Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 13:06, курсовая работа
Соңғы 20 жыл бойында елдің, ұлттың, экономиканың бәсекеге қабілеттілік тұжырымдамасы экономикалық даму теориясында айтарлықтай маңызға ие. Ол ел өзінің экономикалық болашағын қалай қалыптастырып жатқандығын көрсетеді; ал оны бағалау маңызды экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, экономикадық маңызы бар саяси үрдістердің салдары және қоғамдық басқару, білім деңгейі, ғылыми база, ақпараттық құрылымның жоғарғы деңгейде дамуы, инновацияға мәдениет пен құндылықтар жүйесінің қолайлығы сияқты экономикалық емес көрсеткіштермен жүзеге асырылады.
Ғылыми-техникалық тіресу. Бұнда фирмалардың бәсекелестік сайысы мына жолдармен жүреді:
-жаңа өнім дайындау; осы замандағы жаңа технологиялық процестерді қолдану;
- ғылыми-техникалық ақпаратты жинақтап пайдалану; патенттерді сатып алып пайдалану.
Ғылыми-техникалық сайыста әдетте екі үлгі қолданылады:
Бәсекелестік үлгі мынадай жағдаймен есептесуді талап етеді: бәсекелес фирмалар белгілі өндірістік техниканың ең тиімдісін қолданатынына негізделеді; ҒТП әкеле,тін пайда ұзақ мерзімді болмауы мүмкін. Себебі бәсекелес фирмалар техникалық жаңалықтың қандайын болмасын игеріп алуы ықтимал. Жаңалықтарды енгізіп, пайданы барлық фирмалар ала алады, бірақ техникалық зерттеу шығындарын жасайтын тек осы зерттеуді жүргізіп дайындаушы ғана болады.
Монополистік үлгі. Бұнда жаңалықтар енгізудің арқасында таза монополистік тұрақты түрде елеулі көлемде пайда алу мүмкіндігіне ие болады. Оның ҒТП үшін мол қаржы ресурстары болады және олар жаңадан жасалған техникалар мен өнімді жасыра алатын мүмкіндігі блады.
Өнеркәсіптік-өндірістік сайыстың көрінісі: өндірістік мүмкіндіктің күшеюі, өнімнің жаңа түрлерінің шығарылуы, өндіріс шығындарының төмендеуі. Жетілген бәсеке жағдайында фирмалар нарыққа еркін кіріп, еркін шыға алатын болғанда, фирмалар өндірудің оптималдық нормасын көздеп әрекеттенеді — өндіріс тиімді болу үшін, үлес шығындарының барынша төмен болуы үшін, өнімдердің бағасы төменгі дәрежеде белгіленіп, орташа жалпы шығындармен үйлесімді түрде болады. Таза монополия жағдайында фирма өнім шығару көлемін азайтып, бағаны жоғарылатып, осының нәтижесінде ресурстар шығынын төмендетіп, пайдасын барынша жоғарылата алады. Бірақ бәсекелестік кезінде шығындар біресе өсіп, біресе кеміп ауытқып тұрғанда, жағдай шиелінесе түседі.
Бұнда екі жағдай қолданылады – ауқым нәтижесі және «х — тиімсіздік» түсінігі.
Ауқым нәтижесі. Көп фирмалардың өндіріс көлемі, олардың әрқайсысына масштабтың өсуінен болып тұрған нәтижені жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ал технология және өндіріс шығындары берілген болғанда көп бәсекелес фирмаларды қолдауға тұтынушылық сұраныс жетімсіз болуы мүмкін. Бұндай жағдайда нарыққа қатынасы жағынан фирма ірі монополистік болуға тиісті, шығарылатын өнімнің бірлігіне келетін өндіріс шығындары төмен болғанда өнімді тиімді өндіруге қабілетті болуы керек.
