Акша кредит реферат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2013 в 16:56, реферат

Краткое описание

Экономикамыздың 80 жылдардың соңы мен 90 жылдардың басы, дағдарыстық жағдайда болды. Әсіресе КСРО- ның ыдырауы және Қазақстанның әлемдік экономикаға бірден бір мүшесі болып енуі, халық шаруашылығын нақты басқарудың басты мақсаты болып табылды. Нарықтық экономика жағдайында, бұл ақша несие саясаты арқылы іске асады.
Ақшаның және несиелік қатынастардың проблемалары экономиканың өтпелі кезеңінде актуалды болып келеді. Бұл әлеуметтік экономиканың және саяси қоғамдық қайта құры

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ақша кредит реферат.doc

— 197.50 Кб (Скачать документ)

        Экономикамыздың 80 жылдардың соңы мен 90 жылдардың басы, дағдарыстық жағдайда болды. Әсіресе КСРО- ның ыдырауы және Қазақстанның әлемдік экономикаға бірден бір мүшесі болып енуі, халық шаруашылығын нақты басқарудың басты мақсаты болып табылды. Нарықтық экономика жағдайында, бұл ақша несие саясаты арқылы іске асады.

       Ақшаның және несиелік қатынастардың проблемалары экономиканың өтпелі кезеңінде актуалды болып келеді. Бұл әлеуметтік экономиканың және саяси қоғамдық қайта құрылулармен байланысты. Әлеуметтік экономиканың қатынастарының трансформациялануы, соңғы жылдары Қазақстанда байқалған. Ақша несие саясаты реттеудің және ақша несие саясатының жаңа ұйымдастырушылық аспектілерді оқып білуіне қажеттілік туғызды.

       Қазіргі кездегі экономистер ақша несие саясатын демократиялық қоғамға қажетті, ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеудегі ең қолданбалы құралы екенің айтады.

Жоғарғы қорытынды мақсаты:

- бағаның тұрақтылығын  қамтамасыз ету;

- толық жұмыспен  қамсыздандыру;

- ЖҰӨ нақты көлемін  ұлғайту.

       Ақша теориясы ақша несие саясатының негізін құрайды. Ақша теориясы, ақшаның және ақша несие саясатының жалпы экономикаға ықпал ету процессін зерттейді.

       Бүгінгі біздің өмірімізге және бүгінгі күнгі Қазақстанға ақша несие саясатын оқып білу актуалды және қажетті. Қазақстанның ақша несие саясаты американдық, ағылшындық немесе басқа сол сияқты экономикасы дамыған елдерде жүргізілетін монетарлық саясаттай бола алмайды. Яғни бұл мәселе әлі де ұзақ зерттеуді қажет етеді. Ақша несие саясаты теориясы толық зерттелген, бірақ Қазақстанды экономикаға енгізілу процессінің зерттелуі әлі жалғасуда (яғни адаптациялануы).

       Соңғы жылдары экономиканы комплексті реформалау арқасында Қазақстанның қаржы секторы ТМД елдерінің қаржы жүйесінің ішіндегі жоғары дамыған және ашық болып табылады. Қазіргі кезде қаржы секторын дамыту концепциясы жүзеге асырылып келеді.Оның мақсаты әлемдік, сонымен қатар ЕС стандарттарын енгізу.Сонымен қатар тәелсіз және тиімді қаржылық қадағалау жүйесі жүзеге асырылуда, ТМД елдерінің арасында жалғыз Орталық Банк жасалған.Оның жұмысы Орталық Банктің классикалық қызметтеріне бағытталған.  
       Орталық Банктің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету.Оған жету үшін Орталық Банк келесі мәселелерді шешеді: мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау және жүргізу, валюталық реттеу мен бақылау жасау, төлем жүйесінің жұмысын жасауын қамтамасыз ету, тұрақты қаржы жүйесін қамтамасыз етуге жағдай жасау. 

       Орталық Банктің негізгі мақсатарының ішінде ақша-несие саясатын халықаралық стандартарға жақындату қарастырылған, бұл үшін Орталық Банк нарықтық пайыз мөлшерлемесін қадағалап отырады.Ақша-несие саясатының операциялық негізді жетілдіру жұмыстары және ақша-несие саясатының тәсілдері мен құралдарын оптималдау, трансмиссиондық механизм моделін құрастыру және инфляциялық таргеттау принципіне өтуге дайындақты жалғастырады.  
       Келер жылдары экономика қызып кету қаупі , мемлекеттік бюджет шығындарының өсуі ақша-несие саясатының қатандауына әкелуі мүмкін.  
Ақша-несие саясатының бсқа негізгі мақсаты капитал қозғалысымен бацланысты тәуекелді реттеуді жаңадан қарауы мен 2007ж 1 қаңтарынан бастап валюталық режимнің толық либерализациясына жету болып келеді.  
Валюталық режимін либерализациясын реттеудің негізгі мақсаты 2007ж бастап валюталық операцияларды жүргізуге шек қою мен ұлттық валютаның толық конвертациялану принципіне көшу үшін жағдай жасау.Бұл үшін келесі жұмыстарды жасау қажет.Біріншіден, валюталық операцияларды жүргізу барысында тәуекелді хеджирлау құралдарын қолдану үшін жағдай жасау.Екіншіден, ақша-несие саясатының мақсаттары мен сыртқы шоктарды реттеу үшін шетел валютасына сұраныс пен ұсынысты реттеу құралдарын жақсарту.Үшіншіден, реттеудің халықаралық принцптері мен қаржылық мекемелердің валюталық операцияларын қадағалауды қамтамасыз ету.  
Орталық Банк “қалқып жүретін айырбас бағамы’’ саясатын жалғастырады.Валюта бағамының қысқа мерзімді және спекулятивті тербелістерін женілдету мақсатында ғана валюта бағамының қалыптасуына әсер етеді.  
       Орталық Банк интегралды қоғамдастықтар шегінде, ЕврАзЭС пен ТМД сияқты, төлем жүйесі мен басқа қаржылық интеграциялау бағытында жұмыстарын жалғастырады, сонымен қатар Бірыңғай Экономикалық Кеңістікті қалыптастыру мақсатында мемлекет және ведомствоаралық топтардың жұмысына араласуды ойлайды.

 

 

 

       Ақша-несие саясаты елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге және экономикалық өсу үшін қолайлы жағдайлар жасуға бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлімдерінің бірі болып табылады.

      Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің ақша-несие саласында қолданатын өзара байланысты шаралар жиынтығы.

       Мемлекет өндірістік салаға тікелей әсер ете алмайды, ол кәсіпкерлік шешімдерге тек жанама реттеу арқылы әсер етеді. Сондықтан ақша-несие саясаты мемлекеттің өндіріске әсер етуінің тиімді әрі икемді әдісі болып табылады.

       Ақша-несие саясатының мақсаты – ұлттық шаруашылықтың тұрақты дамуы

мен тепе-теңдікте болуын қамтамасыз ету. 

Ақша-несие саясатының негізгі субъектісі – Орталық банк (Ұлттық Банк). Ол үкіметтік институт болмағанымен оның нұсқауларын орындайды. Алайда Ұлттық Банктің мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы рөлі мен маңызына көңіл аударатын болсақ, ол өз алдына дербес ұйым болып табылады. Сондықтан оның өздігінен шешім қабылдауға толық құқы бар. 

Ұлттық банктің міндеттері екі бағытта атқарылады:

- Валюта жүиесінің  бірқалыпты тұрақты дамуын қамтамасыз  ету.  
-    Мемлекеттің мүддесін қамтамасыз ету үшін жеке коммерциялық банктердің несие қызметіне әсер ету. 

Мемлекеттің ақша-несие  саясатының мақсаттары: 

-    өндіріс көлемін өсіру; 

-    толық жұмысбастылық; 

-    инфляцияны төмендету. 

Мемлекеттің ақша-несие  саясатының құралдары: 

