Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2013 в 19:49, курсовая работа
Жұмысымның зерттеу объектісі ретінде мен АҚ «Қазақстан Халық Банкін» таңдадым, өйткені бұл банктің тұтыну несиесін берудегі тәжірибесі мол және ол еліміздегі 35 екінші деңгейдегі банктердің ең ірі үштігіне кіреді,
Алға қойған мақсатымды жүзеге асыру үшін келесідей міндеттерді шешу қажет:
1) Қазақстан Республикасындағы несиелік жүйенің ұйымдастырылуын
қарастыру;
тұтыну несиесін қолданудың әлемдің тәжірибесімен танысу:
АҚ "Қазақстан Халық Банкі" және АҚ "Банк Түран Әлем" мысалында
тұтыну несиесін ережелерімен танысу;
Кіріспе……………………………………………………………………….....3
1. Қазақстан Республикасының несиелік жүйенің ұйымдастырылуы
Несие жүйесінің жалпы сипаты………………………………..................5
Банктегі несие беру процесі……………………………………...............8
2. Несие пайызы және оның нарық жағдайындағы экономикалық рөлі
2.1 Несие пайызының экономикалық сиппаттамасы және оның атқарымдары.......................................................................................................15
2.2 Коммерциялық банктердегі түтыну несиесінің мәселелері....................18
3. Банктегі тұтыну несиесін беру жүйесін жетілдіру жолдары.
3.1Екінші деңгейдегі банктердің тұтыну несиесін беру жүйесін
жетілдіру…………………………………………………………….................20
Қорытынды…………………………………………………………………..26
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………
ЖОСПАР
Кіріспе……………………………………………………………
1. Қазақстан Республикасының несиелік жүйенің ұйымдастырылуы
2. Несие пайызы және оның нарық жағдайындағы экономикалық рөлі
2.1 Несие пайызының экономикалық
сиппаттамасы және оның
атқарымдары...................
2.2 Коммерциялық банктердегі
түтыну несиесінің мәселелері....................
3. Банктегі тұтыну несиесін беру жүйесін жетілдіру жолдары.
3.1Екінші деңгейдегі банктердің
тұтыну несиесін беру жүйесін
жетілдіру………………………………………………………
Қорытынды………………………………………………………
Қолданылған
әдебиеттер тізімі…………………………………………….27
КІРІСПЕ
Банктер ерте заманнан-ақ, құндылықтарды сақтау қызметімен қатар қарыз беру, яғни несиелендіру қызметімен де айналысты.
Физикалық тұлғаларды тұтыну мақсаттарына несиелендіру - банктік қызметтердің дәстүрлі түріне жатады. Сондықтан да бұлар, банк несиелік институт деп те аталады. Банк активтерінің басым бөлігі несиелік операцияларға тиеді.
Несие көбінде экономика дамуының алғышарты және маңызды талабы, сондай-ақ экономикалық өсімінің қажетті элементі болып табылады. Сондықтан да Елбасының «Қазақстан 2030» атты стратегиясының жетінші ұзақ мерзімді басымдылығында несиелендіру мәселесіне ерекше көңіл бөлген.
Бүгінгі күні банктер ұсынатын несиелендіру бағдарламалары көп, бірақ мен өз жұмысымда тұтыну несиесіне тоқталамын. Тұтыну несиесі - бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және кейінге қалдыруға болмайтын қажеттіліктеріне төлем жасау үшін коммерциялық және банктік формада берілетін несие. Өндірістік мақсаттарға берілетін несиелерден ерекшелігі - бұл несие соңғы тұтыншылардың, яғни физикалық тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.
Соған орай, менің жұмысымның мақсаты - елімізде қалыптасқан экономикалық жағдайда халықты тұтыну мақсаттарына несиелендірудің маңыздылығын көрсетіп, ондағы менеджмент рөліне көңіл бөлу.
Бүгінгі менеджмент - бұл бір жағынан нарықтық жағдайды түсіндіруге тырысатын концепциялар жиыны, ал екінші жағынан - өмірлік жағдайлар мұхиты. Ол өмірдің көп түрлілігіне бағынатын басқа да әрекет сияқты әрқашан өнер болып табылады. Сондықтан да несие беруде оның маңызы зор. Банктегі менеджмент мақсаты - халықтың депозиттері мен салымдарын дұрыс және мақсатты пайдалану арқылы жаңа клиенттерді тартып, бұрынғыларын сақтап қалудың көмегімен адамдардың үнемі өзгеріп отыратын талаптарын тиімді қанағаттандыру. Осы себептен, тұтыну несиесін басқару мәселесі әрқашан өзекті мәселе болып қала бермек.
Жұмысымның зерттеу объектісі ретінде мен АҚ «Қазақстан Халық Банкін» таңдадым, өйткені бұл банктің тұтыну несиесін берудегі тәжірибесі мол және ол еліміздегі 35 екінші деңгейдегі банктердің ең ірі үштігіне кіреді,
Алға қойған мақсатымды жүзеге асыру үшін келесідей міндеттерді шешу қажет:
1) Қазақстан Республикасындағы
несиелік жүйенің ұйымдастырылуын
қарастыру;
4) банктің 2001 -2003 жж. қаржылық әрекетін талдау;
5) тұтыну несиесін берудегі қарыз алушының несие қабілеттілігі мен төлемақықабілеттілігін талдау;
6) тұтыну несиесін жетілдіру жолдарын қарастыру;
Несиенің қажеттілігі мен мүмкіндігі қайта өндіру процесіндегі капитал айналымының заңдылықтарына сүйеиеді. Бір жерлерде несие көзі болып табылатын уақытша бос қаражаттар пайда болады, ал екінші жерде өндірісті кеңейту үшін вгсиеге деген қажеттілік туындайды. Сонымен, несие экономикалық өсімге негіз болады: несие беруші шсие үшін төлем алады, ал несие алушы өзінің өндірістік қорларын ұлғайтады.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕЛІК
ЖҮЙЕНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
1.1 Несие жүйесінің жалпы сипаты
Нарықтық экономикада несие - банк жүйесі маңызды рөл атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулары мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсееді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдақ, инвестициялық, сшім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды. Несие жүйесінің рөлі мен маңызы келесідегі бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен үйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б.
Нарықтық қатынастар жағдайында несиелік жүйенің қызмет ету механизмінің, оның құрылымының, несиелік операциялардың ұйымдық-құқықтық формаларының, сондай-ақ несиелеу әдістері мш тәсілдерінің өзгеруіне байланысты несие жүйесі де құрылымдық өзгерістерге ұшырауда. Байқап қарасақ, халық шаруашылығының экономикалық дамуының әрбір тарихи кезеңіне сай келетін банк ісін ұйымдастыру типі, экномиканың жекелеген буындарының несие-қаржы қызметтеріне деген қажеттілігіне жауап беретін өзіндік несие жүйесі болады екен.
Несие жүйесі банк жүйесіне қарағанда ауқымды ұғымды білдіреді. Себебі оның құрылымына банктік жүйеден басқа, бектік емес мекемелер де кіреді. Несиелік жүйе - бұл несиелік операцияларды жүзеге асырудың құқықтық формаларының, сондай-ақ банктік және өзге де несиелік мекемелердің жиынтығын білдіреді.
Несиелік жүйе басты екі буьшнан тұрады: біріншісі - банктік жүйе, ал екіншісі - парабанктік жүйе. Қазақстан Республикасның несиелік жүйесінің құрылымы 1 суретте берілген.
Бүгінгі таңдағы Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенің не бары он жылдың тарихы ғана бар. Бұл жүйенің қалыптасуына КСРО-ның ыдырауының нәтижесінде еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп болғандығын айта кету керек. Содан бері банк жүйесінде түбегейлі реформалар жалғасуда. Ондағы мақсат - отандық банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа өткізу болып отырғандығы да жасырын емес.
ҚР-ғы банктік жүйе, өз қызметінде 1995 жылғы шығарылған «ҚР Ұлттық банкі туралы» және «ҚР банктер және банктік қызмет туралы» заңдарын жетекшілікке алады.
01.01.95 |
01.01.96 |
01.01.97 |
01.01.98 |
01.01.99 |
01.01.00 |
01.01.01 | |
Екінші деңгейдегі банктердің барлығы: |
184 |
130 |
101 |
82 |
71 |
55 |
47 |
Соның ішінде: |
|||||||
Мемлекеттік |
4 |
4 |
4 |
6 |
1 |
1 |
1 |
Мемлекет аралық |
- |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
Шетел капиталының қатысуымен |
8 |
8 |
9 |
22 |
23 |
22 |
16 |
90-шы жылдардың басында отандық банктерінің тек сандық жағынан ғана өсіп, олардың саны 200-ге дейін жетсе, бүгінгі күні олар сапалық жағынан өсуде, яғни біріктіру және сауықтыру процесі нәтижесінде 35-ке (01.01.2001 ж.) дейін қысқарды, және ондағы уақытта әлі де азаяды деген жорамал бар. Екінші деңгейдегі банктердің дамуы жайлы 1-кестеден көруге болады. Кесте 1 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің сандық құрамы
Сандық мәліметтер
Қ¥Б-нің статистикалық
Қазақстанның банктік секторында шетел капиталының қатысуы кеңейе түсуде. Айталық, 2002 жыл ішінде банктердің активтері банктік сектордың жиынтық активтерінің құрамында 12,3%-дан15,6%-ға дейін ұлғайған.
