Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 11:58, курсовая работа
Жалпы рыноктық қатынастарда шаруашылықтың тиімді ұйымдастырылуы мен қызмет етуі олардың қаржылық жағдайына, несиелер алу жолдарына байланысты болады. Сонымен қатар рыноктық экономикада экономиканы реттеуде және тұрақты дамуын қамтамасыз етуінде жүргізілетін тікелей және жанама экономикалық саясаттар сол елдің банк жүйесі қызметтері мен оның атқарып отырған саясаттары арқылы іске асады. Елдің ақша-несие саясатының бағыттарын, элементтерін және экономиканы тиімді дамыту, инфляция деңгейін төмендету және оның тұрақты деңгейін сақтауды іске асыратын Ұлттық банктің өзі бұл қызметтерді экономикадағы екінші деңгейлі крммерциялық банктермен бірлесе отырып атқарады.
КІРІСПЕ 3
І КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МӘНІ 4
1.1 Коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикалық маңызы мен мәні 4
1.2 Коммерциялық банктердің активті операцияларының жіктелуі 7
ІІ ЕЛІМІЗДІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫҢ СОҢҒЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР 19
2.1 Еліміздегі коммерциялық банктердің несиелік операцияларының бүгінгі таңдағы жағдайы 19
2.2 Лизингтің операциялардың дамуы көрсеткіштері 21
2.3 Бағалы қағаздармен операцияларға анализ 23
2.4 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің есеп айырысу операцияларының даму мәселелері 26
ҚОРЫТЫНДЫ 29
Қазақстан және ТМД елдерінде лизингтік қатынастар 1989 жылдан бастап қалыптаса бастады. Ол кезде негізінен қаржылық лизинг, яғни коммерциялық банктер айналысатын операция негізінде көрініс тапты.
Қазақстандағы лизингтің дамуы төрт канал бойынша жүргізілді:
Қазақстан Республикасындағы лизингтік қатынастардың дамуы 2000 жылдан бастап қарқынды түрде дами бастады. Басты лизингтік қызметтердің үлесі «Казагрофинанс» лизингтік компаниясының үлесіне тиді. Ол компания ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында құрылған 100%-дық мемлекеттік компания болып табылады. Еліміздің коммерциялық банктері лизингтік операцияларды жекелеген лизинг компаниялары арқылы іске асырып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстанда 20-дан астам лизингтік компаниялар бар, ал олардың 8-і жергілікті банктердің еншілес компаниялары болып табылады. Олардың осы нарықтағы үлесі 50%-дан артып отыр, ал «Казагрофинанс» лизингтік компаниясының үлесі 26% шамасында.
Сурет-8 – Лизингтік шарттардың саны
Осы жасалған лизингтік шарттардың 2004 және 2005 жылғы жалпы құндарын келесі суреттен көре аламыз.
|
Сурет-9 – Лизингтік шарттардың жалпы құны
Лизингке берілетін құрал-жабдықтардың түрлері бойынша еліміздегі оның сипатын келесі суреттен көре аламыз.
Еліміздегі лизингтің
ауылшаруашылығы бойынша
Бүгінде ҚР-ның екінші деңгейлі банктері
инвестициялық операцияларға
Сонымен қатар бүгінде коммерциялық банктердің активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастыруы дамы пкеле жатыр. Жалпы корпоративтік бағалы қағаздарға келесілер жатады:</h4>
Осылардың ішінде бүгінгі таңда инвестициялық операциялардың негізгі бөлігі акция мен облигация негізінде дамып отырғаны белгілі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің 2006 жылғы 1 сәуіріндегі деректері бойынша мемлекеттік құнды қағаздардың алғашқы рыногында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ноталары (53919 млн. теңге), МЕҚҚАМ-6 (1452 млн.теңге), МЕҚҚАМ-12 (2937 млн.теңге), МЕОҚАМ-84 (997 млн. теңге), МЕОҚАМ-24 (13404 млн.теңге) айналысқа шығарылды және экономика салаларында орналастырылды. Мемлекеттік міндеттемелердің айналысқа шығарылғандарының тиімді жылдық кірістілігі 5,04%, 4,95%, 5,11%, 5,88% және 6,19% болды.
Еліміздегі айналыста жүрген қысқа мерзімдік 3 және 6 айлық МЕККАМ-дар айналыстан шығарылды, оларды Қаржы министрлігі өткен 2005 жылғы желтоқсан айында толық өтеді. Нәтижесінде бағалы қағаздар айналысының құрылымы 2005 жылдың соңында қысқа мерзімді МЕКАМ-дар (айналыс мерзімі 2 айдан 10 айға дейін) жалпы көлемінің 9,2%-ын, орта мерзімді МЕОКАМ-дар (айналыс мерзімі 2 жылдан 10 жылға дейін) – 89,6%-ын және орта мерзімді МЕИКАМ-дар (айналыс мерзімі 3 жылдан 7 жылға дейін) – 1,2%-ын құрады.
