Бизнес-жоспардың мақсаты және құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2014 в 13:10, курсовая работа

Краткое описание

Мен «Кәсіпорынның бизнес-жоспар мақсаты және құрылымы» тақырыбы бойынша курстық жұмысымда кәспорын бизнес-жоспарының мақсаты,құрылу себебі,мәні құрылымы және кәсіпорын қызметінің жоспары туралы мәліметтер көрсетілген. Кәсіпорын белгілі бір өнім өндіретін,халыққа қызмет көрсететін заңды тұлға.Кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің нәтижелігі өнімді өткізу мен сатудан,көрсетілген қызметтен түскен пайдадан ғана емес,сонымен қатар өндірістк қорлардың көлемімен басқа да тұтыну қорларының жиынтығынан жиналған қаражаттардан және тағы да басқалардан көрінеді.

Содержание

1. Бизнес-жоспар түсінігі.................................................
1.1. Кәсіпорынның бизнес-жоспары....................................
2. Бизнес-жоспар құрылымы.....................................................
2.1. Өндірістік құрылым және оның түрлері.....................................................................
2.2. Кәсіпорынның бизнес-жоспарындағы өндірістік құрылымды жетілдіру жолдары.....................................................
3. Кәсіпорын қызметін жоспарлау .................................................
3.1. Кәсіпорын қызметінің мақсаты...............................
4. Қорытынды. ....................................................................
5. Пайдаланылған әдебиеттер. .............................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Асет.doc

— 171.50 Кб (Скачать документ)

       Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

                              Құқық және бизнес коллдежі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           Тақырыбы: Бизнес-жоспардың мақсаты және құрылымы 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                Орындаған : Мусабек Ә

                                                                     Тексерген: Тукенова В.Д.

 

 

 

 

 

 

 

 

                                

 

                                           Семей 2011 жыл

Жоспар:

 

 

                                   Жоспар

 

1. Бизнес-жоспар түсінігі.................................................        

1.1. Кәсіпорынның бизнес-жоспары....................................       

2. Бизнес-жоспар құрылымы.....................................................     

2.1. Өндірістік құрылым және оның түрлері.....................................................................         

2.2. Кәсіпорынның бизнес-жоспарындағы өндірістік құрылымды жетілдіру жолдары.....................................................                 

3.  Кәсіпорын қызметін жоспарлау .................................................      

3.1. Кәсіпорын қызметінің мақсаты...............................        

4. Қорытынды. ....................................................................           

5. Пайдаланылған әдебиеттер. .............................................         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    

 

                                                         Кіріспе

 

     Мен «Кәсіпорынның бизнес-жоспар мақсаты және құрылымы» тақырыбы бойынша курстық жұмысымда кәспорын бизнес-жоспарының мақсаты,құрылу себебі,мәні құрылымы және кәсіпорын қызметінің жоспары туралы мәліметтер көрсетілген. Кәсіпорын белгілі бір өнім өндіретін,халыққа қызмет көрсететін заңды тұлға.Кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің нәтижелігі өнімді өткізу мен сатудан,көрсетілген қызметтен түскен пайдадан ғана емес,сонымен қатар өндірістк қорлардың көлемімен басқа да тұтыну қорларының жиынтығынан жиналған қаражаттардан және тағы да басқалардан көрінеді.Кәсіпорын экономикасы өндірістік және өндірістік емес қатынастардың жиынтығы:

айналыс қоры,дайын өнім,кәсіпорынның банктегі есепшоттары,ақша қаражаты,бағалы қағаздары,материалдық емес қорлар.Кәсіпорынды  дамытуға ықпал ететін ішкі және сыртқы жағдай  болады. Ішкі жағдай негізгі үш топқа бөлінеді:

 

  1. Өндірісті қорлармен қамтамасыз ету.Оған өндірістік факторлар,ғимарат,құрылыс,құрал-жабдықтар,жер,шикізат,жұмыс күші ақпарат және тағы басқалар жатады.
  2. Кәсіпорынның экономикалық және техникалық дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз ету:Ғылыми техникалық прогресс,өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру,кадрлардың біліктілігін жетілдіру,инновация және инвестиция.
  3. Кәсіпорынның өндірістік –шаруашылық,коммерциялық сапасын қалыптастыру факторлары.

