Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2013 в 18:01, курсовая работа

Краткое описание

Коммерциялык, шаруашылық жүргізуші субъектілер табыс (пайда) алу мақсатында құрылады. Олар өзінің кызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра алады: мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорыцдар; шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер; өндірістік кооперативтер. Коммерциялық негіздерде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі жәнс материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді: коммерциялық банктер, сақтық ұйымдары, қаржы секторының басқа мекмелері (жинақ ақша-деипозит мекемелері, инвестициялық қорлар, қор биржалары, бағалы қағаздар рыногі мен ақша-кредит рыноктеріне қызмет көрсететін әр түрлі мекемелер), сауда-делдалдық кәсіпорындар, ерікті қоғамдық қорлар, трасттық компаниялар және басқалары.

Содержание

Кіріспе 3
1 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 4
1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны .4
1.2 Кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің сыныптамасы......8
1.3. Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші
субъектілері қаржысының ерекшеліктері............................................................. .13
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ
ҚАРЖЫСЫ. .20
2.1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны
және оны ұйымдастыру ...20
2.2. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін
қаржыландырудың көздері ...................................24
2.3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары .27
Қорытынды...................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер .34

Прикрепленные файлы: 1 файл

Баян.doc

— 445.50 Кб (Скачать документ)

Еншілес кәсіпорындар негізгі кәсіпорынды, соның ішінде монополияға қарсы заң талабы күшіндегі кәсіпорынды ықшамдау, негізгі кәсіпорынның филиалдарын дербес занды тұлға етіп қайта құру, негізгі өндірістің тиімділігін арттыру үшін қосымша және мамандандырылған өндіріс құру, негізгі өндірісті оған тән емес қызмет пен функция түрлерінен босату мақсатында құрылады.

Кәсіпкерлік қызметті жүргізудің тиімді ұйымдық-құқықтық нысандарының бірі шетелдік фирмалар қатысқан бірлескен кәсіпорындар болып табылады.

Қызметтің түрлі  сипатындағы — өндірістік, сауда-саттык, сервистік бірлескен кәсіпорындар ұйымдастырылады. Бірлескен кәсіпорындар қолданыстағы заңдарды сақтау, меншікті жоспарлар, коммерциялық есеп, өзін-өзі өтеу және қаржыландыру негізіндс жұмыс істеуі, ортақ жарғылық капиталы, дербес балансы болуы тиіс. Бірлескен кәсіпорьпадардың мүлкі шартта анықталған мөлшерде қатысушылардың салымдары (жарналары) есебінен құрылады. Бірлескен кәсіпорындар заңнамамен белгіленген салықтарды төлейді, бірлескен кәсіпорын жойылғанда оның резервтік капиталының пайдаланылмаған сомасына қолданыстағы мөлшерлемелер бойынша салық салынады. Республикада шетелдік фирмалар қатысқан бірлескен кәсіпорындарды құрудың және олардың іс-әрскет етуінің тәртібі заңнамамен белтіленген. Кәсіпорын капиталыңдағы үлес уағдаластық бойынша анықталады. Әріптестерге қажетті кепілдіктер, соның ішіңде олардың салықтарды төлегеннен кейін қалған табысының (пайдасының) бір бөлігін валюта түрінде шет жакқа аударуға, ұлғаймалы өндіріске жұмсалымға салу мүмкіндігіне, басқаруға қатысуға, республика аумағында олардың меншігін құқықтық қорғауға кепілдіктер беріледі.

Экономиканың кооператиетік секторы бірыңғай ұлттық шаруашылық кешені буындарының бірі болып табылады. Нарықтық қатынастардың қалыптасу барысында меншік нысандарының дамуы қызметтін жаңа сфераларында шаруашылық жүргізудің бұл демократиялық нысанынын қайта дамуына және дәстүрлі салаларда оның кеңеюіне кең жол ашты.

Қазіргі кезде кооперация жүйесінде кооперативтердің екі негізгі түрі— өндірістік және тұтыну кооперативтері жұмыс істейді.

"Өндірістік кооператив туралы" заңда өндірістік кооператив азаматтардың бірлесксн кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың жеке еңбегімен қатысуына және мүшелерінің мүліктік салымдарын (үлестерін) біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі делінген. Өндірістік кооперативтер тауарлар, өнімдер өндіріп, жұмыс атқарады, шаруашылық жүргізуші субъектілерге және халыққа қызмет көрсетеді.

Өндірістік кооператив коммерциялық ұйым және заңды тұлға болып табылады. Ол жеке кәсіпксрлік үшін заңнамалық актілермен тиым салынбаған кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға құқығы бар.

Өндірістік кооператив мүмкін жарғы салымдары, оның қызметінен алынған табыстар, заңнамамен тыйым салынбаған өзге  де көздер құрайды.

Өдірістік кооператив меншігіндегі мүлік кооператив жарғысына сәйкес оның мүшелерінің үлестеріне бөлінеді. Пай өндірістік кооператив» мүшелерінің кооператив мүлкіндегі үлесі болып табылады.

Кооперативтің құрылтай құжаттарында несие берушілердің мүдделеріне кепілдік беретін кооператив мүлкінің ең төменгі мөлшерін белгілейтін кооперативтің жарғылық капиталын құру көзделуі мүмкін.

Кооператив  жыл сайынғы пайдасынан аударымдар жасаудың есебінен резервтік капитал құра алады, ол кооперативтің несие берушілер алдындағы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге және көзделмеген шығыстарды өтеуге арналады.

Өндірістік  кооперативтің пайдасы жыл корытындысы  бойынша анықталады. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төленгеннен кейін қалған пайда кооперативтің толық қарамағында қалады және оның мүшелерінің жалпы жиналысы мен кооперативтің құрылтай құжаттарында көрсетілген мақсаттарға бөлінеді.

Тұтыну кооперативі сауда-саттық және тұрмыстық қызмет керсету арқылы өзінің мүшелерін және басқа азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандырып отырады.

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 21-індегі заңына сәйкес селолық тұтыну кооперативі мүшелік негізде оның мүшелерінің (пайдаларының) материалдық және өзге де қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің мүліктік (үлестік) жарналарын біріктіру жолымен жүзеге асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі деп танылады.

Занды тұлға да селолық тұтыну кооперативіне мүше бола алады.

Селолық тұтыну кооперативтері коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және кәсіпкерлік қызметпен өздерінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетіндей дәрежеде ғана айналыса алады.

Селолык тұтыну кооперативтері сауда, дайындау, өткізу, өңдеу, қызмет көрсету, жабдықтау қызметін және заңнамаларда тыйым салынбаған өзге де кызметті жүзеге асыру үшін мүліктік (үлестік) жарналар есебінен құрылады.

Пәтерлер  иелерінің тұтыну кооперативтері — ПИК өзгеше ұйымдық құқықтық түр болып табылады, олар тұрғын үй қорын ұстаумен, оған қызмет көрсетумен және пайдаланумен байланысты болатын өзара қатынастарды реттеп отыруы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Коммерциялық  емес ұйымдар мен мекемелердің  қаржысы

2.1. Коммерциялық емес ұйымдар  мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру

Кіріс түсіру негізгі мақсаты болып  табылмайтын және алынған таза табысты қатысушылар арасында бөлмейтін заңды түлға коммерциялык емес ұйым деп танылады.

Коммерциялық  емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы қаңтардың 16-сындағы № 142-11 ҚР Заңына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, даулар мен жанжалдарды шешу, азаматтардың рухани және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту: заң көмегін көрсету үшін, сондай-ақ коғамдық игіліктерді және өз мүшелерінің (қатысушылардың) игіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда кұрылуы мүмкін.

Коммерциялық  емес ұйымдар қызметінің мақсаттары құрылтай құжаттарымен айқындалады.

Коммерциялық  емес ұйымдар мекеме, қоғамдык бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі нысанына және заңнамалық актілерде көзделген өзге де нысанда кұрылуы мүмкін. Бұл ұйымдардың қызметінің мақсаты пайда немесе табыс табу емес, керісінше қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табыдады.

Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы деп материалдық емес игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатында материалдық өндіріс салаларында жасалған ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесінде құрылатын ақша қорларының, қозғалысын ортақтастыратын ақша қатынастарының жиынтығын түсінеді.

Коммерциялық  емес ұйымдардың қаржысын ұйымдастыруға негізінен олардың ұйымдық-құқықтық нысандары әсер етеді. Сондықтан коммерциялық емес ұйымдар қаржысының, ерекшеліктерін анықтау үшін оның кұрамына кіретін мекемелерді, ұйымдарды, олардың қызметінің сипатын, басқаруды ұйымдастырудың және қаржыландырудың әдістерін ескере отырып зерделеген жөн.

Құрылтайшысы  басқару, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады.

Меншік нысанына байланысты мекемелер мемлекеттік және жеке меншік мекемелер болып бөлінеді.

Мекемелердің жекелеген түрлерінің құқықтық жағдайының ерекшеліктері заңнамалық актілермен реттеледі.

Қазақстан Республикасының  Конституциясына және заңдарына сәйкес мемлекет құрған немесе егер заңнамалық актілерде өзгелері көзделмесе, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, астана, облыстар, республикалық маңызы бар қала өкімдерінің шешімі бойынша құрылған және тек кана мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мекеме мемлекеттік мекеме деп танылады.

Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған оралымды басқару құқығымен бекітіліп беріледі.

Басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар құрған, мемлекеттік құрылымның бөлігі болып табылмайтын ұйым жеке меншік мекеме деп танылады.

Жеке меншік мекеменің мүлкі оған оралымды басқару құқығымен бекітіліп беріледі.

Жеке  меншік мекеме өз міндеттемелері бойынша өзінің бөлігіндегі ақшамен жауап береді. Ақшасы жеткіліксіз болған жағдайда мемлекеттік емес мекеменің міндеттемелері бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады.

Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы  келмейтін ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтардың ерікті бірігуі нәтижесінде құрылған ұйым қоғамдық бірлестік болып табылады.

Қоғамдық  бірлестіктер мүшелерінің (қатысушыларының) сол бірлестіктерге өздері берген мүлікке, соның, ішінде мүшелік жарналарға құқықтары жоқ. Өздері мүшелері (қатысушылары) ретінде қатысатын қоғамдық бірлестіктердің міндеттемелері бойынша олар жауап бермейді, ал аталған бірлестіктер өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

Қоғамдық  бірлестіктердің құқықтық жағдайының ерекшеліктері "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

Азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін, мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым қор деп танылады.

Қорға оның қүрылтайшылары берген мүлік кордың меншігі болып табылады. Қор жарғыда белгіленген мерзімде қаржы қызметін тексеруді жүзеге асыруға міндетті. Тексеруді тексеруші немесе аудитор жүзеге асырады.

Мүшелік негізде қатысушылардың материалдық  және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің, мүліктік (пайлық) жарналарын біріктіру жолымен жүзеге асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі тұтыну кооперативі деп танылады. Заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда тұтыну кооперативіне заңды тұлғалар да кіре алады.

Селолық тұтыну кооперативтері тек өз мүшелерінің ғана емес ауылдық жерде тұратын басқа да азаматтардың материалдық және өзгеде қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кұрылуы мүмкін.

Тұтыну кооперативтерінің мүшелері оның міндеттемелері бойынша кооператив мүшелерінің қосымша жарнасының енгізілмеген бөлігі шегінде ортақ субсидиарлық жауаптылықта болады.

Тұтыну кооперативі алған кірістерді оның мүшелері арасында бөлуге болмайды және олар жарғылық мақсаттарға жұмсалады.

Тұтыну кооперативінің мүшелері жинақталып қалған шығынды жыл сайыңғы баланс бекітілгеннен кейін үш ай ішінде косымша жарналар арқылы жабуға міндетті. Бұл міндеттеме орындалмаған жағдайда кооператив кредит берушілердің талабы бойынша сот тәртібімен таратылуы мүмкін.

Тұтыну кооперативтерін, соның ішінде селолық кооперативтерді құкықтық реттеу ерекшеліктері арнаулы заңнамалық актімен реттеледі.

Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін каражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын, кірістері тек қана осы қоғамды дамытуға пайдаланылатын заңды тұлға коммерциялық емес акционеррлік қоғам деп танылады.

Коммерциялық  емес акционерлік коғамдардың артықшылықты акциялар, туынды және айырбасталатын бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыруға құқығы жоқ.

Коммерциялық  емес акционерлік қоғамның құрылтай шарты осы шартқа әрбір құрылтайшының немесе оның уәкілетті өкілінің қол қоюы арқылы жасалады.

Жоғарыда  аталған коммерциялық емес қызметтің ұйымдарын, мекемелерін және басқаларын нарық жағдайындағы олардың қызметінің сипаты мен қаржыландыру әдістеріне карай шартты түрде үш топқа біріктіруге болады.

Бірінші топқа материалдық өндіріске өте жақын шығындары материалдық емес қызметтер мен игіліктерді өткізуден алынатын түсім ақшадан өтелетін ұйымдар мен мекемелср жатқызылуы мүмкін. Олар "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" занды басшылыққа ала отырып, өздерінің қызметін шаруашылық-коммерциялық есеп әдісінде жүзеге асырады. Бұл ұйымдардың қызметтері ақыға көрсетіледі. Бұларға ақылы негізде жұмыс істейтін білім беру мен денсаулық сақтау мекемелері, салалық ғылыми-зерттеу институттары, бірқатар шығармашылық мекемелері, ойын-сауық орындары жатады. Бұл әдісті коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер пайдаланады. Кәсіпорындар қызметпен байланысты әр түрлі ақшалай шығындар жасайды: игіліктер мен қызметтерді өткізе отырып, олар түсім-ақша алады; кірістердің шығыстардан асып түсуі қорланымды құрайды. Оларда қаржы материалдық өндіріс кәсіпорындарындағыдай ұйымдастырылады.

Ұйымдардың екінші тобына олардың толық емес шаруашылық есептегі, яғни өзін-өзі өтеу әдісін қолданатын бірқатары жатады. Бұл әдіс ақылы қызмет негізіндегі шаруашылық қызметін ұйымдастыруды қарастырады, бұл қызметтердің бағасы корланымсыз шығыстардың көлеміне қатысты анықталады. Шығындардың өзін-өзі өтеу әдісі мәдени-ағарту қызметі, бос уақытты ұйымдастыру саласында (тұрмыстық, кәсіби мамандықтар мен білім алу жөніндегі, шет тілдерді, мүдделер бойынша ұлттық клубтарды оқып үйренудің курстары мен мектептері) қолдалынады.

Ұйымдардың үшінші тобына бюджет қаражаттары есебінен ұсталатын мекемелер мен салалар жатады. Олар көрсететін қызметгер тегін, оларды қаржыландырудың көзі мемлекеттік бюджет болып табылады.

Информация о работе Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы