ҚР-ның салықтар ұғымы және оның әлеуметтік – экономикалық мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Июня 2013 в 21:23, реферат

Краткое описание

Қазақстан өз тәуелсізідігін алғалы бері нарықтық механизмді белсенді түрде енгізуге күш салды, сондықтан салық жүйесі ең маңызды мәселенің біріне айналып отыр.
Кез-келген мемелекетке өзінің толыққанды тәуелсіздігін алуы үшін және өзін өзі жан-жақты қамтамасыз ету барысында мықты да тұрақты қаржы базасы қажет. Дамыған елдер тәжірибесі көрсетіп отырғанындай мемлекеттің негізгі қаржылық тірегі болып халықтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерден жиналатын салықтар болып табылады.
Салықтар тек қана мемелкеттің қаржылық базасы ғана емес, сонымен қатар экономиканы мемлекеттік реттеудің күшті құралы болып табылады. Салықтар ұдайы өндірістік процесстерге әсер ете отырып, экономикалық өсуді қамтамасыз ететін маңызды фактор ретінде әрекет етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

дип.doc

— 683.00 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

 

Қазақстан өз  тәуелсізідігін алғалы бері нарықтық механизмді белсенді түрде енгізуге күш салды, сондықтан  салық жүйесі ең маңызды мәселенің  біріне айналып отыр.

Кез-келген мемелекетке  өзінің толыққанды тәуелсіздігін алуы үшін және өзін өзі жан-жақты қамтамасыз ету барысында мықты да тұрақты қаржы базасы қажет. Дамыған елдер тәжірибесі көрсетіп отырғанындай мемлекеттің негізгі қаржылық тірегі болып халықтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерден жиналатын салықтар болып табылады.

Салықтар тек қана мемелкеттің қаржылық базасы ғана емес, сонымен қатар экономиканы мемлекеттік реттеудің күшті құралы болып табылады. Салықтар ұдайы өндірістік процесстерге әсер ете отырып, экономикалық өсуді қамтамасыз ететін маңызды фактор ретінде әрекет етеді.

Әр бір мемлекеттің салықтарының жиынтығы, басқа да элементтермен қоса,  оның салық жүйесін қалыптастырады. Экономикалық өсуді қамтамасыз ету, халықтың әлеуметтік қамтамасыз етілу деңгейін көтеру, орта және шағын бизнес субъектлерін ынталандыру, бюджеттік тапшылықты төмендету сияқты республиканың негізгі деген кезек күттірмес өзекті мәселелерін шешуге оның салық жүйесінің қызмет етуін жетілдіру арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Кез келген мемлекеттің  қалыптасып дамуымен қатар қоғамда  кез -келген салықтың өз орны, өзіне тән атқаратын қызметі, әсер ету ортасы бар. Бүгінгі күні әлемдегі барлық мемлекеттердің экономикалық саласындағы қандай уақыт немесе қандай да бір жүйеде болмасын өзекті мәселенің бірі, ол- салық. Себебі, ол елді қаражат көзімен қамтамасыз ететін күре тамыр, бюджетке түсетін түсімнің маңызды бөлігін құрайды. Кез келген мемлекеттің нарықтық экономикасының қалыптасуы мен дамуы мемлекеттің негізгі жақтарын, әсіресе экономикасын реттеу құралы ретінде салықтық саясатты кеңінен қолдануына тікелей байланысты болмақ. Отандық және шет ел тәжірибелерінен көріп отырғанымыздай салықтар және салық жүйесі экономиканы реттеудің және салықтарды бюджетке жұмылдыра отырып, оның өз қызметтерін атқаруға мүмкіндік беретін негізгі қаржылық құралы болып табылады.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: салықтардың көмегімен инвестициялық процесске экономикалық әсер етуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ өндіріс салаларындағы техника мен технологияларды жаңартуға,  бюджетті баланстауға, салықтық аударымдарды реттеуге мүмкіндік туындайды. Ал, мұндай шаралардың дамушы жас мемлекеттердің  аяғынан тұрып кетуіне қаншалықты қажет екені баршамызға белгілі. Осыдан барып аталған тақырыптың өзектілігі туындайды.

Шағын бизнесті дамытудың қазіргі мәселесін  талдауына қарасақ, екі бағытты  көруге болады: оның қызметінің құқықтық жағын жүзеге асыру және жаңа прогрестік формалармен шағын бизнесті қаржылай қолдау тәсілдерін дамыту. Бірінші бағытта салық салу обылсында дұрыс, тиімді құқықтық режимді орнату өте маңызды болып табылады. Салық саясатты жүзеге асыру шаралары несие беру мәселесі тікелей байланысты болмаса да, ол жаналай шағын бизнестің кірістерімен кірістілігін қалыптастыруына әсер етеді, атап айтқанда, салық төлеу мүмкіндігіне әсер етеді. Шағын бизнестің кейбір өзіне тән ерекшеліктері оның экономиканың маңызды секторы екендігін көрсетеді. Мемлекеттің оған аса мән беруі қоғам үшін экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге жетумен түсіндіріледі.