 

Кәсіпорын қызметінің негізгі факторлары:

   

    Жер-бұл белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор табиғи байлық.

    Жұмыс күші-ой және дене еңбегі.Еңбекке қатысушылардың тәжірибелік және интеллектуалды құралы.

     Еңбек заты және еңбек құралдары-еңбек заты және еңбек құралдары арқылы өнім өндіріледі,тиісті қызмет көрсетіледі.

     Кәсіпкерлік-меншікке негізделген несиені алудан және басқа мүліктерді пайдалану арқылы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылатын бастамалық шаруашылық және басқа да қызмет.

     Капитал-тұтыну заттарының көлеміне қарай шектелген ақша қаражаты.

      Инновация-жаңа бұйымдар мен озық технологияларды жасауға,өндіруге,дамытуға және сапалық жағынан жетілдіруге бағытталған күрделі құбылыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Бизнес-жоспар түсінігі       

1.1. Кәсіпорынның бизнес-жоспары      

     Кәсіпорын белгілі бір өнім өндіретін,халыққа қызмет көрсететін заңды тұлға.Кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің нәтижелігі өнімді өткізу мен сатудан,көрсетілген қызметтен түскен пайдадан ғана емес,сонымен қатар өндірістк қорлардың көлемімен басқа да тұтыну қорларының жиынтығынан жиналған қаражаттардан және тағы да басқалардан көрінеді.Кәсіпорын экономикасы өндірістік және өндірістік емес қатынастардың жиынтығы:

айналыс қоры,дайын өнім,кәсіпорынның банктегі есепшоттары,ақша қаражаты,бағалы қағаздары,материалдық емес қорлар.Кәсіпорынды дамытуға ықпал ететін ішкі және сыртқы жағдай  болады. Ішкі жағдай негізгі үш топқа бөлінеді:

  1. Өндірісті қорлармен қамтамасыз ету.Оған өндірістік факторлар,ғимарат,құрылыс,құрал-жабдықтар,жер,шикізат,жұмыс күші, ақпарат және тағы басқалар жатады.
  2. Кәсіпорынның экономикалық және техникалық дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз ету: Ғылыми техникалық прогресс,өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру,кадрлардың біліктілігін жетілдіру,инновация және инвестиция.
  3. Кәсіпорынның өндірістік –шаруашылық,коммерциялық сапасын қалыптастыру факторлары.

      Кәсіпорынның бизнес-жоспары-бұл фирма дамуының  кешенді жоспары.Бұл есеп беру құжаты,инвестиция шығарудың негізгі дәлелі болып табылады.

      Бизнес-жоспар-бұл қойылған мақсатқа  жетуге бағытталған шаралар мен  әрекеттердің  мақсаттары мен  ресурстарына сәйкес уақытта  және кеңістікте байқалған жүйесі. Бизнес-жоспардың құндылығы мынада:

  • бәсеке жағдайында болашақ кәсіпорынның өмір сүруін анықтау мүмкіндігін береді;
  • кәсіпорынды құру кезеңінде бизнеспен сәйкес әрекет ететін бағыттарды көрсетеді;
  • сыртқы инвестициялардан  қаржылық көмек алудың маңызды құралы.

    Бизнес-жоспардың  өзіне тән элементтері бар:

  1. Мұқаба
  2. Кіріспе бөлім (жоба түйіні)
  3. Аналитикалық бөлім
  4. Мазмұнды бөлім
  5. Фирма ішіндегі жоспарлау бөлімдері.

