Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2013 в 18:01, курсовая работа

Краткое описание

Коммерциялык, шаруашылық жүргізуші субъектілер табыс (пайда) алу мақсатында құрылады. Олар өзінің кызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра алады: мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорыцдар; шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер; өндірістік кооперативтер. Коммерциялық негіздерде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі жәнс материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді: коммерциялық банктер, сақтық ұйымдары, қаржы секторының басқа мекмелері (жинақ ақша-деипозит мекемелері, инвестициялық қорлар, қор биржалары, бағалы қағаздар рыногі мен ақша-кредит рыноктеріне қызмет көрсететін әр түрлі мекемелер), сауда-делдалдық кәсіпорындар, ерікті қоғамдық қорлар, трасттық компаниялар және басқалары.

Содержание

Кіріспе 3
1 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 4
1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны .4
1.2 Кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің сыныптамасы......8
1.3. Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші
субъектілері қаржысының ерекшеліктері............................................................. .13
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ
ҚАРЖЫСЫ. .20
2.1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны
және оны ұйымдастыру ...20
2.2. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін
қаржыландырудың көздері ...................................24
2.3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары .27
Қорытынды...................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер .34

Прикрепленные файлы: 1 файл

Баян.doc

— 445.50 Кб (Скачать документ)

Бюджет мекемелерінің шығындарын қаржыландырудың негізі смета болып табылады. Ол — қаржы жоспарының айрықша нысаны. Қазіргі кезде бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер шығындардың сметасын жасайды, онда бюджетпен қатынастардың біржақты сипаты, бюджет қаражаттарының ауқымы және оларды шығындардың баптары бойынша бөлу қамтылып көрсетіледі. Сметалық тәртіппен білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері, мемлекеттік биліктің, мемлекеттік басқару мен қорғаныс органдары, ғылыми, шығармашылық, мәдениет мекемелерінің бір бөлігі қаржылаңцырылады. Бірқатар мекемелерді сметалық қаржыландыру кезінде шығындарды қамтамасыз етудің қосымша көздері пайдаланылуы, қызметтерді тұтынушылардың еңбегі қолдалынады, сондықтан шығындарда әдеттегідей басты орынды еңбекке ақы төлеу алады. Материалдық емес өнім қордаландырылуға жатпайды, оны босалқы қорға айналдыруға болмайды, бірақ оның мекеме, ұйым шығындарының сомасына тең ақшалай бағалауы болады.

Коммерциялық емес сфера мекемелеріндегі қызметтер көрсету (жасау) ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдаланумен, өзгеше қаржы қатынастарымен қосарланып отырады.

Бұл қатынастардың бастапқы табыстар мен қорларды алғашқы бөлу мен құру процесінде болмауы оларға ортақ сипат. Сонымен бірге олардың негізінде өндірістік (коммерциялық) емес сала мекемелері мен ұйымдарының қаржы көздері қалыптасады.

Коммерциялық  емес қызмет түрлері мен салаларында  мынадай қаржы қатынастары қалыптасады:

  • сала мен бюджет арасындағы қаржыландыру ретінде қаражаттарды алумен және кейбір жағдайларда бюджет алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындаумен байланысты қатынастар;
  • қаржы ресурстарын болумен және орталықтандырумен байланысты жоғарғы және төменгі органдар арасындағы ішкі салалық қатынастар;
  • шаруашылық жүргізуші субъектілердің, яғни олардың бөлімшелері арасындағы қаржы қатынастары;
  • салааралық – түрлі салалардың ұйымдары арасындағы ақша қатынастары;
  • еңбекке ақы төлеу жөніндегі ұйымдар мен олардың қызметкерлері арасындағы қатынастар;
  • ұйымдар, мекемелер және олардың тұтынушылары арасындағы (көрсетілген қызметтерге ақы төлеу жөніндегі) қатынастар және т.б.

Қызметтің айрықшалықты түрлеріндегі өзара байланыстардың тым қысаң анықтықты сипаттайтын қатынастардың қалыптасуы мүмкін, мысалы:

  • қоғамдық ұйымдар мен олардың мүшелері арасында жарналарды — кіру және мүшелік жарналарды төлеу, сондай-ақ осы ұйымдардың мүшелеріне белгілі бір жетістіктер мен қызмет нәтижелері үшін көтермелеулік сипаттағы төлемдер бойынша;
  • коммерциялык ұйымдар мен олардың демеушілері арасында ұйымның, қызметін қолдап отыру үшін материалдық және ақшалай нысандарда қаражаттар беру жөнінде;
  • сақтық компанияларында ұйымдардың белгілі бір контингентінің (әскери қызметшілердің, күш ведомстволары мен салық службалары қызметкерлерінін және т.б.) қарым-қатынастары;
  • сондай-ақ белгілі бір шарттардағы кредит қатынастарының болуы мүмкін.

Аталынған қаржы катынастары ақша қорларын қалынтастыру, болуды және пайдалануды білдіреді, оларды мынадай негізгі топтарға біріктіруге болады:

  • ұйымдар мен мекемелердің пайдалану қызметін камтамасыз ететін қорлар;
  • күрделі жұмсалымдар қорлары;
  • көтермелеу және ынталандыру сипатындағы қорлар;
  • қызметкерлер мен контингенттерге (мысалы, оқу орындарындағы оқушыларға, емдеу мекемелеріндегі ауруларға) қызмет көрсетушілердің материалдық, әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық мұқтаждарын канағаттандырумен байланысты қорлар;
  • негізгі қызметі дамыту қорлары.

 

 

2.2. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері

Қызметтің коммерциялық емес түрлерi (мемлекеттік секторды шығара отырып) жөнге келтiрiлген нарықтық экономикасы бар елдерде айтарлықтай дамып отыр. Кiтапханаларды, мұражайларды, ауруханаларды, оқу орындарын,  театрларды, әр түрлi қайырымдылық қорларды, кәсіптiк бiрлестiктерді ұйымдастырудың коммерциялық емес нысаны жекеше бастаманы қоғамдық-пайдалы қызметпен үйлестiруге мүмкiндiк берідi. Бұл тәрiздi даму қоғамдық игiлiктердi өндiрушiлер пайдаланатын салық жеңiлдiктерiмен ғана түсiндiрiлмейдi. Жеңiлдiк беру кезiнде мемлекет әр түрлi ұйымдарды, сарайларды, мұндағы басты критерий — көрсетiлетiн қызметтердiң қоғамдық пайдалылығының дәрежесi. Мемлекет сондай-ақ халыққа қызмет көрсететiн белгiлi бiр ұйымдарды қаражаттандырады.

Коммерциялық  емес ұйымдар арқылы қоғамдық қажеттiлiктердi қаржыландыру жөнiндегi мемлекеттің iс-қимылы халыққа қызмет көрсету жөнiндегi олардың үлкен икемділiгiмен және жеделдiгiмен түсiндiрiледi. Қызметтің коммерциялық емес түрлерiнен алатын пайда немесе табысты пайдаланудың қаржы механизмi, мысалы, АҚШ-та олардың ұйым мүшелерiнiң арасында бөлiнбейтiнiн анықтайды. Пайда немесе табыс не ұйымның дамуына, не олардың қызметiн пайдаланатын тұлғаларға (аурулар, оқушылар, қажетсiнетiн азаматтар және т.б.) бағытталады.

Қазақстан Республиқасының  заңнамалы практикасы басқаша iс-әрікет етедi; мұнда кәсiпкерлiк қызметтен  алынған кез келген табысқа, салық  салудың өзге де объектiлерiне (айналымдар, тауарлар, мүлік және т.б.) сияқты салық салынады. Коммерциялық емес ұйымның сыйақы, грант, кiру және мүшелiк жарналар, қайырымдылық көмек, өтеусiз берiлген мүлiк, өтеусiз негiздегi аударымдар мен қайырымдылық түрiнде алған табысы салық салуға жатпайды.

Коммерциялық  емес ұйымдар қызметiн қаржыландыру көздерi әр түрлi болып келедi. Оларды бұл құрылымдардың iс-әрікет етуiне, мемлекеттің қатысу дәрежесiне қарай  топтастыруға болады:

  • бюджет қаражаттары;
  • мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар;
  • жағдай шараларға билеттер сатудан алынған қаражаттарды қоса, өнім өткiзуден түскен түсiм-ақша;
  • түрлi коммерциялық құрылымдардың ақшалай аударымдары, келiсiм шарттарға сәйкес орындалған жұмыстар мен қызметтер көрсеткенi үшін түскен қаражат түсімдерi;
  • мүлiктi жалға беруден түскен түсiм-ақша;
  • халықтың қаражаттары;
  • кадрларды дайындаудан (қайта дайындаудан, бiлiктiлiктi артырудан және т.с.с.) түскен табыс және басқалары.

