Бизнес-жоспардың мақсаты және құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2014 в 13:10, курсовая работа

Краткое описание

Мен «Кәсіпорынның бизнес-жоспар мақсаты және құрылымы» тақырыбы бойынша курстық жұмысымда кәспорын бизнес-жоспарының мақсаты,құрылу себебі,мәні құрылымы және кәсіпорын қызметінің жоспары туралы мәліметтер көрсетілген. Кәсіпорын белгілі бір өнім өндіретін,халыққа қызмет көрсететін заңды тұлға.Кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің нәтижелігі өнімді өткізу мен сатудан,көрсетілген қызметтен түскен пайдадан ғана емес,сонымен қатар өндірістк қорлардың көлемімен басқа да тұтыну қорларының жиынтығынан жиналған қаражаттардан және тағы да басқалардан көрінеді.

Содержание

1. Бизнес-жоспар түсінігі.................................................
1.1. Кәсіпорынның бизнес-жоспары....................................
2. Бизнес-жоспар құрылымы.....................................................
2.1. Өндірістік құрылым және оның түрлері.....................................................................
2.2. Кәсіпорынның бизнес-жоспарындағы өндірістік құрылымды жетілдіру жолдары.....................................................
3. Кәсіпорын қызметін жоспарлау .................................................
3.1. Кәсіпорын қызметінің мақсаты...............................
4. Қорытынды. ....................................................................
5. Пайдаланылған әдебиеттер. .............................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Асет.doc

— 171.50 Кб (Скачать документ)

  Мұнда кез келген  салада жоғары білімі бар және  жұмыс стажы ең кемі екі  жыл болған жас адамдар оқиды. 

  Жоғары басшыларға  арналған бағдарлама бойынша  оқытуға басшылық жұмыста ең  кемі 15-20 жылдық тәжірибесі бар басшылар немесе компания басшысының орынбасарлары немесе жылына ең кемі 100млн.доллар айналымы бар жеке компания  басшылары қабылданады. Жоғарғы деңгейдегі басшылар үшін халықаралық бағдарлма болады, оларға қойылатын талаптар жоғарғы басшы тыңдаушыларын ұқсас, алайда мұнда  халықаралық нарық ісіне көбірек көңіл бөледі.

  Тағы бір бағдарлама  – басшылардың ой-өрісін дамыту  үшін. Ол ірі акционерлік компанияның  ьасшыларын бірінші басшылық  қызметке - әуелі, әрине, осы компанияның  бөлімше басшылығында даярлауға арналған. Мұнда жас адамдарды қабылдайды, бірақ ең  аз жұмыс стажы біршама жоғары – 10 жыл. Ең соңында, президенттер үшін бағдарлама ерекше бөлек. Президенттер өз компаниясының қожасы болып та саналады. Бұл бағдарлама бойынша қарамағында 40-тан бірнеше жүзге дейін адамы бар және жылына 5 млн.доллардан 100 млн.долларға дейін өнім сататын шағын, әдетте жеке  меншік компаниялардың басшылары мен қожалары он апта бойы оқытылады.

   Мектепке қабылдау  мынадай принциппен жүзеге асырылады:  біріншіден, бұл компанияның Гарвардпен ұзақ мерзімдік баланысы, екіншіден, іріктеу компания репутациясы бойынша да жүргізіледі, үшінші критерий- бірін-бірі толықтыруы.

  Бағдарлама мынадай  курстар енеді:

  1. Интегралдау курсы – «Жалпы басқару»
  2. «стратегиялық басқару»
  3. «Компания қаржысын басқару»
  4. «Бухгалтерлік есеп курсы және шаруашылық қызметін талдау»
  5. «Өндірісті және сапаны басқару»
  6. «Халықаралық экономика», «Бизнес пен мемлекеттің өзара қарым-қатынасы».
  7. «Орталықпен ақпарат алысуды ұйымдастыру»
  8. «Басшылық»- курста басшылық процесі неден тұратыны, басшы  корпорация мәдениетіне қалай ықпал ететіндігі және  өзінде жетекшілік дағдылар қалай дамитындығы айқындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Бизнес-жоспар құрылымы   

2.1. Өндірістік құрылым және оның түрлері        

      Кәсіпорын белгілі бір өнім өндіретін,халыққа қызмет көрсететін заңды тұлға.Кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің нәтижелігі өнімді өткізу мен сатудан,көрсетілген қызметтен түскен пайдадан ғана емес,сонымен қатар өндірістк қорлардың көлемімен басқа да тұтыну қорларының жиынтығынан жиналған қаражаттардан және тағы да басқалардан көрінеді.Кәсіпорын экономикасы өндірістік және өндірістік емес қатынастардың жиынтығы:

