Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2013 в 19:49, курсовая работа
Жұмысымның зерттеу объектісі ретінде мен АҚ «Қазақстан Халық Банкін» таңдадым, өйткені бұл банктің тұтыну несиесін берудегі тәжірибесі мол және ол еліміздегі 35 екінші деңгейдегі банктердің ең ірі үштігіне кіреді,
Алға қойған мақсатымды жүзеге асыру үшін келесідей міндеттерді шешу қажет:
1) Қазақстан Республикасындағы несиелік жүйенің ұйымдастырылуын
қарастыру;
тұтыну несиесін қолданудың әлемдің тәжірибесімен танысу:
АҚ "Қазақстан Халық Банкі" және АҚ "Банк Түран Әлем" мысалында
тұтыну несиесін ережелерімен танысу;
Кіріспе……………………………………………………………………….....3
1. Қазақстан Республикасының несиелік жүйенің ұйымдастырылуы
Несие жүйесінің жалпы сипаты………………………………..................5
Банктегі несие беру процесі……………………………………...............8
2. Несие пайызы және оның нарық жағдайындағы экономикалық рөлі
2.1 Несие пайызының экономикалық сиппаттамасы және оның атқарымдары.......................................................................................................15
2.2 Коммерциялық банктердегі түтыну несиесінің мәселелері....................18
3. Банктегі тұтыну несиесін беру жүйесін жетілдіру жолдары.
3.1Екінші деңгейдегі банктердің тұтыну несиесін беру жүйесін
жетілдіру…………………………………………………………….................20
Қорытынды…………………………………………………………………..26
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………
Көрсеткіш тер |
1 балл |
2 балл өнеркәсі бі |
3 балл орындаушы органдар, кеден, салық, әскери және құқық қорғау органдары |
4 балл орман, ағаш өңдеу шаруашы лығы |
5 балл спорт, зейнет кер |
Нәти же |
Банктің жалақы жобасына қатысуы |
Иә, карта немесе жеке есепшот бойынша |
Жоқ, жалақы ны басқа банктен алады |
Иә, банк чегі бойынша |
Жоқ, басқа банктер чектері бойынша |
Жоқ |
|
Төлем қабіле ттіліктің жинақтаушы зейнетақы қорынан (ЖЗҚ) алынған жазба арқылы ресми куәландыры луы |
Иә, «Халық Банкінід» ЖЗҚ - нан жазба |
Иә, басқа ЖЗҚ-нан жазба |
Иә, жартылай («Халық Банкінің» ЖЗҚ-нан жазбалардың уақытында келмеуі) |
Иә, жартылай (басқа ЖЗҚ-нан жазбалардың уақытында келмеуі) |
Жоқ |
|
Отбасы ның болуы |
Отбасы бар, баласы бар |
Үйленген, бала жоқ |
Азаматтық неке/үйленбе ген бала бар |
Үйленбе ген/тұрмысқа шықпаған |
Ажырас қан |
|
Жоғары білімінің болуы |
Иә, 2 және одан да көп |
Иә, жоғары білім |
Жоқ, орташа мамандан дырылған |
Иә, аяқталма ған |
Жоқ, мектеп білімі |
|
Отбасы мүлкін бағалау |
80000 АҚШ доллары нан көп |
40000 80000 АҚШ доллары |
20000 40000 АҚШ доллары |
2000-20000 АҚШ доллары |
2000 АҚШ долларын ан аз |
|
Несиелік тарихы |
АҚ «Қазақс тан Халық Банкінде»б ар |
Басқа банктерде бар |
Мүлдем жоқ |
|||
АҚ «Қазақ стан Халық Банкінің» төлем карточкалар ының болуы |
Иә, бірнеше |
Иә, біреу |
Бірнеше, басқа банктердікі |
Біреу, басқа бактердікі |
Жоқ |
Көрсеткіш тер |
1 балл |
2 балл |
3 балл |
4 балл |
5 балл |
Нәти же |
Қарызды қайтару сапасы (егер несиелік тарихы болса), егер несиелік тарихы жоқ болса «0» балл |
Мерзімде төлемеу болған жоқ |
Мерзімде төлемеу 3 реттен артық |
Мерзім де төлемеу 3 реттен көп |
|||
Алимент, т.б-міндеттер дің болуы |
Жоқ |
Иә |
||||
Балл саны |
||||||
Насиеқабіле ттілік дәрежесі |
1)21 баллдан көп емес - А «жоғары»;
Егер де қарыз алушыға «Е» дәрежесі сәйкес болса, берілген өтінішті қарастырмауға да болады, яғни несиенің қайтарылмау тәуекелі өте жоғары.