Коммерциялық  емес ұйымдар қызметін қаржыландыру көздері әр түрлі болып келеді. Оларды бұл құрылымдардың іс-әрекет етуіне мемлекеттің қатысу дәрежесіне қарай топтастыруға болады. Мемлекет тиісті функцияларын толық атқарған жерде ұйымдарды ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен жүзеге асырылады. Бұған мемлекеттік басқару, құкықтық тәртіпті қорғау, қорғаныс, ішінара білім беру және денсаулық сақтау жатады. Іргелі ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығындардың басым бөлігі осы қаражаттар есебінен қаржыландырылады. Бюджет ресурстары сондай-ақ мәдениет пен шығармашылық мекемелерін: кітапханаларды, мұражайлар мен көрмелерді, сарайларды, театрларды, филармонияларды, музыкалық ұжымдарды, ансамблдерді, мемлекеттік теле және радиостудияларды, киностудияларды және т.б. қолдап отыруға пайдаланылады.

Коммерциялық  емес ұйымдарды қаржыландырудың маңызы жағынан екінші көзі көрсетілетін қызметерден, орындалатын жұмыстардан алатын табыстары (түсім-ацша) түріндегі меншікті қаражаттары, сондай-ақ ведомствоға қарасты кәсіпорындарда өнім өндіруден алынған жалпы табыс (пайда)    ұйымның    меншігіндегі    басқа  мүлікті   пайдаланудан   түскен табыстар болып табылады.

Қызымет көрсетуден алынған түсім-ақша ұйымның оларды орындауға жұмсаған шығындарын жабады және ұйымның одан әрі өздігінше дамуына жеткілікті таза табысты (пайданы) қамтиды. Мұндай әдістермен білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен шығармашылық мекемелерінің қызметтеріне деген халықтын қосымша қажеттіліктері қаржыландырылады.

Меншікті көздердің қатарына сонымен бірге ғимараттарды, кұрал-жабдықты және ұйымның басқа мүлкін жалға беруден алынатын қаражаттар , мүлік пен ғимараттарды кепілдікке беруден алынатын қаражаттар жатады.

Қаржыландырудың үшінші көзі — банктердің кредиттері. Бұл көзді ақылы қызмет көрсететін ұйымдардың пайдалануы мүмкін, өйткені қарыз қаражаттарын қайтарудың қажеттігі ұйымның кредитті пайдалану уақытынан асып түсетін мерзімі бойынша жақсы жолға қойылған, бірқалыпты жұмыс істеуін керек етеді. Қаржыландырудың бұл әдісі, кредит қаражаттарының қамтамасыз етілуі мен өтімділігін кепілдендіретін әдіс ретінде, қарамағында ведомствоға қарасты кәсіпорындары бар ұйымдар үшін аса қолайлы болып келеді.

Қоғамдық  бірлестіктер мен ұйымдарды (саяси партиялар, кәсіптік, шығармашылық одақтар, азаматтардың діни бірлестіктері, қоғамдық ұйымдар, ассоциациялар және басқаларын) қаржыландырудың айрықшалықты әдісі олардың қатысушыларының мүшелік жарналары болып табылады. Олардың қаржылық өзара байланыстары қоғамдық бірлестіктердің өздерінің қызметін ұйымдастыруға байланысты өзгешелігімен және сипатымен бөлектенеді, Қоғамдык бірлестіктерді ұйымдастырудың серіктілігі олардың қаржы ресурстарының негізгі көзі кіру және мүшелік жарналары болып келетіндігіне соқтырады: оларға бюджет қаржысын (салық төлеушілердің табысынан қалыптасатын) пайдалануға рұқсат етілмейді. Қызметтің қоғамдық сипаты бірлестіктер меншігін олардың мүшелерінің жеке-дара табыстар табуға пайдалану мүмкіндігінен айырады. Қалыптасатын қаржы ресурстары бірлестіктердің жарғысына байланысты шығындарды жабуға жұмсалады.

Материалдық өндіріс сферасының кәсіпорындары мен ұйымдары тарапынан болатын қайырымдылық мақсаттарына аударылатыи аударымдар, шетелдік мемлекеттердің, ұйымдардың, компаниялардың, халықаралық ұйымдардың ізгілікті көмегі әлеуметтік бағыттылық, мәдени және шығармашылық ұйымдары мен мекемелерін, қоғамдық ұйымдарды, қорларды қаржылаңдырудың көзі ретінде қызмет атқарады. Осындай каржыландырудың алуан түрлілігі ретінде белгілі бір ұйымның немесе қызмет түрінің тұрақтылық белгісімен ерекшеліктенетін демеушілік каржыландыруы бола алады.

Ғылыми  зерттеулерді қаржыландырған кезде гранттар — жеке адам, компания, фирма, халықаралық ұйым, мемлекет тарапынан белгілі бір бағыттағы ғылыми талдамаларды (зерттемелерді), жобаны, ғалымдардың бір тобын немесе жеке ғалымды зерттеуді аяқтап, оның нәтижелерін ендіруге немесе басқаша колдануға дейін жеткізу мақсатымен өтеусіз қолдау әдісі қолдалынады.

