Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2014 в 21:20, курсовая работа
Баршамызға мәлім ағымдағы әлемдік қаржы дағдарысы ешбір мемлекеттке оң қырымен танылып қойған жоқ. Қазіргі таңда әлемнің ең ірі, алпауыт елдерінің өзі қомақты қаржылық және өндірістік тоқырауларды бастан кешуде, сонымен қатар жүз мыңдаған адамдар жұмыссыз қалуда, көптеген шарушылық орталықтары жабылуда. Дағдарыстың қауіпті әсерлерінен Қазақстан да шет қалған жоқ, дегенмен де оның соққыларына қарсы төтеуге лайықты екенін де байқатып үлгерді.
Кіріспе………………………………………………………………………3-5
1.Әлемдік қаржы дағдарысы……………………………………………6-7
1.1. Әлемдік дағдарыстың Қазақстанның банк секторына әсері……….7-11
1.2 Қаржылық дағдарыс кезіндегі банк секторының жағдайы туралы тәжірибешілер мен ғалымдардың пікірлері………………………………12-21
2. Әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі Қазақстан экономикасының ағымдағы жағдайы………………………………………………………………………22
2.1. Қазақстан Республикасының ұлттық өндірістерінің даму проблемалары………………………………………………………………..23-24
2.2.Ұлттық бюджетке әсері…………………………………………………25-26
2.3. Банк жүйесіне әсері……………………………………………………..27-31
2.4. Инвестицияға әсері……………………………………………………...32-33
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………….34-38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………...39-40
Экономикада инфляциялық жағдай 2009 жылы ең төменгі деңгейде қалды. 2009 жыл қорытындысы бойынша, 6,2 пайыз деңгейінде қалыптасты. Соңғы бірнеше жыл қатарынан ең жоғары деңгейге (20,1 пайыз) жеткен 2008 жылдың тамызындағы инфляциямен салыстырғанда 3 еседен астамға төмен болды. 2009 жылғы ақпанда жүргізілген теңгенің құнсыздануы төлем балансының жағдайын жақсартуға, елдің алтын-валюта резервтерін сақтауға мүмкіндік берді. Бұдан басқа ішкі валюта нарығындағы және банк секторындағы ахуал тұрақтандырылды. Осы шаралар Ұлттық Банкке 2010 жылғы 5 ақпаннан бастап теңгенің ауытқу дәлізін кеңейтуге мүмкіндік берді: 150 теңге/доллар (+) 10% немесе 15 теңге, (-) 15% немесе 22,5 теңге.[10] Қазір біз мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп отырған заңды тұлғалардың ғана емес, жеке тұлғалардың да банктердегі депозиттерінің өсімін бақыланып отырады. Өткен жылы халықтың банктердегі салымдарының өсімі 29,1 пайыз болды. Бұл банктерге деген сенімнің нақты қалпына келтірілгенінің дәлелі болса керек. Депозит нарығына жеке тұлғалардың бес миллион теңгеге дейін салымдары бойынша кепілдік берілген орнын толтыру сомасының жоғарылауы, сондай-ақ Ұлттық Банктің жыл сайын 10%-ға толықтыру туралы жоспарлаған Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының жарғылық капиталын 110 млрд теңгеге дейін ұлғайту ынталандырарлықтай әсер етті.
Осылайша біз алға қойған міндеттерді орындап шықтық деп ойлаймын. Алайда елдегі макроэкономикалық ахуалдың қазіргі кезде жақсарғанына қарамастан, бұрынғы қалпына келтіру баяу жүретін болады. 2010 жылдың басында ел Президенті өз Жолдауында экономиканы жаһандық қалпына келтіруге және оның сыртқы тегеурінді талаптарға тұрақтылығын арттыруға дайындау үшін қаржы жүйесінің орнықты және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету маңыздылығын айтты. 2020 жылы ТМД-да және Орталық Азияда ислам банкингінің өңірлік орталығы болуға және Азияның жетекші қаржы орталықтарының ондығына енуге тиісті отандық қор нарығын жұмыс істеуге мәжбүрлеу қажет. Отандық қаржы жүйесіндегі реттеу дағдарыстан кейінгі тегеурінді талаптарға және қатерлерге барабар жауап беруге тиіс, оның міндеттемелерінің жиынтық мөлшерінде банк секторының сыртқы міндеттемелеріндегі үлесінің төмендеуін қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте сыртқы қарыз алулардың басым бөлігі тиімді және бәсекеге қабілетті өндіріс құруға көзделуге тиісті. Банктерді анық немесе жасырын аффилирленген құрылымдардан кесіп тастау, банктердің тек банктік қызметпен айналысуларын және олардың қызметтерінің соңына дейін айқын болуын қатаң қадағалау қажет. Бұл Ұлттық Банктің де, Үкіметтің де алдында экономиканы тұрақты және сапалы өсім жолына шығаруда әлі көп жұмыс тұрғандығын білдіреді.
Үкімет, Ұлттық Банк және Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2009-2010 жылдарға арналған экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөнінде бірлескен іс-қимыл жоспары шеңберінде дағдарысқа қарсы іс-шараларды іске асыруға қаражаттың Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан уақтылы бөлінгенін, бюджетке қысым көрсетпегенін және әлеуметтік салаға мемлекеттік шығыстардың қысқаруына жеткізбегенін атап өтуге тиістіміз. [7] 2009 жылғы экономикалық көрсеткіштер: инфляцияның төмендігі, ІЖӨ құлдырауы жоқтығы және төлем балансының жақсарғандығы Қазақстанның дағдарысқа қарсы уақтылы қабылдаған шаралардың арқасында дағдарыстан ең төмен шығынмен шыққандығын көрсетеді.
Қазақстанның банк жүйесі дағдарыс жағдайында өзінің тұрақтылығын көрсетіп отыр. Біздің банк жүйеміз (әлемдік қаржы нарығында - агенттік ескертпесі) орын алған жағдайға шамасы жетерліктей мықты.
Екінші деңгейлі банктерді сырттан қаржыландыру жетіспеушілігі пайда болып, Батыстағы кейбір ірі қаржы институттарында дефолт болған кезде де отандық қаржы жүйесі өз қалпын сақтап қалды.
Сондай-ақ АҚШ- дағы ипотекалық дағдарыс басталғалы бері бір де бір Қазақстан банкі жабылған жоқ. Сыртқы қарыздарымен есептесетін уақыттары жеткен банктер қазіргі уақытта мемлекет көмегіне арқа сүйеместен қарыздарын өтеуді жалғастырып жатыр. Өз кезегінде мемлекет банктер сыртқы қарыздарын төлеу кезінде Қазақстанның ішкі жобаларын (құрылыс, шағын және орта бизнес, инвестициялық жобалар) несиелендіру тоқтап қалмауы үшін "Қазына" тұрақты даму қоры арқылы қаражат бөлді.
