Акша кредит реферат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2013 в 16:56, реферат

Краткое описание

Экономикамыздың 80 жылдардың соңы мен 90 жылдардың басы, дағдарыстық жағдайда болды. Әсіресе КСРО- ның ыдырауы және Қазақстанның әлемдік экономикаға бірден бір мүшесі болып енуі, халық шаруашылығын нақты басқарудың басты мақсаты болып табылды. Нарықтық экономика жағдайында, бұл ақша несие саясаты арқылы іске асады.
Ақшаның және несиелік қатынастардың проблемалары экономиканың өтпелі кезеңінде актуалды болып келеді. Бұл әлеуметтік экономиканың және саяси қоғамдық қайта құры

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ақша кредит реферат.doc

— 197.50 Кб (Скачать документ)

       Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген “ҚР коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы ” нұсқауға сәйкес, міндетті резерв нормативі 18-20% мөлшерінде бекітілген болатын.Қазіргі уақытта ол төменлеп,10,5%-ды құрайды. Банктер резервтерінің артық болуы,яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің баламалы тәртібіне өтуге,яғни бұл банктердің нормативтерін орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінен төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді. 

       Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал ең төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді. 

       АҚШ пен Германияда міндетті резервтік нормалар біршама жоғары деңгейде бекітілген. АҚШ-та міндетті резервтер банктер санатына, депозиттердің шамасы мен түрлеріне байланысты болып келеді. Міндетті резервтер федералдық резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында сақталады және резервтердің артық мөлшері федералды резервтік банктердің АҚШ ақша нарығында маңызды үрдістерге байланысты операциялардың басты бір көзін құрайды.Заңмен бекітілген резервтер коммерциялық банктердің несиелеу қабілеті әсер ететін федералды резервтік банктік жүйенің басқару кеңесінің басты құралы болып табылады.Резервтердің басты мақсаты банк несиесінің артықшылығынан немесе жеткіліксіздігінен тұрады.Дәл осылай, жанама жолмен коммерциялық банктердің несиесіне жасалатын бақылау құралы және экономиканы тұрақтандыру барысында бұл резервтер салым иелерінің мүдделерін қорғау құралы болып табылады. 

Федералды резервтік  жүйе экономикалық құлдырау кезеңінде міндетті резервтердің іскетлік белсенділігін арттыру және ынталандыру үшін міндетті резервтің деңгейін жиі қысқартып отырған.Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың нормативтерді орындауына байланысты ең төменгі резервтік талаптарды орындау барысында банктерге келесідей екі тәсілді қолданады:  
1)міндетті резервтер; 

2)резервтеудің  баламалы тәртібі. 

       Орталық банк неғұрлым міндетті резервтердің нормасын жоғары тағайындаған сайын, коммерциялық банктердің операцияларды жүзеге асыруға пайдаланылатын қаражаты аз болады. Резерв нормасының өсуі ақша мультипликаторын төмендетіп, ақша жиынының азаюына алып келеді. Сонымен Орталық банк міндетті резерв нормасын өзгерте отырып, ақша ұсынысының динамикасына әсер етеді. 

       Практикада міндетті резервтер нормасы қайта қаржыландыруға сирек түседі, өйткені ондай жұмыстар өте күрделі, ал бұл құралдың күші мультипликатор арқылы жүргізгенде үлкен болады.  
Ақша-несие саясаты арқылы реттеудің бірі есеп мөлшерлемесін өзгерту.Мұндай тіркеу мөлшерлемесін пайдаланатын орталық банк коммерцмялық банктерге несие береді. Егерде есеп мөлшерлемесі өсетін болса, онда Орталық банктің қарыз беру операциялары азаяды және коммерциялық банктер қымбат несие алғаннан соң, қарыз пайыз мөлшерлемесіе өсіреді.  
Несиенің азаюы және ақшаның қымбаттауы барлық жүцеге таралады. Экономикада ақша ұсынысы төмендейді.Есеп мөлшерлемесінің кемуі керісінше әсер етеді.Әдетте тіркелген мөлшерлеме нарықтағы банкаралық мөлшерлемеден төмен болады, бірақ Орталық банктен несие алу белгілі әкімшілік қиындықтарға тіреледі.Қысқа мерзімдік несие коммерциялық банктердің резервін толтыру үшін беріледі. 