Жыл соңындағы қор нарығының акцияларының сыйымдылығы 2 622,4 млн.долл. эквивалентке жетті, өткен жылдан 577,6 млн.долл.-ға өсті. Корпоративтік бағалы қағаздар рыногында қолданыстағы шығарылымдары бар акционерлік қоғамдар саны 2005 жылғы 1 тамызда 2005 жылғы 1 маусымдағы ұқсас көрсеткішпен салыстырғанда 25-ке азайып 2389 болды. Бүгінде бағалы қағаздар рыногында 62 брокер-дилер, 18 тіркеуші, 11 кастадион банк, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын 10 ұйым және инвестициялық портфельді басқаратын 21 ұйым жұмыс істеп отыр. Тамыз айында 47 акция шығарылымы, 2 облигациялық бағдарлама, жалпы номиналды құны 3,4 млрд. теңге болатын 2 облигация шығарылымы, жалпы көлемі 17 млрд. теңге болатын 5 облигация шығарылымы облигациялық бадарлама аясында тіркелді және 38 акциялар шығарылымының күші жойылды. 1 тамыздағы жағдай бойынша 2619 қолданыстағы акциялар шығарылымы және жиынтық номиналдық құны 554,9 млрд. теңге болатын 138 мемлекеттік емес қолданыстағы облигациялар шығарылымы айналыста болды.
Мемлекеттік емес бағалы қағаздар шығару 2005 жылдың 4-ші кварталында 1144,9 млрд. теңгені құрады, оның 527,2 млрд. теңгесі акциясының үлесіне тиді. Ал облигацияның мемлекеттік емес жалпы көлемі 0,8%-ды (8,9 млрд. теңге) құрап отыр.
|
Сурет-10 – Экономикалық секторда мемлеакеттік емес бағалы қағаздардың орналасуы
Қазақстан Республикасында рынотық қатынастардың дамуы мен қалыптасуы жобасында жекешелендіру жүргізуде шаруашылық жүргізудің жаңа нысандары пайда болады. Олар: серіктестіктер, акционерлік қоғамдар және жеке меншік компаниялар шеңбері едәуір кеңейеді. Ал осы нарықтың әрбір субъектілерінің арасында еркін қаржы айналымын бағалы қағаздар рыногы жүзеге асырады және басқа экономикалық рыноктармен үнемі тығыз байланыста болады.
Қазақстанның «Ипотекалық компаниясы» 2000 жылы №469 үкімет қаулысымен 20 желтоқсанда құрылды. Қазір бұл ұлттық компания өз қызметін тиімді әрі жылдам дамытуда.
Қазір бұл компанияның әріптестеріне келесі шаруашылық қызмет етуші субъектілерді жатқызуға болады:
Еліміздегі мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатудағы басты қатысып отырған алғашқы 10 компанияны келесі 1-ші кестеден көре аламыз.
Кесте 1
2006 жылы биржа рыногындағы мемлекеттік бағалы қағаздың басты операторлары
Компаниялар позициясы |
Компаниялар |
Саудадағы үлесі, % |
1 |
АО «Банк Туран Алем» |
33,7 |
2 |
АО «General Asset management» |
12,5 |
3 |
АО «АТФ Банк» |
7,8 |
4 |
АО «НПФ Народного Банка Казахстана» |
6,2 |
5 |
АО «ООИУПА «ЖЕТЫСУ» |
5,7 |
6 |
АО «RG Securіtіes» |
4,8 |
7 |
АО «Альянс Банк» |
3,6 |
8 |
АО «ООИУПА «ABN AMRO Asset Management» |
3,3 |
9 |
АО «Евразиийский банк» |
3,2 |
10 |
ЗАО «ДБ «ABN AMRO БАНК КАЗАХСТАНА» |
2,3 |
<h4>2.4 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің есеп айырысу операцияларының даму мәселелері
Екінші деңгейлі банктердің қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру барысында кеңінен қолданылатын негізгі төлем құралы – төлем тапсырмасы болып табылады, аз мөлшерде: төлем талап тапсырмасы, аккредетив және инкассалық өкім қолданылады, қолма-қолсыз төлем айналымында чек және вексель арқылы есеп айырысудың үлесі төмен болып отыр. Ал төлем карточкасын пайдалану арқылы жасалған операциялар төлемдер санының ең үлкен бөлігін алады. </h4>
Қазіргі кезеңде қолма-қол ақшаны алу үшін кеңінен қолданылатын есеп айырысу құралына төлем карточкалары жатады. 1960 жылдың оратсынан бастап төлем карточкалары кеңінен қолданылған. Ал Қазақстан Республикасындағы төлем карточкалары нарығы 1994 жылдан бастап дами бастады. Төлем карточкаларын дамыту мақсатында Қазақсатан Республикасы Үкіметінің 02.07.02 жылғы №713 қаулысымен «Микропроцессорлық карточкалар негізінде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесінде дамыту бағдарламасы» бекітілді.
«Процессинг орталықпен» ЖАҚ қатысушы банктер арасындағы өзара қарым қатынастың бірнеше тәсілдерін қолданады. Қазақстан Республикасы банктеріне тән, яғни банктер карточка бойынша қызмет көрсетуге техникалық жағынан қамтамасыз етпейтін немесе мүмкіндігі жоқ. Бұл жағдайда қатысушы банк барлық есепті өзінде жүргізеді, ал процессингтік компанияға карточкалық шоттың жағдайы туралы ақпаратты, карточканы персонализациялауға (қолма-қол ақшаны беру немесе төлемді жүргізуге қабылдайтын карточканың төлем қабілеттілігін тексеруді жүзеге асырады және карточка мен оның ұстаушысының идентификаторын тексереді) және карточка бойынша қызмет көрсету үшін арнайы құрал жабдықты (АТМ және РОS-терминал) орнатуға тапсырысты жібереді.
«Процессинг орталық» ЖАҚ қатысушы банк жіберген сұраныстар мен тапсырыстарды орындайды және осы банк туралы деректер қорын өзінде сақтайды. «Процессинг орталық» ЖАҚ қатысушы банктің атынан халықаралық төлем жүйесіне файлды жібереді және қабылдайды. Осындай жағдайда банк компанияның техникалық ресурсына байланысты, сондықтанда деректер қорында сақталған ақпаратты тапсырыссыз өз бетінше өзгерте алмайды.
Ақырғы кездерде дәстүрлі ақшаларды электронды ақшаларға ауыстыру туралы көп айтылып жүр. Пластикалық карталардың кең өріс алуы және интернетте төлем жүргізу жүйесі электронды ақшалар мәселесінің жалпы қоғамдық мәселеге айналуына әсер етті. 90-шы жылдардан бастап дамушы елдерде қолма-қол ақшаның жаңа түрі болып табылатын электронды ақшаларды енгізу бойынша жобалар жүргізілді. Қағаз және металл ақшаға қарағанда элетронды ақшаларда ақша ретінде пластикалы карталардан немесе персоналды кампьютерлерден шығатын ЭЕМ жадындағы электронды импульста болады. Элетронды ақшаларды енгізудегі негізгі мәселе оның елдің ақша-несие жүйесіне әсері болып табылады.
Вексельмен жасалатын коммерциялық банктердің операциясы мындай түрге болуға болады: Активтік операциялар: вексельді есепке алу; Пассивтік операциялар: вексельді қайта есепке алу (орталық банктің жүзеге асыруы); Кепілдік операциялары: аваль, вексельді кепілге ала отырып ссуда беру; Коммиссиондық операциялар: вексельді инкассалау және домициляция; Активтік-кепілдік операция: вексельді акцептеу.
Коммерциялық банктердің кеңінен тараған вексель операциясына - вексельді есепке алу операциясы жатады. Вексельді есепке алу операциясы басқа операцияға қарағанда дамыған. Банктер есепке алу үшін коммерциялық вексельдерді ғана қабылдайды. Банк есепке алу үшін вексельді қабылдау барысында клиенттен тиісті құжаттарды талап етеді және вексельді мәтіні мен тұлғаның төлемқаблеттілігін тексереді. Есепке алу үшін қабылдаған әрбір вексельге «вексельдік құжаттаманы» жүргізеді. Есепке алу үшін қабылдаған вексель қатаң түрдегі есеп беру құжаты ретінде сақталады.
Қазақстанда банктердің акцептік операциялары дамымаған. Ұлыбритания, Германия және Францияның коммерциялық банктері осы операцияны жүзеге асырады. Бұл операцияның дамымай отырған себебі біріншіден осы операцияға қатысты заңның болмауы, екіншіден банк үшін тәуекелдің жоғары деңгейде болмауы, үшіншіден коммиссиондық мөлшердің жоғары болуы.
Акцептік операцияға қарағанда авальдеу банк үшін қолайлы келеді. Аваль қамтамасыз ету формасы болып табылады. Аудармалы вексель бойынша төлем болып немесе аваль арқылы вексельдегі соманың қандай да бір бөлігін қамтамасыз етілуі мүмкін. Авальде кімнің шотынан берілгендігі көрсетілуі керек. Ал көрсетілмеген жағдайда вексель берушінің есебімен берілді деп есептілінеді.
Шетел тәжірибесінде вексельді кепілге ала отырып ссуда беру, белсенді банктік операциялар қатарына жатады. Ал Қазақстанның тәжірибесінде бұл операция кездеспейді.
Қазақстанда есеп-айырысу
төлем механизмін қалыптастыру барысында
еліміздің ерекшеліктеріне сай
келетін шетел тәжірибесін есеп
Информация о работе Коммерциялық банктердің активті операциялары