Дүниетаным және оның түрлері (мифологиялық, діни, философиялық)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 20:52, курсовая работа

Краткое описание

Дүниетаным дегеніміз – дүниені түйсіну, түсіну арқылы адамның өзіне өзінің, сыртқы дүниеге қарым – қатынасын анықтаудың өзегі, күре тамыры. Жалпы, дүниетаным адамның тану функциясын орындайды. Бұл оның мәнінен туындайтын негізгі ролі. Сөйтіп, дүниетанымның әр түрлі түрі, қыры, типі бар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

filosofia_1 (1).docx

— 192.50 Кб (Скачать документ)

4-Метафизикалық ф-я: «илаһиййұн» деп аталған осы топтан Йақұб Исхақұлы әл-Кинди, Мұхаммед Әбу Насыр әл-Фараби және Әбу Хамид Мұхаммед әл-Ғазали сияқты мәшһүр ойшылдарды айтуға болады. Әл-Кинди еңбектерiнде неоплатонист аристотелшi ағымның ақыл теориясын дамытқан. Көптеген ф-лық еңбектердiң авторы жерлесiмiз әл-Фараби кейiнiрек «ишрақиййұн» деп аталған «Шығыс философиясын» жасау қажеттiгi туралы алғаш рет пiкiр бiлдiрген хакім, ойшыл. Басра шаһарында аты-жөндерi белгiсiз философтар тарапынан 946-950 жылдары шамасында құрылған «Ихуан-ұс Сафа» философтар қоғамы Бағдад уә Мысыр шаһарларында бөлiмшелер ашып, неоплатонист және неопифагорист бағыттарды қамтитын 51 рисаладан құралған ғылымдар энциклопедиясын шығарған.

 

өнер сөзін түсіндіретін («санаа», «фанн»), араб тілінде ең көп тараған сөздер, Батыстағыдай өнерді ғана айтып қоймайды, сонымен бірге дұрыс орындалған әрбір істі, шеберліклікті түсіндіреді. Бұдан басқа, Ислам өнер мен білім арасындағы тығыз байланысты әрқашан ашып көрсететін. Мұны шеберлер арасында бірнеше  қайталанып айтылған сөздер дәлелдейді: өнер іскерлік пен даналықтың арасындағы«некеден»туындайды. Ислам өнерінің рухы мен оның түрлі үлгілері өзінің шабытын Ашылулардан алады және онымен тікелей байланыста болады. Адам қиялының ерекшеліктерін ескере отырып, ислам әлемінде жаңа ғылым, сакральды геометрия пайда болды. Әл-Берунимен келісе отырып, геометрия геодезия деп аталды, оны жаратылыс философиясының тарауына жатқызды, оның құралы уақыт пен кеңістік аралығындағы материалдық формалардың қисындасуы болды. Ибн Синаның кезінде геометрияны математикалық ғылым ретінде топтастырды. Бірақ, көптеген адамдар оны әлі күнге дейін сакральды ғылым деп есептейді, сонымен ислам сәулет өнерінің негізін сакральды геометрия құрайды. Мұсылман ғимараттарындағы таңқалдыратын геометриялық өренектерде бүтіндей рухани концепция көрсетілген.Әл-Кинди еңбектерiнде неоплатонист аристотелшi ағымның ақыл теориясын дамытқан. Көптеген философиялық еңбектердiң авторы жерлесiмiз әл-Фараби кейiнiрек «ишрақиййұн» деп аталған «Шығыс философиясын» жасау қажеттiгi туралы алғаш рет пiкiр бiлдiрген хакім, ойшыл.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16. Ислам философиясы: Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн Рушд, т.б.