Егер «Д» дәрежесі сәйкес болса, несие беру жайлы шешімді тек Басты Банктің несиелік Комитеті қарастыру керек.
Ал, «А», «В» және «С» дәрежедегі несие алушыларға несиені беруге болады.
Менің бұл жүйені ұсыну себебім - бұл жүйе банктің несиелік тәуекел дәрежесін төмендетеді. Сондай-ақ қарыз алушының дәрежесін анықтаудың бұл моделі бағалаудың бес баллдық жүйесін қолданатындықтан, кез-келген адамға оның білім дәрежесіне қарамастан, несиеқабілеттілікті бағалау механизмін түсінуге мүмкіндік береді. Ал үшіншіден, бүл модель несие беру немесе бермеу жайлы тез шешім қабылдауға негіз болып, банктің өз клиенттерін сақтап қалуға мүмкіндік туғызады.
Қазақстанда скоринг - жүйені ендіру біртгдеп іске асырылуы керек.
Алғашында «жаман» тәуекелді анықтап отыратын автоматтандырылған алдын-ала бағалау жүйесін ендіруге болады. Алайда скорингті ендіру объективті және субъективті ықпалынан тежелуде, мысалы банк менеджерлері математикалық және статистикалық әдістерге сенімсіздікпен қарайды. Дегенмен де, бұл жүйе АҚШ және Батыс Европада кеңінен қолданылуда. Батыс банкирлері оны келесідей артықшылықтарын байқаған:
жетілдіру банктердің халыққа көрсететін қызметтерінің сапасын жақсартып, товарға деген сұраныс пен олардың өндірісін ынталандыратын тұтыну несиесінің көлемін ұлғайтуға ықпал етуі қажет.
Физикалық тұлғаларды тұтыну мақсаттарына несиелендіру корпоративті несиелендіруден мүлдем өзгеше, сондықтан жұмыс істеудің жаңа әдістерін тала етеді. Жұмыс барысында скорингтік модельді пайдалану - тұтыну несиесін беруге байланысты туатын ерекше сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік беретін және банк әрекетінің бұл әлеуметтік маңызды бөлігін кеңейтуге ықпал ететін әдістердің бірі.
Алайда кез-келген адамды несие алудан тежейтін фактор - бұл жоғары пайыздарды төлеу қажеттілігі. Соған орай, мен пайыз төленбейтін несие бағдарламасын ұсынып отырмын. Бұл бағдарламаның мәні - облыс және қала тұрғындарына кеңселік және үйге арналған жиһаздарды сатып алуға пайызсыз
несие беру. Ол үшін АҚ «Қазақстан Халық Банкі» және «Валентина» сауда үйі арасында келісім шарт жасалуы қажет. Бұл келісім бойынша «Валентина» сауда үйі пайызсыз несиені тек АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» жалақы жобасына қатысатын қала тұрғындарына ғана беруі қажет. Несиенің берілу мерзімі - бір жыл. Жиһазды несиеге алу үшін, сіз жиһаз құнынан 10% (егер 1000 АҚШ долларынан аспаса) немесе 15% (егер 1000 АҚШ долларынан асса) алғаш төлем
жасайсыз, ал қалған соманы несиелік келісім шарт негізінде 1 жыл көлемінде теңдей бөліктермен төлейсіз. Несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету ретінде сатып алынған жиһаз кепілдікке алынады. Несие алу үшін АҚ «Қазақстан Халық Банкіне» келесідей құжаттар тапсырылады:
¥сынып отырған бағдарламаны мысал көмігемін түсіндіруге болады. Егер сіз «Валентина» сауда үйінен құны 85000 теңге ас үй жиһазын сатып алғыңыз келсе, алғаш 10% яғни 8500 теңге төлейсіз. Ал қалған 76500 теңгеге АҚ «Қазақстан Халық Банкімен» несиелік келісімге отырасыз. Бұл сомманы қалған 11 айға теңдей бөліп, жыл ішінде төлеп шығасыз. Яғни біздің мысалымыз бойынша ай сайын 6954 теңге төлеп отырасыз.
Менің ойымша, бұл бағдарлама үш жаққа да тиімді. Тұтынушы көзқарасымен қарайтын болсақ, үйге қажетті жиһазды артық аша төлемей-ақ алуына болады. «Валентина» сауда үйі үшін бұл қосымша жарнама, клиенттер ағымы, нәтижесінде пайда көлемі артып, өндірісті кеңейті мүмкіндігі. Ал АҚ «Қазақстан Халық Банкі» үшін - пайызсыз несие тек банктің жалақы жобасының қатысушыларына берілетіндіктен қосымша клиенттерді тарту мүмкіндігі. Банктің несиесі қайтарылмау тәуекелін азайту үшін, сатып алынған жиһаз кепілдікке алынып сақтандыру құжаты болуы қажет.
Сонымен, жұмысымның бұл бөлімінде мен АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» дамуына кедергі келтіретін өзекті мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын ұсындым.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, өз жұмысымда мен елімізде қалыптасқан экономикалық жағдайда банктің несиелік қызметтерінің маңыздылығын көрсетіп, тұтыну несиесін беруде менеджмент рөлін атап өткім келді.
Тұтыну несиесін берудің қазіргі жүйесі бұрын болған әкімшілік сипатпен ерекшеленбейді, ол енді либералды жүйе, яғни клиент банкті өзі таңдайды. Клиент сондай-ақ, қарыз шоттарын бір банкте емес бірнеше банкте аша алады. Несиелендірудің либералды жүйесі клиент мүмкіндіктерін кеңейтеді, банкаралық бәсекелестікті дамытады.
Тұтыну несиесінің мәнін ашу үшін мен АҚ «Қазақстан Халық Банкін» мысал ретінде қарастырдым. АҚ «Қазақстан Халық Банкі» - Қазақстан Республикасындағы ірі әмбебап коммерциялық банк. Ол активтер және меншік капиталының көлемі бойынша еліміздегі екінші деңгейдегі банктердің ең ірі үштігіне кіреді. Банк Visa International және MasterCard International төлем жүйелерінің карточкаларының эмиссиясын жүзеге асырып, Қазақстандық - нарықта озат болып табылады. Банк карточкаларының ортақ саны 1,3 млн. бірлік, ал шығарылған карточкалардың үлесі екінші деңгейдегі банктер арасында 70% құрайды.
Банктің Қазақстан Республикасында 625 құрылымдық бөлімшесі бар. Шығыс Қазақстан Облысы бойынша 10 аудандық бөлімше және 37 есептік -кассалық бөлім, 18 банкомат жүмыс істейді. Банктің Лондон, Пекин және Мәскеу қалаларында шетелдік өкілдіктері бар.
2002 жылдың желтоқсан айында халық банкі Қазақстандағы ең жақсы банк болып таңдалды. Ал 2003 жылдың 22 мамыр айында Лондонда өткен «Global Rating Leaders 2003» саммит-конференцияда Халық Банкі «International Gold Medal Award» атты құрметті даңққа ие болды.
Банк қызметтердің кең ауқымын көрсетеді, соның ішінде тұтыну мақсаттарына несиелендіру. Халық Банкінің несиелік қоржыны 01.01.04 жылы 151 млрд. теңгеге жетті. Бұл жерде ұзақ мерзімді несиелендіру қарқынының өсу тенденциясы сақталып, қысқа мерзімді несиелер үлесі 26 % дейін қысқарды.
Халықты тұтыну мақсатгарына несиелендіру үлесі 16,3 % дейін ұлғайды. Ал банктін Республикалық несиелендіру нарығындағы үлесі соқғы 5 ай қорытындысы бойынша 19,3 % құрайды.
Банктің таза пайдасы көрсеткішіне келер болсақ, өткен жылдың қорытындысы бойынша 3 млдр. Тенгеден асты.
Жұмысымның барысында мен алға қойған мақсатымды орындап, негізгі міндеттерді шешті. Жұмысымның теориялық маңызы - еліміздегі несиелік жүйенін ұйымдастырьшуын қарастырып тұтыну несиесінің мәні мен оны колданудың әлемдік тәжірибесін талдадым.
Ал тежірибелік маңызы - несие беру процесіндегі қарыз алушының несиеқабілеттілігінін талдау әдістерін жетілдіру моделін ұсынып, пайызсыз несие беру бағдарламасын ұсындым.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Информация о работе Банктегі тұтыну несиесін беру жүйесін жетілдіру жолдары