Таным және шығармашылық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 12:51, реферат

Краткое описание

Ақыл парасат, сана – сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі — өзін қоршаған ортаны танып – білуге деген ерекше ұмтылыс. Адам айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғи әлемді танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үнілнді, қасиеттерін анықтайды, даму заңдылықтарын біледі, өзінің орнын, басқа адамдармен қарым – қатынасын белгілейді.

Содержание

І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім. Таным және шығармашылық.
1. Таным дегеніміз не?
2. Танымның практикалық табиғаты.
3. Таным кұрылымы.
4. Танымдағы ақиқат мәселесі.
5. Таным деңгейлері мен әдістері.
6. Диалектика және метафизика.
7. Синергетика методологиясы.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Реферат Таным және шығармашылық..doc

— 198.50 Кб (Скачать документ)

   Метафизика дамуды «заттың бірте-бірте үлкеюі, я болмаса кішіреюіне» теңейді. Мысалы, ананың ішіндегі пайда болған ұрық, метафизикалық тұрғыдан қарағанда, кішкентай аяқ-қолы, басы бар адам. Ол ананың ішінде 9 ай үлкейіп-өсіп, дүниеге келеді. Ал қазіргі ғылым мұндай көзқарастың дұрыс еместігін көрсетіп отыр. Шынында, ұрық 9 айдың ішінде бүкіл тіршіліктің млрд. жылдар бойы өткен жолын қысқаша қайталап өтеді. Ал дүниеге келген жас сәби тұлғалық қасиетке ие болу үшін, негізінен, 3 жасқа шейін халықтың мыңдаған жылдар бойы дамытқан тілін меңгеріп, «мендік» сезімге жетеді. Мұны ғылыми тілде онтогенездің (нақтылы организм) филогенезді (тектің дүниеге келіп, өмір сүруі) қайталауы дейді.

   Метафизика дамуды өткен сатыны қайталаумен теңейді. «Бұл ай астындағы дүниеде еш жаңалық жоқ, бәрі де өз шеңберіне оралады. Қыстан кейін тағы да көктем, жаздан кейін келетін күз тағы да қыс мерзіміне әкеледі» деген «терең» пайымдауды оқырман талай рет естіген болар. Сырттай қарағанда, дәл сол сияқты. Бірақ биылғы қыс өткенмен толық тең емес. Табиғатта біз байқай алмайтын, я болмаса мән бермейтін жаңалықтар өне бойы болып жатады да, мыңдаған жылдардан кейін белгілі бір жаңа сапаға әкеледі. Өкінішке қарай, адамның бұл өмірдегі өмірі өте қысқа. Егерде біз мыңдаған жыл өмір сүрсек, онда біз өміріміздің соңында табиғаттың жаңарғанын, жас кезімізде болмаған құбылыстардың Дүниеге келгенін байқаған болар едік. Біз, мысалы, өткен заманда динозавр, птеродактиль сияқты алып жануарлар мен құстардың өмір сүргенін білеміз. Оның айғағы - жер астында қалған солардың сүйектерінің қалдықтары. Қорыта келе, табиғаттың өзі өне бойы даму үстінде екенін, метафизикалық «бір шеңбердегі қайталаудың» жалғандығын байқауға болады.

   Қоғамтану, саясат, дипломатия т.е.с. салаларда софистика мен эклектика - жиі кездесетін құбылыстар. Софистиканың шыққан тегі - коне Греция, нақтылап айтсақ, - Афиналық демократия кезеңі. Билікке ұмтылып, бақталастыққа бой ұрған Афинаның бай азаматтары сайлау кезеңінде халық алдына өз саяси бағдарламаларын ұсынып, бір-бірімен айтысқа түседі. Жеңіске жету, көп жағдайда, кұлаққа жағымды майда сөйлеу, өз саяси ұстанымының ақиқаттығына сендіру, халық алдында өз даналығы мен көрегендігін көрсетумен т.с.с. байланысты болды (тіпті бүгінгі күнгі біздің өміріміз сияқты!!! Тек біз оны қазір «пиар-технология» дейміз). Ал ол үшін риторика (әсем сөйлеу өнері), қисын (ойды дәлелдеу, я болмаса терістеу өнері), философия (даналыққа жету өнері) сияқты пәндерден сабақ алуға тура келді. Бүл пәндерден сабақ беретін мамандар тыңдаушылардың талабына сай айтылған ойды қалайша теріске шығару, бұрмалауға болатыны жөнінде дәріс берді. Осы себептерге сәйкес софистика дүниеге келеді. Сондықтан да грек халқы «софистика» деген сөзді «жалған даналық» деп түсінді (софистиканың философиялық негіздерін қалаған Протагор )

   Софистика деп саналы түрде жалғанды ақиқат деп, болмаса, керісінше, дәлелдеу әрекетін айтамыз. Ол, бір жағынан, қоғам өмірінің күрделілігі, оның шеңберіндегі топтардың әртүрлі мүдделерінің болуы, екінші жағынан, саясатта үстем топтың өз мүддесін іске асыру жолындағы іс-әрекетінен шығатыны сөзсіз. Мысалы, бүгінгі таңдағы аса өткір мәселе - халықаралық терроризмді алар болсақ, оның шынайы қайнар көзі жыл сайын сарқылып келе жатқан энергия ресурстарын зорлық-зомбылық жасап, күші келген-дердің қайта бөлу әрекетінен туындайды. Нақтылай келсек, 2003 ж. басталған Ирактағы соғысқа кінәлі - Саддам Хусейннің саяси режимі емес (ақырында, сол елді АҚШ басып алып, қанша іздесе де, бірде-бір адамзатқа кауіпті қару-жарақ таппай қойды), АҚШ-тың сол елдің мұнайын өз қолына алуына бағытталған іс-әрекеті жатқаны сөзсіз. Бірақ сол елдің әкімшілігі неше түрлі софистикалық «дәлелдемелерді» пайдаланып, халықаралық қауымдастық алдында төккен абыройын жуып-шайып жатқаны ...

   Эклектикаға (eklektikos қанша іздесе де, грек сөзі, таңдау) келер болсақ, ол адамның саналы түрде белгілі бір саладағы эртүрлі ымыраға келмейтін құбылыстарды таңдап, бір арнаға қүю әрекетінен пайда болады.

 

7.Синергетика методологиясы

 

   Әрине, ғылымтану методологиясы да бір орында тұрып қалмайды. XX ғ. 80 ж.ж. Батыста «синергетика» (бірге іс-әрекет жасау мағынасын береді) ілімі пайда болды. Оның негізін қалаған И.Пригожин мен Г.Хакен болды. Синергетика - ашық және өз-өзіне толығынан тең емес жүйелердің өзіндік ұйымдасуы мен өзгеру, даму заңдылықтарын зерттейтін ілім. Ал енді осы берілген анықтаманы талдап көрелік.

   Расында да, бүл Дүниеде бәрі де бір-бірімен байланысты болғаннан кейін, «жабық жүйе» болуы тіпті де мүмкін емес. Бүрынғы Кеңес қоғамының артта қалуының себептерінің бірі Батыс елдерінен өзін жабық ұстағысы келгені емес пе? Ал соғыстан кейінгі Албанияны алсақ, Батыс пен Шыгыстан жабылған ол ел Еуропаның нақ ортасында болса да, қайыршылық деңгейге жеткен жоқ па?

   Ашық жүйе, әрине, ешқашанда өз-өзіне толық тепе-тең болмайтыны да айдан-анық, өйткені ол жүйеге неше түрлі басқа заттар мен құбылыстар өз әсерін тигізбей қоймайды. Бірақ бүкіл Дүниені біртүтас «Үлкен Жүйе» ретінде қарасақ, онда оның тепе-теңдігін кім, я болмаса не бұзады деген сұрақ пайда болуы мүмкін. Қазіргі ғылым оны вакуумная көреді.

Енді «өзіндік үйымдасу» ұғымына келер болсақ, бұл идея философия тарихында көптен бері бар. Материяның ішкі өзіндік күші арқылы дамуға мүмкіндігі бары жөнінде уақытында Б.Спиноза, К.Маркс сияқты ойшылдар айтқан болатын. Бірақ өлі табиғатты зерттейтін жаратылыстану ғылымдарында көпке дейін «теормодинамиканың екінші бастамасы», яғни табиғатта болып жатқан энтропия (ыдырау, хаоска айналу) заңы «өзіндік ұйымдасу» идеясына өз кедергісін тигізген болатын. Сондықтан биология саласына Ч.Дарвин еңгізген «эволюция, күрделену» заңдылықтары, жалпы жаратылыс тану ғылымында үлкен қайшылық тудырды. Бір жағынан, энтропия заңдылығы Дүние бара-бара суып, тұрпайыланып хаосқа айналады десе, екінші жағынан, биология ғылымы тіршіліктің өне бойы күрделенуін мойындады. Міне, синергетика ілімі осы қайшылықты шешеді.

Синергетика ғылымы хаостың жасампаздық бастамасын, эволюциялық үрдістегі конструктивтік, тәртіпті тудыру мүмкіндігін көрсетеді. Бір жағынан, Дүниеде ыдырау, шашылу, тарау үрдістері жүріп жатса, екінші жағынан, күрделену, тәртіпке келу, дамуды байқауға болады.

Енді өзгеру, даму заңдылықтарына келер болсақ, ол Дүниедегі барлық заттар мен құбылыстарға (өлі, тірі табиғатқа, қоғам өміріне, ой өрісі дамуына) ортақ болып шықты. Синергетика ілімі бойынша, даму барысындағы ашық та тепе-теңдікте емес жүйе алғашында бірте-бірте күрделене және тәртіптене түсіп, ақырында өзінің бейтұрақтық бифуркациялық (әр тараптық) нүктесіне келіп тіреледі де, оның алдында, практикалық түрде, әрі қарай тәрақты дамудың сан қилы жолдары ашылады. Жүйенің қай жолға түсетіні белгісіз, тек оны анықтайтын - «Ұлы Мәртебелі Кездейсоқтық». Ол - даму механизмінің қажетті кілті. Сонымен бұл теорияның «ақылға сыймайтын» ғажап жағы - кездейсоқтықтың дамудағы ерекше рөлі. Шексіз кездейсоқтықтардың біреуі "таңдалғаннан" кейін, жүйе жаңа тұрақты даму барысына көшеді (келесі бифуркациялық нүктеге дейін).

   Әңгіменің қиындығы мынада. Мұндай жүйенің әрі қарай даму жолын алдын ала анықтау тіпті де мүмкін емес. Әрине, компьютерлік бағдарламалар арқылы біршама даму жолдарын анықтауга болады. Дегенмен де жүйенің қай жолмен әрі қарай дамитыны әрқашанда белгісіз болып қала береді. Сонымен даму барысындағы көптінділік мойындалды да, бұрынғы классикалық біртінділік даму заңдылықтары (заттың дамуының бастауын, қазіргі ахуалын зерттеп, болашақта не болатынын болжау) сирек кездесетін құбылысқа айналды.

   Синергетика іліміндегі флуктуация ұғымының (болар-болмас нәрсенің бейнақтылық дәрежеге көтерілген үлкен күрделі жүйені жаңа даму жолына түсіріп жіберу мүмкіндігі) қоғамтануда, саясаттағы рөлі зор. Қоғам өміріндегі даму үрдістері бифуркациялық нүктеге жақындаған кезде, қайсыбір кездейсоқ оқиға, тіпті жеке адамның іс-әрекеті, ойламаған жерде үлкен әлеуметтік дүмпулерге әкелуі мүмкін.

   Сонымен синергетика философиялық-методологиялық дәрежеге көтерілген соңғы жылдардағы теория десек қателеспейтін болармыз. Осы теорияның арқасында біршама диалектикалық категориялар: мүмкіндік пен шындық, кездейсоқтық, біртінділік пен көптінділік, ақпарат, қайшылық, себептік т.с.с. өздерінің жаңа жақтарымен көрініп, ғылымда басқаша елеулі мағынада қолданыла бастады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

   Қорыта айтқанда, таным процесіндегі субъект – объект, объект – субъект қатынастары, адамның ой санасы мен сыртқы пактикалық қызмет арқылы байланысқан. Таным болмыстың жай ғана бейнесі емес, ол адамның практикалық қызметі барысында іске асады. 
Таным теориясы адамзаттық философия тарихын, мәдениет пен ғылым тарихын, техника мен практика жетістіктерін философиялық жағынан қорытуының нәтижесі. Сонымен бірге ол қазіргі ғылыми – техникалық революция және жаңаша ойлау жетістіктеріне сәйкес одан әрі тез қарқынмен дамуда. Қазіргі жағдайда біз таным теориясы ретіндегі диалектиканың практикалық және теориялық рөлі арта түскенің көріп – біліп отырмыз. 
Ақиқат – танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субъектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған объектіге сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі мүмкін. Осыған орай ғылым мен философияда ақиқат проблемасы алға тартылады. 
Ақиқат дегеніміз не? Аристотель өзінің «Метафизикасында” ақиқатты біздің қоршаған дүниедегі заттармен құбылыстардың адам санасында бейнеленуі деп түсінді. Дегенмен ол ақиқаттың дәйекті материалистік ұғымын бере алмады. 
   Шын мәнінде, ақиқат дегеніміз біздің біліміміздің бізден тысқары түрған объектіге сәйкес келуі, оның санамызда дәл көрініс тауып, бейнеленуі. Ақиқатөа жету субъект пен объект арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп жататын әлеуметтік – тарихи процесс. 
Егер объективті ақиқат бар болса, оны білдіріп отыратын адамның тұсінігі сол ақиқатты бірден, толығы мен, тұтасынан объсолютті тұрде емес, тек шамамен, біртіндеп, салыстырмалы тұрде ғана білдіреді. Бұл жерде салыстырмалы ақиқат пен объсолютті ақиқаттың ара қатынасын көреміз. 
Сонымен, ақиқат теориясы мынадай қағидаларға сүйенеді: 1) ақиқат — әлеуметтік процес; 2) объективті ақиқатты мойындау – объсолютті ақиқатты мойындау деген сөз; 3) ақиқат барлық жағдайда нақты; 4) практика – ақиқаттық жалпы өлшемі; 5) ақиқатты тану – қайшылықты, күрделі диалектикалық процесс. 
   Таным өте күрделі, қайшылыққа толы, ұзаққа созылған процесс болғандықтан, оны іске асыру барысында тұрлі әдістер мен тәсілдер қолданыланына өзінен — өзі түсінікті. Кең мағынада әдіс дегеніміз белгілі бір мәселені шешу үшіни таңдап алынған жол, қолданылатын айла мен әететтер жиынтығы. Ғылыми таным әдістерін қолданудың басты мақсаты шынайы, ақиқат білімге қол жеткізу. 
   Ғылыми танымның әдістері өте көп, әрі сан салалы, себебі танып білудің объектісі болып табылатын материалдық және рухани дүниенің өзі көп түрлі, сан салалы. Дегенмен, ғылыми танымның барлық әдістердің шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) жалпылама диалектикалық әдіс. Ол болмыстың барлық жақтарын зерттеуге және таным процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады; 2)жалпы ғылыми әдістер. Олар ғылымның барлық саласвнда пайдаланылғанымен, таным процесінің барлық кезеңінде қолданыла бермейді; 3) жекеше әдістер. Олар нақты құбылыстарды бір ғылымның шеңберінде зерттеуге қолданылады. 
   Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның эмпириалық және теориялық деңгейлерін ажыратқан дұрыс, себебі әр деңгейдің өзіндік ерекшеліктерімен әдістері бар. Эмпириялық деңгейде таным объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет түрғысынан қабылданады. 
   Теориялық деңгейде таным объектісінің маңызды байланыстарымензаңдылықтары тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады. 
   Ғылыми танымның эмпериялық деңгейінде кең қолданылатын ең қарапайым әдіс – бақылау деп аталады. Оның мәні – зерттеу объектісін белгілі бір мерзім арлығында нысаналы ұйымдасқан тұрде жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді қадағалау. Келесі әдіс – эксперимент – ғылыми тәжірибе деп аталады. Оның ерекшелігі – зерттеліп жатқан объектіге адамның, зерттеушіні тікелей әсер етіп, ондағы процестерге арласуы. 
Осы заманға кең пайданылатын әдістердің бірі – модельдеу. Модельдеу дегеніміз эксперименттің бір түрі, бірақ мында объектінің өзі емес, оның орнын басатын модель зерттеледі. 
   Ғылыми теоррияның қалыптасуы барысында гипотезаның маңызы зор. Гипотеза – ғылыми тұрғыдан дәйектелген болжамға негізделген теория. Әрине, кез келген болжам гепотеза бола алмайды. 
Қысқасы, ғылыми жолы – қиын жол, инемен құдық қазғандай. Ғылыми танымның жеңісіне үлкен ізденіс, қажылы еңбек, шыдамдылық, терең білім жеткізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдалаған  әдебиеттер

  1. Философия тарихына шолу автор: Т. Х. Рысқалиев
  2. Қысқаша философия тарихы автор: Ә. Нысанбаев, Т. Әбжанов
  3. Тарихи философиялық таным автор: А. Қасабеков
  4. Философия  Серік Мырзалы
  5. Философия тарихы Ж. Алтай, А. Қасабеков, К. Мұхамбетәлі
  6. Әлемдік философиялық мұра: жиырма томдық. - Алматы : Жазушы. – 2005-2007.
  7. Қазақ халқының философиялық мұрасы: жиырма томдық. - Астана : Аударма. – 2005-2007.
  8. Серия «Философское наследие» (продолжающееся издание).
  9. Антология мировой философии: В 4 томах. – М., 1969.
  10. Батыс философиясының антологиясы. - Алматы: Фонд Сорос-Казахстан, 2002.
  11. Мир философии: Книга для чтения: В 2 т. – М., 1991.
  12. Восточная философия: Словарь и хрестоматия. – Ростов-на-Дону, 1995.
  13. Ғабитов Т. Философия [Электронный ресурс] / Т. Ғабитов. - Электрон. текстовые дан. ( 10,2 мб). - [б. м.] : [б. и.], 2003
  14. Әбішев Қ.Ә. Философия. Алматы, 2000.
  15. Бейсенов Қ. Философия тарихы : оқулық / Қ. Бейсенов. - Шымкент : "Нұрлы бейне", 2005
  16. Мусаева Н.Р. Философия. – Шымкент, 2006.
  17. Абдильдин Ж.М. Соч. в 5-ти т. Алматы, 2000-2001.
  18. Арендт X. Истоки тоталитаризма. М., 1996.
  19. Антисери Дж., Реале Дж. Западная философия от истоков до наших дней. В 8 т. М., 2000.
  20. Философиялық сөздік. – Алматы, 1996.
  21. Берн Э. Секс в человеческой любви. М., 1990.

 

Мамандық: Есеп және аудит

Топ: 309104

Студенттің аты-жөні: Сулейменова  Гульдана Сулейменовна

Пән: Философия

Оқытушы: Ниязов Е.Ш.


Информация о работе Таным және шығармашылық