айналыс қоры,дайын өнім,кәсіпорынның банктегі есепшоттары,ақша қаражаты,бағалы қағаздары,материалдық емес қорлар.Кәсіпорынды дамытуға ықпал ететін ішкі және сыртқы жағдай  болады. Ішкі жағдай негізгі үш топқа бөлінеді:

  1. Өндірісті қорлармен қамтамасыз ету.Оған өндірістік факторлар,ғимарат,құрылыс,құрал-жабдықтар,жер,шикізат,жұмыс күші, ақпарат және тағы басқалар жатады.
  2. Кәсіпорынның экономикалық және техникалық дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз ету: Ғылыми техникалық прогресс,өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру,кадрлардың біліктілігін жетілдіру,инновация және инвестиция.
  3. Кәсіпорынның өндірістік –шаруашылық,коммерциялық сапасын қалыптастыру факторлары.

      Кәсіпорынның бизнес-жоспары-бұл фирма дамуының  кешенді жоспары.Бұл есеп беру құжаты,инвестиция шығарудың негізгі дәлелі болып табылады.

      Бизнес-жоспар-бұл қойылған мақсатқа  жетуге бағытталған шаралар мен  әрекеттердің  мақсаттары мен ресурстарына сәйкес уақытта және кеңістікте байқалған жүйесі. Бизнес-жоспардың құндылығы мынада:

  • бәсеке жағдайында болашақ кәсіпорынның өмір сүруін анықтау мүмкіндігін береді;
  • кәсіпорынды құру кезеңінде бизнеспен сәйкес әрекет ететін бағыттарды көрсетеді;
  • сыртқы инвестициялардан  қаржылық көмек алудың маңызды құралы.

                                               

 

 

 

 

 

 

  

    Сонымен кәсіпорынның бизнес-жоспары-бұл фирма дамуының  кешенді жоспары.Бұл есеп беру құжаты,инвестиция шығарудың негізгі дәлелі болып табылады.

      Бизнес-жоспар-бұл қойылған мақсатқа  жетуге бағытталған шаралар мен  әрекеттердің  мақсаттары мен  ресурстарына сәйкес уақытта  және кеңістікте байқалған жүйесі. Бизнес-жоспардың құндылығы мынада:

  • бәсеке жағдайында болашақ кәсіпорынның өмір сүруін анықтау мүмкіндігін береді;
  • кәсіпорынды құру кезеңінде бизнеспен сәйкес әрекет ететін бағыттарды көрсетеді;
  • сыртқы инвестициялардан  қаржылық көмек алудың маңызды құралы.

Кәсіпорынның  жалпы құрылымы 2 бөлінеді:

  1. Өндірістік (ғимарат,құрылыс)
  2. Өндірістік емес (қойма,клуб,стадион)

Кәсіпорын факторлары:

  1. Жер 
  2.   Жұмыс күші 
  3.   Еңбек заты және еңбек құралдары
  4. Кәсіпкерлік
  5. Капитал    
  6. Мұқаба
  7. Кіріспе бөлім (жоба түйіні)
  8. Аналитикалық бөлім
  9. Мазмұнды бөлім
  10. Фирма ішіндегі жоспарлау бөлімдері.
  11. Кәсіпорынның бизнес-жоспарындағы өндірістік құрылымды жетілдіру жолдары              

         Кәсіпорын бизнес жоспарында - өндірістік және өндірістен тыс қатынастардың жиынтығы: айналыс қоры, дайын өнім, кәсіпорынның банктегі есепшоттары,  ақша қаражаты, бағалы қағаздары, меншіктің материалдық емес қорлары өнімді өткізуден және әртүрлі көрсетілген қызметтерден түскен табыстар мен пайда. Олардың құндық бағасы – кәсіпорынның экономикалық даму деңгейі мен көлеміне байланысты болады. Соңғысының әртүрлі себептері бар:

  • Өндірістік қорлармен қамтамасыз етуге ең оңтайлы үйлесімділікті табу;
  • өндірілген өнімнің саны мен сапасы;
  • Өткізу көлемі;
  • Өткізуден түскен кіріс пен пайда.