Коммерциялық  емес қызмет ұйымдары мен мекемелерін ұстау және дамытуға арналған қаражаттарды толықтырудың белгілі бір көзі олардың қарамағындағы ресурстардың бір бөлігін коммерциялық және жинақ банктерінің депозиттеріне, сондай-ақ қаржы рыногінде бағалы қағаздарға орналастырудан алынатын табыстар болып табылады.

Қаржыландырудың аталған көздері коммерциялық емес қызмет ұйымдары мен мекемелерінің ақша қаражаттарын әр түрлі үйлесімдерде және аталған көздердің толық жинақталымында калыптастыруы мүмкін. Мысалы, білім беру жүйесінде аталған көздердің жинақталымы толығырақ, мемлекеттік басқаруда — екі-үш көздермен шектеледі. Бірақ кез келген нұсқада — қаржыландырудың қосымша көздерінің көп немесе аз болуы —-мемлекеттік бюджеттен оның кірістері мен шығыстарының тізімдемесінде қарастырылған қаржыландырудың көлемдері азайтылмайды. Ықпал жасаудың мұндай тұтқасы ұйымдар мен мекемелердің қоғамдық-пайдалы қызметін дамытудағы, олардың жұмысының тиімділігін арттырудағы ұжымның, бастамасы мен шығармашылық ізденісін ынталандыруға шақырады.

 

 

 

2.3. Коммерциялық  емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары

Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары қағидада, жарғыға немесе өзге бекітілген құжатта қарастырылған олардың функционалдық қызметін камтамасыз етуге бағытталған. Шығыстардың құрамы мен құрылымы ұйымның немесе мекеме қатысушыларының қызмет бағыттарының біріне тиістілігіне (катыстылығына), сондай-ақ бұл қызметті жүргізуде пайдаланылатын әдіске қарай анықталады.

Шаруашылық есеп пен өзін-өзі өтеу негіздерінде іс-әрекет ететін ұйымдар мен мекемелер жұмыстың қаржылық нәтижелерін есептеп, жоспарлайды және оларды кәдуілгі қаржы жоспарының немесе бизнес-жоспардың көрсеткіштерінде рәсімдейді . Бұл жағдайда өндіріс пен қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындардың тізбесі материалдық өндіріс сферасында жинақталатынға ұқсас болып келеді, бірақ құрылымында материалдық шығындардың үлес салмағы едәуір аз болып, еңбек ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға аударылатын аударымдарға (әлеуметтік салықты қоса) жұмса-латын шығындар басымырақ болады. Басқа құрылымдық ауытқулар болуы мүмкін, мысалы қымбат тұратын жабдық пен приборларды пайдаланатын ғылыми мекемелерде амортизациялық аударымдардың үлесі үлкен болады. Бюджеттен ішінара каржыландырылған жағдайда оның көлмі қаржы жоспарының   үшінші   бөлігінде   —   "Бюджеттен   қаржы   бөлу"   бөлігінде қаражаттарды баптар бойынша бөле отырып, белгіленеді.

Коммерциялық  емес қызмет жүргізетін ұйымдар мен мекемелер өздерінің қаржы жоспарларын өздері жасайды. Мұның үстіне тек бюджет қаражаттары есебінен қаржыланатын мекемелер шығындардың сметаларын жасайды, онда мекеме қызметінің сипатты көрсекіштері және қаражаттарды баптар бойынша бөлу қамтып көрсетіледі, ал өздерінің қажеттіктерін бюджет қаражаттарымен ғана емес, қаржы ресурстарының басқа да түрлерімен қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелер шығындар мен табыстардың сметаларын жасайды.

Коммерциялық  негізде жұмыс істейтін кәсіпорындардың қаржы жоспарларынан сметаның басты айырмашылығы сол, сметада шығындар анағұрлым егжей-тегжейлі негізделсе, кірістер тек әртүрлі көздер тұрғысынан бейнеленеді.

Жеке мекемелер мен ұйымдар бойынша өтпелі кезеңнің жоспарлы қаржы құжаты ретінде олардың бюджеттік емес көздері бола тұрса да шығындардың сметасы пайдаланыла беруі мүмкін: бұл жағдайда көрсетілген ақылы қызметтер шығындардың сметасында бюджеттен тыс қаражаттар ретінде бейнеленуі, не арнайы қаражаттардың ерекше сметасы бойынша жоспарлануы мүмкін.

Экономикалық  жіктеме бойынша сметаларда шығындар әдетте санатқа, сыныпқа, ішкі сыныпқа, өзгешелікке топтастырылады.

Информация о работе Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы