Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын мемлекеттік басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 12:34, курсовая работа

Краткое описание

Қор 2001 жылы құрылды. Бұл оқиға тек Қазақстанға ғана белгілі боп қалған жоқ. Осы қабылданған стратегиялық шешімнің арқасында Қазақстан, «голланд дертіне» шалдығуға жол бермеуге батыл қадам жасаған бұрынғы КСРО елдерінің ішіндегі алғашқылардың бірі болды. Бұл қорды құруымен Қазақстан өзінің ТМД-дағы экономикалық реформа бойынша алда екендігін тағы да дәлелдеді. Айта кету керек, мұны ірі халықаралық қаржы институттары мысалы, Әлемдік банк немесе Еуропалық жаңарту және даму банкі бірнеше рет атап өтті. Біздің жолымызбен Ресей жүрді. Қазақстанның Ұлттық қоры дамушы елдер үшін және бұрынғы КСРО-ның сыртындағы елдер үшін модель ретінде пайдаланылады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................3-4

1. бөлім ҰЛТТЫҚ ҚОРДЫ ҚАЛЫПТАСТАСТЫРУДЫҢ ҚАЙНАРКӨЗІ........................................................................................................................5
1.1.Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі Ұлттық қордың ролі мен мәні..............5-7
1.2. Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі есепті құру, қарау
және бекіту..........................................................................................................8-12
1.3. Ұлттық қордың кіріс көздері мен пайдалану бағыттары......................13-16

2.бөлім ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫ ................17
2.1.Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын мемлекеттік басқару......17-19
2.2.Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының кірісін құқықтық реттеу.................................................................................................................20-22
2.3.Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының шығысын құқықтық реттеу ...............................................................................................................23-27

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ұлттық қор.doc

— 182.41 Кб (Скачать документ)

2007 жылғы  1 қаңтарға Қазақстан Республикасы  Ұлттық қорының қаражаты 1853398392 мың  теңгені (1851941116 мың теңге –  аудиттелген қаржылық есептілікке  сәйкес есепке алу тәсілімен)  құрады, 2007 жылғы  31 желтоқсанға 2733351338 мың теңгені (2730887908 мың теңге – аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есепке алу тәсілімен) құрады.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне  өзгерістер енгізуге байланысты («Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы           29 маусымдағы № 269 Заңы), оларға сәйкес мұнай операцияларын жүзеге асыратын барлық кәсіпорындардан тікелей салықтардың түсімі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке алуға жатады, 2007 жылғы   1 шілдеден бастап мұнай секторы кәсіпорындарының саны артты    (55 кәсіпорыннан 157 кәсіпорынға дейін).

2007 жылы  Қазақстан Республикасының Ұлттық  қорына 1139270342 мың теңге түсті,  оның ішінде мұнай секторы  кәсіпорындарынан тікелей салықтардың  түсімі есебінен (жергілікті бюджеттерге  есепке алынатын салықтарды қоспағанда) – 1037094009 мың теңге, оның 346150165 мың теңгесі (2833577 мың АҚШ долларына  барабар) кезекті айырбастау/қайта  айырбастау операциясын дәл сол  күні жүргізу жолымен Қазақстан  Республикасы Ұлттық қорының  тиісті шотына теңгемен есепке  алынған шетел валютасындағы  түсімдер, мұнай секторы кәсіпорындары  жүзеге асыратын операциялардан  түсетін басқа да түсімдер (жергілікті  бюджеттердің есебіне жатқызылатын  түсімдерді қоспағанда) – 848186 мың  теңге, республикалық меншiктегі  және тау-кен өндiру мен өңдеу  салаларына жататын мемлекеттік  мүлiктi жекешелендiруден түскен  түсiмдер – 90 мың теңге, ауыл  шаруашылығы мақсатындағы жер  учаскелерін сатудан түскен түсімдер  – 5407073 мың теңге, Қазақстан  Республикасының Ұлттық қорын  басқарудан түскен инвестициялық  кiрiстер – 95920984 мың теңге.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай  секторы кәсіпорындарынан түсетін  түсімдерде негізгі бөлікті (66,77%) заңды  тұлғалардан алынатын корпоративтік  табыс салығы, одан соң үлесі түсімдер-дің  жалпы сомасының 16,5%-ін құрайтын роялти алады. Үстеме пайдаға салынатын  салық түсімдердің жалпы сомасының 11,25%-ін құрайды және өнімді бөлу жөніндегі  Қазақстан Республикасының үлесі  түсімдердің жалпы сомасының 4,29%-ін құрады.