Осы факторлар негізінде  қол жеткізетін тиімділіктің деңгейімен сипатын кәсіпорында дамытуға ықпал ететін ішкі және сыртқы жағдайлар айқындайды.

Ішкі жағдайлар үш топқа бөлінеді:

    1. Өндірістік қорлармен қамтамасыз ету. Оған өндірістік фактрлар:
      • Ғимарат, құрылыс
      • Құрал – жабдық, аспаптар
      • Жер
      • Шикізат материалдар
      • Отын
      • Жұмыс күші
      • Ақпарат және т.б. жатады.
    2. Кәсіпорынның экономикалық және техникалық дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз ету:
        • Ғылыми техникалық прогресс;
        • Өндірі пен еңбекті ұйымдастыру;
        • Кадрлардың біліктілігін жетілдіру;
        • Инновация мен инвестиция.
    3. Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметтерінің коммерциялық сапасын қалыптастыру факторлары: тиімді коммерциялық және жабдықтар қызметері;

Кәсіпорын қызметінің негізгі  факторлары:

  1. Жер белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор табиғи байлық. Күнделікті пайдаланылады. Табиғи байлықтар «орыны толатын» және «орыны толмайтын» болып бөлінеді.
  2. Жұмыс күші – ой және дене еңбегі, еңбекке қатысушылардың тәжірибелік және ителлектуалдық құрамы.
  3. Еңбек заты және еңбек құралдары. Еңбек заты жіне еңбек құралдары арқылы еңбек өндіріледі, тиісті қызмет көрсетіледі.
  4. Кәсіпкерлік – меншікке негізделген несиеге алынған және де басқа мүліктерді пайдалану арқылы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылатын бастамалық, шаруашылықтық және басқа да қызмет.
  5. Капитал – тұтыну заттарының көлеміне қарай шектелген ақша қаражаты. Кәсіпкер жеке тұлға ол:
    • өндірістік шаруашылық
    • көтерме сауда
    • Инновация
    • Кеңестер беру
    • Коммерциялық делдалдар
    • Бағалы қағаз операциялары және т.б. сияқты заңмен тыйым салынбаған кез келген қызмете түрлерімен айналысуға құқылы.

Инновация – жаңа  ұйымдар мен озық технологияларды  жасауға, өндіруге, дамытуға және сапалық  жағынан жетілдіруге бағытталған  күрделі құбылыс. Ол үш кезеңді қамтиды:

      • Зерттеуді бастаудан өндіріте алғаш рет игеруге дейін;
      • Алғашқы игеруден бастап ұйымды тұтынушыларды қанағаттандыру мақсатында тиісті мөлшерде өндіруге дейін;
      • Одан соң бұйымды тұтынушы пайдаланады, күтеді пайдасына жаратады.

Қызмет түрін таңдауда алдын – ала маркетингтік зерттеу  жүргізу керек және қандай тауардың немесе қызмет көрсетудің тұтыным мүмкіндігі мол, оған деген сұранымның тұрақтылығы, келешек даму тенденциясы, тауарды сатуда ықтимал баға бірліктері, өнім өндіру мен оны өткізу процесіндегі шығындар, өткізу көлемін жобалау. Өндірістік кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде өнім пайда болатыны жоғарыда айттық. Кәсіпкер екінші сатыда өндіріске қажетті қаржы – қаражаттың шамасын белгілеуге, қорытынды мәмілелерді топтауға, өнім өндіруді бастауға дейін әзірленген заттарды жеткізу мен банкротқа ұшыраудың алдын алуға бағытталған жұмыстарды атқаруға тиіс.

Өнімді тиімді сату шаралары кәсіпкерліктің үшінші сатысын құрайды. Бұл процесс  делдел агенттіктер, брокер немесе кәсіпорынның өз күшімен жүзеге асырылады. Бұл  кәсіпкерлік технологиясының айрықша  жауапты кезеңі.

Коммерциялық кәсіпкерліктің мазмұны  тауар ақша қатынастары мен сауда  – айырбас операцияларынан тұрады. Шын мәнінде, бұл тауар мен  қызмет көрсетуді қайта сататын  орын. Оның өндірістік кәсіпкерлік  қызметтен айырмашылығы – мұнда  өнім өндіруді өндірістік қорлармен қамтамасыз ету қажет болмайды.

  Бағаның қағаздар рыногы – шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет шығарған бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып алынған қаржы рыногының бөлігі. Бұл рыногтың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық процестерді реттеп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы рыноктің қор құрылымдарының – бағалы қағаздардың және өзге де активтердің сан алуандығымен қол жетеді.