       Несиелендіру және қаржыландыру операцияларына соңғы жылдары Ұлттық банк қызметінің алдағы уақыттарда классикалық қызметіне жақындауына байланысты тиісті шаралар қолданады. Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктерді несиелеу тек қана олардың өтімділігін сақтау мақсатында жүзеге асырылады. Бюджет тапшылығын жабу үшін Үіметке несие беру бюджет саясаты аумғында, яғни Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуден бас тарту мақсатыында жүргізіледі. Жеңілдікпен несие беру және кәсіпорындардың несие үшін тікелей өтініш жасауы қарастырылған жоқ. Ұлттық банк несиелерін орналастыру аукциондар арқылы, банкаралық нарық арқылы, сол сияқты ломбардтық несиелеу негізінде жүзеге асырылады.  
Ақша нарығындағы операциялар – Ұлттық банктің айналыстағы ақша жиынының көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операцияларын білдіреді.  
      Бұл біршама ақша жиынын, коммерциялық банктердің өтімділігі жәненесиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы әдістерінің бірі болып табылады.Оның негізгі мәні ақша эмиссиясынтоқтату арқылы банктердің несиені эмиссиялауын шектеуді білдіреді. 

      Ұлттық банк нарықтағы бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып алушылардың резервтік шоттарынан тиісті соманы ұстап қалады. Сөйтіп, керісінше, банктерге несие беруді және ақша шығаруды ынталандыру мақсатында Ұлттық банк бағалы қағаздарды сатып алады да, тиісті соманы банктердің резервтік шотына қайта аударады. 

      Осы айтылғанның барлығын Орталық банк коммерциялық банктердің несиелік мүмкіндіктерін реттеу мақсатында жүргізеді.Егер Орталық банк алдында сатып алған бағалы қағаздарын қайта сату көлемі жаңа партия көлемінен көп болса, банктердің несие ресурстарының мөлшері шектеледі және керісінше.Орталық банк ақша нарығы операцияларын қажеттілік пойда болуына немесе ақша-несие эмиссия көлемінің кеңеюіне байланысты жүйесіз жүргізеді. 

      

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АҚША-КРЕДИТ САЯСАТЫНЫҢ

2012 ЖЫЛҒА  АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

2011 жылы әлемдік  экономиканың даму динамикасы Еуроодақ елдерінің және АҚШ-тың, сондай-ақ экономикалық дағдарысқа көбірек ұшыраған басқа елдердің орталық банктері мен үкіметтері қабылдаған шаралардың оның салдарларын уақытша әлсіретуге ғана әкелгенін, бірақ дағдарысты еңсере алмағанын көрсетті. Бұдан басқа коммерциялық банктердің өтімділігін қамтамасыз етуден тұратын қабылданған шаралар осы саясаттың қисынды қорытындыларына,  көбіне инфляцияны ынталандыруға әкеледі.

2007-2008 жылдары АҚШ-тан  бастау алған бастапқы дағдарыс  күшімен салыстырғанда қазіргі  сәтте еуроаймақ елдерін дағдарыс  «толқуларының» кіндігі деп санауға  болады. Аймақтар арасындағы терең  өзара тәуелді қаржы-экономикалық  қатынастардың салдарынан олардың біріндегі экономикалық ахуалдың теріс оқиғалары бірден басқа аймақтарда тізбектеліп орын алуына итермелейді.

Алдын ала деректер бойынша  бірыңғай еуропалық валютаның (еуро) айналыс аймағындағы ЖІӨ 2011 жылғы 3-тоқсанда 0,2%-ға өсті. Бұл 2009 жылғы рецессиядан кейінгі қайта қалпына келу уақытынан бергі ең нашар көрсеткіш болды. Перифериялық елдердің тәуелсіз борыштары айтарлықтай күйінде қалып отыр және банкроттықтың бүтін ел деңгейіндегі перспективасы да шындыққа айнала бастауда.

2010 жылғы мамырда Еуроодаққа мүше елдер еуропалық борыш дағдарысымен күрес жөніндегі арнайы мақсаттағы компания – Еуропалық  қаржылық тұрақтылық қорын (бұдан әрі – ЕҚТҚ) құру туралы шешім қабылдады. ЕҚТҚ жұмысы экономикалық қиындықтар кезінде еуроаймақ мемлекеттеріне қаржылай көмек көрсету арқылы Еуропада қаржылық тұрақтылықты сақтауға бағытталған. Көмек көбіне Азия елдерінен күтіледі.

2011 жылғы қыркүйекте  Еуропа Орталық Банкі (бұдан әрі – ЕОБ)  АҚШ ФРЖ-мен, Англия Банкімен, Жапонияның Орталық Банкімен және Швейцарияның Орталық банкімен бірлесіп өтімділікпен проблемалардың алдын алу үшін доллармен үш айлық кредиттер беру туралы жариялады. Бұл іс-қимыл еуропалық банктерді қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге бағытталған.

Төлемдер жасамау  дағдарысын болдырмау және экономикалық өсуді  ынталандыру үшін АҚШФедералдық резервтік жүйесі (бұдан әрі – АҚШ ФРЖ) 2008-2011 жылдары шамамен көлемі 1,6 трлн. АҚШ долл.болатын екі жеңілдету бағдарламасын жүргізді. Ақша-кредит саясатының құралы ретінде сандық жеңілдету бағдарламасын мемлекеттер елдің пайыздық ставкасы өте төмен болған жағдайда, ол арқылы ұлттық валютаның бағамын төмендету және    ақша массасын көтеру үшін мүмкіндік болмаған кезде пайдаланады.

Дамыған елдердің орталық банктерінің есептік ставкалары төмен күйінде қалып отыр. Алайда 2011 жылғы сәуірде ЕОБ соңғы екі жылда бірінші рет еуро бойынша есептік ставканы көтерді. Ол 25 базалық тармаққа1,25%-ға дейін ұлғайтылды. АҚШ пен Ұлыбританияның экономикалары банк пайызының көтерілуін көтере алмау және құлдырау аясына кіру тәуекелінің болу қаупі болғандықтан бұл елдердің орталық банктері тарапынан мұндай қадамдар жасалған жоқ. Дамыған елдердің сипатталған монетарлық саясаты инфляцияның жоғарғы қарқынының қисынды салдары болары сөзсіз.

Инфляциялық тәуекелдер экспорттық бағыттан ішкі сұранысты ынталандыруға бағдарлану мақсатында өз экономикасына орталықтан инвестициялауды күрт ұлғайтқан Қытайдағы инфляцияның «дүмпуі» салдарынан көтерілді. Мемлекеттік инвестициялардың қомақты өсуі Қытайда инфляцияның айтарлықтай өсуіне әкеп соқты және Қытай үкіметін өзінің қаржы саясатын қатаңдатуға мәжбүр етті, бұл әлемдік нарықтарда Қытай сұранысының шарасыз төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Әлемдік экономиканың келтірілген дағдарыстық құбылыстарының дамуына байланысты Қазақстанның қаржы  жүйесінің одан әрі жұмыс істеуіне әсер ететін мынадай факторлар анықталады – коммерциялық қаржы құрылымдарында сырттан қарыз алуға мүмкіндіктері шектеулі күйінде қалады  (кредиттік ресурстардың бұрынғыдонор-елдері бүгіндері қаржыны өздері қажетсініп отыр); әлемдік экономикадағы стагфляциялық үрдістер күшеюде. Жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда Қазақстан экспортының негізгі баптары бағаларының қалыптасқан қолайлы конъюнктурасы дағдарыс салдарларының әсерінен ойламаған жерден өзгеріп кетуі мүмкін екендігін атап өткен жөн.

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы жоғарыда көрсетілген экспорттау тауарларының қолайлы бағаларымен де, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске асыруымен де байланысты. Еліміздің қаржы секторының тұрақты жұмыс істеуі және депозиттік базаның өсуі осы жағдайдағы негізгі көрсеткіштер болып табылады.

Соңғы үш жылда  бірінші рет банк секторының кредиттік  белсенділігі байқалады. Экономиканы кредиттеу қарқынының төмендігі кредиторлардың әлеуетті заемшыларға сенімінің төмендігімен, сондай-ақ банктердің несие портфелі сапасының төмендігімен байланысты.

Қазақстан Республикасының  Үкіметі қабылдаған іс-шаралармен бірге  ақша-кредит саясатының шаралары сыртқы күйзелістер нәтижесінде жылдың бірінші жартысында жылдам дамыған инфляциялық үдерістердің қарқынын төмендетуге мүмкіндік берді. 2011 жылғы қазанның соңында жылдық инфляция деңгейі өзінің мақсатты дәлізі 6-8%-ға қайтып келді.

 

Дамыған елдерде  дағдарыстың тереңдеуінің сипатталған  оқиғалары теңгенің айырбастау бағамының күрт ауытқуының алдын алуға бағытталған ақша-кредит саясатын жүргізу нәтижесінде Қазақстанның ұлттық валютасының орнықтылығына әсер еткен жоқ.

Әлемдік экономикалық дағдарыстың ықтимал айналымдарына  Қазақстан экономикасының орнықты  болуы елдің алтынвалюта резервтерімен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорымен көрсетілген «беріктік қорының» болуымен нығайтылады.

 

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылға арналған ақша-кредит саясаты

 

Сыртқы нарықтарда ахуалдың дамуының тұрақсыздығына байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін ақша-кредит саясатының қысқа мерзімді саясатын ескере отырыпҚазақстан Республикасының ақша-кредит саясатын  2012 жылғы шеңберде ғана әзірлеуге шешім қабылдады.Ақша-кредит саясатының және төлем балансының негізгі өлшемдері, оның ішінде ақша-кредит саясатының кейінгі жылдарға арналған шаралары  2012 жылдың нәтижелері бойынша нақтыланатын болады.

2012 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін ақша-кредит саясаты қызметінің басым бағыты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету, яғни жылдық инфляцияның төменгі деңгейін, барабар қалыптасқанмакроэкономикалық алғы шарттарды қолдау болып қала береді.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі негізгі мақсаты  ақша-кредит саясаты болғандығына қарамастан баға тұрақтылығын айқындады, инфляциялық таргеттеу қағидаттарына өту барынша ұзақперспективаларға ауыстырылады. Таяу перспективада негізгі күштер ақша-кредит саясаты құралдарының тиімділігін жетілдіруге және арттыруға, сондай-ақ қабылданатын шаралардың ақша нарығының жай-күйіне ықпалын күшейтуге   шоғырландырылатын болады.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының  ақша-кредит саясатын жүргізу кезінде экономикадағы ақша ұсынысын икемді реттеу бойынша шаралар қабылдайтын болады. Ақша нарығында қысқа мерзімді өтімділік тапшылығы туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өтімділікті беру бойынша операциялар көлемін ұлғайтатын болады.

Сонымен қатар  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  монетарлықты құрайтын қызметтің оңтайлы деңгейде болуын және қосымша  инфляциялық қысым көрсетпеуге тырысатын болады.

Қысқа мерзімді ноталар шығару және екінші деңгейдегі банктердің депозиттерін тарту Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкі үшін банктердің артық өтімділігін айықтыру, сондай-ақ қаржы нарығындағы сыйақы ставкаларын реттеу бойынша негізгі құралдар болып қала береді.

Информация о работе Акша кредит реферат