     Басшы шешім қабылдап,оныңорындалуын ұйымдастырып қараудағы адамдардың жұмысын бақылаған кезде,ол өзінің осы міндетіне лайық әрекет етеді.Лидерлік-бұл жеке адамдарға немесе бір топтағы адамдарға әсер ету қабілеті.Лидерлікті қолданудың негізгі үш тәсілі бар:

  1. Жеке адамдардың қабілеті мен көзқарасы тұрғысынан қарағанда
  2. Тәртіптілік
  3. Жағдайлық

     Жеке адамдардың қабілеті мен көзқарасынан қарағандағы тәсілдің ерекшелігі мынадай:

  • интеллект пен білім деңгейі
  • әсерлі сыртқы келбет
  • адалдық
  • өзіне деген сенім

      Тәртіптілік тәсіл-басқару стилін жіктеудің негізін және тәртіптік стилін қалайды.

       Жағдайлық тәсіл-бұл тәсілді қолдаушылардың пікірі бойынша лидерліктің басты стилі жағдайларға байланысты өзгеріп отырады.

     Бизнес-жоспар-бұл  кәсіпкерлік қызметтің негізгі  мәселелері қамтылған маңызды  құжат.Бизнес-жоспардың төмендегідей  бөлімдері болады. Кез-келген бизнес-жоспардың  бірнеше бөлімі болады.Бұл-өнімді  бейнелеуден тұрады.Мына сұрақтарға жауап беруі тиіс.

1-бөлім:

  • сіздің өніміңіз қандай тұтынуды қанағаттандырады?
  • сіздің өніміңізден қандай пайдалы тиімділікті алуға болады?

2-бөлім:

      Сату нарығын сараптау.Ол үшін  тауар және қызмет нарығын  зерттеу керек.

3-бөлім:

      Бәсекелестердің мүмкіндіктерін анықтауға арналған.

4-бөлім:

      Маркетинг жоспары.Маркетингтің  басты формуласы немесе өндірілетін  емес,не сатылатын нені өңдеу  керек?

5-бөлім:

      Өндіріс жоспары-барлық өндірістік  процестің бейнесі.Негізгі міндеті-кәсіпорынның жағдайына қарай,қажет кезінде қажетті тауарды нақты өндіру.

6-бөлім:

       Ұйымдық жоспар.Мұнда әркімнің өз ісін кіммен бірге ұйымдастыратыны айқын көрсетіледі.

7-бөлім:

        Қаржылық жоспары.Бұған кіретіндер:

  • қаражат көздерін анықтау
  • ұйымның қызметіне қажетті сату көлемін болжау
  • ақшалай шығындар мен түсімдердің балансы
  • шығынды аз жұмсауға қол жеткізу жолдары.

Бизнес-жоспарды құрастыру алдындабизнес-идеяның  болашағына көз жеткізу қажет.Ең кішкентай бизнес-жоспарды  жасау,құжаттарды жинау,рәсімдеу екі аптада күш салып жұмыс істеуді,ал орта және ірі бизнес-жоспар ай және одан да көп уақытты алады.Жоспарда көрсетілетін негізгі элементтер:

  1. Жалпы ақпарат (лицензия)
  2. Бизнес-жоспар түйіні
  3. Бизнес-жоспардың негізгі бөлімі
  4. Өткізу нарығын бағалау
  5. Бәсеке

     Кәсіпорынды құру және олардың құрылымдық бөлімшелерінің негізіне өндірістік процестер жатады.Өнімді өндіру мен байланысты кез-келген технологиялық процесс түрлі операциялар көлемін,оның ішінде негізгі,қосымша қызмет көрсету басқару істерін асырады.Мұның барлығы тиісті бөлімшелерді қалыптастырудың негізі болады.Өндіріс құрылымына әсер ететін негізгі факторлар:

  • шығарылатын өнімнің және оның номенклатуралық сипаттамасы.
  • өндіріс ауқымы
  • кооперациялау деңгейі

Өндірістік  процесс былай бөлінеді:

  1. Негізгі өндірістік
  2. Көмекші өндірістік
  3. Қызмет көрсету шаралары
  4. Кәсіпорынды басқару органдары
  5. Жұмысшылардың қызметтері.