1. Ашық нарықтағы операциялар. Ұлттық банктың ашық нарықта ақша массасының көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің құнды қағаздарын сатуы және сатып алуы. Мұның мағынасы: Ұлттық банк ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік мүмкіншіліктерін шектеу мақсатында, нарықта құнды қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған банктердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығару. Керісінше, ақша шығаруын және несиелерді беруді ынталандыру үшін Ұлттық банк құнды қағаздарды өзіне қайта сатып алып, оның құнын банктердің резервтік шотына аударады.  
2. Резервтік норманы өзгерту - ақша-несиені реттеуде қолданатын өте қатаң құрал. Ұлттық банк барлық банк мекемелердің міндетті резервті нормасын бір мезгілде өзгерту арқылы әрбір банктің резервінің көлеміне тікелей әсер ете алады. Міндетті резервтер – бұл әрбір коммерциялық банктер салымдардың бір бөлігін міндетті түрде сақтау қоры ретінде мемлекеттің Ұлттық банкте ұстауы қажет.  
3. Есептік ставкасын өзгерту - коммерциялық банктер Ұлттық банктен несие алғанда ақша көлемін реттеу мақсатымен бірінші дәрежедегі банк несиенің мөлшерлемесін жиі өзгертіп отырады. (пайыз мөлшерлемесін көтерсе коммерциялық банктер алатын несиелерін азайтуға мәжбүр болады, керісінше, төмендетсе – несие көлемі өседі) Осы жоғарыда келтірілген 3 құралдарды қолдану – мемлекеттің «арзан ақша саясаты» және «қымбат ақша саясаты» деп аталады. Қазақстанда осы келтірілген құралдармен қатар, ақша айналысын реттеу үшін басқа да тәсілдер қолданылады. 

4. Күрделі несиелік  қаржының өсімін шектеу. Ұлттық  банк коммерциялық банктердің  несиелік қаражаттарының бөлінуін  пайыздық норма арқылы шектеп отырады.  
5. Ерікті келісімдер бойынша Ұлттық банк коммерциялық банктермен өзара келісімге келеді.

        Қазақстан Республикасы ақша-несие саясатының негізгі міндеттері  
Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесі реформалаудың ұзақ та қиын жолынан өтті. Еліміздің егемендік алған алғашқы жылдарындағы қолайсыз макроэкономикалық жағдай (инфляцияның жоғары деңгейі, мемлекеттік бюджет тапшылығы, жоғары пайыз мөлшерлемесі, т.б.) тиімді ақша-несие саясатын құруға айтарлықтай кедергі жасады. Алайда уақыт өте келе бұл қиыншылықтарды жеңе отырып еліміздің қаржы жүйесіне оңтайлы өзгерістер енгізілді. Ғылыми әдебиеттерде көрсетілгендей, «Қазір шетелдік мамандардың бағалауы бойынша Қазақстанда ТМД елдерінің арасындағы ең үздік, бүгінгі заман талаптарына сай, жаңа банктік жүйе қалыптасты. Бұл реформалаудың маңызды жетістігі, өйткені рыноктық экономикаға өту кезеңінде Қазақстанның өзіндік дәстүрлі банктік мектебі болған жоқ». 

Бүгінгі күні ақша-несие  жүйесін одан әрі жетілдіру үрдісі жалғасуда және мемлекет алдында жаңа маңызды, ауқымы зор міндеттер тұр:  
- Ақша-несие саясатының инфляциялық аргеттеу принципіне өту арқылы инфляция деңгейін төмен деңгейде (жылына 3-4 пайыз деңгейінде) ұстап тұру.  
- Теңгенің шетел валютасына қатысты нақты бағамының өсуін тежеу арқылы әлемдік рынокта қазақстандық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін көтеру. 

- Нақты секторды несиелеуді  өсіру және оның ресурстық  базасын кеңейту арқылы банктік  жүйе мен сақтандыру рыногының  тұрақты дамуын қамтамасыз ету.  
- Қаржы рыногына қатысушылардың бақылау қызметтерін Ұлттық Банкке жұмылдыру арқылы олардың мемлекеттік реттеудегі қызметін жетілдіру.  
- Қазақстанның төлемдік жүйесін Еврокеңес стандарттарына жақындату арқылы ТМД елдері арасындағы жалпы төлемдік жүйені қалыптастыру. Мұнда Ұлттық банк электрондық ақшаларды енгізу мен дамытуды жоспарлайды. 

       Шаруашылық жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:  
1. рекстрикциялық ақша-несие саясаты; 

2. экспанциялық  ақша-несие саясаты. 

       Рекстрикциялық ақша-несие саясаты – екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталған шаралар жиынтығы.  
      Экспанциялық ақша-несие саясаты – несие беру көлемін кенейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы дылдардағы ақша-несие саясатының басты көзлеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. 

       Ақша саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады:  
Ақырғы мақсат: 

а)экономиканың өсуі; 

ә)толық жұмысбастылық; 

б)бағаны тұрақтандыру; 

в)төлем балансын тұрақтандыру. 

