кәсіпорындар, немесе кұрамында қызметкерлер санының 50% мүгедек адамдардан құралса, осы кәсіпорында салықтан босатылады.
Салық есептік тоқсандағы әр айдың 20-нан кешіктірілмей төленуі тиіс. Ол, қосылған құнға салынатын салықтың төленуі мен Украинаның 01.10.1997 жылы күшіне енген жаңа «Қосылған құнға салынатын салық туралы» заңына сәйкес жүргізіледі.
ҚҚС-н толеушілер болып кәсіпкерлік саланың субъектілері, сондай-ақ төмендегі іс-әрекеттерді жүзеге асырушы жеке тұлғалар да саналады, яғни:
• Украинаның кеден аумағында сауда бойынша кәсіпкерлік істі жүзеге асырушылар.
Салық салу объектісі болып төмендегі операциялар саналады:
• Украинаның кеден аумағында сауда істерін жүргізу бойынша операциялар;
• резидент
еместердің Украина территориясьша тауар
алып
кіру операциялары;
Украинадан сыртқа жөнелтілетін тауарлар бойынша операциялар.
Салықтардан басқа Украинаның барлық территориясында еңбекті қорғау қорына аударылатын міндетті төлемдер, темір жолдарды дамыту қорына төлемдер, өнімді сертификаттау үшін төлем, лицензиялау үшін төлем сияқты басқа да төлем түрлері алынады.
Беларуссиядағы басты салықтар болып мыналар саналады:
• қосылған құнға салынатын салық;
• пайда және табысқа салынатын салық;
• азаматтар төлейтін табыс салығы;
Ендігі жерде мемлекет деңгейіндегі
аса маңызды осы аталған
Мемлекеттік бюджет кірісінің басым бөлігі қосылған құнға салынатын салықтың үлесінде. Аталмыш салық Беларуссияда 1992 жылдан бастап қолданыста. Бұл салықты мемлекет аумағында тауар экспорттайтын және импорттайтын барлық заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке кәсіпкерлер төлейді.
Салық салу объектісі — салық салынатын айналым.
Салық мөлшерлемесі — 20%.
Пайдаға салынатын салықты меншіктің ұйымдық-құқықтық түріне байланыссыз барлық заңды тұлғалар төлейді.
Салық салу объектісі – кәсіпорынның баланстық пайдасы.
Баланстық пайда өнім өткізуден
түскен пайда, өткізуден тыс операциялар
бойынша пайда мен осы
Салық салынатын пайдаға 30% салық салынады.
Шағын кәсіпорындар үшін арнайы жеңілдіктер қарастырылған, мысалы жылдық баланстық пайдасы 5000 мәрте минималды жалақы сомасын құрайтын кәсіпорындар 15 пайыздық мөлшерлемемен салық төлейді.
Пайдаға салынатын салық бойынша жеңілдіктер үш түрде көрініс тапқан:
Бұдан басқа жеңілдіктер жыл сайын бюджет бекітілген кезде қайта қаралып, белгіленіп, қадағаланып отырады. Табысқа салынатын салықты меншіктің ұйымдық-құқықтық түріне тәуелсіз барлық заңды тұлғалар төлейді. Салық дивиденд және оған теңестірілген басқа да табыстардан 15% мөлшерлемемен алынады.
Акциздерді мемлекет аумағына тауар экспорттайтын және импорттайтын барлық заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар төлейді.
Акциздерге байланысты мәселелерді, яғни акцизделетін тауарлар тізімі, акциздік маркалар, олардың таңбалану тәртібін т.б. Беларуссияның Министрлер Кеңесі анықтап, Жогарғы Кеңесі бекітеді.
Салық мөлшерлемесі тауар өткізуден түскен табысқа (кедендік құінына) пайызбен немесе заттай мағынадағы тауарларға абсалюттік. сомада белгіленеді.