Ислам философиясы ретінде “мұсылмандық ренессанс” (“шығыс ренессансы”) деген атқа ие болған ислам мәдениетінің классик. даму кезеңіне тән шығыс немесе араб тілді перипатетизм танылды. Көрнекті ойшылдары орта ғасырлық Батыс Еуропа ғалымдарының философиясы ой-пікірлеріне ықпал етті.Әбу Насыр Әл-Фараби Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Әбу Жүсіп Әл-Кинди Әбу-Юсуф Иакуб ибн Исхақ әл-Кинди араб философиясының негізін салушы. өскен жері — Бағдат, Басрада білім алған. Зерттеушілер оның 238 трактаты болғанын айтады. Содан біздің заманға жеткені — 29. Әл-Киндидің еңбектері философияның дамуына зор ықпал жасады. Материя, форма, қозғалыс, кеңістік, уақыт, субстанция, сан, сапа сияқты ұғымдарға терең талдау жасаған. Философияның мақсаты мен қызметі туралы нақты тұжырым жасап, оның білім саласындағы орнын анықтауға үлкен үлес қосқан. Ибн Рушд Мухаммед (1126 - 1198 ж.ж.) - Кордово халифаты тұсында Испанияда өмір сүрген ортағасырлық араб ғалымы, философы. Негізгі шығармалары: «Жоққа шығаруды жоққа шығару», «Дінмен философиялық салыстырмалы байланысын талқылаудан шығатын қорытынды».Ибн Рушд философияда «Қос ақиқат» ілімінің негізін қалаушы. «Қос ақиқат» идеясының негізгі мәні - философиялық және діни ақиқат әртүрлі, діндегі ақиқат деп саналатын кейбір құбылыстар философияда жалған болып есептелінуі мүмкін. Сол сияқты философиядағы ақиқат дінде де теріске шығарылуы мүмкін. «Қос ақиқат» теориясының негізгі мақсаты - философияны діннің шырмауынан босатып, өз алдына жеке ілім ретінде қалыптастыру. Ибн Сина араб тілді философияны жаңа деңгейге көтерге ойшыл. Нег еңбектері: «емшілік кітабы», «білім кітабы». Ибн Сина: 1) мұсылман теологтарының біржақтылығын, догматизмін әжуалады. 2)Философияны діннен ажыратуға тырысты. 3) Құдаддың бар екендігін мойындағанмен, оның құдыретінің шексіздігіне күмән келтіреді. 4) дүиедегі көптеген құбылыстар табиғи заңдар бойынша іске асады деп есептеді. 5) дүниеде бәрі материалды деп сенді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

17. Сопылық немесе тасаууф(араб.: تصوّف‎, taṣawwuf) — зуһд (аскетизм), жақсылықтармен әшекейлену, нәпсіні тазарту және рухтыңдәрежесін көтеру. Тасаууф ғылымы — сопылықты ұстанатын адамдардың сенімдерінің жинағы және олардың оңаша халінде және жиындарда ұстанатын әдептері[1]. Сопылық — дүниеден безуге, нәпсіні есептеуге, тәнге қатысы бар нәрселерден бет бұруға, нәпсіні тазалауға, Аллаһ тағалаға мағрифатқа немесе хақиқатқа иман келтіру арқылы қосылу (араб.: فناء‎ — нирвана) дәрежесіне жетуге ұмтылысқа негізделген өмір салты[2]. Сопылықты ұстанушыны сопы (араб.: صوفي‎, суфий) деп атайды. Сопылар өздерін Мұхаммед пайғамбар Жәбірейіл хадисінде айтқан[3] ихсанды жүзеге асырушылар санайды.

Классикалық сопы ғалымдар сопылықты «мақсаты жүректі қайтару мен Аллаһтан басқа заттардан бұру» деп анықтаған[4]. Дарқауи тариқатының (ағыл.)қазақ. сопылық ұстазы Ахмад ибн Аджиба (ағыл.)қазақ. сопылық «сол арқылы Құдайдың ішкі болмысының құзырында қалай саяхаттауды, ластықтан тазалануды, жақсы қасиеттермен әсемдеуді білуге болатын ғылым» деген[5].

