Бәсекенінің экономикалық мәні мен мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 13:06, курсовая работа

Краткое описание

Соңғы 20 жыл бойында елдің, ұлттың, экономиканың бәсекеге қабілеттілік тұжырымдамасы экономикалық даму теориясында айтарлықтай маңызға ие. Ол ел өзінің экономикалық болашағын қалай қалыптастырып жатқандығын көрсетеді; ал оны бағалау маңызды экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, экономикадық маңызы бар саяси үрдістердің салдары және қоғамдық басқару, білім деңгейі, ғылыми база, ақпараттық құрылымның жоғарғы деңгейде дамуы, инновацияға мәдениет пен құндылықтар жүйесінің қолайлығы сияқты экономикалық емес көрсеткіштермен жүзеге асырылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Басеке.docx

— 94.60 Кб (Скачать документ)

 

Кіріспе

Қазақстанның болашағы, әлемнің  бәсекеге барынша қабілетті елу  елінің қатарына кіруі, оның экономикасының инновациялық даму жолына сапалы көшуіне  тікелей байланысты.

Соңғы 20 жыл бойында елдің, ұлттың, экономиканың бәсекеге қабілеттілік тұжырымдамасы экономикалық даму теориясында  айтарлықтай маңызға ие. Ол ел өзінің экономикалық болашағын қалай қалыптастырып  жатқандығын көрсетеді; ал оны бағалау  маңызды экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, экономикадық маңызы бар саяси үрдістердің салдары және қоғамдық басқару, білім деңгейі, ғылыми база, ақпараттық құрылымның жоғарғы деңгейде дамуы, инновацияға мәдениет пен құндылықтар жүйесінің қолайлығы сияқты экономикалық емес көрсеткіштермен жүзеге асырылады.

Елдің бәсекеге қабілеттілігі  – бұл ел экономикасының халықаралық  саудаға қатысуы, әлемдік нарықта  белгілі сегменттерін кеңейту және ұстап тұру, әлемдік үлгіге сай  өнім өндіру қабілеттілігі. Ол өндірістің техникалық – экономикалық деңгейімен, өндірістің шығындар көлемімен, өндірілген тауардың сапасымен инфрақұрылымның  дамығандығымен, абсолютті және саластырмалы артықшылықтардың болуымен анықталады.

Қазіргі нарықтық экономика  негізінде шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі  дүниеде кез келген кәсіпорынның өмір шендігі, оның тауарлар нарығында  және қызмет көрсетудегі орнықты  жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді. Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты –  баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші  орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің  сапасына тікелей орын береді.

 Қазіргі заман талабы, жоғары сапалы тауарды шығару  негізгі мәселесі болып табылады.

Қазіргі кезде Казақстан  Республикасы сапаның деңгейін көтеру үшін көп көңіл бөліп жатыр. Бәсеке болмаса тауар сапасы да төмен  болады. Казақстан Республикасы әлемдік  сауда ұйымна кіруіне байланысты тауар өнімінің сапасын көтеруі  қажет. Дүниежүзілік аренада бәсекеге түсе алатындай өнім жасап шығару керек. Казақстан Республикасы кіші және орта бизнесты дамыта отырып, жоғары сапалы өнім шығаруға ұмтылуда. Ол тауардың бағасы төмен, сапасы жоғары, қорабы мықты  және тұтынушылардың талабына сай келетін  болса – ол бәсекеге түсе алады. Казақстан Республикасы барлық өнімдердің сапасын көтеріп, дамыған елдер  біздің елдің өнімін сатып алатын деңгейге жетуге тиіс.

«Тек бәсеке – қүрес  бола отырып, тауар өнімінің сапасының  деңгейі көтеріледі, бұл экономикада  өте маңызды» – деген гипотиза шығарып отырмын. Соны ашу үшін кітаптармен  газеттерді оқып, талдап бұл жұмысты  жаздым.

Бәсеке жағдайында кез  – келген шаруашылық шаманың қызметі  екі түрлі бақылауға ұшырайды. Бір жағынан ол фирманың шегіндегі  ішкі тікелей бақылау болса, ал екінші жағынан нарықтығы бәсекелес  фирмалар тарапынан болып, нарықтық қатынастардың түпкі нәтижелері негізінде айқындалатын жанама түрдегі сыртқы бақылау. Бақылаудың екінші формасы алдыңғысына қарағанда анағұрлым катаң, бірақ әділ болып келеді, яғни кез – келген шаруашылық шаманың қызметіне объективті түрдегі бағаны өзінің жеке мүдделеріне сай қандай да бір бәсекелес фирманың тауарына «ілтипат» қойған сатып алушының өзі береді.[1]

Нарықтық бәсеке – экономикалық бақылаудың ең тиімді де арзан түрі, өйткені ол қоғамнан ең төменгі деңгейіндегі шығындарды талап етеді. Бақылаудың осындай түрі ең маңызды да динамикалы күш бола отырып, өндірушіні үнемі  шығындары мен бағаларды төмендетуге, өтім көлемін арттыруға, тапсырыстар  мен тұтынушы үшін сапаны жақсарту мақсатында жүргізіп отыратын күресі.

Курстық жұмыстың мақсаты –Нарықтық экономикадағы бәсекенің рөлін зерттей отырып, тақырыпқа сай ашу, нарықтық бәсеке және оның түрлерін зерттеу.

Курстық жұмыстың міндеті

  • Нарықтық экономикадағы бәсекенің рөлін анықтау;
  • Нарықтық экономикадағы бәсекенің түрлерін, мәнін және қазақстандағы бәсекенің қалыптасу және даму жағдайларын қарастыру т.б.

Курстық жұмыстың жазылуы  барысында және тақырыптың мазмұнын ашуда мақалалар, маңызды деректер, статистикалықкөрсеткіштер жан-жақты  пайдаланылып отыр.

Қазақстанда аталған мәселелер  осы күнге дейін жеткіліксіз  зерттелген. Экономикалык әдебиетте  ғылым тұрғысынан алғандағы нарықтық бәсеке аспектілерін қамтитын бірқатар басылымдар бар (Я.Ә.Әубәкіров, О.Ж.Әлиев, В. К. Досқалиева, С. А. Досқалиев, М.К.Елеусізов, Р. Е. Елемесов, Е. Б. Жатқанбаев, Д.К Кабдиев, К. К. Қанатбаев,К. Н. Нәрібаев, Т. С. Сарбасова, О.Қ.Шеденовтың және т.б.).

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, сондай-ақ қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Бірінші бөлімде – бәсеке ұғымы және қызметі, мәні және қажеттілігі қарастырылды.

Екінші бөлімде – жетілген және монополиялық бәсеке нарығына сипаттама, оның құрылуы, жеткіліктілігі және динамикасы, нарықтық өзгерістері келтірілген.

Үшінші бөлімде – бәсекелестікті мемлекеттік қолдаудың жолдары келтірілген.

 

 

 

1 Бәсекенінің экономикалық мәні мен мазмұны

       1.1 Бәсекенің ұғымы мен түсінігі

       Бәсеке (состязание; contention) — ортақ ресурсты пайдаланудағы жүйелердің немесе программалардың өзара таласушылығы; қандай жұмыс бекетінің арнаға қатынас құра алатынын анықтауға мүмкіндік беретін ұстаным.

Бәсеке дегеніміз, бір  жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар  өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.

Бәсекені экономикалық процесс  ретінде шаруашылық жүргізуші субъектердің белгілі әрекеттерінің жиынтығының  түрі деп тануға болады. Осы әрекеттер экономикалық цикл ретінде жинақталады. Осыған бірте-бірте жүріп отыратын төменде аталған ұдайы өндірістік процестер жатады:

   -өндіріс және еңбек ұжымдарының материалдық-заттық элементтерін қалыптастыру;

   -өндірісті ұйымдастыру, оны шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен жабдықтау және өндірістік, несие-қаржылық және жобалау мекемелерінің бір-біріне әсер етуі;

   -бәсекеге төзімді өнім өндіру;

   -өнімді сату.

