Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2014 в 21:20, курсовая работа
Баршамызға мәлім ағымдағы әлемдік қаржы дағдарысы ешбір мемлекеттке оң қырымен танылып қойған жоқ. Қазіргі таңда әлемнің ең ірі, алпауыт елдерінің өзі қомақты қаржылық және өндірістік тоқырауларды бастан кешуде, сонымен қатар жүз мыңдаған адамдар жұмыссыз қалуда, көптеген шарушылық орталықтары жабылуда. Дағдарыстың қауіпті әсерлерінен Қазақстан да шет қалған жоқ, дегенмен де оның соққыларына қарсы төтеуге лайықты екенін де байқатып үлгерді.
Кіріспе………………………………………………………………………3-5
1.Әлемдік қаржы дағдарысы……………………………………………6-7
1.1. Әлемдік дағдарыстың Қазақстанның банк секторына әсері……….7-11
1.2 Қаржылық дағдарыс кезіндегі банк секторының жағдайы туралы тәжірибешілер мен ғалымдардың пікірлері………………………………12-21
2. Әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі Қазақстан экономикасының ағымдағы жағдайы………………………………………………………………………22
2.1. Қазақстан Республикасының ұлттық өндірістерінің даму проблемалары………………………………………………………………..23-24
2.2.Ұлттық бюджетке әсері…………………………………………………25-26
2.3. Банк жүйесіне әсері……………………………………………………..27-31
2.4. Инвестицияға әсері……………………………………………………...32-33
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………….34-38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………...39-40
- инфляцияның болжамды деңгейінің өсуіне байланысты әлеуметтік төлем шығыстарын индекстеу – 11,2 миллиард теңге;
- үздік студенттерді
оқудың ақылы нысанынан
- тұрғын үй-коммуналдық сектордағы проблемалық мә¬се¬лелерді және басқаларын шешу 79 миллиард теңге болды.
Тұтастай, бюджеттің кіріс бөлігінде жоғарыда аталған шығындарды және шығыс бөлігіндегі қосымша қажеттерді ескере отырып, өтемақы үшін жалпы қажетті сома 668,5 миллиард теңгені құрады.
Мемлекет басшысының
Жолдауында айтылған тапсырмаға сәйкес,
аталған қажеттерді жабудың бірінші көзі
2009 жылға арналған бюджетте бекітілген
843 миллиард теңге мөлшеріндегі ке¬пілді
трансфертке қосымша үстіміздегі жылы
шикізат секторына түсімдер есебінен
құралған, Ұлттық қордан 347,9 миллиард теңге
мөлшеріндегі нысаналы транс¬ферт болып
табылады.
Қосымша бөлінетін нысаналы трансферт
Мемлекет басшысы жа¬рия еткен жұмыспен
қамту, жұмыссыздық деңгейінің елеулі
төмендеуіне жол бермеу және дағдарыстан
кейінгі орнықты даму үшін жағдайлар жасау
стра-тегиясын іске асыру көзі болып табылады.
Бұл ретте, үстіміздегі жылдың 1 қаңтарына
жинақталған және 3,3 триллион теңге құраған
Ұлттық қордың активтері өзгеріссіз қалады.
Мемлекет басшысының Жолдауында Ұлттық
қорға ағымдағы барлық түсімдер екі жыл
бойы дағдарысқа қарсы ша-раларды іске
асыру үшін нысаналы трансферттер түрінде
толығымен бюджетке жіберілетіндігі жарияланды.
Екінші көзі бюджеттің өз ішінен табылды.
Үкімет оны бюджеттің жекелеген шығыстарын
оңтайландыру есебінен іске асыруды ұсынды,
бұл тағы да 320,6 миллиард теңгені жұмыл-дыруға
мүмкіндік берді. Тұтастай алғанда, республикалық
бюджет тапшылығы түзетілген бюджет деңгейінде
сақталып отыр, ол – 573,6 миллиард теңге
(ІЖӨ-нің болжамдық мөлшеріне 3,4 пайыз).
Сол сияқты жергілікті бюджеттерге берілген
субвенциялардың мөлшерін бекітілген
кө-лемде сақтау ұсынылып отыр, ол – 526,9
миллиард теңге.