Қазіргі несиелеу жүйесіне келер болсақ, оның құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:
- несиелік саясат;
-несиелеу шарттары
Қазіргі несиелеу жүйесі банктің ресурсына негізделеді. Бүгінгі жағдайдың бұрыңғы әрекет еткен жүйеден айырмашылығы - ол уақытта несиелік мекемелер өздеріне жоғарыдан берілген несиелік ресурстармен ғана жұмыс жасаған болатын. Ал қазіргі кезде берілетін несиелердің көлемі толығымен банктердің тартылған каражаттарына байланысты. Бұл берілетін несиелердің ауқымының, сонымен қатар несиелік мекемеде қалыптасатын пайда мөлшерін көрсетеді.
Қазіргі несиелік механизм коммерциялық сипатқа ие. Мұндай жағдайда несиелеудің тек кәсіпорынның қосымша қаражатқа деген қажеттілігін қанағатандыру ғана маңызды емес, сонымен қатар несиелік мекеменің рентабельділігін арттыру үшін де несиелеудің маңызы зор.
Қазіргі несиелеу жүйесінің басты ерекшелігі банктердің меншікті және тартылған ресурстарына ғана байланысты емес, сол сияқты клиенттерді несиелеуді жүзеге асыратын коммерциялық банктер үшін Орталық банк бекітетін нормаларға және пруденциялық нормативтерге байланысты келеді. Мысалға, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі орталық резервтерге міндетті төлемдер аудару нормасын белгілейді.
Сондай-ақ, қазіргі несиелеу жүйесінің маңызды белгілеріне келесілерді де жатқызуға болады: келісім шартқа негізделу, несиелеудің объектіден субъектіге несиелеуге өтуі, банк несиелерін жоғары дәрежеде кепілдендіру формаларына өту.
Жалпы, кәсіпорындарды несиелеудің өзгерген жүйесі біршама дәрежеде нарықтық қатынастарға сай келетін үлгі ретінде оларды бағалауға мүмкіндік жасайды.
Қазақстанның банк жүйесінде берілетін несиелердің түрлері көп. Олар келесі белгілер бойынша ажыратылады:
а) қызмет ету саласына байланысты:
ә) пайдалану мерзімі бойынша:
б) көлемі бойынша: ірі - орташа - ұсақ;
в) қамтамасыз ету бойынша:
г) беру әдісі бойынша:
1) компенсациялық (несие қарыз
алушы өзінің салынған
қаражаттарын толтыру үшін
оның есеп айырысу шотына бағытталады);
2) төлемдік (тікелей
есептік - ақшалай құжаттарды төлеуге
бағыталады);
д) өтеу әдістері бойынша.
Жалпы, несие - бұл банктердің делдалдық әрекеті. Қаржы нарығында бұл әрекет салымшылардың уақытша бос қаражаттарын анықтап, бұл қаражатарды банке тарту және оны қарыз қаражаттарын талап ететін тұлғадарға несие түрінде беру. Банктердегі несие процесін келесі бөлімде толығырақ қарастырамыз.
1.2 Банктегі несие беру процесі
Қазіргі несиелеу жүйесінің маңызды белгілері қарастырылып өткеннен кейін, банктегі несие беру процесіне тоқталайық. Банктердің тәжірибесінде қолданылатын несиелеу процесінің өзіндік кезеңдері болады. Несиелік процесс несиеге деген өтінішті өңдеуден басталып, несиенің толық қайтарылуымен аяқталады. Жалпы несиелік процесті төмендегі суреттен көрсетуге болады.
1-ші өтініш
2 өтініш
Сурет 2 Банктегі несиелік процесс
Қарыз алушыларға несие беру барысында банктер «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» 31.03.1995 ж. және «Қазақстан Республикасындағы банктер/және банктік қызметтер туралы» 30.08.1995 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлықтардың №1- ші 11.02.1994 ж. «Қазақстан Республикасының экономикасын қысқа мерзімді несиелеу ережесін» сондай-ақ банктің Жарғысы мен нұсқауларын басшылыққа алады. Несиелер төлем қабілеті бар қарыз алушыларға несиені қайтарудың нақты көздерінің және тұрақты қамтамасыз ету формаларының бар болуына қарай беріледі.
Әр кезеңце пайдаланатын несиелеу механизмінің элементтері несиелік операциялардың сапалы сипатын бере отырып, олардың жүзеге асырылу техникасын білдіреді. Несиелеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:
Информация о работе Банктегі тұтыну несиесін беру жүйесін жетілдіру жолдары