Дүниетаным және оның түрлері (мифологиялық, діни, философиялық)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 20:52, курсовая работа

Краткое описание

Дүниетаным дегеніміз – дүниені түйсіну, түсіну арқылы адамның өзіне өзінің, сыртқы дүниеге қарым – қатынасын анықтаудың өзегі, күре тамыры. Жалпы, дүниетаным адамның тану функциясын орындайды. Бұл оның мәнінен туындайтын негізгі ролі. Сөйтіп, дүниетанымның әр түрлі түрі, қыры, типі бар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

filosofia_1 (1).docx

— 192.50 Кб (Скачать документ)

Қоғамдық сана - қоғамдық болмысты бейнелейтің сезімдер мен көзқарастардың, идеялар мен теориялардың күрделі жүйесі. Қоғамдық сана қоғамдық болмысты бейнелеп қоймайды, өз кезіңде оған белсенді түрде ықпал жасайды.

Қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде қарастыру О. Конт пен Г. Спенсердің әлеуметтік философиясына тән. Бұл тұралы белгілі бір көзқарастарды М. Вебердің, П. Сорокиннің, Т. Парсонсонның  және А. Тойнбидің ілімдерінен көруге болады. К. Маркс өзінің қоғамдық- экономикалық формациалар туралы ілімінде жүйе ретіндегі қоғамға келесі түсінік берді. Бұл ілімнің жақтаушылары мен қарсыластары бар. Маркс пен Энгельстің еңбектеріне сүйене отырып, қоғамдық-экономикалық формацианы оған тән  өндіріс тәсілі, әлеуметтік құрылымы, саяси жүйесі мен рухани өмірі бар өзінің дамуының белгілі бір тарихи сатысында тұрған қоғам ретінде қарастырамыз. Бес қоғамдық- экономикалық формация атап көрсетілді: алғашқы- қауымдық, құлиеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік. Олардың әрқайсысы , біріншіден, сапасы жағынан қоғамның белгілі бір типі ретінде, екіншіден, қоғамдық прогрестің сатысы ретінде сипатталады. «Қоғамдық- экономикалық формация » ұғымы қоғамды біртұтас әлеуметтік жүйе ретінде түсінуге мүмкіндік берді. Жоғарыда көрсетілген қоғамдық- экономикалық формациялар әлемдік тарихи процестің объективтік үрдісін көрсетеді. Олар тарихи процестің әртүрлі сатыларында дүниеге келе бастады. Әрбір жаңа формация қоғамның оданда гөрі жоғары типі болып саналады. Формациялық талдау методологиясы қоғамның бір формациядан басқасына күрделі өту процесің, бұл өтудің жолдары мен тәсілдерін, субъективтік және объективтік факторлардың өзарабайланысын зерттеуге негіздейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

53.Әлеуметтік  философияның ұғымдары мен негізгі  принциптері. Социогенез ұғымы.

Әлеуметтік философия-қоғам мен адам туралы философиялық принциптер мен заңдылықтар туралы мәселені қарастырады. Әлеуметтік философияның зерттейтін пәні адам және адам туған қоғамдық болмыс болып табылады. Сонымен бірге әлеуметтік философия қоғамдардың бір-бірімен өзарабайланысын да зерттейді. Бүкіл адамзаттың дамуын сипаттайтын қоғамдық процестер мен үрдістерде оның назарында. Бұл сәтте оның зерттеу объектісі ретінде біртұтас тарихи процесс, ондағы субъективтік және объективтік шарттардың өзарабайланысы, даму заңдылықтары есептеледі. Адамдардың практикалық іс-әрекеті мен қоғамдық қатынастарыда әлеуметтік философияның назарында деуге болады. Өйткені өздерінің сан алуан практикалық іс-әрекеттері барысында адамдар өздеріне қажетті рухани және материалдық игіліктерді өндіреді, табиғатты түрлендіріп, өзгертеді, қажетті рухани жағдай мен әлеуметтік мәдени ортаны қалыптастырады. Адамдар бірлесіп еңбек ету барысында өздерінің қоғамдық өміріне қатысты проблемаларын шешу үшін бір-бірімен әр түрлі қатынаста болады. Бұл қоғамдық қатынастардың өзара бірлігінен қоғам құрылады. Өйткені қоғам дегеніміз – бір-бірімен қоғамдық қатынаста болатын адамдар деп жазылған.