2.3. Банк жүйесіне әсері
Банк – бүгінгі таңдағы қаржы ресурстарына кәсіби негізде айналысатын институт. Сондықтан олар өз тәуекелін жан-жақты ойластырады. Қазір еліміздің екінші деңгейдегі банктерінің шетелдерден алған қарыздарын қайтаруға толық мүмкіндіктері бар. Үстіміздегі жылғы қазан айының соңына дейінгі деректер бойынша банктердің сыртқы қарызы 42 миллиард доллардан 36,27 миллиард долларға дейін азайды. 2009 жылы банктер сыртқы 10,6 миллиард доллар көлеміндегі қаржыны қайтаруға тиіс. Бұл ретте банк активтерінің сапасы ерекше рөл ойнайды. Оған рейтинг агенттіктері де ерекше мән береді. Сондықтан Үкімет банк активтерінің сапасын көтеруге ерекше мән беріп отыр. Жіктелуі тиіс активтер мен шартты міндеттемелердің мөлшері жылдың басынан бастап 1 028,9 млрд. теңгеге немесе 7,4%-ға ұлғайды. Активтер мен шартты міндеттемелер бойынша провизиялар 630,2 млрд. теңгеге немесе 15,3 %-ға азайды. ҚР банк секторының активтері мен шартты міндеттемелері сапасының динамикасы келесі диаграммада берілген (диаграмма-1).
1-диаграмма. ҚР банк секторының
активетрі мен шартты
Ішкі қаржылық дағдарыстың туындауына қауіп немесе себептер жоқ, өйткені іргелі факторлар өзгерген жоқ. Ұлттық Банктің алтынвалюта қоры резервінің төмендеуі Ұлттық қордың активтерінің тиісінше өсуімен дәйектеледі. Олардың өзіндік жиынтық көлемі 37 млрд. АҚШ долларынан астам қаражатты құрайды (ЖІӨ 42 пайызы). Дағдарыс банк жүйесіне әсер етпей қоймады, себебі банктердің табысы 2008 жылдың тоғыз айы ішінде алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,5 есе азайды. Қор жиынтығының қысқара түскеніне қарамастан, банктер экономиканы кредиттеуді жалғастыруда. Несие беру бюросы (ПКБ) ҚР Халық Банкі анықтамалары бойынша, Қазақстанның несие жүйесінде халықтың экономикалық белсенділігінің 42 % қатысуда (3 455 мың адам). Банктерге қарызгерлер басым қатарын құрылысшылар құрайды — 52,1 млрд. теңге (2007 жылы — 7,8 млрд.), тамақ өнеркәсіптері — 6,2 млрд., металлургия — 3,9 млрд., ауыл шаруашылығы — төрт млрд. теңге. Қазақстанның банктік секторы өзгеріп отырған жағдайға дер кезінде және тиісінше назар аудара білді. Заем алушыларға талап күшейтілді, несие портфелінің сапасын жақсарту жөніндегі шаралар қолға алынды. Үкімет және Ұлттық Банк тәуекелдікті дер кезінде бағалайды. Ұлттық Банк қысқа мерзімді тұрақтандыру шаралары ретінде банктерге қайта қаржыландыру түрінде төлем қабілетін ұсынады. Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономикалық даму қарқынын қолдау мақсатында Үкімет бюджеттен қайтарым негізінде қаражат бөледі. 2007 жылдың аяғына дейін 1 млрд. АҚШ доллары, ал 2008 жылы – 3 млрд. АҚШ долларынан кем емес қаржы бөлінетін болады. Бұл қаражат мына мақсаттарға бөлінеді:
- біріншіден, ипотекалық
рыноктың тұрақтылығын
- екіншіден, өздері
үшін қолайлы жағдайды
- үшіншіден, экономиканы
әртараптандыру үшін маңызды
мәні бар перспективалы
Қаржылық көмектің банктерге берілуін, кейбір сарапшылар бұл қаржы экономиканың нақты салаларына жетпестен бұрын екінші деңгейдегі банктердің сыртқы қарыздарын жабуға кетеді дейді. Осы ретте ақша қазақстандық банктерге көмек көрсету үшін емес, ал экономиканың нақты секторына бөлінетін болады. Банктер осы қаражатты пайдалануда қаржылық делдал болады. Кейбір банктер мемлекет меншігіне алынады дегенді де естідік, дегенмен де қаржы саласына көрсетіліп отырған көмектің механизмі мемлекеттің банк капиталына толықтай ықпал жасауына мүмкіндік бермейді. Бұл уақытша шара болып табылады. Жағдай дұрысталған¬нан кейін мем¬лекет қолындағы акцияларды банктер қайтадан сатып алады. Соны¬мен қоса екінші деңгейдегі банктер мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылық көмекті алмауға да ерікті.