 Бұл үшін оның саны  анықталады, өткізілетін орны мен  уақыты белгіленеді; пайда есебінен  инвестициялық қор жасау және  оны өндірісті кеңейту үшін  пайдалану. Өнімнің «өмір сүру  циклі» бәсекелік күрес дәрежесіне  елеулі әсер етеді. Өнімнің  «өмір сүру цикліне» оның шығарыла  бастауынан өндірілуі тоқтағанша  жүріп отыратын мерзімі, «өмірі»  жатады. Бұл цикл төрт фазадан тұрады:жаңа өнімді игеріп, өндіріске енгізіп орналастыру. Бұл арада сату көлемі көп емес, шығарылған өнімнің бағасы жоғары болады; өндірістің өсуі - өндірістің масштабы өседі, сұраныс өседі, жоғары баға сақталады; кемелдену. Өндіріс көлемі ең жоғары дәрежеге жетеді, сұраныс толық қанағаттанады, өндіріс қарқыны бәсеңдейді, бәсеке шиеленіседі, баға төмендей бастайды; ескіру. Бұл фазада сұраныс төменгі шегіне жетеді, өндіру азаяды. Бәсеке сайысы сөне бастайды. Өнімнің басым көбінің өндірілуі тоқталады, жаңа өнім өндіру басталады.

 Бәсекелік сайыста  шаруашылық жүргізуші субъектер  өз бәсекелесіне мардымсыз әрекеттер  қолданады. Мұндай әрекеттерді «бейнетті бәсеке» деп атауға болады:

   -бәсекелес туралы өтірік немесе қате мәліметтер тарату;

   -тауардың сапасы туралы және оның сипаттамасы, жасау әдісі мен жасалған орны туралы жалған ақпарат тарату;

   -бәсекелестің тауарлық белгісін, оның фирмасының атын, маркировкасын заңсыз пайдалану;

   -тауардың сапасы туралы дұрыс түсінік бермейтін жарнама жасау;

   -бәсекелестің тауарын жамандап көрсететін салыстырмалар қолдану;

   -келісім бойынша өздері ғана білуіне тиісті салаға жататын конфиденциялық ғылыми-техникалық өндірістік және басқадай информацияны таратып жіберу.

Аталған шартбұзушылықпен күресу Қазақстанда мемлекеттік антимонополиялық агенттікке жүктелген.

Еркін бәсеке жеке меншікке және шаруашылықтың оңашалуына негізделеді. Өндірушілер бір-бірімен тек нарық  арқылы байланысады.

Жеке фирма өз өнімін өткізуде іс жүзінде нарықтағы айырбас  жағдайларына ешқандай әсер ете алмаса, онда осындай болмыс – бәсекелік  қабілеттің ең жоғарғы дәрежесі болып  табылатын жетілген бәсеке деп аталады.

Жетілген бәсеке нарығы төменде  аталған шарттардың орындалуын тілейді:

   -жеке фирманың өндіріс мөлшері елеулі болмайды және ол сол фирма

   -сататын тауардың бағасына әсер етпейді;

   -әр өндірушілер сататын тауарлар біртекті тауарлар болады;

   -сатып алушылардың баға туралы информациясы толық болады. Егер біреу   өз өнімінің бағасын көтерсе, онда ол сатып алушыларынан айырылады;

   -сатушылар өзара баға туралы келісім жасаспайды және әрекеттерін бір-бірімен келіспей жеке жүргізеді;

   -өндіруші фирмалардың салаға кіруі мен шығуына жол ашық болады.

Осындай сату-сатып алу  шарттарының орындалуы өндірушілер  мен тұтынушылардың өзара қатынастарына  еркіндік сипат береді. Жетілген бәсеке баға белгілену механизмнің және тепе-теңдік болмысы арқылы экономикалық жүйенің өзін-өзі реттеуінің қалыптасу шарты болып табылады. Осының нәтижесінде жеке индивидтердің экономикалық жетістікке жетуді көздейтін өзіндік жеке дара қимылдары бүкіл қоғамдық жетістіктерге жол ашады.

Нарықтық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

Артықшылықтары:

   -қоғамға қажет тауарларды  өндіруде ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндіктің болуы;

   -тез өзгеріп отыратын өндіріс жағдайларына икемді болып, оларға тез көмектесе алатындығы;

   -тауарлардың жаңа түрлерін жасау саласына жаңа техника мен технология енгізуге, өндірісті ұйымдастырып басқарудың жетілген әдістерін қолдануға, ғылыми-техникалық жетістіктерді ұнамды пайдалануға жағдайлар тудыратындығы;

   -өндірушілерді көптүрлі қажеттіктерді қанағаттандыруға, тауарлар мен қызметтердің сапасын жоғарылатуға мақсаттандыруы.

Кемшіліктері:

   -ұдайы өндірілмейтін ресурстарды (ормандар, табиғи жануарлар, жер, теңіз, мұхит қоймалары) сақтауға көмектеспейді;

   -қоршаған ортаны қорғауда негативтік бағытта болады;

   -ұжымдық тауарларға бағытталған тауарлар мен қызметтер (дамбалар, жолдар, қоғамдық көлік) өндірісінің дамуын қамтамасыз етпейді;

   -фундаментальдық ғылымның, жалпы білім беру жүйесінің, қалалық шаруашылықтың көп элементтерінің дамуына жағдай жасамайды;

   -еңбек, табыс, демалу құқықтарына кепілдік бермейді;

   -әлеуметтік әділетсіздік пен қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуіне бөгет жасайтын механизмдері жоқ.[3]

Нарық қатынастары қашанда  жұп қатынастар болады: «сатушы-сатып  алушы», т.б. Осы қатынас  өндіріс  пен тұтынудың байланысын сипаттайтын  ұсыныс пен сұраныстың түрін алады.

Тұтынушы (сатып алушы) мен  өндірушінің (сатушы) әрекеттерін екі  заң болжайды:

   -сұраныс заңы: сатып алушы баға кемігенде, басқа шарттар тұрақты болса, тауарларды көбірек алады, баға жоғарыласа – азырақ алады;

   -ұсыныс заңы: басқа шарттар тұрақты болса, баға жоғарылағанда сатушы сату үшін тауарларды көп өндіреді де оны сатуға ұсынады, баға кемігенде аз ұсынады.

Мысал ретінде сұранысты  сатуға дайындалған тауарлардың  саны арқылы және олардың бағасы арқылы көрсетейік. Бұнда сұраныстың қисық сызығы мынадай қатаң байланысты көрсетеді: баға кеміген сайын сұраныс өсе түседі. Нарықтық сұраныс осы тауарды осы бағамен сатып алатын барлық сатып алушылардың жиынтық сұранысы болады. Осыны 2-кесте және 1-сурет арқылы байқауға болады.

Баға өскенде сұраныс  төмендейді, ұсыныс өседі. DD-сұраныс  қисығы;  SS-ұсыныс қисығы. Сұраныс  қисық сызығымен ұсыныс қисық  сызықтарын бетестіру арқылы нарықтық тепе-теңдікті белгілеугe болады. Ол DD мен SS  қисық сызықтарының түйіскен Е нүктесінде болады. Е нүктесіндегі баға тепе-теңдік баға деп аталады. Осы нүктеде сұраныс пен ұсыныс арасында нарықтық тепе-теңдік орнайды. Баға 25 болғанда А1В1 көлемінде тапшылық пайда болады, баға 70 болғанда АВ көлемінде  артықшылық туады. Осыдан қорытынды  еркін бәсекеде нарықтың механизм, бағаның ауытқуы мен ұсынылған  тауарлардың көлемінің өзгерулері арқылы сұраныс пен ұсыныс арасында сәйкестік орнатады, нарық тепе-теңдікке жетеді.

Микродәрежеде тепе-теңдік жалпы және жеке тепе-теңдік болып  бөлінеді.

Информация о работе Бәсекенінің экономикалық мәні мен мазмұны