Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2013 в 18:01, курсовая работа

Краткое описание

Коммерциялык, шаруашылық жүргізуші субъектілер табыс (пайда) алу мақсатында құрылады. Олар өзінің кызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра алады: мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорыцдар; шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер; өндірістік кооперативтер. Коммерциялық негіздерде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі жәнс материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді: коммерциялық банктер, сақтық ұйымдары, қаржы секторының басқа мекмелері (жинақ ақша-деипозит мекемелері, инвестициялық қорлар, қор биржалары, бағалы қағаздар рыногі мен ақша-кредит рыноктеріне қызмет көрсететін әр түрлі мекемелер), сауда-делдалдық кәсіпорындар, ерікті қоғамдық қорлар, трасттық компаниялар және басқалары.

Содержание

Кіріспе 3
1 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 4
1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны .4
1.2 Кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің сыныптамасы......8
1.3. Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші
субъектілері қаржысының ерекшеліктері............................................................. .13
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ
ҚАРЖЫСЫ. .20
2.1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны
және оны ұйымдастыру ...20
2.2. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін
қаржыландырудың көздері ...................................24
2.3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары .27
Қорытынды...................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер .34

Прикрепленные файлы: 1 файл

Баян.doc

— 445.50 Кб (Скачать документ)

 

1.3. Негізгі ұйымдық-қүқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысыныц ерекшеліктері

Кәсіпорын экономиканың негізгі буыны ретінде меншік нысандары мен шаруашылық жургізудің әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары мен рыноктің дамуы кезінде жұмыс істейді.

Кәсіпорындарды ұйымдық-құқыктық нысандары бойынша межелеу олардың қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуына, өндірістік-шаруашылык қызметін қаржыландыруға, шаруашылық жүргізудің нәтижелеріне әкеп соғады.

Меншік  нысандарына қарай шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорларын қалыптастырудың ерекшеліктері болады. Мысалы, өндірістік кәсіпорындардың қаржы қорлары мына көздер есебінен құрылады: меншікті көздер (амортизациялық аударымдар, таза табыс); банк кредиттері; бағалы кағаздар шығарудан түсетін қаражаттар; мемлекеттік кәсіпорындарда қаражаттардың бұл көздері қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтерде — кооператив мүшелерінің үлестік жарналарының қаражаттары. Практикада көбінесе меншіктің аралас нысандарымен шарттасылған қорлардың көздері бойынша оларды құрудың аралас нысандары кездеседі. Мысалы, негізгі құралдар мен айналымдағы активтердің үлкен бөлігі мемлекетке жататын мемлекеттік кооператвтерде қызметкерлердің үлестік жарналары болымсыз рөл атқарады. Мемлекеттік акционерлік коғамдарда да осылай.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың мүлкін жалға бергенде айрықшалықты төлем жалға берілген мүлік құнының амортизациялык аударымдарын, жалға беру мерзімінің өтуіне қарай объектілерді жөндеу үшін жалдаушының жалға берушіге беретін каражаттарын, жалға алынған мүлікті қоғамдык қажетті пайдаланудан түсетін пайданың (табыстың) бір бөлігін (жалгерлік пайызды) кіріктіретін жалгерлік ақы қолданылады.

Өндірістің бастапқы қорларының қалыптасуына сәйкес шаруашылык қызметінің мынадай каржылық нәтижелері бөлінеді және пайдаланылады: таза табыс, пайыздық табыс, дивидендтер, үлестік табыстар, бюджеттің (бюджеттік кредиттердің) және бюджеттен тыс қорлардың шығыстарын өтеу.

Үлестік жарна негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың — 
шаруашылық серіктестіктерінің, кооперативтердің, бірлескен

кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыру мұндай кәсіпорындар қаржысының қалыптасу және алынған табыстарды әрбір қатысушының мүліктегі үлесіне сәйкес кейінгі бөлудің ерекшеліктерімен анықталады. Мұндай кәсіпорындардың құрылтайшылары мен қатысушылары өздерінің жарналарын ақша қаражаттары, мүліктің әр түрлі түрлері (үймереттің, ғимараттың, жабдықтың және басқаларының), мүлікті құқықтар (жерді, табиғи ресурстарды, мүлікті, зияткерлік (интеллектуалдық) меншікті пайдалану құқықтары) түрінде жүзеге асырады.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің; "Шаруашылық серіктестіктері туралы" заң күші бар жарлығына сәйкес шаруашылык, серіктестігі — жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, өз кызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым. Шаруашылық серіктестігінің мынандай нысандары белгіленген:

1) толық серіктестік;

2) сенім серіктестігі;

3) жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

4) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;

5) акционерлік қоғам.

Толық серіктестіктің пайдасы мен залалдары қатысушылар арасында, егер құрылтайшылардың шартында немесе қатысушылардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, олардың серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесінің мөлшеріне бара-бар бөлінеді; сенім серіктестігі мсн жауапкершілігі шектеулі серіктестікте де осылай бөлінеді.

Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының  заңына сәйкес өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттарды Сенім серіктестігі өзінің бүкіл мүлкімен серіктестіктің міндеттемелері бойынша қосымша жауапкершілікті ниеттестікпен алып жүретін катысушыларды және серіктестіктің     кәсіпкерлік     қызметіне     қатыспайтын     жауапкершілігі шектелінген қатысушыларды кіріктіреді.

Қаржы катынастарының акционерлік қоғамға сәйкес белгілі бір ерекшеліктері акцияларды өндірістік және коммерциялық қажеттіліктерді қаржыландыру ретінде қолданғанда көрінеді. Бұған акционерлік қоғамдар қызметінің ұйымдық нысандарының әр алуандығы мүмкіндік туғызады: олар ашық немесе жабық үлгіде (яғни иелердің шектеулі тобының ішінде акцияларды таратумен), толық немесе жауапкершілігі шектеулі қоғам болуы мүмкін. Қаржыны ұйымдастыруға акциялар категорияларының (кәсіпорынның акциялары, еңбек ұжымының акциялары, акционерлік қоғамдардың акциялары), олардың түрлерінің (артықшылықты, атаулы, ұсынушыға арналған акциялар) әр алуандығы әсер етеді.

Акционерлік қоғамның баланстық таза табысы заңнамамен қарастырылған тәртіппен анықталады. Таза табыс (салықтарды төлегеннен кейін) қоғамның қарамағында қалады және акционерлердің арасында дивидендтер түрінде бөлінеді, резервтерге, өндірісті дамытуға немесе қоғам жиналысының шешімімен қарастырылған өзге мақсаттарға аударылады. Ашық акционерлік коғам жарғылық капиталдың 15 пайызынан кем емес мөлшерде резервтік капитал құруға міндетті.

Акционерлік қоғамның мынадай жағдайда жай акциялар бойынша дивидендтер төлеуге құқығы жоқ:

1 ) қоғамның жағымсыз меншікті капиталы кезінде;

2) егер қоғам төлеу қабілетсіздігі немесе дерменсіздігі нышан-дарына жауап берсе.

Қоғам жарғыға  сәйкес салықтарды төлегеннен кейін қызметтілер ішінде бөлу үшін табыстың белгілі бір пайызын, соның ішінде ақшалай сыйақы немесе акциялар түрінде бөле алады. Дивидендтер акциялар түрінде (табыстың капиталға айналуы), облигациялармен, тауарлармен, егер бұл жарғыда қаралса, төлене береді.

Меншіктің акционерлік нысаны экономикалық жағынан дамыған елдерде тиімді жұмыс істеуде және дүниежүзілік практикада көпшілікке танылған нысан болыи табылады. Ол ұсақ меншік иелерінің көпшілігін — акция ұстаушыларды қазіргі кезеңде неғұрлым тиімді кәсіпорындарды немесе салалардың қаражаттарын калыптастыруға қатысуға араластырады (тартады), қаржы ресурстарының қызметтің аса басымырақ сфераларына қайта кұйылымына мүмкіндік жасайды. Акциоиерлік нысанның құндылығына қаражаттардың жеке иелері үшін, тіпті жеке қаржы институттары үшін қиын болатын жеткілікті ірі кәсіпорьшдарды құру мүмкіндігі жатады. Акционерлік кәсіпорынның көлемі тек оның нарықтык сұранымның ауқымымен, басқарушылықпен, рыноктің даму перспективаларымен ғана сәйкестенеді. Акционерлік нысанның аса маңызды артықшьшығы — шидай-ақ бір кәсіпорынның басқа кәсіпорының қызметіне оның акцияларын сатып алу аркылы қатысу мүмкіндігі.

Нарық жағдайында акционерлік қоғамдардардың басқа ұйымдық-құқықтық нысаңдарға қарағанда айтарлықтай тұрақтылығы болады. Бұған табысты (пайданы) қоғамның қалыптасу мүшесіне бөлуден уақытша бас тарту, рынокті жеңіп алу, неғұрлым тұрақты табыстылықты қамтамасыз етуге және келешекте табыстың айтарлықтай өсуіне жетуге бағытталған қосымша күрделі жұмсалымды жүзеге асыру есебінен қол жетеді. "Шектеулі жауапкершілік" қағидатының, яғни тек акцияларға салынған қаражаттар бойынша материалдық жауапкершіліктің іс-әрекеті жеке қаражаттардың негізінде пайда бола алмайтын жеткілікті тәуекелдік кәсіпорындарды (тез қайтарым мен жоғары табыстылық алу тұрғысынан) құрудың алғы шарты болып табылады.

Экономикада едәуір орынды мемлтекеттік сектор алады. Бұл секторда кәсіпорындардың мынадай түрлері жұмыс істейді:

1) шаруашылық, жүргізу құқығына негізделген кәсіпорындар; бұл құқық мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алған және осы мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын заңнамада белгіленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы болып табылады;

2) жедел басқару құқығына негізделген (қазыналык кәсіпорын) кәсіпорындар. Бұл құқық қазыналық кәсіпорынның меншік иесінен алған және өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмалары мен мүліктің мақсатына сәйкес заңнамалық актілерде белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын заттық құқық болып табылады.

 

Мемлекеттік меншіктің түріне қарай кәсіпорындар:

  1. республика меншігіндегі кәсіпорындар — республикалық 
    мемлекеттік кәсіпорындар;
  2. коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар—-коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар болып бөлінеді;

Басқа мемлекеттік кәсіпорын құрған мемлекеттік кәсінорынмен еншілес мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.

Мемлекеттік кәсіпорын үшін мемлекеттің тапсырмасын  орындау міндетті болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің негізгі міндет - мақсаты (арналымы) қоғам мен мемлекеттің қажетіне қарай айқындалатын мынадай әлуеметтік-экономикалық міндеттерді шешу болып табылады, олар:

1)        мемлекеттің     қорғаныс     қабілетін     материалдық     жағынан қамтамасыз ету және қоғам мүддесін корғау;

2) экономиканың жеке меншік секторы қамтыған немесе жеткіліксіз қамтылған коғамдық өндірістің сфералары мен салаларында бірінші қажеттіктегі тауарларды өндіру (жұмыстар атқару, қызметтер көрсету);

3) мемлекеттік монополияға жатқызылған немесе мемлекеттің функциясы болып табылатын сфералардағы қызметті жүзеге асыру.

Кәсіпорынға қатысты уәкілді орган меншік иесінің және мемлекеттік басқару органдарының басқару функцяларын орындайды.

Меншік  иесі кәсіпорыңды құру, оның қызметінің предметі мен мақсаттары, қайта ұйымдастыру және тарату, мүліктің сақталуын бақылау мәселелерін шешеді. Меншік иесінің кәсіпорын мүлкін пайдаланудан түскен пайданың бір бөлігін алуға құқығы бар.

Меншік  иесіне аударуға жататын пайданың үлесі  уәкілді органның Қаржы министрлігімен келісілгсн пайданы бөлудің жыл сайын анықталатын пайданы бөлу нормативінде белгіленеді.

Мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкін негізгі  құрал-жабдықтар мен айналым қаражаттары, сондай-ақ кәсіпорынның дербес балансында көрсетілген кұндылықтар құрайды. Мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің, өз қызметі нәтижесінде сатып алған мүлікті (ақшалай табыстарды қоса), заңдармен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.

Шаруашшық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын қызметтің сан алуан сферасында құрылып, іс-әрекет етуі мүмкін.

Кәсіпорынның  жарғылық капиталының мөлшері кәсіпорынға берілетін мүліктің жалпы құнынан аспауы және ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің 1000 мөлшерінен кем болмауы керек.

Кәсіпорын оның жарғысында көрсетілген мөлшерде резервтік капиталды қалыптастыруға міндетті және ол жарғылық капиталдың 10 пайызынан кем болмауы керек, оның қарамағында қалған пайданың кем дегенде 5 найызы осы мақсатқа жұмсалуы тиіс. Резервтік капиталдың қаражаты тек қана залалдарды жабуға, бюджет  алдындағы міндеттемелерді орындауға, мемлекеттік кредиттерді өтеуге және басқадай қаражаттары жеткіліксіз болған жағдайда пайыздық өтем төлеуге жұмсалады.

Кәсіпорын өңдіретін тауарлардың (атқарылатын  жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары кәсіпорынның оларды өндіруге кеткен шығындарды толық өтеуге, оның қызметін шығынсыз етуге және өз кіріс есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етуге тиіс.

Мемлекеттік тапсырысты орындау есебіне кәсіпорын өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын уәкілді органның келісуі бойынша жоғарыда айтылған талаптарды ескере отырып белгілейді.

Кәсіпорын мемлекеттік тапсырыстан тыс өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағасын өзі дербес белгілейді.

Кәсіпорын өз қызметінен алған меншікті табыстар есебінен ұсталады. Мемлекеттік кәсіпорынға қаражат заңнамада көзделген тәртіппен беріледі.

Кәсіпорын иесіне аударылуға тиіс пайданың үлесі жыл сайын уәкілді орган Қаржы министрлігінің (тиісінше — оның жергілікті органдарымен) келісімі бойынша белгіленетін пайданы бөлудің нормативінде көрсетіледі және тиісті бюджетгердің кірісіне аударылады.

Жедел басқару құқығындағы мемлекеттік мүлікке ие кәсіпорын қазыналық болып табылады.

Қазыналық кәсіпорындар заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) төтенше      және      авариялық      жағдайларда      кен-құтқару     

2) өзге де арнаулы жұмыстарды орындау, еріген, су тасқынынан және басқа сұрапыл апаттардан қорғау;

3) заңнамада қаржыландырудың арнаулы тәртібі белгіленген мемлекеттік автомобиль жолдарының және басқа инфрақұрылым объектілерінің жүйесін ұстау мен дамыту;

4) пошта байланысы мен телекоммуникация, жалпы республикалық және халықаралык байланыс желісін пайдалану саласындағы қызмет;

5) топографиялық-геодезиялық және картографиялык жұмыстар жүргізу;

6) денсаулық сактау, табиғатты қорғау, білім беру, әлеуметтік қорғау, ғылым және мәдениет сферасынна өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін құрыла алады.

Қазыналық кәсіпорын өндіретін және өткізетін тауарлардың (атқаратын жұмыстардың, көрсететін қызметтердің) бағаларын уәкілді орган белгілейді. Қазыналық кәсіпорындардың қызметі уәкіді орган бекітетін смета бойынша өз табысының есебінен қаржыландырылады. Кәсіпорынның меншікті табыстары оның шығындарын жабуға жеткіліксіз болған жағдайда кажетті жетпеген қаражаттар тиісті бюджеттен бөлінеді.

Қазыналық кәсіпорынның сметадан тыс алған табыстары тиісті бюджетке аударылуға жатады.

Еншілес кәсіпорын — өз мүлкінің есебінен баска мсмлекеттік кәсіпорын құрған заңды тұлға. Еншілес кәсіпорындар құру құқығын шаруашылық жүргізу кұқығындағы кәсіпорындар ғана пайдалана алады.

Информация о работе Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы