Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 13:55, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қаржы менеджментіндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы — бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтаңцырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын жөне елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің айтарлықтай бөлігі қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін көзі — қоғамдық өнім жасалатын материалдық өндіріс сферасында жұмыс істетіндіктен бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының болуы, жалпы мемлекеттің қаржысы сияқты, тауар-ақша қатынастарының өмір сүруімен және экономикалық заңдардың іс-әрекетімен байланысты.
КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
І. ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ БАСҚАРУДЫҢ ТҮСІНІГІ---------------5
1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны және функциялары---------------------------------------------------------------------------------5
1.2 Нарық жүйесіндегі шаруашылық жүргізуші субъектілер сыныптамасы-------------------------------------------------------------------------------------------------------9
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ-------------------------------------------------------------------------12
2.1 Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері--------------------------------------------12
2.2 Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері-------------------------------------------------------------16
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАРЖЫЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ--------------------------------------------------------------------------------21
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР---
коммерциялық-шаруашылық есеп (қаржылық қызмет саласындағы дербестік, өзін-өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру, қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысына ынталылық, оның нәтижелері үшін жауаптылық, кәсіпорынның қызметіне бақылау жасау);
жоспарлылық;
меншіктің барлық нысандарының теңдігі;
қаржы резервтерінің болуы.
1. Коммерциялық (шаруашылық)
есеп — кәсіпорындар мен ұйым-
Коммерциялық есеп қағидаты кәсіпкерлік нысанында іске асырылады. Нарықтық қатынастардың дамуы меншіктің барлық нысандарының теңдігі, мүлікке иеліктің бостандығын және қызмет сфераларын таңдауды іске асырудың негізінде шаруашылық бастамаға және азаматтардың кәсіпкершілігіне жағдайлар жасайды.
Коммерциялық есептің
айқындаушы қағидаттары өзін-өзі
өтеушілік пен өзін-өзі
Өзін-өзі өтеушілік — шаруашылық жүргізудің негіз қалаушы қағидаты, ол кәсіпорынның өз өнімін (орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін түсім-ақша есебінен оны өндіру және жеткізілім жөніндегі бүкіл шығындарды өтеуді білдіреді. Өзін-өзі өтеушіліктің төменгі шегі — залалсыздық, яғни кірістер мен шығыстардың саңдық тендігі. Шығындарды өзін-өзі өтеушілікке жету — кәсіпорын өнім өндіруді игеру, шаруашылық процестерді күйіне келтіру, нарықтық ортаға бейімделу кезіндегі кәсіпорын қызметінің бастапқы кезеңінің мақсаты. Нарықтық қатынастар жағдайында жақсы даму перспективасы бар немесе қоғамдық басым маңызы бар шаруашылықтар сыртқы қолдауды пайдалана алатындықтан кәсіпорын рентабелді жұмыс істеуі тиіс; бірінші жағдайда олардың кредит ресурстарын пайдалану, екіншісінде бюджеттік қаржыландыруды пайдалану мүмкіндігі бар.
Жеткізушілер, банктер, бюджет, әр түрлі несиегерлер тарапынан көсіпорынға қойылатын талаптар мен міндеттемелерді кәсіпорынның уақытында қанағаттандыруға төлем қаражаттарының жетіспеуімен байланысты тұрақты қабілетсіздігі кезінде белгілі бір рәсімдерді: сауықтыруды, қайта ұйымдастыруды, тәуелсіз басқаруға беруді, сатуды немесе таратуды қолданумен кәсіпорын заңмен белтіленген тәртіппен банкрот деп жарияланады.
Өзін-өзі қаржыландыру — нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің табысты болуының міндетті шарты. Бұл қағидат өнім өндіру мен кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасын ұлғайту жөніндегі шығындардың толық өтелуіне негізделеді, ол әрбір кәсілорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын меншікті көздері есебінен жауып отыратындығын білдіреді. Қаражаттардың уақытша жетіспеушілігі кезінде оған деген қажеттілік банктің қысқы мерзімді кредиттері мен коммерциялық несие есебінен (ағымдағы шығындарға пайда-ланылады) және ұзақ мерзімді кредиттер есебінен (күрделі жұмсалымға пайдаланылады) қамтамасыз етілуі мүмкін, олар кәсіпорынның қарамағында қалатын пайданың есебінен өтелінеді.
Нарықтық экономика
мен жекешелендіру
Бюджеттік және салалық қаржы көздері өзінің маңызын жоғалтты және олар негізінен экономиканың құрылымдық қайта құрылуын қаржыландыруға, конверсияға қолданылады.
Өзін-өзі қаржыландыру кәсіпорыңцардың толық қаржы дербестігімен және жауапкершілігімен тығыз байланысты. Оларға өздерінің меншікті ресурстарын өз бетінше ұйымдастырып басқаруға, тартылатын және қарыз қаражаттарын іздестіріп, айналымға салуға құқық берілген. Мемлекет кәсіпорындардың қаржы ресурстарын қайта бөле алмайды. Қаржы қатынастарын мемлекет тарапынан реттеу бюджетке салық алудың, амортизациялық қорды қалыптастырудьщ, валюталық түсім-ақшаны бөлудің, бағалы қағаздарды өткізудің, шығындарды өзіндік құнға жатқызудың және т.т. жүйесі мен тәртібін белгілеу ақылы жүзеге асырылады.
Кәсіпорындардың қаржылық
жауаптылығы бюджет, қорлар алдындағы
міндетті орьшдамағаны үшін заңнамада
белгіленген қаржы
Кәсіпорындардың қаржылық
жауаптылығы кәсіпкерлік
Нарықтық экономика және меншіктің өр түрлі түрлеріне негізделген сан алуан ұйымдық-құқықтық нысандар көсіпорындардың қалыптасуын жөне дамуын, жаңа меншік иесінің, жеке азаматтардың, сондай-ақ кәсіпорындар еңбек ұжымдарының пайда болуын қажет етеді. Бұл — маңызды алғышарт және қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне мүдделіктің себебі. Бұл қағидатты іс жүзінде жүзеге асыру кәсіпорындарға берілген жөне мемлекеттің қолдауынсыз өзінің шығындарын қаржыландыру қажеттігіне ғана байланысты емес, сонымен қатар салықтарды төлегеннен кейін кәсіпорын, ұйым, фирма қарамағында қалатын пайданың (табыстың) үлесіне де байланысты.
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАРЖЫЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Ұзақ мерзімді және экономиканы дамытудың көптеген өзекті мәселелерін шешуге бағытталған құжат – ол «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2030 жылдарға арналған стратегиясы». Ол Елбасының 2003 ж. 17 маусымдағы №1096 Жарлығымен бекітілген. Бұл стратегияны әзірлеумен алғашқыда Индустрия және сауда министрлігі шұғылданды, кейіннен оны Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Индустрия және сауда, Білім және ғылым, Көлік және коммуникация, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Энергетика және минералдық ресурстар, Қаржы министрлігімен, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттік пен, Ұлттық Банкпен бірлесе отыра әзірледі. Бұл стратегияның мақсаты – шикізаттық бағыттан кетуге жағдай тудыратын экономика салаларын диверсификациялау жолымен елдің орнықты дамуына жету, ұзақ мерзімді тұрғыда сервистік-технологиялық экономикаға көшу үшін жағдайды дайындау. Алға қойған міндеттердің кейбірін атап өтсек; олар, өңдеуші өнеркәсіпте жылдық орташа өсу қарқынын 8-8,4 пайыз көлемінде қамтамасыз ету; еңбек өнімділігін 2015ж. 2000 ж-мен салыстырғанда кемінде 3 есеге өсіру және ІЖӨ -нің энергиялық қамтамдылығын екі есеге азайту.
Стратегияны жүзеге асыру үшін инвестиция түріндегі шығынның көлемі жылына 1,2 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде, мемлекеттік шығын жылына 260 млн. АҚШ доллары мөлшерінде болады деп болжамдалуда.
Қазақстан Республикасының 2015 ж. дейінгі индустриалдық инновациалдық даму саясаты. 2015 ж. дейінгі Қазақстан экономикасының Индустриалды – инновациялық даму стратегиясының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес экономиканың шикізаттық емес секторындағы, әсіресе өндіру өнеркәсібіндегі жаңғырту жолында туындайтын бірінші және басты қиындық – бұл негізгі капиталдағы инвестициялардың тапшылығы.
Қазақстан экономикасындағы инвестициялық ресурстар аз әрі көп, сондықтан капитал рыногындағы жағдайды қысқаша түрде «молшылық кезіндегі тапшылық» деп сипаттауға болады. Ішкі жалпы көлемдегі қорлар кез келген елдегі инвестициялық ресурстардың негізгі көзі болып табылатындығы белгілі. Қазақстанда олардың мөлшері әзірше ІЖӨ 24 % артпайды, бұл - әлемдік рыноктың қолайлы конъюнктурасында. Оңтүстік Шығыс азия елдеріндегі экономиканың жедел өсуі үшін бөлінген қорлардың мөлшері ІЖӨ 32 – ден 47 % дейін жетеді. Егер теңгерімді экономикада қорлардың мөлшері жинақтардың мөлшеріне тең болуы керек болса, бірқалыпты жеделдетілген қарқын болғанда да, яғни 5 – 6 % болғанда, бұның экономика өсуін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз екендігі өзінен - өзі түсінікті де. Елде қорлардың мөлшері ІЖӨ 33 – 35 % шегіндегі болуы керек.
Бірақ шикізат секторының
ҚОРЫТЫНДЫ
Ұлттық шаруашылық салаларының қаржысын басқаруды министрліктердің, ведомстволардың, компаниялардың, акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің қаржы департаменті (басқармалары) мен бөлімдері, фирмалардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдерімен қаржы службалары жүзеге асырады.
Қоғамдық ұйымдардың қаржысын осы ұйымдардың қаржы бөлімдерімен топтары басқарады.
Бірқатар министрліктер мен ведомстволарда қаржыны басқарудың сызбасы басқарудың басқа функцияларымен: жоспарлауды (болжауды), есепке алуды орындаумен қоса атқарылады. Мұндай жағдайда жоспарлау-қаржылық немесе қаржылық-бухгалтерлік департаменттер (басқармалар) жұмыс жүргізеді. Бұл органдар жүйенің шаруашылық-қаржы қызметіне талдау жасайды, қаржыны пайдалана отырып, оның тиімділігін арттыруға: айналым қаражаттарының айналымдылығын тездету, шаруашылық айналымға пайдаланылмай жатқан тауар-материал құндылықтарын тартуға, өнімсіз шығындар мен ысыраптарды қысқартуға, ішкі шаруашылық резервтерді жұмылдыруға, ресурстарды пайдалануды жақсартуға, шығындарды азайтуға, табыстылықты (рентабелділікті) арттыруға бағытталған ұсыныстарды әзірлейді. Сондай-ақ олар ведомствоға қарасты шаруашылық құрылымдарының қаржылық жұмыстарын реттейтін нұсқауларды, нұсқаулықтарды, әдістемелік материалдарды жасайды.
Министрліктер мен жоғарғы органдардың қаржы басқармаларының аппараты жиынтық қаржыны болжау (жоспарлау), кірістер мен шығыстардың жиынтық балансына бақылау жасау, ведомствоға қарасты кәсіпорындардың қаржы бөлімдерінің жұмысын үйлестіру туралы жұмыстарды жузеге асырып отырады.
Фирмалардағы, компаниялардағы қаржылық жұмысты дербес құрылымдық бөлім болып табылатын қаржы бөлімі атқарады. Шағын фирмаларда қаржы бөлімдері өтім бөлімімен немесе бухгалтериямен қоса атқарылуы мүмкін (қаржы-өтім немесе бухгалтерлік-қаржы бөлімдері).
Қаржы менеджменті уәждемелерге — адамдардың немесе ұжымдардың қажеттіліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іске асыру жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті, еңбек өнімділігі мен сапасын ынталандыру процесінде көрінеді. .
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің, фирмалардың қаржы бөлімдері кредит және есеп айырысу операцияларының (акциялардың, вексельдердің, факторингтің және басқалардың) жаңа нысандарын пайдалана отырып, оперативті қаржылық жоспарлауды, қаржы ресурстарымен оңтайландыруды жүзеге асырады.
Шаруашылық серіктестігінде
қаржыны басқаруды басқа
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы қызметтерінің маңызды міндеттері мыналар болып табылады:
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР