Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2014 в 13:10, курсовая работа
Мен «Кәсіпорынның бизнес-жоспар мақсаты және құрылымы» тақырыбы бойынша курстық жұмысымда кәспорын бизнес-жоспарының мақсаты,құрылу себебі,мәні құрылымы және кәсіпорын қызметінің жоспары туралы мәліметтер көрсетілген. Кәсіпорын белгілі бір өнім өндіретін,халыққа қызмет көрсететін заңды тұлға.Кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің нәтижелігі өнімді өткізу мен сатудан,көрсетілген қызметтен түскен пайдадан ғана емес,сонымен қатар өндірістк қорлардың көлемімен басқа да тұтыну қорларының жиынтығынан жиналған қаражаттардан және тағы да басқалардан көрінеді.
1. Бизнес-жоспар түсінігі.................................................
1.1. Кәсіпорынның бизнес-жоспары....................................
2. Бизнес-жоспар құрылымы.....................................................
2.1. Өндірістік құрылым және оның түрлері.....................................................................
2.2. Кәсіпорынның бизнес-жоспарындағы өндірістік құрылымды жетілдіру жолдары.....................................................
3. Кәсіпорын қызметін жоспарлау .................................................
3.1. Кәсіпорын қызметінің мақсаты...............................
4. Қорытынды. ....................................................................
5. Пайдаланылған әдебиеттер. .............................................
Мемлекет иелігнен
алу және жекешелендірудің
Меншіктің акционерлік нысаны акционерлік қоғамдардың акцияларын шығару арқылы өзінің артықшылықтарын білдіреді. Акционерлік қоғам жай акциялар, не жай және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда шығарылады.
Акция бөлінбейді. Егер акция ортақ меншік құқығымен бірнеше тұлғаға тиесілі болса, олардың бәрі бір акционер деп танылады және өзінің жалпы өкілі арқылы акция куәландырылған құқықтарды пайдаланады.
Жай акция дауыс беруге енгізілетін барлық мәселелерді шешкен кезде акционерге дауыс беру құқығымен акционерлердің жалпы жиналысынақатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивиденттер, сондай – ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді.
Артықшылықты акциялардың меншік иелері – акционерлердің жай акциялардың меншік иелері акционерлеріне қарағанда қоғамның жарғысында белгіленіп, алдын ала айқындалып кепілдік берілген мөлшерде дивиденттер алуға және қоғам таратылған кезде белгіленген тәртіппен мүліктің бір бөлігіне басым құқы бар. Қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санының 25 пайызынан аспауы керек.
Акциялар атаулы, сондай – ақ ұсынбалы түрде де шығарылуы мүмкін. Атаулы акциялар алыс – берісі акционерлік қоғамның акцияларын тіркеу кітабында тіркелетін акциялар. Ұсынушыға арналған акция – оны нақтылы иелену оның иесінің компания акционері ретіндегі заңды құқықтарын қуаттайтын акция түрі. Атаулы акциялардан өзгеше түрде ұсынушыға арналған акциялар жаңа иеленушіні тіркеуді қажет етпей – ақ бағалы қағаздар рыногында еркін сатып алу – сатуға мүмкіндік береді.
Корпоративті жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлері аталған қорлардың міндеттемелері бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгіленген тәртіп пен жағдайларда ортақтасып жауап береді.