«Дамыған кәсіпкерлік сектор - кез келген ел экономикасының негізі», - деп Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілгендей, үкімет әрі қарай да отандық бизнесті өз деңгейінде ұстап тұру үшін барлық күш-жігерін жұмсайтын болады. [9] Дағдарыс әрбір 6-10 жыл сайын болып тұрады. Сірә, Қазақстан үшін – бұл мұндай ауқымдағы тұңғыш дағдарыс, алайда соңғысы емес екені де анық. Әлемдік дағдарыстың себебі – бірдей бағаланбаған өте көп күрделі қаржы құралдарының пайда болуы. Яғни көптеген қаржы компаниялары сатқан құралдардың нақты негіздемелері болған жоқ және оларды сатып алған адамдар осы құралдар үшін ақы төлегендерден тіптен алшақ болғандықтан, осы күрделі қарама-қайшылыққа алып келді. Былайша айтқанда, Америкада ипотекаға үй сатып алған адам мен Оклахомадағы осы бейшара американдықтың төлем қабілеттілігіне тәуелді қағазды сатып алған Норвегиядағы зейнетақы қоры бір-бірінен
өте алшақ болды, сондықтан қор бұл құралдың тәуекелділігін бірдей бағалай алмады. Тәуекел бағасына өкілдік берілді, рейтинг агенттіктері бұл қаржы құралдарын ААА деңгейінде бағалады. Нәтижесінде тәуекелдіктердің бағасы мен жергілікті жердегі нақты адамдардың төлем қабілеттілігінің арасында қатынас үзілді. Қарыз алушылардың төлем қабілеттілігі мәселесі қиындай түсті, себебі қаржы нарығына қатысушылар көптеген күрделі қаржы құралдарына сенімін жоғалта бастады, қатысушылар сұрақтарды көптен қойған сайын, олар одан сайын туындай берді, соғұрлым олар жауабын да таба алмады. Жағдайды аудиторлық практикамен салыстыруға болады. Сіз білесіз бе, аудиторлық компания қаржылық есептілікті тексерген кезде, мысалы банктің, берілген жүз мыңдаған несиелердің бәрін тексермейді. Аудиторлар 10 несиені алып тексереді, егер олардан кемшіліктерді анықтаса, тағы да 10 несиені, содан соң тағы да 10 несиені, тағы да 10 несиені тексереді, оларда неғұрлым көп сұрақ туындаған сайын, соғұрлым тексеруді де күшейте түседі. Дағдарыс кезінде де дәл солай болды, себебі бүкіл әлемдік экономика біріктірілген. Қазақстанда дағдарыс экономикадағы іргелі мәселелердің салдарынан емес, біздің еліміздің тартымдылығының аса жоғарылығынан болды және сыртқы капитал нарығы қазақстандық компанияларды өте белсенді түрде қаржыландырды. Жыл сайын елімізге ондаған миллион доллар кіріп тұрды және осы ондаған миллион доллар елімізде де, сол сияқты коммерциялық банктер арқылы одан тыс жерлерде де орналастырылды. [11] Әрине, өте жылдам өсу әрі бұл орайда сапалы шешім қабылдау мүмкін емес. Сыртқы нарық бір сәтте жабылып, елімізге келіп тұрған ондаған миллион доллар кірістің бірден тоқталуы экономикаға ықпал етті. Өз кезегінде, сыртқы нарықтардың жабылуы ішкі қорлардың маңыздылығын өзекті еткен болатын. Банктердің өз бизнес-модельдерін қайта құрып, депозиттерді біршама белсенді тартуына аз уақыт қажет болды, ал халықтың банкке деген сенімі арта түсті. Дағдарыс уақытында бизнес саласында былайша болады: әлсіздер мен сапасыздар жойылып, күштілер мен батылдар дағдарысқа дейінгімен салыстырғанда біршама қарқынды дамып, өсімі де арта түседі. Дағдарыста қазақстандық бизнес ең маңызды нәрселерді түсінді. Біріншіден, егер бұрын ақшаны жұмсай білу маңызды болса, қазір оны табуды үйрену қажет. Банк секторында ақшаны шығыстарды оңтайландырумен, қызмет көрсету жылдамдығымен талап етілетін өнімдерді беру арқылы ғана табуға болады. Егер бұрын клиент банктерге жүгірген болса, енді банктер өз клиенттерінің соңынан жүгіретін уақыт келді. Осының барлығын жасайтын, сонымен бірге еңбек нарығында біршама көбейе