Диплом  жұмысының негізгі мақсаты мен міндеттері: Шағын бизнес субъектілеріне салық салумен байланысты мәселелерді анықтау және соның негізінде шағын бизнес субъектілеріне салық салу жүйесін жүзеге асыру жолдарымен нақты ұсыныстар болып табылады.

Аталған мақсатқа жетуде төмендегі мәселелерді қарастыруды  жөн көрдік:

  • «Шағын бизнес» түсінігінің мәнін анықтау;
  • Қазақстанның экономикалық дамуындағы шағын бизнестің рөлі мен орнын анықтау;
  • Қазақстан Республикасындағы шағын бизнеске салық салудың құқықтық аспектілерін қарастыру және оның тиімді дамуына кедергі жасайтын факторларды анықтау;
  • Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнайы салықтық тәртіпті талдау; 
    шағын бизнеске салық салудағы мемлекеттік саясаттың мәселесін анықтау және оны салықтық түрдегі әр түрлі тәсілдердің көмегімен шешу жолдарын анықтау.

Дипломдық жұмыстың жаңалығы: Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың қалыптасуына орай  тиімді салық саясатын құрудың маңызы зор.

  1. Бәсекелестік ортаны қалыптастырады;
  2. Нарықты тауар мен және әр түрлі қызметтермен толықтырады;
  3. Ірі бизнес үшін кадрлар мен капитал ресурсының көзі болатын «қөректену ортасы» болып табылады.

Саяси нәтижелерге  келетін болсақ шағын бизнес қоғамның бір қалыптығының негізгі ретінде  орта класты қалыптастыру көзі болып  табылады.

Шағын бизнесі  салықтық механизм арқылы көтеру тәсілдері  қаншалықты тиімді екендігін анықтау  қажет.

Зерттеу объектісі: Семей қаласы бойынша Салық Басқармасының қызметі болып табылады.

Ақпараттық  көздері:  отандық және шет елдік ғалым экономистердің еңбектері, мерзімдік арнайы басылымдар және салық салу саласындағы отандық заңнама (Салық Кодексі) мен бюджет туралы заңдар және басқа да қосымша нормативті актлер мен жарлықтар қолданылды. Сондай-ақ, монографиялар мен оқу құралдары, мерзімдік басылымдардан түрлі мақалалар қолданылды.

 

 

 

  1. ШАҒЫН БИЗНЕСТЕГІ САЛЫҚ САЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

 

1.1 ҚР-ның салықтар ұғымы және оның әлеуметтік – экономикалық мәні

 

Қазақстан Республикасында республикалық  және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау жүйесiн дамытудың және келешекке арналған осы тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) республикалық  және жергіліктi бюджеттердiң атқарылуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыруды қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың сыртқы аудиттiң күштi қызметiн құру Есеп комитетiнiң өкiлеттiлiктерiн кеңейту, оны сапалық және сандық жағынан нығайту қажеттiгi туралы тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң мемлекеттiк бағдарламасы туралы". Жарлығының және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң тұжырымдамасы туралы". [1]

Ұсынылып  отырған Тұжырымдама республикалық  және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау жүйесiн дамытудың негiзгi бағыттарын айқындайды.[1]

Қаржы саласындағы мемлекеттiк бақылау  жүйесiн жетiлдiру халықаралық талаптарға сәйкес, нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу мен бекiтудi, олар белгiлеген объектiлер мен құқықтық нормалардың қолданылу аясын бөлудi ескере отырып республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау ұғымын айқындаудың объективтiк қажеттiгiнен туындап отыр.

Сол сияқты қолданылып жүрген заңнамаларда қаржы  саласындағы мемлекеттік бақылау  органдарының арасында міндеттер мен  өкілеттіктерді айқын шектеудің  жоқтығы, осы органдардың бір-бірімен  де және мемлекеттiк қаржы бақылау жүйесiнен тыс қызмет ететiн аудит институтымен де өзара iс-қимыл мәселелерiнде тиiстi айқындылықтың болмау жағдайлары мәселенiң өзектілігiн растай түседi.

Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау жүйесiн одан әрi дамыту мемлекет пен елiмiздiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң қаржы-экономикалық қарым-қатынастары жүйесiндегi маңызды мәселелердiң шешiлуiне елеулi ықпал ете алады, сондай-ақ экономика саласындағы әртүрлi құқық бұзушылықпен нысаналы күрес жүргiзуге мүмкiндiк бередi.