Ақырғы мақсат: 

а)ақша жиыны; 

ә)пайыз мөлшерлемесі; 

б)айырбас курсы. 

 

Құралдары:  
а)несие берудің лимиті,пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу; 

ә)міндетті резервтер  нормасының өзгеруі; 

б)есептеу мөлшерлемесінің  өзгересі; 

в)ашық нарықтағы  операциялар. 

       Тікелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасанда айырмашылықтар бар.Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты.Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерестер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады,соңғылары алғашқыларын ығыстырады.  
       Соңғы мақсатар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясатарды ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады. 

       Аралық мақсаттар жағдайда тікелей орталық банктің жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады. 

       Бұл мақсатарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі: 

-қайта қаржыландыру  мөлшерлемесі:ресми мүдделендіру мөлшерлемесі деңгейін белгілеу; 

-ҚҰБ-те жинақталатын  ең төменгі міндетті резервтер  нормасын белгілеу, оның ішінде  сырттан тартылған қаражаттарды  мерзіміне, көлеміне және түрлеріне  байланысты жіктеу; 

-мемлекеттің  бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу; 

-банктерге және  үкіметке несие беру; 

-валюталық нарықтағы  басқыншылық; 

-кейбір жағдайларда  несиелік операциялардың жекеленген  түрлерінің деңгейі мен көлеміне  тікелей саңдық шектеулер еңгізу; 

-ресми есепке  алу(дисконттық ) мөлшерлемесі. 

        Қазақстан Ұлттық Банкі өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін,сол сияқты басқа мүдделендіру мөлшерлемесін белгілейді.Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа,инфляция деңгейіне байланысты белгілейді.ҚҰБ мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асыратын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланылады. 

      ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты – айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі,шын мәнінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды.Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.  
Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы да бір маңызды фаеторы – шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады.Өткенге оралатын болсақ, теңгені енгізгеннен кейінгі жарты жылдай уақыт ішінде, валюталардың бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық табысқа қол жеткізу мүмкіндігінің салдарынан банктің қысқа мерзімді капиталдары несиелік нарықтан валюталық нарыққа ауысып кетті.Теңгенің айырбас бағамы анықталатын сыртқы көрінісі мен сыртқы құны арасындағы шекті қатынастың бұзылуы ұлттық валютаның тұрақсыздығын одан сайын арттыра түсті.  
Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлеріне пайыз мөлшерлемесінің белгілеу базасы ретінде қызмет етеді.Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің шамасы ақшалай қаражаттарға деген сұранысқа және инфляция деңгейіне байланысты келеді. Ұлттық банк мүдделендіру мөлшерін реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының шамасына әсер етеді және несиеге деген сұранысты аттыруға немесе қысқартуға мүмкіндік жасайды.Ресми пайыз мөлшерлемесінің деңгейі екінші деңгейдегі банктер үшін, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау шегіндегі негізгі бағыттарын сипаттайтын басты бір көрсеткішті білдіреді.  
       Ұлттық банктің ресми пайыздары, оның тікелей бақылауына жатпайтын несиелік ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгілейтін нарықтық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді.Соның негізінде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгіленетін Ұлттық банктің қысқа мерзімді шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттік қысқа мерзімді несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты төмендеп отырған. Пайыздың нақты бейнелері,өз кезегінде инвестициялау үшін әлеуметтік ресурс болып табылатын депозиттердің несиелік мекемелерге ағылуын арттыра түсті. 

      Коммерциялық банктер Орталық банкке пайыз мөлшерлемесі есептелмейтін салым ретінде ақшаны сақтайды.Бұл депозиттегі ақшаларының белгілі бір бөлігі, мұны міндетті резервтер деп атайды.  
Міндетті резервтердің нормасы депозиттің көлемімен белгілі бір пайыз мөлшерлемесі арқылы тағайындалады.Олар салымның түрлеріне байланысты бөлінеді. Мысалы,жедел салым талап етілген салымнан төмен болады.  
Банктер артық резервтерді сақтайды – бұл міндетті резервтердің артық сомасы өтімді құралдарға сұраныс өсетін төтенше жағдайларда пайдаланылады.  
Ақша нарығындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несие көлемін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері аен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.  
       Резервтік талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік коммерциялық банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликатор үрдісін реттеу қызметтерін атқарады. 

Информация о работе Акша кредит реферат