«Х -тиімсізідік» Әдетте, өндіріс шығындарын зерттегенде, мына жағдай болады деп есептеледі: барлық технологиялардан фирма ең тиімдісін, шығарылымның әр дәрежесінде оған орташа шығындардың барынша төмен шамасын жұмсауын қамтамасыз ететінін таңдап алады деп. Ал нақты өмірде, фирманың қандайы болмасын, шығындарды төмендетудің бар мүмкіндігін толық қолданбайды. Шығындарды орташа шығындардың ең төмен дәрежесіне жеткізудің потенциалдық мүмкіндігін бағалау үшін «Х-тиімсіздігі» түсінігі енгізілген. Бұл мына жағдайда орын алады — өндірістің көлемі қандай болмасын, фирманың нақты шығындары минималдық мүмкін шығындардан артық болғанда. Осындай артықшылық фирма кәсіпкерлік тәуекелдіктен бас тартқанда, қабілетті төмен жолдас-жораларды, туыстарды жұмыспен қамтамасыз еткенде, фирма жұмыскерлерін орынсыз қолдап ынталандырғанда орын алады.[11]
Сауда-саттық сайысы. Бұл сайыс бағаны қолдану арқылы жүреді. Ал бағаның өзі үш жақты сайыстың нәтижесінде белгіленеді: біріншіден, жоғары бағамен сату үшін сатушылар арасындағы; екіншіден, тауарларды төмен бағамен алу үшін сатып алушылар арасында; үшіншіден, тауарларды қымбат бағамен сату үшін сатушылар және оларды арзан бағамен сатып алу туралы сатып алушылар арасындағы сайысу нәтижесінде.
Осыған байланысты бәсеке бағаға қатысты және бағаға қатыссыз болып бөлінеді. Әдетте, бағаға қатысты бәсеке белгілі өнімнің бағасын әдейі, жасанда түрде төмендетуді көздейді: мұнда бағалық алалаушылық кең қолданылады – шығындардың дәрежесінің әр түрлі болуымен дәлелденбесе де, тауарлар әр түрлі бағамен сатылады. Бағалық алалаушылық үш шарт болуын тілейді:
- сатушының монополист болуын;
-сатушының сатып алушыларды төлем қабілеттерін топтарға бөле алатын мүмкіндігінің болуын;
- алғашқы сатып алушы осы тауарды немесе қызметтерді сата алмауы керек.
Бағалық алалаушылық мынадай
жағдайларда кең қолданылады: қызмет
көрсетуде (дәрігерлердің, адвокаттардың,
қонақ үйлерін басқарушылардың)
Бағаға қатыссыз бәсеке көбінесе
өнім сапасын көтеру, сату жағдайларын
жақсарту, сервистік қызметтерді
көбейту арқылы жүреді. Сапаны екі
бағытта көтеруге болады: бірінші
– тауардың техникалық сипаттамаларын
жетілдіру; екінші – тұтынушылар
қажеттігіне қолайлы қызмет көрсету.
Өнімнің сапасын жоғарылату арқылы
жүретін бағаға қатыссыз бәсеке өнім
бәсекесі деп аталады. Бәсекенің
бұл түрі немесе ескі үлгіден елеулі
айырмашылығы бар немесе соның модернизацияланған
баламасы болып табылатын жаңа тауар
шығару арқылы, салалық нарықтың бір
бөлігіне ие болуды көздейді. Сапаны жақсартуға
негізделген бәсекенің
Өнімді өткізуді жетілдіру туралы жүретін бағаға қатыссыз бәсеке сату шарттары туралы бәсеке деп аталады. Бұл бәсекенің негізінде сатып алушыға жақсарған сервистік қызметтерді көрсету жатады: жарнама арқылы тұтынушыға әсер ету, сауданы жетілдіру, сатып алушыларға тауарды олар алғаннан кейін сол тауарды қолдануына, яғни пайдалану процесінде қызмет көрсету.
3 Бәсекелестікті қорғау жүйесін жетілдіру
3.1 Бәсекелі ортаны мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ету
Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу нарықтық экономика елдерінде қолданылады. Монополиялық өндірісті тежеу мақсатында мемлекет әкімшілік және экономикалық шарадан басқа, заң бойынша әділеттілік шаралар қолданады.
Жалпы қорытып айтқанда, өндірушілердің нарықты монополияландыруынан қорғау мақсатында монополияға қарсы реттеу үшін өкімет әкімшілік, экономикалық және заң актілерін қолданады.
Монополияға қарсы реттеу жұмысына өндірісті шоғырландыру және монополиялау деңгейін реттеуге, кәсіпорынның стратегия және тактикасын, шетелдік экономикалық қатынастарды, баға және салықты реттеуге араласады. Монополияға қарсы комитеттің негізгі функциялары:
өндіріс және айналым сфераларында монополияны тежеу үшін шаралар жасақтау және оны іске асыру;
тауар нарығы мен бәсекелестікті өркендету шаралары жөнінде нұсқау жасақтау;
шаруашылық субъектілерді құрғанда, қайта құрғанда және жойғанда монополияға қарсы талаптарды бақылауды қадағалау;
шаруашылық субъектілерінің өндіріс саласында дара басымдылығы болмау үшін ірі мөлшерде акциялар сату және сатып алуды бақылау;
монополияға қарсы комитет тауар нарығын және бәсекелестікті жетілдіру мақсатында билік және басқару органдарына кепілдеме жасақтау;
еркін, реттелген. Алдын ала белгіленген бағалардың қолданылатын ортаны өзгерту;
шет ел инвестициясын ынталандыру, біріккен кәсіпорындар жасақтау;
экспорт-импорт операцияларына лицензия беру;
еркін экономикалық аймақтарды жасақтау және дамыту. [12]
Фирма, кәсіпорындардың жұмысы мәліметтерді құпиялауға заңды правосы бар, оны жариялау олардың ісіне үлкен нұқсан келтіруі мүмкін.
Кәсіпорын, кәсіпкерлер өздерінің істері туралы мәліметтерді құпияда сақтауға құқылы, оны жариялау нарықтағы орнына зиян келтіруі мүмкін.
Кәсіпкерлік құпия – бұл өндірістік құпия, ғылыми-зерттеу жұмысының қортындысы, жоба—конструкторлық технологиялық зерттеулер және өндірісте пайда болатын жеке қосалқы міндеттер шешімі. Бұл сонымен бір арнайы техникалық шешімдер, нақты экономикалық процесті басқару әдістеріне жататын жұмыстар.
Кәсіпорындар туралы заңдар бойынша мемлекеттік органдарға мәлімет бермеуге құқықтары бар, егер коммерциялық құпия болатын болса. Сонымен бірге кәсіпорын мемлекеттік органдарға, мемлекеттік статистикалық мәліметтер, салық төлеу туралы, жылдық есептерді беруге тиісті.
Өкіметтің қаулысы бойынша коммерциялық құпияға жатпайтын мәліметтер тізімі беріледі. Олар: кәсіпорынды тіркеу құжаттары, тіркеу анықтамасы, патенттер, лицензиялар, бекітілген форма бойынша берілетін есептер, ол салықтың дұрыс есептеліп төленуін бақылау үшін және бюджетке түсетін түсімдер туралы мәліметтер, қызметкерлер саны мен құрамы, олардың жалақы қоры, еңбек жағдайы, бос жұмыс орны туралы және қоршаған ортаны сыныптау, т.б. мәліметтер жатады.
Билік органдарына және шаруашылық субъектілеріне тиым салынған іс-әрекеттер туралы мәліметтерді 1 – суреттен көруге болады.
Сурет 1. Билік органдары мен шаруашылық субъектілеріне тиым салынған іс-әрекеттер
Экономикасы нарықтық бағытқа
бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті
даму мәселесі - өзекті мәселелердің бірі
болып табылады.Өйткені, нарықтық экономиканың
өзі – кәсіпкерлік экономика.
Қазақстан Республикасы Конституциясында былай деп жазылған: «Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар». Бәрімізге мәлім, өндірістің негізгі факторлары табиғи, еңбек, өндірістік ресурстар болып табылады.Нарықтық экономика кезінде осы фактордардың жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне әсер ететін нақты күш бар.Олар, іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін белгілі бір мақсатта жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу икемділігі.[13]
Жалпы өркениетті елдердің
қай қайсысын алсақ та өздерінің
экономикалық және әлеуметтік мәселелерін
шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді.Себебі
кәсіпкерлік халықтың әл-ауқатын
арттырумен қатар қосымша жұмыс
орындарының ашылуына да себебін
тигізеді.Кәсіпкерліктің осындай және
басқа да экономикалық және әлеуметтік
функциялары оны дамыту мәселесін
маңызды мемлекеттік міндеттер
қатарына жатқызуға және экономиканы
реформалаудың ажырамас бөлігі деп
қарастыруға негіз береді.
Кәсіпкерліктің түрі формаларының
өзара тиімді антымақтастық құруы
келешегі зор бағыт.Шағын кәсіпорындар
ғылыми техникалық жетістіктерді қабылдауға
анағұрлым қабілетті, нарықтағы
сұраныс өзгерісіне оңай бейімделеді.Сондай-ақ
ірі кәсіпорындарға тауарлар жеткізу
мен қызмет көрсету құқығы үшін өзара
бәсекеге барады, мұның өзі олардың
тұрақты табыстарына кепілдік береді.Олар
ірі кәсіпорындардың
Кәсіпкерлікті дамыту кез келген деңгейдегі басқаруды жетілдіру үшін қажет. Кәсіпкерлікті дамыту мынадай сұраққа жауап іздеуі керек: «Геосаясаттық өзгерістер іскерлік белсенділікке қандай әсер тигізеді»? Кез келген экономиканың бүгіні мен болашағында «стратегиялық көзқарассыз» ешқандай даму болмайды.
Кәсіпкерлік мәселелері бүкіл іскерлік әлемді толқытып отыр.Сондықтан да 1990 жылы мамыр айында Вашингтонда өткен стратегиялық басқарудың халықаралық конференциясының лейтмотиві – «кәсіпкерлер жаңа шаруашылық ойлауды іздестіруде» деп аталды.Онда кәсіпкерлердің ұшқыр мәселелері, экономикаға, ұйымдастыруға, технологияға, өнімге деген жаңа қадам іздестіру туралы толғаныстар қарастырылды.
Кәсіпкерлікті жетілдіру
экономиканың тұрақтылығы мен оның
бәсекелік сипатын
Еркін кәсіпкерлік меншіктің
әр түрлі формада, түрде, типте болуын
қалайды.Кәсіпкерлік қызметтің
Халық шаруашылығында жұмыс істейтін кәсіпорын ұйымдық-құқықтық құрылысы, масштабы, қызмет ауқымы жағынан әр түрлі болып келеді.Құқықтық және өндірістік жағынан алғанда олар жекелеген топтар мен түрлерге бөлінеді. Олар: шаруашылық серіктестіктері, акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер, сондай-ақ мемлекеттік секторында – мемлекеттік немесе ұлттық және муниципалдық кәсіпорындар.
Республикада кәсіпкерлікті дамытуға үлкен ден қойылып, бірқатар заңдар мен жарлық, қаулылар қабылданған. Алғашқы құжаттардың бірі болып «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы» Заңы 1992 жылдың 4 шілдесінде қабылданып, онда кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдаудың мәні мен мазмұны, басты бағыттары мен мақсаттары айқындалады. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдау дегеніміз – аталған қызметті орындаудағы құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық, жағдайды қалыптастыру, мемлекетте жаңа экономикалық құрылымдарды орнату болып табылады. Республикада «Кәсіпкерлікті қолдау мен бәсекені дамыту» Қоры құрылып, Президент жарлығымен 1994 жылдың сәуір айында «Кәсіпкерлікті қолдау мен бәсекені дамыту жайындағы» мемлекеттік комиссия өз қызметін бастады. Жалпы бағыттық іс-әрекеттерді жүйелі орындау мақсатында Қазақстан Республикасы кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдаудың 1994-1996жж.арналған бағдарламасы жасалынды. Аталған бағдарламаның басты мақсаты – экономикада жеке меншіктік секторын қалыптастыру және дамыту, кәсіпкерліктің инфрақұрылымын жетілдіру болып табылады.Ел Президентінің «Азаматтар жөніндегі хұқығын қорғау туралы» жарлығының қабылдануы мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне зор маңыз бергенін дәлелдейді.Әр жылдың сәуір айында Алматыда өтетін республика кәсіпкерлерінің жыл сайынғы форумында да осы мәселеге көп көңіл бөлінеді.Мұнда кәсіпкерліктің дамуына баға беру мәселесі қаралып, оның нәтижесінде кәсіпкерлікті дамытудағы кедергілер мен оларды жою бағыттары қарастырылады.
Информация о работе Бәсекенінің экономикалық мәні мен мазмұны