Мемлекеттік қолдау көрсетудің негізгі қағидаттары тең қаржыландыру, мемлекет пен бизнестің әріптестігі, тәуекелділікті барабар бөлу және жауапкершілік болып табылады. Енді Қазақстанның бүгінгі таңдағы қаржы дағдарысынан кейінгі банк секторының жағдайына тоқталатын болсақ, банк секторының құрылымы келесідей (1-кесте).
1-кесте. Қазақстан Республикасының банк секторының құрылымы
Банк секторының құрылымы |
1.01.11 |
1.09.11 |
Ауытқуы | |||
|
39 |
|
- | |||
|
|
|
- | |||
|
|
|
+11 | |||
Кестенің жалғасы | ||||||
|
|
|
+23 | |||
|
|
|
-1 | |||
|
|
|
-1 | |||
Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіндегі қатысушы банктердің саны |
34 |
35 |
+1 | |||
Кастодиан қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар банктердің саны |
10 |
10 |
- |
2.4. Инвестицияға әсері
Дағдарыс барысындағы
экономикалық деңгейді тұрақтандырып
қалу үшін еліміздегі шетелдік инвестиция
көздерінің санын азайтып алмау маңызды
болып табылады. Қазақстан экономикасы инвестиция үшін
жеткілікті ішкі резервтерге негізделген.
Ал барлық өңдеуші ссектор қазір инвестицияға
зәру. Сондықтан оны пайдалану тиімдірек
болар еді. Мен «Ұлттық қорды қалай құру
керек» деген мәселені екі бөлікке бөлу
қажет. Біріншісі – оны қалай құру, екіншісі
– оны қалай пайдалану керек деген. Экономистер,
Ұлттық қордағы қаржыны бірнеше бөлікке
бөлуді ұсынған болатын. Біріншісі – тұрақтылықты
(мұнайдың әлемдік бағасы төмендеген жағдайда)
қамтамасыз ететін Ұлттық қор, мұнда ЖІӨ-нің
10-12 пайызын осында сақтау, қалған қаржыны
екі бөлікке бөлу керек. Оның екіншісі
– таза инвестициялық (инвестициялық
жобаларды қаржыландыру үшін, мысалы мұнай
химиясы өндірістерін салу үшін инвестор
іздеп жатырмыз, автомобиль жолдарын салуға,
т.б.). [1]Сыртқы қаржылық ресурстарға қол
жетімділік жағдайында кәсіпорындар мен
халықтың депозитінің артуы экономиканы
кредиттеудің маңызды көздері бола алады.
Инфляциялық үдерістерді төмендету үшін
Ұлттық Банк ұстамды-қатаң қаржылық-кредиттік
саясат жүргізуді жалғастырады, ал Үкімет
орнықты фискалдық саясатты қамтамасыз
етеді. Үкімет экономикадағы, еліміздегі
инвестициялық климатты жақсартуға және
мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға
бағытталған жүйелі реформаларды жалғастырады.
Электр энергетикасы, теміржол және автомобиль
көлігі, телекоммуникация мен байланыс
инфрақұрылымдарын дамытуға ерекше көңіл
бөлетін болады. Бұл шаралар экономиканың
өнімділігін арттыруға және толықтай
алғанда оны әртараптандыруға қызмет
етеді. 2008 жылы инвестиция көлемінің өсімінің
негізгі капиталы 4,6% құрады. Бүтіндей
сыртқы айналым 2008 жылы 109,1 млрд. долл.
құрады. Дәстүрлі түрде Ұлттық қорға есептеліп
келген шикізаттық сектордың табыстарын
2009-2010 жылдары жаңа жоспарды жүзеге асыруға
жұмсау. Тұтастай алғанда бұл Ұлттық қордан
бекітіліп қойылған трансферттерге қосымша
шамамен 600 миллиард теңгені құрайды.
Бұл бізге осы дағдарыс жалғасқан жағдайда
тұрақтылыққа деген сенімділік береді.
Қаражаттың басқа бір көзі — бұл бюджеттің
барлық шығындық баптары бойынша қатаң
үнемдеу және аса қатал қаржы тәртібі.
Осыны ескере отырып Үкіметке республикалық
бюджет шығындарын оңтайландыруды және
апта сайынғы мониторинг режімінде бюджеттік
қаражаттың жұмсалуын жіті бақылануда.
Қазіргі қаржы дағдарыстың
салдарынан үлкен сабақ алуға болады.
Себебі Ұлы тоқырау жылдарында өндірістің
құлдырауы 40 % жағдайда болған, қазір 0,4 % көрсетуде,
100 есе айырмашылықты байқаймыз. Сондықтан
да, Қазақстанның бұл қаржы дағдарысынан
жаңарған, сенімді және бәсекеге қабілетті
мемлекет ретінде шығуына мүмкіндіктер
зор. Отандық экономистердің сараптамалары
бойынша 2009 жылдың соңына таман экономикада
міндетті түрде даму бағыттары басталады.
Сол кезде еліміздің инфрақұрылымында
орын алып отырған жетімсіздіктер экономиканың
өсуіне кедергі болмайды. Дағдарыс кезінде
экономика¬ның нақты салаларына көрсетілген
қаржылық көмектің экономи-камызды дамытуға
және әртараптандыруға тигізетін көмегі
көп.
Қорыта келгенде, ең бастысы, дағдарыс
салдарынан әлемдік өндіріс пен тұтыну
көлемі мүлде тоқтап қалған жоқ. Тек олардың
өсімінде біршама төмендеу болды. Болашақта
әлемдік экономиканың сауығуына байланысты
ши¬кізатқа және басқа да тұтыну заттарына
деген сұраныс артады. Ендеше қазіргі
жағдайды аса ушықтырып, үрей туғыза берудің
қажеті жоқ.
Менің ойымша, нақты тетіктерін жасап
алмай, экономикаға орынсыз қар¬жы құю
да қауіпті. Оның тиімділігі болмауы әбден
мүмкін. Қаржы дағдарысының ең бастапқы
сатысы ипотекалық қиындықтар елімізде
енді сезіле бастаған кезде Мемлекет басшысының
тікелей тапсырмасымен Үкімет экономиканың
ең осал салаларына орасан зор мемлекеттік
қолдау көрсетті. Біріншіден, банктерге
мемлекеттік ресурстарға кіру¬ге рұқсат
беріліп, олардың шетелдік қарыздарды
өсірмеуіне жағдай жасады. Сөйтіп, қазақстандық
банктердің беделі мен өтімділігі сақталып
қалды. Екіншіден, мемлекет көп қаржы құю
арқылы тәлтіректеп қалған жылжымайтын
мүлік рыногына қан жүгіртті, үлескерлер
проблемасын шешуге батыл қадам жа-сады.
Үшіншіден, еліміздің барлық аймақтарында
азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз
етіп, бірінші кезектегі азық-түлік түрлері
– астықтың, өсімдік майының, ұнтақталған
сүт, т.б. қоры жасалды. Тұтастай алғанда
2007-2008 жылдары экономиканы тұрақтандыруға
540 миллиард теңге қаржы құйылды. Міне,
дер кезінде жасалған осындай игі қадамдар
Қазақстан экономикасын қатерден сақтап
қана қойған жоқ, сонымен бірге оның дамуына
мүмкіндік берді. Дағдарыс кезіндегі мемлекет
тарапынан қаржылық көмек алған құрылыс
саласы жаңа жұмыс орындарын ашады, шағын
және орта бизнеске тапсырыстар береді.
Жеке капиталды тарта отырып, жасалған
мемлекеттік қаржылық көмек серпінді
жобаларды қаржыландыруға, агроөнеркәсіп
кешені мен шағын және орта бизнесті дамытуға
ықпал етеді. Әрине, бұл қаржы отандық
экономикамызды тұтастай әртараптандыруға
аздық етеді. Дегенмен, бұл мемле¬кеттік
субсидиялар экономикамыз¬дың тұрақтануына
игі әсерін ти¬гізіп, ұлттық өндірістің
одан әрі дамуын қамтамасыз етеді.Сонымен
дүбірі басылмаған мына дағдарыс ә дегенде
Қазақстанның қаржы секторына қиын тиді.