Әлеуметтік философия адамдардың іс-әрекеті мен қоғамдық қатынастарының субъективтік және объективтік жақтарын да зерттейді. Адамдарды еңбек етуге итермелейтің объективтік қозғаушы күштерін зерттейді, мұндай қозғаушы күш ретінде олардың объективтік қажеттіліктері мен мүдделерін және олардың санасына тән мотивтер мен мақсаттарды есептейміз. Бұл элементтердің бәрі бір-бірімен тығыз байланысады және диалектикалық қатынаста болады. Сонда әлеуметтік философия қоғамның біртұтас даму бейнесін береді. Осыған байланысты әлеуметтік философия қоғамға қатысты көптеген жалпыға ортақ мәселелерді шешеді. Мәселен, кез-келген мәні мен болмысы, оның негізгі салалары мен әлеуметтік институттарының өзарабайланысы, тарихи процестің қозғаушы күштері т.б. Жекелеген қоғамдық ғылымдар (тарих, саяси экономия, әлеуметтану, саясаттану, әлеуметтік психология, құқық, этика т.б.) өз зерттеулерін жүргізгенде бұл ортақ проблемалармен үнемі кездесіп отырады. Әлеуметтік философияның тұжырымдамаларына сүйену бұл қоғамдық ғылымдарға өздерінің жекелеген мәселелерін біршама толық шешуге мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз, әлеуметтік философия қоғамдық ғылымдардың методологиясы болып рөл атқарады, олардың қоғамның тиісті жақтарын зерттеу жұмыстарына бағыт-бағдар береді, зерттеу амалдары мен принциптерін белгілейді. Бұл қалай мүмкін десек, өйткені әлеуметтік философия бұл қоғамдық ғылымдардың өкілдеріне өздері зерттеутін құбылыстардың жалпы қоғамда алатын орнын, басқа әлеуметтік процестермен байланысын, олардың дамуындағы заңдылық пен кездейсоқтықтың ара қатынасын т.б. зерттейді. Бұл методологиялық көмектің тиімділігі ең алдымен әлеуметтік философияның мазмұнына, қоғамның ішкі мәнің ашып беруіне байланысты.

54. Индустриалды қоғам- индустриалды революция негiзiнде үш әлеуметтiк- экономикалық заңдарды жүзеге асырды: уақытты үнемдеу, қажеттiлiктердi көтерiп асыру, және еңбек алмасу. Индустриализация логикасы бойынша барлық елдер мен халықтар ұқсас сипаттарға ие болып, әлеуметтiк тәртiптiн бiркелкiлiкке ұрынады, бұл процесс конвергенция тезисi деп аталады. 20 ғ. екiншi жартысынан Еуропа елдерiнде басталған бұл үрдiс көптеген Азия және Африка елдерiнде де байқалады, олардың бәрi келесi шарттарға сай болуға ұмтылады:

*еңбектiн терен әлеуметтiк және техникалық бөлiнiсi;

*отбасының өндiрiс орыны мен еңбек орынынаң бөлiнуi;

*мобильды және тәртiптi өндiрiс күшiн, еңбекшiлердi қалыптастыру;

*экономикалық есептеулердi, жоспарлауды және инвестициялауды белгiлi бiр рационалды түрде ұйымдастыру;

*секуляризация (дiннен  азат болу), урбанизация (қалалану), әлеуметтiк мобильдiлiк және демократизациялану үрдiстерi кең етек алады.  

1)Ұлттардың пайда болуы- бiр тiлге негiзделген, территория,мәдениет, экономикалық қатынастар бiрлiгi байқалатың тарихи қалыптасқан адамдар бiрлестiгi. 2)Ұлттық мемлекеттердiн пайда болуы, олардың  нақты шекараларының бекiтiлуi. 3) Халықтық билiкке, демократияға, басқару органдарының көпшiлiк пен сайлануы, көп партиялардың болуы. 4) Ақпарат құралдары арқылы адам санасына әсер ету. 5) Өндiрiстiң комерциализациялануы, «Бәрi сатылада!», рыноктың ңығайтылуы, капиталға негiзделген жеке меншiк бiрiншi орында. 5) еңбек өнiмдiлiгiнде революция байқалады, 20ғ. 75-80 жыл арасында пролетариатты орташа әлеуметтiк топқа айналдырған: а) механизация негiзiнде машиналы өндiрiстiн басым болуы; в) фабрикалық негiзде өндiрiстi қайта ұйымдастыру (ғалым- лаборотория, кiтапхана). 6)аул шаруашылығымен айналысушылардын санынын азайюу, индустриялды секторда көбейюi. 7) урбанизация, мобильдiлiк процестер  аул өмiрiне қарсы процестер (адам құлап қалса, қызға бiреу тисiп жатса). 8) көпшiлiктiң сауатты болуы байқалады: а) квалификацияның көтерiлуi, в) баспа сөз өнiмдерiнiн көбейуi, г) бiлiм беру институттарының қалыптасуы. 8) ғылымның практикалық маңыздылығының көтерiлуi.

54,Постиндустриалды қоғам- (1962ж. Дэниел Белл «Постиндустриалды қоғамның келуi») немесе информациялық қоғам деп атауға болады, өйткенi оның ядросы информациялық технологиялардың қарқынды және шапшан дамуы болып табылады. Егер инд-ды қ. индустриалды революцияның нәтижесi болса, онда постинд-ды қ. информациялық революция нәтижесi. 1) экономикада өндiрiстiн ролi төмендеп информация өндiру және оған қызмет көрсетудiн (сервис) ролi күннен күнге жоғарлап барады. Қазырғы заманда информация негiзгi байлыққа айналып барады, оның ерекше белгiлерi: жер мен капиталға қарағанда ол шексiз, бәрiне де қолайлы және қолданған кезде азаймайды, арзан, ал оны сақтау және жонуы (переработка) қыйынға түспес, ал бұл оның өнiмдiлiгiн арттырады; 2) оның техникалық базасы компьютер технологиялары және коммуникация құралдары б.т; 3) «ұлтаралық шекаралардың» бұзылуы, батыс Еуропа елдерi Шенген келiсiмi бойынша қай болсын елге визасыз бара алады, тәнертен Германия-Бельгия-Голландия-Франция-Испанияда кешке болуы мүмкiн, немесе АҚШ және Канада; 4) халықаралық ұйымдардың ролiнiң көтерiлуi (ООН, НАТО, ОБСЕ, ПАСЕ);  5) Демократияның дамуы (Олвин Тоффлер) 6) жеке меншiктiн орнына корпаративтi және институционалды меншiк келедi (О.Тоффлер-жлпы қоғамдық байлық жасау, өндiру тәсiлi қалыптасады) инф-қ техн-ға негiзделген адамның дене күшi емес оның интелектувлды күшi пайдаланады, өндiрiс тәсiлi бiлiмге негiзделедi (ақша-информация, ақша-кредит карточкасы, электронды ақша,  өндiрiсте капиталдың- акция); 6) Завод- офис, ал Тоффлер- «электронды котедж», үй жұмысы компьютердi, мультимедия, телекомуникацияны қолдану арқылы жүзеге асады д.е.7) интелектуалды еңбекпен айналысушыларға тән субурбанизация- қала шетiнде орналасу; 8) Функционалды сауатсыздық, оқу, жазу, есептеу дағдылардың жойылуы, информациялық игiлiктердi материалды мен салыстырғанда өзiне алып алуға болмайды, оны тек түсiну, ұғұ қажет; (освоена, а не присвоена), ткстi оқығаннаң кейiн оның мазмұны бойынша жауап бере алмау, оның оқи алмайтының бiлдiредi. 

Келешекте «супериндустриалды» қоғамға келемiз деген болжам бар, ал бiз оны «информациялық қоғам» деп атаған жон көремiз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

55. Жаһандану үдерісі һәм жаһандануға  деген қарсылық (антиглобализм).

Қазіргі қоғамдық ғылымдарда, идеология мен саясатта ұлттық, жаһандық жəне адамзаттық деген ұғым-түсініктердің маңыздылығы арта түсуде. Себебі, қай мемлекет болмасын, оның қазіргі таңдағы ұстанған даму үрдісі осы үш тұғырға соқпай өтпейді. Қазіргі таңдағы белгілі саясаткерлер мен экономистердің сөзінен аңғаратынымыз, «қырғиқабақ соғыс», «қарулану жарысы» үдерістері жаңа арнаға ұласып, «энергетикалық соғыс» атын алып, жаңа тартыстар мен шиеленістерге желеу болуда.

Әлемдік  тәртіптер мен қатынастар үнемі  өзгерісте. Әрбір мемлекет осы жүйеден өз орнын алуға тырмысады. Адамзаттың жалпы дамуы барлық мемлекеттер еріксіз есептесетін ортақ заңдылықтарды және даму тенденцияларын тудырады. Әлемдік тәртіптерге жаһандық экологиялық өзгерістер, соғыстар қаупі, ядролық қауіпсіздік, азық-түлік тапшылығы, әлемдік ортақ ақпараттану, түрлі індет аурулары, индустриалдық-техникалық ортақтану, техногендік катастрофалар, халықаралық терроризм, наркотрафик, халықаралық заңсыз қару сату, халықаралық қылмыскерлік, адамдарды құлдыққа сату, діни экстримизм т.б. әлемдік қауіптер мен қайшылықтар үздіксіз өз ықпалдарын тигізіп отырды.

Ашық, ақпараттық, технологиялық қоғамдар құру жағдайында аталған қауіптер әрбір халыққа, әрбір мемлекетке және олардың азаматтарына өздерінің әсерін тікелей, немесе жанама түрде тигізеді. Әлемдік қауіптердің шиеленісуі әлемдік экономикалық, қаржылық дағдарыстарға себеп болуда. Жаһандық дағдарыстардан әрбір мемлекет зардап шегеді. Сондықтан әрбір мемлекет әлемдік дамудың ортақ мәселелерін шешуге мүдделі. Бірақта, қандай қуатты болмасын жеке бір мемлекет әлемдік мәселелерді шешуге қауқарсыз. Жаһандық қауіптер мен қайшылықтарға қарсы барлық мемлекеттердің бірлескен әрекеттері мен ортақ шаралары қажет. Әлемдік саясат мәні осындай зәруліктен туындайды. Әлемдік саясат-халықаралық қатынастар субъектілерінің, саяси акторлардың әлемдік мәселелерді, қауіптерді және қайшылықтарды бірлесіп шешуін ұйымдастырудың жолдары, бағыттары және әдістері болып табылады. Әлемдік саясат жаһандық мазмұндағы саясат. Себебі ол барлық халықтар мен мемлекеттерге ортақ саяси шындыққа тікелей нқатысты.

Біздің қоғамда ғылым мен мәдениет жаһанда болып отырған өзгерістерден, айтыс-тартыстардан тыс, томаға-тұйық өмір сүру керек деген көзқарастар бар. Өкінішке орай, қазіргі әлемде ондай томаға-тұйықтық, мамыражай өмірге орын жоқ. Біз қаласақ та, қаламасақ та, әлем дамудың жаңа сатысына өтіп кетті. Ол мобильді коммуникация заманына қадам басты. Қазақстан кеңестік жүйеден санасы, ділі, діні әлсіреп шыққан, отаршылдық саясатқа жүйелі түрде ұшыратылған, мәңгүрттенген мемлекет болғандықтан, посткеңестік кезеңде жаһандану үдерісі етене енуде. Оған қазіргі мемлекетіміздің ұстанған ішкі және сыртқы саяси-экономикалық ұстанымы жол беріп отыр.

 Діни-этикалық тұрғыдан  да адамның әр уақытта адам  болып қалуы және адам болуға  ұмтылуы — құптарлық іс. Түріміз  ұлттық болғанымен, мазмұнымыз адамзаттық  болғаны абзал. Қазақ халқы —  болмысынан «адамзаттық тұлғаны»  қалыптастыруға тырысатын, бейбітсүйгіш, адамсүйгіш, жат ұстанымдардан, нәсілшілдіктен  ада халық. Алайда, жаһанданған алпауыт  мемлекеттердің «адамзаттық» деген  моделінің астарында мүлдем басқа  дүние жатқаны ақиқат. Еуропа  мен Америка моральдық, гуманитарлық  тұрғыдағы жетілген кемел тұлға  концепциясынан гөрі, жаһандық экономика  дегенге басты назар аударады. Соңғы кезеңдері Еуропа мен  АҚШ энергетикалық күйзелістерге  ұшырап отырғандығы, болашақта да  энергетикалық тапшылық тартатыны  белгілі. Мұнай өнімдеріне тәуелділікті  жою үшін, бұл елдер түрлі зымиян  саясатқа баратыны анық. Әлемдегі  қаншама елдердің отқа оранып, қанға бөгіп отырғаны да сол  батыс елдерінің саясатының жемісі. Мұнайлы деп саналатын мұсылман  елдерінде тоқтаусыз соғыстар  мен нахақ қан төгілуінің себебі  — мұнай көздерін қолды ету, баға саясатын қадағалау, пайда  көзіне айналдырып, табыс табу. Қазіргі  таңда орын алып отырған осындай  өрескел әрекеттерді көре отырып, бақайшағына дейін қаруланған  бай мемлекеттердің адамзатта  тыныштық орнасын деп ұрандауы, адам адамға дос, туыс, бауыр деген  қағидаттарының жел сөз екендігіне  сенбеске амал қалмайтындай. 

 

 

 

 

56. Мәдениет және өркениет.

Мәдениет (латын cuItura өңдеу, егу деген сөзден шыққан). Мәдениет адам жасаған әлем сияқты «екінші табиғат». Мәдениет адамдардың өмір сүрген ортасымен қарым-қатынасы. Қарым қатынас нәтижесінде қалып тасқан ерекше құбылыс. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылым, топтардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүруі жағдайына сәйкес болып қалыптасады. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Мәдениетке бірден бір ой бөлген Абай Құнанбаев.

Сократ, Спенсер, Белинский, Чернышевский сияқты ойшылдар Мәдениеттану жеке пән ретінде ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі де болса да буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз. Мәдениеттану мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы мәдениет философиясын қамтиды. Қазіргі кезеңдегі материалдық және материалдық емес өндіріс орындары еңбекке қабілетті, технологиялық мәдениетті игерген адамдарды қажет етеді. Осыған орай, соңғы кездері педагогикалық құжаттардағы «технологиялық мәдениет», «еңбек мәдениеті» ұғымдарының мәнін көпшіліктің дұрыс түсінуі қажетті шарт болып табылады.

Информация о работе Дүниетаным және оның түрлері (мифологиялық, діни, философиялық)