Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2012 в 20:51, реферат
Курстық жұмыстың тақырыбы: "Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және әлемдік практика." Менің бұл тақырыпты таңдау себебім, еліміздегі қаржы жүйесін зерттеу, құрылымын терең түсіну және қазіргі таңда бұл мәселе өте актуалды болып табылады. Болашақ қаржыгер ретінде, Республикамыздың тәуелсіздік алғаннан бергі жағдайын салыстыра келе қаржы жүйесінің өзгерісін білу.
Кіріспе--------------------------------------------------------------------------------3
Негізгі бөлім:
1.тарау. "Қаржы жүйесі" мәні
1.1. "Қаржы жүйесі" ұғымы, оның құрамы------------------------4-9
1.2. Қазақстан республикасының бюджет жүйесі, маңызы-10-13
1.3. Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидаттары----------------14-15
2.тарау. Экономикадағы қаржы жүйесінің рөлі.
2.1. Қаржы жүйесінің құрылымын жылдық салыстыру--------16-22
2.2. Қаржы жүйесінің әлемдік тәжірибесі-------------------------23-25
3.тарау. Қаржы жүйесін жетілдірудегі іс-шаралар-------------26-27
Қорытынды-------------------------------------------------------------------28-29
Қолданылған әдебиеттер тізімі--------------------------------------------30
Ақырында, мемлекеттік бюджет орындалуы мәндетті мемлекет заңдарының бірі болып табылады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан---федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер жұмыс істейді:
- республикалық бюджет;
- облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті;
- ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджеттің әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін.
1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетілді. Ол одақтық бюджеттен, 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрды. Одақтық бюджетке 1970-1990 жж. Мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болды.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджеттің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған.
Республикалық бюджет---бұл салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомствалық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамассыз етуге мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджет---облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, аудандардың бюджеті.
Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі. Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртәппен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтығы, реалистігі, дәйектілігі, жариялылығы және т. б. қағидаттарына негізделеді.
Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің құрылымы мына бөлімдерден тұрады:
1. кірістер: салықтық түсімдер;
салықтық емес түсімдер;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
ресми трансферттер түсімдері;
2. шығындар;
3. операциялық сальдо;
4. таза бюджеттік кредит беру: бюджеттік кредиттер,
5. қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо: қаржы активтерін сатып алу;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
6. бюджет тапшылығы (профициті);
7. бюджет тапшылығын қаржыландыру: қарыздар түсімі; қарыздарды өтеу; қалдықтардың қозғалысы.
1.3. Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидаттары.
Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
Қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілерге кең құқық пен дербестік берілген.
Бұл қағидат жергілікті қаржы органдарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғарғы қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын ала айқындайды.
Салалық қаржыларды басқарудағы демократиялық негіз шаруашылық жүргізуші органдарға капиталды (негізгі және айналымның капиталдарын) бекітіп беруге, оларға әр түрлі мақсатты арналымның ақша қорларын жасауға және оларды пайдалануға құқық беруде көрінеді. Жоғарғы тұрған органдар өзінің құзыры шегінде салалық қорлар мен резервтерге орналастырылатын қаражаттардың бір бөлігін қайта бөлу туралы шешім қабылдайды, оларды мақсатты пайдаланудың тәртібін анықтайды.
Кәсіпкерлік секторда қаржы дербестігі неғұрлым толық көрінеді:оның қатысушылары мемлекеттің қаржы жүйесі алдындағы міндеттемелерді орындағаннан кейін қаржы ресурстарын еркін иемденеді.
Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау. Аймақтарды дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сияқты бұл қағидаттың талаптары қаржы қатынастарында ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады. Қаржы жүйесін құрудағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары құрылымының ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аймақтық құрылымына сай келуі. Әрбір облыста, ауданда және қалада қаржы органдарының тиісті аппараты бар. Төменгі құрылымдарда арнаулы қаржы органдарының болмауы мүмкін, онда олардың функцияларын жергілікті әкімшіліктің аппараты атқарады. Федеративтік құрылысы бар көп ұлтты мемлекеттерде бұл қағидаттың маңызы аса артып отыр.
Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттарымен алдын-ала айқындалып отырады. Қаржылардың барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық және нормативтік актілерге негізделеді. Қаржы жүйесінің бірлігі қаржы ресурстарының басты көздерінің ортақтастығында, олардың қозғалысының өзара байланыстығында, қажетті қаржылық көмек көрсету үшін қаражаттарды аймақтар, салалар арасында қайта бөлуде болып отыр. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде жасалатын қаржы жоспарлары мен байланыстардың өзара үйлесу жүйесінде өзінің нақтылы көрінісін табады.
Қаржы жүйесінің жеке құрамды элементтерінің функциялық арналымының қағидаты қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығынан көрінеді. Оған айрықша қаржы аппараты сәйкес келеді. Мемлекеттік бюджеттің ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру республиканың Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.
2.тарау. Экономикадағы қаржы жүйесінің рөлі
2.1. Қаржы жүйесінің құрылымын жылдық салыстыру
1995 жылғы республикалық бюджет болжамы, млрд теңге
КІРІСТЕР |
1. ққс |
2. акциздер |
3. табысқа салық |
4. халықтан алынған салық |
5. салықтық емес түсімдер 98,2 |
ЖАЛПЫ ТҮСІМ |
|
ШЫҒЫСТАР |
1. халық шаруашылығын қаржыландыру 63,3 |
2. мәдени саланы қаржыландыру |
3. ғылымды қаржыландыру |
4. қорғаныс шығындары |
5. басқару шығындары |
6. құқық қорғау органдарына |
7. сыртқы экономика шығыны |
8. басқа да шығындар |
ЖАЛПЫ ШЫҒЫНДАР |
|
БЮДЖЕТ ДЕФИЦИТІ |
|
2004 жылғы республикалық бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы
түсімдердің атауы млн. теңге % |
ТҮСІМДЕР 722034 100,0 |
1. КІРІСТЕР 649000 |
салықтық түсімдер |
корпаративтік табыс салығы 272632 |
ққс |
акциздер |
салықтық емес түсімдер 39348 |
капиталдан алынатын кірістер 6256 |
2.РЕСМИ ТРАНСФЕРТТЕР 57630 |
3.КРЕДИТТЕРДІ ҚАЙТАРУ 15404 |