түскен кәсіпқойларды да өздеріне тартатын компаниялар мен банктер дағдарыстан жеңімпаз болып шығады. Бүкіл банк индустриясы үшін тағы да бір аса маңызды мәселе бар – бұл қаржы секторын реттеу. Бүгінгі таңда бүкіл қаржы әлемін маңызды мәселе толғандыруда: бұл тәуекелді азайту және бұдан әрі даму мүмкіндігін сақтай отырып, экономиканы қаржыландыруды жалғастыру үшін банктерді қалай реттеу керек деген мәселе. Осы екі қызығушылық арасындағы теңдестікті табу аса маңызды. Мен Қазақстанның банкирлері мен реттеушілерінің арасында бірлік болуы тиіс деп ойлаймын, себебі банк секторы кез келген жағдайда дамуға негізгі қозғаушы күш болып табылады, себебі банктер компанияларға даму үшін қор, ал халыққа – олар осы компаниялардың тауарларын көбірек сатып алуы үшін қаражат береді. [13] Сонымен дүбірі басылмаған мына дағдарыс ә дегенде Қазақстанның қаржы секторына қиын тиді. Себебі, біздің банк жүйеміз 2010 жылға дейін іс жүзінде халықаралық капитал нарықтарына шектеусіз қол жеткізіп келгенді. Ал дағдарыстың алғашқы белгілері білінген 2010 жылдың күзінде қазақстандық банктер үшін сыртқы нарықтардың есігі тарс жабылды, бұл бірден олардың жағдайын күрт қиындатып жібергені белгілі. Сыртқы қарыздарын қалай төлейтіндерін білмей абдырап қалған қаржы секторына мемлекет дер кезінде қолдау көрсетпегенде қазір еліміздің банк жүйесінің, жалпы Қазақстан экономикасының хал-ахуалы қалай болатынын елестету қиын. Бұл саланың ел экономикасындағы орасан зор маңызын жақсы түсінген мемлекет дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында оған теңдессіз көмек көрсетті. Ел экономикасының қауіпсіздігін сақтау үшін мемлекет 2009 жылдың басында еліміздегі ірі төрт банктің капиталына кіруге мәжбүр болды. Сөйтіп Альянс банктің және БТА банкінің бақылау пакетін іс жүзінде толықтай, ал тағы екі - Қазкоммерц пен Халық банктерінің бақылау пакетінің 25 пайыздайын сатып алды. Жалпы, қаржы секторын тұрақтандыру мақсатында екінші деңгейдегі жоғарыдағы төрт жүйе құрушы банктер 476 млрд. теңге мөлшерінде қаржы алды. Бөлінген қаржының бір бөлігі банктердің қарапайым акцияларын сатып алуға, келесі бір бөлігі экономиканы несиелеуге бағытталды. Өткен жылы қайта қаржыландыру бағдарламасы аясында несиелер бойынша ставкалар төмендетілді. Бұның шапағатын кезінде несиені жоғары пайыздық ставкамен алған млндаған қазақстандықтар көріп жатыр. Бұдан бөлек, банктер экономиканы несиелей бастады. Нәтижесінде шағын және орта бизнес шатқаяқтаған жоқ, ел экономикасы үшін маңызды жасампаз жобалар жүзеге асырылды. Мемлекет Альянс банк пен БТА банкті толық бақылауына ала отырып, 2009 жылы олардың сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау туралы келіссөздер жүргізді. Сөйтіп шетелдік кредиторлармен табысты уағдаластыққа қол жеткізілді. Ресми мәліметтер бойынша, қазіргі уақытта Альянс банктің міндеттемелерін қайта құрылымдау туралы мәселе іс жүзінде шешілді. Ал БТА банк бойынша қарыздарды жоюдың экономикалық қағидаттары туралы кредиторлармен принципті келісімге қол жеткізілді. Нәтижесінде бұл екі банктің ортақ қарызы 15 млрд. доллардан 5 млрд. долларға дейін төмендейтін болады. Бұл Қазақстанның қаржы секторының түпкілікті тұрақтандырылғанын айғақтайтын маңызды жетістік болып табылады.