«Қазақстан  Республикасының Ұлттық қорынан 2007 – 2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан  Республикасының Заңына сәйкес 2007 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке даму бюджетінің шығыстарын жабуға кепілдендірілген трансферт түрінде 258000000 мың теңге  аударылды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға  байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шотынан есепті кезеңде  жалпы сомасы 1 317 396 мың теңгеге шығыстар жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқарудың қорытындылары  бойынша 2007 жылы алынған ұлттық валютада көрсетілген инвестициялық табыс 95 920 984 мың теңгені құрады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға  байланысты қызметтiң транспаренттiлiгiн  қамтамасыз ету мақсатында 2007 жылға  ауди-торлық тексеру жүргізілді. Қазақстан  Республикасының Ұлттық қоры аудитінің  нәтижелері бойынша қаржылық есептілік  шынайы деп танылды және Қазақстан  Республикасы Ұлттық қорының қаржылық жағдайы қаржы-лық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетінін көрсетті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кірістері мен шығыстары туралы есеп .  

 

Баптардыңатауы

2007 жылы

2006 жылы

1

2

3

Кірістер

   

Сыйақытүріндегікірістер

73 553 658

41 106 540

Дивидендтертүріндегікірістер

12 152 166

6 512 527

Форвардтықвалюталықкелісімшарт-тардықоспағанда, пайданемесешығынарқылыәділқұнбойыншаескерілетінқаржықұралдарынантүсетінкіріс

28 886 584

17 738 988

Форвардтықвалюталықкелісімшарт-тардантүсетін таза кірістер (шығындар)

1 417 922 

(12 910 636)

Шетелдіквалюталардықайтабағалау-дан түсетін таза кірістер (шығындар)

89 990 488

61 619 693

Кірістердіңжиыны

206 000 818

114 067 112

Шығыстар

   

Активтердібасқарғаныүшін комиссия

2 097 832

1 083 937

Кастодиандыққызметтергеақытөлеужөніндегішығыстар

193 757

170 354

Аудиторлыққызметтергеақытөлеужөніндегішығыстар

14 820

13 000

Кәсібиқызметтергеақытөлеужөніндегішығыстар

999

-

Бағдарламалықөнімдердіжәнеақпараттықдерекқордыпайдаланғаныүшінақытөлеужөніндегішығыстар

16 142

20 136

Шығыстардыңжиыны

2 323 550  

1 287 427

Таза кіріс (шығын)

203 677 268

112 779 685


 

1.3.Ұлттық  қордың кіріс көздері мен пайдалану  бағыттары.

 

2001 жылдың  ішінде Ұлттық қор жұмысын  қамтамасыз ету жөніндегі қажетті іс-шаралар толық тиянақталды. Атап айтсақ, ел Президентінің 2001 жылғы 29 қаңтардағы Жарлығымен “Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану ережесі”, сондай-ақ Үкімет қабылдаған бірнеше қаулыларға сәйкес, жоспардан тыс салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті түсімдері Ұлттық қорға есептелген шикізат секторы ұйымдарының тізбесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау ережесі бекітілді.

Ұлттық  қор бюджеттік және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған, ал мұнай кірістерінің көп бөлігін Ұлттық қорда жинақтау барынша жүйелі фискалдық саясат жүргізуге, Индустриялық-инновациялық даму стратегиясында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға, сондай-ақ болашақ ұрпақтың Қазақстанның мұнай ресурстарының игілігін пайдалану мүмкіндігіне ие болуына жол ашады.

Ұлттық  қор Президент жанындағы консультациялық-кеңесу органы саналатын – Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес арқылы басқарылады. Оның негізгі міндеті Ұлттық қорды пайдалану жөнінде Елбасыға тиісті ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Сонымен бірге Президентке және аталған Кеңеске, Үкімет пен Ұлттық Банкке Ұлттық қорды басқару жөніндегі қызметке бақылауды жүзеге асыру, өзге өкілеттіктер беру сияқты артықшылықтар ұсынылған. Ұлттық Банк пен Үкімет арасында жасалған Ұлттық қорды сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Ұлттық қорды дербес инвестициялауды жүзеге асырады. Соған сәйкес Ұлттық Банк Ұлттық қордың активтерін басқаруға сыртқы басқарушылармен шарттар жасасты. Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметтің транспаренттігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын Ұлттық қордың сыртқы аудиті жүргізіледі.

 Ұлттық  қорды пайдалану Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген мақсаттарға ғана жүзеге асырылады. Ұлттық қор қаражатын пайдалануға қатысты осыған ұқсас басқа қорлардың қаражатын пайдаланудың түрлі бағыттары бар екендігін атап өту қажет. Ол мынадай тәсілмен өріледі. Айталық, тұрақтандыру трансферттері үшін республикалық бюджетке аудару, сыртқы борыштарды өтеу, инвестициялық кірістің бір бөлігін халықтың арасында бөлу, экологиялық бағдарламаларды қаржыландыру және басқа да шешімдер негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстанда балама ретінде мұнайдан түсетін қаражатты халық арасында бөлу мүмкіндіктері қарастырылған. Алайда, бірқатар себептер бойынша бұл тетік қазіргі уақытта қолайлы емес. Біріншіден, елге мұнай долларының шамадан тыс ағыны ақша массасының артуына, инфляцияның өршуіне, ұлттық валютаны нығайтуға әкеп соқтырады. Бұл отандық өнім өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді және арзан шетелдік өнімге деген сұранысты ұлғайтады. Екіншіден, мұнай бағасы күрт төмендеген жағдайда мемлекет ақша қаражатының тапшылығын тартады және әлеуметтік төлемдер бойынша тиісті деңгейде төлем жасау қабілеті әлсірейді. Ұлттық қордың құрылуы Қазақстанның фискалдық тұрақтылығына ықпал етеді және Қорда қаражатты жинақтау ұрпақтар арасында табиғи байлықтарды біртекті бөлу қағидатына сай келеді.

Әлемдегі  нарықтық қатынастардың жаңа сапаға көшуі және ел экономикасының өркендеуі нәтижесінде бір-екі жыл бұрын Қор қызметін одан әрі жетілдіру шаралары қолға алынған болатын.

Экономикадағы өзгерістерді қаперге ала отырып, Ұлттық қордың қызметін жетілдіру мақсатында Президенттің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі Жарлығымен мақұлданған Ұлттық қорды қалыптастыру және қаражатын пайдалану тұжырымдамасы әзірленді. Тұжырымдамада жиынтықталған бюджет әдісіне көшу ұсынылды, онда мұнай секторынан түсетін кірістердің Ұлттық қорға бағытталуы қарастырылған. Бұл мемлекет келешекте мұнайдан алынатын кірістерсіз әрекет етуі тиіс дегенді білдіреді. Өз кезегінде ұлттық экономика үшін өңдеуші саланың рөлі мен мәні артып отыр. Өйткені онсыз мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің өсуі ұлғаймақ емес. Жиынтықталған бюджет әдісі бюджет шығыстарының тұрақты деңгейін қамтамасыз етеді. Мұнай кірістері Ұлттық қорға аударылатындықтан, ал Ұлттық қордан бюджетке кепілдік берілген трансферт жіберілетіндіктен, бюджет шығыстары қысқа мерзімді және орта мерзімді кезең ішінде мұнайға және мұнай бағасының өсуі мен төмендеуіне тәуелді емес.

2005жылдың  1 шілдесінен бастап Ұлттық қордың тұжырымдамасына сәйкес Ұлттық қордың жиналымдарын қалыптастырудың жаңа әдісіне көшу жүзеге асырылды, ол шоғырландырылған бюджеттің бір бөлігі болды.

 Қазіргі  уақытта Ұлттық қорға бекітілген тізбе бойынша 55 мұнай секторы кәсіпорнынан түсетін тікелей салықтың, республикалық меншіктегі және тау-кен әрі өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер аударылады. Осыған байланысты, Ұлттық қордың қаражаты кепілдік берілген трансфертті қамтамасыз етуге және Ұлттық қорды басқаруға және аудитке байланысты шығыстарды жабуға жұмсалуы тиіс. Бұл ретте Ұлттық қордан мұнайға жатпайтын сектордан түсетін түсімдердің азаюы салдарынан ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру үшін қосымша қаражат алынбауы тиіс. Ал ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың өсіп отырған шығыстары тиісті шектеулерге сәйкес қажетті қаражат қарыз алу есебінен ғана жабылуы мүмкін. Сондай-ақ, Ұлттық қордың міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде жеке және заңды тұлғаларға кредит беруге пайдаланылмайтын-дығын атап өту керек.

Ұлттық  қордың негізгі мiндеттерi экономикадан басы артық мұнай долларын шығару және теңге бағамына және инфляцияға қысымды тежеу, сондай-ақ табиғи ресурстарды  пайдалануды оңтайлы жоспарлау  арқылы макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады.

 

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұлттық  қордың кіріс көздерінің есебінен жүзеге асырылады:

бір жолғы (республикалық меншiктегi және тау-кен  өндiру мен ұқсату салаларындағы  мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн  сату);

түсiмдер көлемi бойынша тұрақты емес (мұнай  секторының түсiмдерi) кiрiстер көзi есебiнен  жүзеге асырылуы тиiс, оның мөлшерi едәуiр  шекте ауытқуы мүмкiн, ол осымен Қазақстанның бюджет саясатына елеулi ықпал жасайды.

Қаражаттарды  пайдаланудың мынадай бағыттары  айқындалуда:

республикалық бюджетке тұрақтанған трансферт;

сыртқы  қарыздарды өтеу;

экологиялық бағдарламаларды қаржыландыру;

инвестициялық кірістердің бір бөлігін халық  арасында бөлу.

Ұлттық  қордың активтерiн сенiмдi басқаруды  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi жүзеге асырады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.бөлім  Қазақстан Республикасының Ұлттық  қоры.

2.1. Қазақстан Республикасының Ұлттық  қорын мемлекеттік басқару.

 

Қазақстан Республикасының қаржылық активі түріндегі, сондай-ақ, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі  активтері Қазақстан Республикасының  Ұлттық қоры ретінде көрініс табады.

Ұлттық  қорды мемлекеттік басқару Қазақстан  Республикасы Президентінің жанынан  құрылған Кеңес тарапынан жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару  жөніндегі Кеңес Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорын тиімді пайдалану  және оны қаржылық активтерге, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағнда, өзге де мүліктерге орналастыру жөніндегі  ұсыныстарды талдайтын әрі жасайтын Қазақстан Республикасының Президенті жанындағыконсультациялық-кеңесші  орган болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару  жөніндегі Кеңестің функцияларына:

1. Қазақстан  Республикасы Ұлттық қорын қалыптастыру  және пайдалану тиімділігін арттыру  жөнінде ұсыныстар жасау;

2. Қазақстан  Республикасы Ұлттық қорын пайдалану  көлемдері мен бағыттары жөніндегі  ұсыныстарды қарау және жасау;

Информация о работе Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын мемлекеттік басқару