Себебі, біздің банк жүйеміз 2010 жылға дейін
іс жүзінде халықаралық капитал нарықтарына
шектеусіз қол жеткізіп келгенді. Ал дағдарыстың
алғашқы белгілері білінген 2010 жылдың
күзінде қазақстандық банктер үшін сыртқы
нарықтардың есігі тарс жабылды, бұл бірден
олардың жағдайын күрт қиындатып жібергені
белгілі.Сыртқы қарыздарын қалай төлейтіндерін
білмей абдырап қалған қаржы секторына
мемлекет дер кезінде қолдау көрсетпегенде
қазір еліміздің банк жүйесінің, жалпы
Қазақстан экономикасының хал-ахуалы
қалай болатынын елестету қиын. Бұл саланың
ел экономикасындағы орасан зор маңызын
жақсы түсінген мемлекет дағдарысқа қарсы
бағдарлама аясында оған теңдессіз көмек
көрсетті. Ел экономикасының қауіпсіздігін
сақтау үшін мемлекет 2009 жылдың басында
еліміздегі ірі төрт банктің капиталына
кіруге мәжбүр болды. Сөйтіп Альянс банктің
және БТА банкінің бақылау пакетін іс
жүзінде толықтай, ал тағы екі - Қазкоммерц
пен Халық банктерінің бақылау пакетінің
25 пайыздайын сатып алды.Жалпы, қаржы секторын
тұрақтандыру мақсатында екінші деңгейдегі
жоғарыдағы төрт жүйе құрушы банктер 476
млрд. теңге мөлшерінде қаржы алды. Бөлінген
қаржының бір бөлігі банктердің қарапайым
акцияларын сатып алуға, келесі бір бөлігі
экономиканы несиелеуге бағытталды. Өткен
жылы қайта қаржыландыру бағдарламасы
аясында несиелер бойынша ставкалар төмендетілді.
Бұның шапағатын кезінде несиені жоғары
пайыздық ставкамен алған млндаған қазақстандықтар
көріп жатыр. Бұдан бөлек, банктер экономиканы
несиелей бастады. Нәтижесінде шағын және
орта бизнес шатқаяқтаған жоқ, ел экономикасы
үшін маңызды жасампаз жобалар жүзеге
асырылды.Мемлекет Альянс банк пен БТА
банкті толық бақылауына ала отырып, 2009
жылы олардың сыртқы қарыздарын қайта
құрылымдау туралы келіссөздер жүргізді.
Сөйтіп шетелдік кредиторлармен табысты
уағдаластыққа қол жеткізілді. Ресми
мәліметтер бойынша, қазіргі уақытта Альянс
банктің міндеттемелерін қайта құрылымдау
туралы мәселе іс жүзінде шешілді. Ал БТА
банк бойынша қарыздарды жоюдың экономикалық
қағидаттары туралы кредиторлармен принципті
келісімге қол жеткізілді. Нәтижесінде
бұл екі банктің ортақ қарызы 15 млрд. доллардан
5 млрд. долларға дейін төмендейтін болады.
Бұл Қазақстанның қаржы секторының түпкілікті
тұрақтандырылғанын айғақтайтын маңызды
жетістік болып табылады.Осы арада атап
өтерлігі, мемлекет коммерциялық банктердің
капиталында ұзақмерзімде қалып қоюға
мүдделі емес және проблемалы банктердің
қаржылық жағдайының тұрақтануына қарай
нарықтық шарттармен мемлекеттік қатысу
үлесін жеке секторға сату жөнінде шаралар
қабылдайтын болады. Мемлекеттің мұндай
позицияны қатаң ұстанатынын Үкімет басшысы
Кәрім Мәсімов ашып айтты. 2009 жылдың соңында
журналистерге берген сұбатында Премьер-Министр
Үкімет 2010 жылы мемлекеттің банк жүйесінен
шығу схемасын дәйектемек ниетте екенін
жеткізді. «Мемлекет 2010 жылы еліміздегі
жүйе құрушы банктердің капиталынан шығатын
датаны және механизмдерді айқындауы
тиіс. Бұл 2010 жылғы жыл сауалы», - деген
болатын сонда К. Мәсімов.[4]
Информация о работе Әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі Қазақстан экономикасының ағымдағы жағдайы