Бәсекенінің экономикалық мәні мен мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 13:06, курсовая работа

Краткое описание

Соңғы 20 жыл бойында елдің, ұлттың, экономиканың бәсекеге қабілеттілік тұжырымдамасы экономикалық даму теориясында айтарлықтай маңызға ие. Ол ел өзінің экономикалық болашағын қалай қалыптастырып жатқандығын көрсетеді; ал оны бағалау маңызды экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, экономикадық маңызы бар саяси үрдістердің салдары және қоғамдық басқару, білім деңгейі, ғылыми база, ақпараттық құрылымның жоғарғы деңгейде дамуы, инновацияға мәдениет пен құндылықтар жүйесінің қолайлығы сияқты экономикалық емес көрсеткіштермен жүзеге асырылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Басеке.docx

— 94.60 Кб (Скачать документ)

Әрине, кәсіпкерліктің құқықтық-ұйымдастырушылық негізін құруда әлі де болса шешімін  күткен мәселелер айтарлықтай.Оның үстіне лицензия беруші, тексеруші  органдардың көптігі, кеден және салық заңдарының жетілмегені, кемшіліктер, несие алудың қиындығы, кәсіпкердің  мүддесін қорғайтын органның болмауы, бюрократия кәсіпкерлікті дамытуға елеулі кедергі жасайды. Сондықтан да экономикада кәсіпкерлік субъектілерінің сандық үлесі артса да, одан түсетін салықтық кіріс мөлшері аз. Бюджетке салықтың аз түсуі салық жүйесінің жетілмегені де әсер етеді.Себебі салықтың жоғары болуынан кәсіпкерлер табыстарын жасырады.

Кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында мынадай іс-шараларды  жүзеге асыру қажет:

   -мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті барынша қолдау;

   -мақсатты бюджеттік қаржыландыру саясатын жүргізу;

   -жеңілдетілген несие беру саясатын жүргізу;

   -кәсіпкерлер құқығын қорғайтын орган жұмысын жандандыру;

   -кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізу кезіндегі қиыншылықтарды жою;

   -тексеруші органдар санын қысқарту;

   -заңдардың орындалуын қамтамасыз ету, т.б.[14]

Жоғарыда аталған факторлар  кәсіпкерлік субъектілерін «көлеңкелі экономикаға», салық төлеуден жалтаруға итермелейді. Қазіргі кезде бизнестегі кризистік процестер оның жүйесіз және хаостық түрде құрылғандығымен айқындалады. Бұл жағдайдың басты себебі – несие алудың жоқтығы ғана емес, сонымен бірге кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік стратегиясының жоқтығы. Бұл шараның көмегімен шағын және орта кәсіпкерлік нарықта өз арнасын, жаңа нарықтарды, жаңа тауар түрлерін алады, сонымен қатар экономикада бәсекені жақсартады.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік – шаруашылық қызметінің маңызды түрі. Оның рөлін Адам Смит былай деп бағаланған болатын: «Кәсіпкер өз мүддесін өзі үшін ұтымдылық жағдайды көздейді дей тұрғанмен, ол қоғам мүддесіне де қызмет етеді». Қазіргі экономика кәсіпкерлікті шаруашылықты ұйымдастырудың түрі ретінде анықтайды. Кәсіпкерлердің экономиканы өрлетуге қосар үлесі өте зор. [15]

Қазақстан Республикасы нарықтық экономикада дамығандықтан, монополиялық бәсекелестік жетілмеген экономикалық күрес кездеседі. Қазақстан нарығында  ірі монополистерге АҚ «АТКЕ», АГПО «Суканалы», ГКП «Алматы горгаз», «АПК», АО «Алматы аэропорты», ААҚ «Қазақтелеком», ЖАҚ «Эйр Қаз.», «Қазақойл».[16]

2010 жылы Антимонополиялық  комитеттің шешімімен бюджеттің  кіріс бөлігіне мемлекеттік тәртіпті  бұзғаны үшін және монополиямен  айналысып, антимонополиялық заң  бағаларын бұзғаны үшін төленген  айыппұл 115422595,7 теңге, оның 63032352,6 теңгесі бюджетке түсті. Бұны ұлғайту үшін заңға өзгерістер енгізу керек. «Сауда құралдарын жасау зауыты» мен жеке «Азап» кәсіпорындары электр энергиясын аз беріп және жоғары бағамен сатқанына байланысты комитет антимонополиялық заңды қолдана отырып, олардың іс-әрекетін қарап, оларға тоқтатылған өндіріс, экономикалық шығындар, жұмыскерлердің төленбеген жалақысын қайтаруды бүйырды. Ал «ЗапКаз энерго» кәсіпорны электрэнергиясын  заңда көрсетілген тарифтерден жоғары бағамен сатқан. Баға дискриминациясы мен антимонополиялық зақды бұзу «Қазақстан әуе жолы» компаниясында кездесті.Онда шетелдік азаматтарға әуе билеттері қазақстандықтарға қарағанда бірнеше есе жоғарылап сатылған. Қазақстан Республикасындағы ең үлкен монополиялық қылмыс 1999жылдың наурыз айында болды. Ашық акционерлік қоғам Қазақстан Республикасында «Жастық тепло энерго» 1997 жылы антимонополиялық комитетке келіп түскен. Көптеген жерлерде кездескен үлкен қылмыс орын алды. Ол мемлекеттік мекемелердің өз қызметтері үшін көп көлемдегі ақша алуы болды. [17] Сонымен бірге «Аптеба» кәсіпорнының тарифтерін көтеріп, салық жасырын, заңсыз 5252724,3 тенге табыс түсіргендігі анықталды. Ірі момнополиялық кәсіпорындарға жататын «KEGOC»,  «Қазақтелеком» және «Қазақойл» компаниялары өздерінің айналыс операциялары туралы міндетті есеп береді. Олар еңбекақы мен амортизациялық төлемдерге жұмсалатын шығындар мөлшерін ұлғайтып, құжаттарда нақты мәліметтерді дұрыс көрсетпегендіктен қызмет көрсетілімдеріне бағаны жоғарылатады. Антимонополиялық заңдар мен арнайы комитет болуына қарамастан қазіргі кезде көптеген қылмыстар жасалып жатыр. [18]

2004 жылғы «Табиғи монополия  және бәсекелестікті қорғау»  агенттілігінің есебінде 18 млрд. тенге  монополиялық кәсіпорындар мен  ірі фирмалардан заңсыз түрде  табыс түсірген. Агенттілік басшылары  мұндай жағдайда: «Кәсіпкерлердің  заңды білмеуімен, әдейі жасауымен»  түсіндірді. 2003 жылы агенттілік жетілген  бәсекелестікті қалыптастыруда 240 шаруашылық  субъектілерінің қаржылық есебі  мен халықаралық стандарттағы  бухгалтерлік есеп мәліметтерін  қарастырды. Қазақстанда монополияны  әлсіретумен байланысты соттық  реформа жетіліп жатыр. 2004 жылы  әрә кәсіпорындар 169 соттық анықталуда  болып, 12 шағымдық өтініштер қаралды.  Оның енуі агенттілік жағына  шешілді. Бірақ, Қазақстанда тек  монополиялық қылмыс ғана емес, сонымен бірге әкімшілік құқық  бұзушылық та көбейіп барады. 2003 жылы 900 әкімшілік құқық бұзушылық  болса, 2004 жылы олардың саны 1200-ден  асады. Әсіресе көбейіп отырған  жетілмеген бәсекелестікті дамыту  әрекеті энергетикалық сектор, телекоммуникация, теміржол сияқты ірі кәсіпорындар  да кездесіп отыр. Осындай ерекше  сенімдерге байланысты «Табиғи  монополия мен бәсекелестікті  қорғау туралы» агенттілік 40-тан  астам арнайы нормативті құқықтық  актілерді дайындады.[19] Ортамерзімді тарифтерге көшу монополияның бәсекелестікті болдырмау үшін қолданылатын әдіс. Энергетикалық өндіріспен айналысатын кәсіпорындардың технологиялық мәлімет базасын құру, өңдеуді автоматтандыру жетілген бәсекелестікті қалыптастырып, оны дамыту, сол арқылы тарифтер мен бағалардың жоғарылауын (мемлекет бекіткен жоғарғы шегінен әрі қарай), ұсыныстың көлемдік азаюын болдырмау.  

 

 

 

Қорытынды

Қазақстанда құрылған кәсіпкерлік  субъектілерінің басым бөлігі сауда  саласында қызмет жасайды. Өйткені сауда немесе коммерциялық бизнес басқа бизнес түрлеріне қарағанда жақсы дамыған. Бұнның дәлелі, Қазақстан қалаларындағы әр түрлі дүкендер мен базарлар саны. Ұзақ мерзімде кәсіпорындар тек саудамен ғана емес, экономиканың әр саласында жұмыс істеуі қажет. Сол үшін мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілеріне жан-жақты көмек көрсетуі қажет. [20]

Жалпы кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігі мен әлеуметтік бағдар ұстауының кепілі оның өздігінен  қоғамның орташа топтарына жататындығы  емес, оның дәулеті мен тұрмысының нақты шынайы меншікке негізделуі болып  табылады. Қазір уақытта шағын  кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің 80 пайызын құрайды. Сонымен бірге  кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған  шешімдерді орындауда іркіліс байқалады. Бұл жерде басты себеп –  бюрократиялық қысымдар. Осындай  және басқа да себептерге байланысты кәсіпкерлер бөлігі жасырын салаға өтіп жатыр. Осы жағдайда ескеретін  жәйт, кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын  жүйе жасау, тексеруші органдардың  және рұқсат беруші құжаттардың санын  азайту. Кәсіпкерлердің жетпіс пайызы оларды қолдайтын аймақтық бағдарлама туралы хабары жоқ. Мұның өзі әкімдер  жұмысы формальді сипатта жүретінін  көрсетеді. [21] Кәсіпкерліктің күрделі мәселелерінің бірі – несиелік ресурстарды алудың қиындығы. Себебі несие алу үшін кепілге қоятын мүлік, бизнес-жоспар жоқ. Осы себептен банктерде шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыруға асықпайды.

Тұрақты экономикалық жүйеде кәсіпкерлік: динамикалық түрде  дамуы мүмкін, тұтынушылардың сұранысының  өзгеруіне бейімделеді, бәсекелес  нарықтық қатынастарға ықпал етеді, экономиканың құрылымдық қайта құрылуына  әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын  ашады, жаңа кәсіпкерлік топ пен  меншік иелерінің құрылуына жағдай жасайды, елдің жалпы ұлттық өнімінде үлкен үлеске ие бола алады, мемлекеттік  бюджетке үлкен қаржы сомаларын  береді. Заңдық құжаттарда көрсетілгендей, кәсіпкерлік - өзінің, қарызға алынған  және де басқа мүліктері мен құралдар есебінен қызметке қатысушы тұлғалардың  бәріне бірдей жақсы нәтиже мен табыс  әкелетін ынталы шаруашылық немесе басқадай қызмет түрі. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып заңды тұлғалар, Қазақстан  және басқа елдердің азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар табылады. Кәсіпкерлер  өз ынтасы бойынша өз иелігіндегі  мүліктерді пайдалану бойынша барлық шешімдер мен іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқығы бар. Кәсіпкерлер  қызметінің өрісі, заңға қайшылық етпесе шектелмейді. Республикада кәсіпкерлік  құрылымдар құрылған. Олар: Кәсіпкерлер  Конгресі, Қазақстан өнеркәсіпшілері  мен кәсіпкерлерінің Одағы, Шағын  кәсіпорындар Одағы, т.б. Кәсіпкер азаматтармен, олардың еңбегін қолдану шарт бекіте алады. Бұл кезде оларды сәйкес еңбек жағдайымен, еңбек ақысымен қамтамасыз етуі тиіс, сонымен қатар  басқа әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер  ұсынуы қажет. [22]

Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 14 маусымындағы «Кәсіпкерлік қызмет бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді  іске асыру жөніндегі қосымша  шаралар туралы» жарлығында кәсіпкерлік  қызметте мемлекеттік кепілдіктерді  қолдау мен қорғауды қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың лауазым  иелерінің жеке кәсіпкерлер мен  заңды тұлғалардың қызметіне  негізсіз араласу фактілерін болғызбау  мақсаты көзделген. Кәсіпкерліктің орын алар жері – ең алдымен кәсіпорын. Қазіргі өтпелі нарық қоғамында  өнеркәсіп ошақтарын оңалту, демеу  және қаржылай сауықтыру үрдісі жүргізілуде. Ендігі кезде тұралаған кәсіпорындарды банкроттыққа ұшырату, яғни оның дерменсіздігін белгілеп, таратуға негіз салу маңызды. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ең қарапайым  формасы – ол жеке іскерлік. Бұл  жағдайда кәсіпкер жеке тұлға ретінде  кәсіпорынның мәртебесін иеленбей-ақ, өздігінен іс-қимыл жасайды. Жеке кәсіпкерліктің тағы бір түрі –  жеке кәсіпорын, фирма. Бизнестің мұндай формасында мекеме құру құқы кез келген азаматта бар. Бұл үшін жеке кәсіпорынды  тіркеуден өткізіп, заңды тұлға  мәртебесін алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. К.Б. Бердалиев «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», Алматы «Экономика», 2001ж.
  2. Г.С. Смағұлова «Аймақтық экономиканы басқару мәселелері», оқу құралы, Алматы 2005 ж.
  3. С.С.Сахариев, А.С.Сахариева «Жаңа кезең – экономикалық теориясы» (оқулық), Алматы «Данекер» 2004ж.
  4. «Қазақстан – 2030» стратегиясы.
  5. Д.Қ. Қабдиев, «Экономикалық саясат» Лекциялар, Алматы 2002ж.  «Экономика».
  6. Ж.О. Ихданов, Ә.О. Орманбеков, «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері»Алматы, Экономика, 2002ж.
  7. М.Б. Бисенғазин, А.Ш. Хамитов «Кәсіпкерлік негіздері»
  8. А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов «Кәсіпорынның экономикасы», Алматы, 2003ж.
  9. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория» Алматы-Ақтөбе -2002.
  10. В. М. Власова, «Основы предпринимательской деятельности», Москва 1996ж.
  11. Р.Елемесов, Е. Жатқанбаев, «Государство и рынок», Алматы, «Қаржы-қаражат», 1997ж.
  12. Аяпова Ж.М., Арынов Е.М. «Іскер адамның орысша қазақша экономикалық түсіндірме сөздігі», Алматы «Инкар», «Тұлға», 1993ж.
  13. К.Ж. Оразалин, М.М. Жантасов, «Орысша-қазақша қазіргі уақыттағы экономикалық түсіндірме сөздігі», Алматы, 2001ж.
  14. Б.Сабырбаев «Экономикалық терминдердің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі», Алматы «Қазақстан» 1993ж.
  15. Н. К. Мамыров, «Менеджмент и рынок: Казахстанская модель», Алматы 1998ж.
  16. В.С.Автономов, Э.Голдстин «Экономика для школьников» Москва, 1995.
  17. Л.Ш. Лысенкер, Э.М. Лысенкер, «Основы рыночной экономики» Алматы, «Рауан» 1997ж.
  18. «Государство и бизнес» 3-ші кітап, 2 бөлім, Алматы, 2002 ж. Мамыров Н.К, Саханова А.Н, Ахметов Ш.С
  19. «Экономика Казахстана»  Каз.,» 1997 ж. С. Г. Майдыров.
  20. «Экономическая теория»  М.,» 1999 ж. А. С. Буланова.
  21. Кәсіпорын экономикасы. Оқу құралы Укибаева Г.К., Карибжанова С.А., Жезказган 2003 жыл.
  22. Экономиканы мемлектік реттеу. Оқу құралы Маденов С.М., Жезказган 1998 жыл.

 

 


Информация о работе Бәсекенінің экономикалық мәні мен мазмұны