Классикалық сопылар зікірге құлшыныспен және аскетизммен ерекшеленетін болған. Сопылықтың ізбасарлары ерте Умәйя халифатының кезіндегі дүниеге деген құлшынысқа реакция ретінде пайда болған[6]. Сопылық мыңжылдықтар бойы көптеген мәдениеттердің әсерін басынан өткізіп, бастапқыда араб тілімен, содан кейін парсы, түрік және басқа да ондаған тілдерде ойларын білдіреді. Сунниттік немесе шииттік боп келетін[7] сопылық тариқаттарының түп негізі Мұхаммед пайғамбардың  күйеу баласыӘли ибн Әбу Талибке дейін жетеді деп саналады. Тек Нақшбандийа тариқаты ғана өз негізін Әбу Бәкірден бастайды[8]

«Сопылық» терминінің екі шығу тегі бар деп тұжырымдалады. Бұл сөздің түбірі арабтың «сафа» (араб.: صفا‎, тазалық) сөзімен байланысты деген пікір бар. Басқалар бұл сөз арабтың «суф» (араб.: صوف‎, жүн) сөзінен шығып, ертедегі сопылардың жүннен тоқылған киім үлгілерін білдіреді деп санайды. Барлық мұсылмандар өздерін Аллаһқа баратынына сеніп, өлімнен және Қияметтен кейін жұмақта орын алуға ұмтылғанымен, сопылар Құдайдың болмысын тану және оған жақындау бұл өмірде де мүмкін деп санайды[9]. Сопылардың басты мақсаты Аллаһтың разылығын іздеп, адамның бастапқы халін (фитра) қалпына келтіру деп саналады[10]. Сопылық жолына түсу үшін оқушы өзіне ұстаз табу керек, себебі бұл оқушының дәрежесінің өсуіне қажетті шарт. Ұстаз оқытуға құқылы болу үшін басқа шейхтан рұқсат қағазын (Иджаза (ағыл.)қазақ.) алу керек. Ұстаздан шәкіртке жалғасатын бұл тізбек Силсилә (ағыл.)қазақ. деп аталады. Бастапқыда сопылық тек қана Исламның интернализациясы ретінде қарастырылды[11]. Бір пікір бойынша сопылық негізін Құраннан, оны оқып, терең ойланудан бастау алады[12]. Басқалар сопылықты Мұхаммед пайғамбарға  еру, сол арқылы Аллаһқа жақындаудан басталған дейді[13]. Бұдан қарапайымырақ теорияларға сәйкес мұсылмандардың елдерді көптеп жаулап алуы христиан монахтары мен тақуаларды мұсылман қоластына әкелді. Олар көптеген ғасырлар бойы белсенді рухани өмірмен өмір сүріп, олардың әдіс-тәсілдері сопылықтың негізін қалаған тақуа мұсылмандарға әсер еткен[14].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18. Қайта өрлеу философиясындағы: гуманизм  және антропоцентризм.

Қайта өрлеу дәуірі (Ренессанс) XVI-CVII ғ.ғ. қайта өрлеу Еуропаның басқа елдеріне тарап, өркендей бастады. Әр елде өзіндік ерекшелігімен көрініс тапты. Ортағасырлық діни ұғымнан гөрі ғылыми дүниетаным басымдық танытты, Реннесанс дәуірі мәдениетіне байланысты қай елде болмасын, антикаға деген көзқарасы, дүниетанымның ерекше түрінің пайда болуы, өмір сүру жағдайының өзгеруіне байланысты өзіндік гуманизм пайда болды. Ренессанстық дәуір титанизмніің пайда болуымен ерекшеленеді.

