Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 11:58, курсовая работа
Жалпы рыноктық қатынастарда шаруашылықтың тиімді ұйымдастырылуы мен қызмет етуі олардың қаржылық жағдайына, несиелер алу жолдарына байланысты болады. Сонымен қатар рыноктық экономикада экономиканы реттеуде және тұрақты дамуын қамтамасыз етуінде жүргізілетін тікелей және жанама экономикалық саясаттар сол елдің банк жүйесі қызметтері мен оның атқарып отырған саясаттары арқылы іске асады. Елдің ақша-несие саясатының бағыттарын, элементтерін және экономиканы тиімді дамыту, инфляция деңгейін төмендету және оның тұрақты деңгейін сақтауды іске асыратын Ұлттық банктің өзі бұл қызметтерді экономикадағы екінші деңгейлі крммерциялық банктермен бірлесе отырып атқарады.
КІРІСПЕ 3
І КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МӘНІ 4
1.1 Коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикалық маңызы мен мәні 4
1.2 Коммерциялық банктердің активті операцияларының жіктелуі 7
ІІ ЕЛІМІЗДІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫҢ СОҢҒЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР 19
2.1 Еліміздегі коммерциялық банктердің несиелік операцияларының бүгінгі таңдағы жағдайы 19
2.2 Лизингтің операциялардың дамуы көрсеткіштері 21
2.3 Бағалы қағаздармен операцияларға анализ 23
2.4 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің есеп айырысу операцияларының даму мәселелері 26
ҚОРЫТЫНДЫ 29
Қ.Р-дағы екінші деңгейдегі банктер өздерінің кассалық операцияларын 1999 жылы 15 қарашада Ұлттық банктің Басқармасының қаулысымен бекітілген «ҚР екінші деңгейдегі банктерге кассалық операцияларды жүргізу» ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
Осы ережеге сәйкес, кассалық операция – бұл құндылықтарды қабылдау, қайта санау, майдалау, айырбастау, беру, сортау, орау және сақтаумен байланысты операцияны білдіреді.
Касса жұмысын ұйымдастыру, яғни клиенттерге кассалық операциялар бойынша қызмет көрсету және қолма-қол ақшаны өңдеу үшін банктерде мынадай бөлімшелер болуға тиіс:
Банк кассасына клиентерден қолма-қол ақшаларды қабылдау және оларды ағымдық және корреспонденттік шоттар бойынша есепке алу мынадай кіріс кассалық құжаттар көмегімен жүргізіледі:
Кассадағы қолма-қол ақшаны өткізу үшін клиент кіріс кассалық құжатты толтырады және оған қосымша бетте кассаға өткізілетін банкнота мен монеталардың тізімін жасап, онда олардың номиналдарын, санын, сондай-ақ банкноталар мен монеталардың сомасын санмен және жазбаша түрде көрсетеді.
Қолма-қол ақшаны қабылдап алғаннан кейін, кассир қабылдаған соманы, кіріс кассалық құжатындағы сомамен салыстырады, сома сәйкес келген жағдайда кассир кіріс кассалық құжатқа қолын қойып, түбіртекке «Кіріс кассасы» деген мөр басып, оны ақшаны тапсырушыға береді.
Банк клиентінің ағымдық және корреспонденттік шотынан қолма-қол ақшаны беру мынадай құжаттар арқылы жүзеге асырылады:
Банк клиенті қолма-қол ақша алуға арналған кассалық құжаттарын операциондық жұмыскерге береді, ол құжаттарға қажетті тексерулер жүргізіп, оларды бақылаушы-бухгалтерлерге береді, сөйтіп шығыс кассалық ордерінде көрсетілген қолма-қол ақша сомасы шығыс жөніндегі кассалық журналда есепке алынады.
Шығыс құжатын алған бақылаушы-
Содансоң барып кассир қолма-қол ақшаны алушыны кассаға чектегі номері бойынша шақырып, тағы да қандай соманы алатындығын нақтылап алып, содан кейін ақшасын береді.
Қайта есептеу кассасы клиенттің инкассацияланған ақшалай түсімдерін қайта санаумен айналысады. Қайта есептеу кассасының кассирі, бақылаушы кассирдің қатысумен кешкі кассаның кассирінен және бақылаушы кассирден инкассаторлық сөмкені қабылдап, ақшаны оған тіркеме құжаттар негізінде қайта санаудан өткізіп, қабылдап алады.
Инкассаторлардан қолма-қол ақшасы бар сөмкелерді кассирлер қабылдау барысында мыналарды тексереді:
Инкассалық сөмкені қабылдап алған соң, бақылаушы-кассир және бригаданың әрбір мүшесі қабылдаған сөмкелерді есепке алу журналдарының екеуіне де қолдарын қояды. Журналдың екінші данасын бақылаушы инкассаторлардың басшысына береді.
Отандық банк тәжірибесінде банктердің есеп айырысу-кассалық операциялары мынадай түрлерге бөлінеді:
Коммерциялық банктердің тағы да бір активті операциясы бұл траст. «Траст» ағылшын тілінен аударғанда «сенім» деген сөзді білдіреді. Траст бұл сеніммен басқаруға берілген мүлікке деген құқықты анықтайтын және меншікті иеленудің ерекше нысаны.
Траст операциясы – клиенттің сенімді тұлғасы ретінде оның мүлкін басқаруға және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты банктің операциялары.
Траст операциясына қатысушыларға мыналар жатады:
Сонымен, банктің траст операциясы – бұл банктің өз клиенттеріне көрсететін әр түрлі қызметі түріндегі сенім операцияларын білдіреді.
Траст қызметіне: біріншіден, жылжымайтын және жылжитын мүліктерді басқару; екіншіден, инвестициялық портфельді қалыптастыру және оны басқару; үшіншіден, құндылықтарды сақтауға қабылдау; төртіншіден, тұрақсыздыққа ұшыраған фирмаларға қатысты несие берушілердің қоятын талаптарын реттеу; бесіншіден, мұраға қалдыруға байланысты мүлікті басқару қызметтері жатады.
Коммерциялық банктің траст бөлімінің атқаратын қызметі үлкен үш топқа бөлінеді:
Траст операциясын жасау үшін ең бастысы, сенім білдірген банк пен ұйымның арасында жасалатын келісімшарт болуы қажет. Осы келісімшарт негізінде мынандай қызметтерді атқарады:
Банктің траст қызметін көрсетудің басты шеңберін жеке тұлғалар, үкімет органдары, іскер кәсіпорындар үшін агенттік қызметті атқару құрайды. Банк көрсеткен траст қызметі үшін комиссионды сыйақы алады.
Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» заңына сәйкес, «валюта – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноталар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металдардан жасалған тиындар түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде, халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары.
Осы заңда «валюталық операцияларға мынандай түсініктер берілген:
Мұндағы, валюталық құндылықтарға мыналар жатады:
Валюталық операциялар ағымдық операциялар және капитал қозғалысымен байланысты операциялар бөлінеді.
<h4>ІІ ЕЛІМІЗДІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫҢ СОҢҒЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
2.1 Еліміздегі
коммерциялық банктердің
Коммерциялық банктердің екінші басты қызметі – экономиканы және халықты несиелендіру. Соңғы жылдары екінші деңгейдегі банктердің несиелеу үлесі артуда, оған әсер етіп отырған негізгі себеп ол Ұлттық банктің банктің проценттік пайызына ставкасының түсуімен байланысты болып отыр.
Экономика саласындағы екінші деңгейдегі банктердің кредит салымдары 2005 жылы қыркүйек айында 1974,7 млрд. теңгені құрады. Мұның ішіндегі 1000,2 млрд. теңге ұлттық валютада, ал қалған 974,5 млрд. теңге шетел валюталарында орын алды. Сонымен қатар экономикада ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелердің өсімі бірдей орын алуда. Ұзақ мерзімді несиелердің жалпы құрамы 1329,6 млдр. теңгені, ал қысқа мерзімді несиелердің мөлшері 645 млрд. теңгеге өсті. Елдегі несие қатынастарының өсуі әсіресе ұзақ мерзімді несиелер экономиканың шикізат өндіріс саласында, ипотекалық-құрылыстағы несиелерді және ірі көлемдегі коммерциялық қызметтер негізінде орын алуда. Ал қысқа мерзімді несиелер (микрокредиттер) халық тұтынатын өнімдерді несиелеу, шағын бизнесті несиелеуде және кепілдік заттар беру арқылы қысқа мерзімді қарыз ақша тартуда көрініс табуда. Сонымен қатар банктер арқылы шағын бизнеске берілген несиенің үлесі 339,5 млрд. теңгеге жетті. </h4>
|
Сурет-6 – Ұзақ және қысқа мерзімді несиелердің үлесі
Банк кредиттерінің жалпы көлеміндегі ең көп үлесі саудада – 27,5%, өнеркәсіпте – 25,5%. Ауыл шаруашылығына берілген кредит үлесі өткен аймен салыстырғанда 6,8%-ға өсті. 2005 жылдың 1 маусымына банктердің шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне берген кредиттері жалпы кредит салымдарының 21,1% құрайды. Оның көбісі Алматы қаласында шоғырланған 59,4%.
|
Сурет-7 – ҚР-ның 1999-2004 жылдардағы екінші деңгейлі банктердің салымдары мен берілген несиелерінің үлес салмағы
Жоғары суреттен көріп отырғанымыздай коммерциялық банктердің басты қызметтері болып табылатын депозиттік салымдар мен экономиканы несиелеу үлесінің ара салмағын көре аламыз. Жалпы коммерциялық банктердің жылдар өтуіне байланысты салымдық операцияларына қарағанда несиелік операцияларының асып бара жатқандығын, ал бұл өз кезегінде банктің ресурстық тапшылығын тудыратындығын білеміз. Талдау бойынша 1999 және 2000 жылдары банктердің салымдары несие көлемінен айтарлықтай артық болған, ал елімізде осы уақытқа дейін жүргізіліп келген ақша-несие саясатының, Үкімет саясатының, Ұлттық банк саясаттарының негізгі бағыты экономика мен шаруашылықты несиелендіруді жедел дамыту негізінде, ұлттық экономикада несиелік қатынастарға қолдау көрсеткенін ескерсек 2001 жылдан бастап коммерциялық банктердің несиелерінің үлес салмағы асып кетіп отыр.
Сонымен қатар 1997 жылғы 8 сәуірдегі №100 «Коммерциялық банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеудің минималды мөлшері туралы» ҚР Ұлттық банкінің басқармасының Қаулысына сәйкес екінші деңгейлі банктер шағын бизнес саласын банктік несие портфелінің кем дегенде 10%-ын несиелеуі міндетті. Сондықтан да екінші деңгейлі банктердің жүргізіп жатқан несие саясатының арқасында да соңғы жылдары шағын және орта бизнес субъектілеріне берілген несиелер көлемінің қарқыны өсіміне қол жетіп отыр. Сондай-ақ Елбасымыздың Жолдауына байланысты ұлттың ЖІӨ-дегі шағын бизнестің үлесін алдағы жылдары 60%-ға дейін жеткізу шараларына қол жеткізудің басты жолдарының бірі шағын және орта бизнесті несиелендіруді одан әрі дамыту болып табылады.
Информация о работе Коммерциялық банктердің активті операциялары