Бағаның қағаздар рыногы экономиканың барлық субъетілерінің өздеріне қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын жеңілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде өтіп жатқан процестердің реттеушісі болып табылады. Бұл әсіресе күрделі жұмсалымдарды инвестициялау процесіне қатысты.

Бағалы қағаздардың айналымға  түсу уақыты мен әдіске қарай олардың  рыногы бастапқы және қайталама болып  бөлінеді. Бастапқы рыногта бағалы қағаздардың бастапқы иеленушілерінің  жаңа шығарылған бағалы қағаздарды сатылады; қайталама рыногта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иелерінің ауысуы болады. Бағалы қағаздардың номиналдық, эммисиялық және рыногтық бағасы болады. Қайталама рыног екі бөліктен тұрады: ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы – мәмілелер сауда – саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында мәміле объектісіне және оның қатысушыларына белгіленген талаптар сақталмай жүзеге асырылатын сферасы.

Қазіргі дүние жүзілік практикада өмір сүретін бағалы қағаздар негізгі  және туынды болып бөлінеді.

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» заңда туынды бағалы қағаздар осы қағаздардың барлық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын бағалы қағаздар делінген. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, опциондар, форвардтар, варранттар, своптар,споттар,жазылысқұқықтары және басқалары жатады.

Туындыбағалы қағаздар рыногта  айналыстажүрген корпорациялық  бағалықағаздардың тізбесін аяқтайды.

Туынды бағалы қағаздарды пайдалану белгілібір қажеттіліктерге: қаржыжәнебаға тәуекелдіктерін  сақтандыруға, өтімділіктің артуына, қарыз алу құнының төмендеуіне, қажетті рыногқа шығу мүмкіндігін алуға байланысты.

Сөйтіп, бағалы қағаздар – бұл шаруашылық қызметте пайдалануға  арналған  құжаттардың үлкен сан  алуандығы. Сонымен бірге олар өздеріне тән ортақ белгімен оларды тұлғаланған мүліктік құқықты өткізу үшін оларды ұсынудың қажеттігімен біріктіріледі.

Бағалы қағаздар ұсынбалы, ордерлік және атаулы болуы мүмкін. Атаулы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесілі  болады. Ұсынбалы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар бағалы қағазды ұсынушыға тиесілі болады. Ордерлік бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесілі болады.

Қазіргі кезде Қазақстан  Республикасындаайналыстамемлекеттік, корпорациялық және басқа бағалы қағаздар жүр. Бағалықағаздардың арасында ақшаға да, мүлікке де құқықтар беретін акциялар ерекше орын алады.

            Қазақстанның практикасында еңбек ұжымының акциялары, кәсіпорындардың акциялары және қазіргі кезде акционерлік қоғамдардың акциялары қолданылады. алғашқы екі түр сөздің тура мағынасында акциялар болып табылмайды. Бұл қызметкерлердің жинақ ақшасының және кәсіпорындардың бос ақшаларының өз кәсіпорынының немесе басқа кәсіпорындардың мүлкіне қатысудың өзгеше нысаны.

Еңбек ұжымының акциялары  тек өз кәсіпорынының қызметкерлері арасында таратылады және оның дамуы үшін ақша салуы туралы куәләктер болып табылады. Мемлекет игілігінен алу және жекешелендіру бағдарламасын іске асыру барысында қызметкерлердің акционерлік кәсіпорындардың мүмкіндегі үлесін анықтайтын еңбек ұжымдары мүшелерінің акциялары шығарылады. Мұндайакциялар айналысқа түспейді: мұрағаттан басқа қызметкерлердің оларды сатуға, беруге немесе қандайболса да сатуға құқығы болмады. Қызметкерлердің жұмыстан босанған жағдайында оған тиесілі акцияларды кәсіпорын белгіленген мерзім ішінде сатып ала алмайды.

Кәсіпорындардың акцияларын кәсіпорындар мен ұйымдар шығарады. Бұл акциялар 1988 жылдан бастап басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, ерікті қоғамдардың, банктердің, кооперативтердің арасында таратыла бастады. Бұл тәрізді акциялар іс – жүзінде облигациялар болып табылады және меншіктің акционерлік нысанының дамуына қарай акционерлік қоғамдардың акцияларымен ауыстырылуы мүмкін.

Информация о работе Бизнес-жоспардың мақсаты және құрылымы