Салықтар –  тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің  пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды.

Салықтың экономикалық мәні – шаруашылық субъектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін табылатындығында. Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болды. Азаматтың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды.

Салық – заңды  актілерге сәйкес салық төлеушілермен  жүзеге асырылатын бюджетке төленетін  міндетті төлем.

Салық дегеніміз  – белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.

Салықтар тауарлы  өндірістің пайда болуымен, қоғамның класстарға бөлінуі мен мемлекеттің  пайда болуымен бірге пайда болды. К.Маркс: «Салықтарда мемленкеттің өмір сүруінің экономикалық негізі қаланған»,-деп атап көрсетеді.

Қазіргі күні біздің мемлекетеміз үшін де салық жүйесі, оны реформалау мәселесі үлкен мәнге  ие. Егемендік алған 20 жыл ішінде Қазақстан Республикасының салық  жүйесі бірнеше өзгеріске түсті. Бұл мәселеге тоқталмастан бұрын салық жүйесіне түсінік беру  қажет. Яғни, салық жүйесі (грек тілінен аударғанда бөліктерден құралған бүтін деген ұғымды білдіреді) - бұл салық белгілі бір біртұтастық немесе кешен, ол салықтөлеуші мен мемлекеттің мүддесін қорғау мақсатында бір-бірімен өзара байланыстағы салықтардың жиынтығынан тұрады. Бұл жүйенің құрамына мыналар кіреді:

      • салық қатынасын реттейтін құқықтық және нормативті база (салық кодексі, жарлық, инструкциялар т.с.с);
      • салықты және басқада міндетті төлемдерді жинау және құрау тәсілі. Олардың әртүрлілігі, салық салу принципі, салық элементтері;
      • салық бақылауын жүргізудің түрлері мен формалары (салық есебінің камеральды бақылау, салық төлеушінің мониторингі, құжаттық және рейдтік салықты тексеру және т.б);
      • Салықты және басқа міндетті төлемдерді жинау қызметі кіретін, ұйымдар атап айтқанда, ҚР МКМ, салық органдары, қаржы полициясы[2].

Салық салу - әлеуметтік-саяси  проблема, ол мемлекет таңдап алған  ұзақ мерзімдік даму стратегиясына  тікелей байланысты.

Қазақстандағы салық жүйесінің ерекшелігі сонда, ол негізінен шаруашылықтың нарықтық үлгісіне орайластырылған, тұрмысы нашар азаматтарды әлеуметтік қорғау мен жеңілдік жүйесі бойынша әлеуметтік-орайластырылған  үлгіге  тән.

Қазақстан тәуелсіздік  алғаннан кейін, ТМД –ның басқа мемлекеттері сияқты аз уақыт ішінде мемлекеттің салық жүйесінің заңдық негізін құру керек болды. Салық реформасының тұжырымы 1992 жылы жасалды. Онда екі кезең көрсетілген: бірінші (1993 – 1995ж.ж) жаңа салық жүйесін дайындап, әрекет етуге енгізу,  және екіншісі (1996-2002 ж.ж) нарықтық экономика талаптарына жауап беретін салық жүйесін құруды аяқтауды мақсат еткен.

Бірінші кезең 1995 жылдың сәуірінде ҚР «Салық және басқада міндетті төлемдер туралы»  заңның қабылдануымен аяқталды. Бірақ  бұл заңның қатаң талаптары болмады, керісінше бұл заңға нарықтық реформаларды тездетіп жүргізуге бағытталған толықтырулар мен өзгертулер ҚР-ның Президентіның Жалығымен  және ҚР-ның 1999 жылға дейін енгізілді.

2001жылы 16 сәуірде  ҚР-ның Сенаты «Салық және басқа  да міндетті төлемдер туралы»   Заңына “өзгерістер мен толықтырулар енгізу” туралы үкіметтің ұсынысынмен Заң қабылдады. Ол салық ставкасын төмендетуді қарастырды. Өндірістің дамуына және кәсіпорынның инвестиция қызметін кеңейтуге бағытталған, бұл заң 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырыла бастаған жаңа Салық кодексін дайындап, кейіннен қабылдауда барынша маңызды қадам болды[3].