Осы арада атап өтерлігі, мемлекет коммерциялық банктердің капиталында ұзақмерзімде қалып қоюға мүдделі емес және проблемалы банктердің қаржылық жағдайының тұрақтануына қарай нарықтық шарттармен мемлекеттік қатысу үлесін жеке секторға сату жөнінде шаралар қабылдайтын болады. Мемлекеттің мұндай позицияны қатаң ұстанатынын Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ашып айтты. 2009 жылдың соңында журналистерге берген сұбатында Премьер-Министр Үкімет 2010 жылы мемлекеттің банк жүйесінен шығу схемасын дәйектемек ниетте екенін жеткізді. «Мемлекет 2010 жылы еліміздегі жүйе құрушы банктердің капиталынан шығатын датаны және миханизмдерді айқындауы тиіс. Бұл 2010 жылғы жыл сауалы», - деген болатын сонда К. Мәсімов.[4] Банк секторына қатысты 2009 жылдың басында қабылданған шешімдердің дұрыстығына Үкімет басшысы нық сенімді. «Мен қаңтар-ақпанда бірлесе қабылдаған сол шешімдер барлық мүмкін шешімдердің арасындағы ең дұрысы болды деген пікірге сол кезде сенгем және қазір де нық сенімдемін. Біздің салымшыларымыз, жалпы халық банк жүйесінің тұрақтылығына күмәнданбаса болады», - деді сұхбатында Премьер. Айтса айтқандай-ақ, 2009-ды Қазақстанның қаржы секторы үшін «өзгерісті» жыл болды деп бағалауға болады. Өткен жыл Қазақстанның қаржы секторы тұрақтандырылған жыл ретінде есте қалды. Банк секторының басына үйірілген қара бұлттың сейілгендігіне төмендегі цифрлар айғақ бола алатындай. Ресми мәліметтер бойынша, 2009 жылғы желтоқсанның 1-інде банк жүйесіндегі депозиттердің көлемі - 6257,9 млрд. теңгені құраған және бұл 2008 жылғы желтоқсанның 1-індегі көрсеткіштен 20,1 пайызға көп. Ал халықтың депозиті - 1806,8 млрд. теңгеге жетіп, 25,2 пайызға өскен. 2008 жыл күрделі болды, ал 2009 да оңай жыл болған жоқ. Осыны бір қайырып қойсақ, жойқын соққы алған қаржы жүйесі дағдарыс жағдайында мұндай оң өзгерістерге, жетістіктерге із жүзінде мемлекеттің қолдауымен қол жеткізгенін атап айты керек.
Әйтсе де, әлемді есеңгіретіп кеткен сол дағдарыстан қағылмай-соғылмай шыққандар да бар екен Көптеген сарапшылардың пікірінше, 2011 жыл Қазақстанның банк жүйесі үшін үміт жылы болады. Банктердің несие портфелдері 15-20 пайызға өседі. Проблемалы несиелер де біршама қысқарып, банктердің активтері жақсарады.
2011 жылдың 1 шілдесінен бастап, Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер капиталының ең төменгі мөлшері реттеушілер тарапынан 10 млрд теңгеге дейін ұлғайтылғалы отырғаны, оның коммерциялық банктерге соншалықты қатаң талап болып көрінетіні белгілі.
Әлемдік қаржылық дағдарыс барлық елдердің банк жүйесін әбігерге салды, соның ішінде Қазақстанның да банк жүйесін және экономиканы мемлекеттік реттеудің мәселелеріне да жаңадан қарауға мұқтаж етті. Барлық елдерде рекапитализациялау жүйесі, банктік қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдер беру арқылы қаржы- банк секторын қолдауда мемлекеттердің белсенді қатысулары байқалады, сондай ақ банктердің ұлттандырылу толқыны болды. Банктік сектордың мәселелерін шешудің қазақстандық тәжірибесін талдау көрсеткендей, әлемдік экономикалық қауымдастыққа біріге отырып, Қазақстан дамыған елдерге тән сипаттағы қаржылық және экономикалық құралдарды белсенді пайдалана алады. [5]
2. ӘЛЕМДІК ҚАРЖЫ
ДАҒДАРЫСЫ КЕЗІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ АҒЫМДАҒЫ
Қазақстанның экономикалық дамуына қатысты болжам айтқан Халықаралық валюта қоры Орталық Азиядағы ең ірі экономика болып есептелетін Қазақстанның болашағы тартымды дегенді мәлімдеді. Олардың бағалауынша, әлемдік қаржы рыноктарындағы жағдай Қазақстан экономикасына да әсер етіп отыр және мұнай мен шикізат баға¬сының төмендеп кетуінен елдегі ІЖӨ көрсеткіші бәсеңдеуі мүмкіндігін атап көрсетеді. Мемлекет құрған тұрақтандыру қорлары банктердің капитал-дануын күшейтіп, оларға қолдау көрсетеді. “Тұтастай алғанда, біз алдағы жыл Қазақстанға оңай соқпайтынын түсініп отырмыз, бірақ орта мерзімдік көрсеткіште жағдай айтарлықтай өзгермейді” деп мәлімдеді ХВҚ-ның Қазақстандағы миссиясының басшысы Тим Таллен “Рейтер” агенттігіне берген сұхбатында.