Кәсіпорынның  жалпы құрылымы 2 бөлінеді:

  1. Өндірістік (ғимарат,құрылыс)
  2. Өндірістік емес (қойма,клуб,стадион)

      Бүгінгі АҚШ - әлемдегі басқару инфрақұрылымы барынша дамыған ел. Мұндағы тек тіркелген, рсми сертификаты бар Американдық бизнес университеті мектебінің ассамблеясы мен бизнес және басқару саласындағы бағдарлама 1300-ден астам, соның ішінде көп профильді университеттерде дербес жұмыс істейтін бизнес мектептері – 600. Олар бизнес пен менеджмент саласында ұдайы білім беріп тұрады.

   Елде 10 мыңнан  астам консультациялық жұмыс  істейді. Олар осы мәселеге  қатысты алуан түрлі кеңестер  береді. 70-тен астам мерзімдік   басылым басқару және бизнес  жөнінде арнайы әдебиеттер шығаратын оннан астам баспа жұмыс істейді.

   АҚШ – ғылым  менбасқаруда, бизнес пен менеджментті  зерттеуде жетекші орыналады.  Онда зерттеу саны мен көлемі  де, бұған жұмсайиын қаржысы да, қамтитын проблемалары да басқа  елдерден анағұрлым ауқымды. 

   Менеджерлерді  даярлау оқу орындарының үш  типінде жүзеге асырылады. 

   Бірінші тип колледж деп аталады. Бұл төрт жылдық мерзімде оқылатын орта оқу орны. Колледжді бітіргендер басқару ғылымының бакалавры атағын алады. Олар мамандығы және жалпы білім бойынша негізгі проблемаларды оқиды.

   Екінші тип – бұл бакалавр ғылымының колледжін бітіргендер 2 жыл оқитын оқу орны. Бұл оқу орнын бітіргендер академиялық ғылыми дәрежелерді – басқару ғылымының магистры немесе ғылым докторы атағын алады. Мұнда арнайы және жалпы білім беретін пәндер оқытылады. Оқуға талапкер кандидаттар іріктеудің  екі жүйесінен өтеді - әуелі жұмыс істегенжерінде алдын ала іріктеледі, содан кейін – жоғарғы оқу орнының мамандық комиссясынан өтеді. Сонымен қоса, кандидаттар өзінің қоғамдық өзінің қоғамдық жағдайы бойынша белгілі бір талаптарға сәйкес келуі тиіс (кәсібі, саяси көзқарасы, интеллектісі, діни сенімі т.б.) сондай – ақ практикалық қызмет тәжірибесі ескеріледі. Жасы 25-30 аралығындағы адамдар қабылданады.

   Үшінші тип оқу орнында тек басқару проблемаларымен шұғылданады – бұл сауда мектебі.

   АҚШ-та екі бизнес мектебі жоғары мәртебеге ие болады:   Массачусет тейнологиялық институтының Слоунов басқару мектебі және Гарвард университетінің бизнес мектебі.

    1908 жылы құрылған  Гарвард бизнес мектебі ерекше орын алады. Мектептің негізгі қызметі – іскерлікәкімшілік магистры бағдарламасы бойынша екі жыл бойы оқыту.

    Бағдарлама  мақсаты – бітірушілерге басшыға  қажетті сапаны дамыту, атап айтқанда:

  1. Қоршаған әлемде ұйымдастыру орнын көре білу және оған тұтастай назар аудару;
  2. Аналитикалық және интеграциялық дағды, яғни шиеленіскен жағдайларды шеше білу қабілеті, проблемаларды жіктеу және тұжырымдауы, оны шешудің балама варианттарын ойластыру және қалаған вариантты жүзеге асыру;
  3. Техникалық және қызметтік дағдарыс, яғни өндіріс, маркетинг, қаржы талдауы секілді қызмет салаларын жетік білуі;
  4. Жеке іскерлік этиканы компанияны ойдағыдай басқару қызметімен үйлестіре білу;
  5. кәсіптік кемелденуі – адамдармен қарым – қатынас жасау және өзара қызметтес болу дағдысы, бәсекелесу жағдайында байсалды жұмыс істей білу.

Информация о работе Бизнес-жоспардың мақсаты және құрылымы