ҚР-да 1995-2001 жылдағы 6 жыл көлемінде жүргізілген салық  жүйесі кәсіпкерлердің, экономистердің, депудаттардың, мемлекеттік шенеуніктердің, журналистердің және қарапайым салық төлеушілердің тарапынан көптеген наразылықтар тудырды. Әрбір кезекті сайлау өткен сайын, сайланбалы билік органына барған жаңға адамдардың алғашқы қадамы салық саласында түбірімен өзгерту енгізуге бағытталатын болар деген әсер бар еді. Біршама уақыт өткеннен кейін, бұл үміт ақталмады, өйткені бұл салады жаңа заң актілері оны жетілдіргеннен гөрі, құлдырата берді, ал қарама- қайшылықтар сол қалпында қалды. Әртүрлі көзқарастарды сараптай келе, сыншылардың қандай да бір ортақ негізі жоқ екенін көруге болады. Көпшілігіне салық ставкасының тым жоғарлылығы ұнамайды. Кейбіреулері нарық жағдайында мемлекет төмен салық бекітеді деп есептеген. Өзгелерінің пікірінше, еркін кәсіпкерлік салыққа да әсерін тигізеді: “Қаласам-төлеймін, қаламасам төлемеймін” деген қағидаға сүйенуі мүмкін. Бірақ, сөйте тұра, бюджеттік мекеме қызметкерлеріне еңбекақы төлемі, зейнетақы, кешіктіргенде, мемлекеттік тапсырыс дер кезінде төленбегенде, барлығы үкіметті кінәлайды. Осы жерде бәрі анықталады: төменгі салық мемлекеттік шығындардың барлығын үздіксіз қаржылық қамтамасыз етумен сәйкес келуі керек екен.

Тағы сынауға  түрткі болатын: салық жүйесінің  артық фискальды сипаты; отандық  өндірушілерге қажетті ынталандырудың басым болмауы; табысқа салынатын  салықтың көптігі; мүлік салығының төмендігі; батыс елдерімен салыстырғанда, еңбекке аз ақша төлей отырып, жеке тұлғаларға салынатын салықтың көптігі;  жеке тұлға салығының төмендігі, ал басқа мемлекеттерде ол жоғары; бұрын естіп те білмеген қосылған құнға салынатын салық; салықтан жалтарғандарға қолданылатын тым қатаң қаржылық санкция; бюджет жетіспеушілігін жоюда қолданылатын шаралардың жетіспеушлігі;  жеке салықтардың жиі өзгеруі; табиғи ресурстарға салынатын салықтың төмендігі; Бұл тізімді бұдан әрі де ұзақ жалғастыра беруге болады.

Осы көзқарастарды  жалпылап, біріктіру мүмкін емес. Бірақ, кейбір айтылған сыни көзқарастар мен  ұсыныстарда шындық бар. Салық жүйесі әрине жетілдіруді қажет етеді.  Бірақ, батыс елдерінің тәжірибесінен  алынған кездейсоқ идеялардың негізінде  емес. Қазақстанға салық салу саласында қазіргі салық жүйесін жетілдіріп қана қоймай, өмірге әкелінген қандайда бір кешенді шаралардың барлық экономикалық және әлеуметтік салдарларын болжап, алдын-ала байқайтын, өзінің ғылыми немесе бірнеше мектетер мүлде жетіспейді.

Өткен  жылдарға баға бере отырып, есте ұстайтын жайт, ҚР салық жүйесі бірінші күннен бастап экономикалық дағдарыс кезеңінде пайда болып, дамып келеді. Қиын көздерде бюджет тапшылығының өсуін тоқтатады, елдің барлық  шаруашылық аппаратын қамтамассыз етедіүздіксіз болмаса да кейінге қалдыруға болмайтын мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге жол береді, негізінен ол нарықтық экономика  жағдайына көшудің сол уақыттағы міндеттеріне жауап береді.  ҚР-ның салық жүйесін қалыптастыруда  дамыған шет елдердің тәжірибесі кеңінен қолданылды.

Бірақ, салықтарды мөлшерден тыс төмендетуге болмайды. Салықттар тек ынталандырушы  ғана емес шектеуші де рөл атқарады. Тым төмен деңгейдегі салық кәсіпкерлік  белсенділіктің бірден дамуына алып келеді, ал оның бірқатар жағымсыз салдары бар.

Бірақ, бүгінгі  таңда салық жүйесі артта қалмайды. Салық реформасы барлық экономикалық реформаларға сәкес, оның бір бөлігі болып табылады. Соның өзінде мемлекеттің  қаржы жағдайы  шиеленіскен түрде  қала береді. Экономиканың тұрақтылығы  инфляцияның және өндірістің төмендеуінің жалғасы болып қала береді. Салық жүйесі  экономикалық және қаржы тоқырауына   қарсы тұрады. Осының барлығы салық заңына өзгерістер мен  толықтырулар енгізеді.

ҚР-ның салық  жүйесі  24 сәуірде 1995 жылы «салық және бюджетке басқада міндетті төлемдерді төлеу туралы» заңы салық жүйесінің негізі болып есептелінеді. Тиімді салық жүйесіне негізгі кедергі болатын экономикалық тоқырау болып табылады.

Информация о работе ҚР-ның салықтар ұғымы және оның әлеуметтік – экономикалық мәні