Мұнай мен металл бағасының
арзандап кетуінен ши¬кі¬заттық компаниялардың
акциялары да құнсызданып жатыр. Bloomberg
агенттігінің хабарлауынша, 10 қазанда несие рыногындағы
дағдарыстың және экономикалық тоқыраудың
әсерінен еліміздегі қор индекстерінің
барлығы құлдырады. Атап айтсақ, Темірбанктің
(22,4 пайызға), Центркредитбанктің (20,2 пайызға),
Қазкоммерцбанктің (17,4 пайызға), Kazakhmys
Pls (15 пайызға), “Қазмұнайгаз” өндіру барлау”
АҚ-тың (13 пайызға), БТА банктің (8,8 пайызға),
Халық банкінің (4,6 пайызға), сондай-ақ
“Қазақтелеком” АҚ-тың жай акцияларының
бағасы төмендеді.
Презеденттің биылғы Қазақстан халқына
Жолдауында әлемдік қаржы дағдарысы туралы
шындықты, “қазіргі қиындықтар – бұл
біздің үлесімізге тиген алғашқы сынақ”
деп барша қазақстандықтың алдына үлкен
міндет жүктеліп отырғандығын айтты.
2.1. Қазақстан Республикасының
ұлттық өндірістерінің даму
проблемалары
Т және 49,09 долл. сәйкесінше. Табиғи газдың бағасы жоғарғы деңгейде сақталды — 576,7 долл./мың. куб.м. Қазіргі әлемдік қаржы дағдарысы ең алдымен өндіріс ошақтары өркендеген өңірлерге ауыр соғып тұрғанын ағымдағы жағдайдан байқаймыз.
Еліміздің түрлі өнеркәсіп салаларының өнімдеріне әлімдік нарықта сұраныстың күрт төмендеуі салдарынан темір мен мыс өндіретін “Арселор
Миттал Теміртау”
және “Қазақмыс” компаниялары
жұмыс уақытын, жұмысшыларды қысқарту,
өнім көлемін азайту сияқты амалсыз шараларды
қолдануда. Қысқаша сараптама жасап кететін
болсақ, 2009 жылдың қаңтар айында өнеркәсіп
өнімі көлемі 26,7 пайызға төмендесе, құрылыс
жұмыстары 36,7 пайызға қысқарды. Бұған
дейін Теміртаудағы металлургиялық комбинатта
прокаттың айына 301 мың тоннасына тапсырыс
жасалып келсе, қазір 246 мың тоннаға дейін
азайған. Екінші бір алып – “Қазақмыс”
корпорациясы да қиын жағдайды бастан
кешіруде. Мыстың бір тоннасына бағаның
5 мың долларға дейін құлдырауы, үлкен
қиындықтарды туғызуда. Осындай себептерге
байланысты болжам бойынша алдағы уақыттарда
15 мың жұмыс орнының қысқару қаупі бар.
Қазақстандық өндірісорындарының тауарына
сыртқы және ішкі нарықтағы сұраныстың
төмендеуі өнеркәсіптердің тауарды өндіру
көлемін 2,6 пайызға азайуына әкелді. Әлемдік
баға барлық шикізат бағасына әсер етті
деп те айтуға болмайды. Мысалы, орташа
темір рудасының бағасы 2008 жылдың қарашасында
140,6 долл. болды, ал 2006 жылы 77,4 долл./т бағаланған
болатын. Уран концентраттың әлемдік баға
ортасын табуға көмектесті, 2007 жылы —
99,2 долл. болса, ал 2008 жылдың қарашасында
50,5 долл. керісінше 2006 — 47,9 долл. бағаланған
болатын. Арматуралы сталь, катанкінің
әлемдік бағаға сәйкес рекодты көрсеткішкпен
төмендеді, дегенмен, 2006 жылдың деңгейімен
салыстырғанда жоғары. Түсті метталлдар
көп шығындалды. Алғашында алюминий бағасы
2008 жылдың желтоқсанында 1 525 долл./т құраса,
керісінше 2 570 долл. болып 2006 жылы бағаланған,
ал медь сәйкесінше 3 232 және 6 722 долл./т,
цинк — 1 082 және 3 275 долл./т.
Тас көмірдің бағасы 2008 жылдың қарашасында қыркүйекпен салыстырғанда 60 % төмендеді. Бірақ 2006 жылдың бағасымен салыстырғанда өте жөғары болатын, 92,25 долл./
Минералды тыңатқыштар бағасы өз деңгейін ұстап тұр. Фосфаттың бағасы 20 % төмендеді, бірақ бұған дейін он есе жоғары болғанын білеміз. 2008 жылдың қарашасында фосфаттың шартты бағасы 350 дол./т ал 44,2 долл./т болып 2006 жылы сатылды, суперфосфат — 915 долл./т және 201,6 долл./т бағаланған сәйкесінше.
Републикамыздың өндіріс
саласында негізгі потенциалы құрылған,
бұл ішкі нарыққа арнап металлөнімдерінің
көлемін арттыру. Яғни мұнай және газ трубалары,
арматуралар. Металлөнімдерін дамыту
арқылы, экспорт деңгейін жоғарлатуға
және бәсекелестік қаблетін арттыруға мүмкіндіктерді
жоғарлатамыз.
2.2.Ұлттық бюджетке әсері
Қазіргі күні әлемдік
экономикалық қатынастарды жаңаша таразылау
қажеттілігі анық болып отыр. Себебі, үстіміздегі
жылы әлемдік экономиканың өсуі баяулауы және қазақстандық
экспорт бойынша энерге-тикалық жәнеминералды
ресурстарға сұраныстың төмендеуінің
байқалуы мен ұлттық валюта тенгенін құнсыздануы.Тұтастай
республика бойынша үстіміздегі жылға
республикалық бюджеттің нақтыланған
болжамы 1 триллион 529,5 миллиард теңге
болды, яғни бұрынғы бекітілген көрсеткішке
қарағанда 371,1 миллиард теңгеге азайды.
Бұл мынадай факторлардың әсерінен туындап
отыр.2008 жылдың қорытындысы бойынша есептерді
нақтылау есесінен кірістер 176,9 миллиард
теңгеге кеміту жағына қайта қаралды.
Сол сияқты, экономиканың өсу қарқынының
төмендеуі 62 миллиард теңгеге тарта мөл-шерде
шығындарға әкеледі. Сыртқы сауда айналымы
көрсеткіштерінің және теңгенің АҚШ долларына
бағамының өзгеруі кіріс бөлігінде 22,8
миллиард теңге мөлшерінде шығынға әкелетін
болады. Сондай-ақ тау-кен секторы бойынша
пайдалы қазбаларды өндіруге салық көлемі
90 миллиард теңгеге төмендетілді. Бұл
минералды шикізатқа ағым¬дағы бағалар
бойынша есептелген салық ставкасын азайту
есебінен болды. Бұл жерде мыс, хром, мырыш
және қорғасын сияқты қатты пайдалы қазбалар
сөз болып отыр.
2009-2011 жылдарға арналған қолданыстағы
бюджетті нақтылау және Мемлекет басшысы
Жолдауының тұжырымдарын іске асыру барысында
жекелеген шығыстарды жалпы сомасы 297,4
миллиард теңгеге арттыру көзделуде.
Құнсыздануға байланысты инфляцияның болжамды деңгейі 11 пайызға дейін өсу жағына түзетілді және қалыптасқан жағдайды негізге ала отырып, республикалық бюджет шығыстарын түзетудің негізгі бағыттары:
- өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын іске асыру – 140,0 млрд теңге;
Информация о работе Әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі Қазақстан экономикасының ағымдағы жағдайы