Гуманизм (лат. humanus - иманды) – адамның қадір қасиеті мен хұқын құрметтеді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның иелігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолалы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы. Қайта өрлеу дәуірінде Гуманизм тиянақты идеялыққозғалыс ретінде қалыптасты. Бұл кезеңде Гуманизм феодализмге және ортағасырлық теологиялық көзқарастарына қарсы пікірлермен тығыз байланыста болды. Гуманистер адам бостандығын жариялады, діни аскетизмге қарсы, адам ләззаты мен өз мұқтаждарын қанағаттандыру хұқы жолында күресті. Қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті гуманистері – Петрарка, Данте, Боккаччо, Леонардо до Винчи, Эразм Роттердамский, Ф.Рабле, Монтель, Коперник, Шекспир т.б. – зиялы дүниетанымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Антропоцентризм – (грек. anthropos - адам, centrum – орталық) - дүниенің орталығына адамды қоятын италяндық Қайта Өрлеудің тұжырымдамасы. Ол Еуропалық Жаңа заман мен Ағартушылық идеологиясына әрі өмірлік өлшеміне және гуманизмнің маңызды шартына айналды. Ежелгі дәуірде негізі қаланғанымен табиғат аясынан шыға алмады. Жаңа заманда адам еріктері мен мінез-құлықтары туралы тұжырым қалыптасты, оның қағидалары нарыққа, демократияға, азаттық қоғамға бет бұрған әлеуметтік мәдениетті басшылыққа алды. Антропоцентризм  принципі - адам дегеніміз барлық нәрсенің өлшемі (тезисті Софист Протагор тұжырымдаған). Тоталитар¬лық тәртіптер мен кейбір дамыған елдер жағдайында Антропоцентризм тәжірибелік сипат алады, табиғат талан-таражға түсіп, экологиялық дағдарыс етек алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

19. Ғылым жаңа еуропалық  мәдениеттің феномені ретінде

Ғылым қоғамдық сана нысандарының бірі ретінде философия, дін және т.б. қатар объективті шындық туралы білімді алуға және жүйелендіруге бағыттал-ған, өзіне жаңа білімді өңдеу бойынша және анықталған нәтижелерді алудың іс-әрекетін енгізеді. Ғылым табиғат пен адам және оның тіршілік ететін әлеуметтік мәдени ортасының зерттелетін объектілерінің қасиеттері мен қарым-қатынастары туралы білімді тарихи жағынан дамытатын жүйесі болып табылады.

         Ғылым –  мәдениеттің анықтаушы қосалқы  жүйелерінің бірі. XXI ғасыр басында  оның 800-ден астам анықтамасы болды, сондықтан «ғылым» ұғымын қайта  тұжырымдау процесінде туындаған  қиыншылықтар заңды, немесе әрбір  ғалым ғылым феноменінің меншікті  түсіндіруін береді. Альберт Эйнштейн, ғылым – бұл сезімтал әлемнің  «ретсіздік көп түрлілігін» «ойлаудың  бірыңғай жүйесіне» сәйкестендіруге  ұмтылыс, — деп бейнелеп суреттеген.

        Табиғаттың заңдылықтарының бірде-бір зерттеу жолы - ол тәжірибелік зерттеу -

эмпиризм (emperіa, -грек сөзі, - тәжірибе) бағытын тудырды. Тәжірибе арқылы алынған

деректерді пайымдау, қорыту қажеттігі рационализм ағымын дүниеге әкелді. Ал

бұлардың өзі ой еңбегінің бағалануына, әсіресе ағарған интеллигенцияның дүниеге

келуіне әкеліп соқты. Егер Орта ғасырдағы қоғамда ой-еңбегі негізінен дін шеңберінен

шыға алмаған болса, қазір жағдай күрт өзгере бастады.

         Орта  ғасырдағы қауымдық негізде ұйымдасқан  әр-түрлі кәсіби топтар жаңа  жағдайда

бірте-бірте ыдырап, оның орнына жеке адамдардың іс-әрекеті көбірек бағалана

бастайды: табиғи мол дарыны бар адамдар өздерінің мүдделері мен мақсаттарына сай

сүретші, мүсінші, дәрігер, жазушы, сәулетші т. с. с. болуға тырысады. Ал мұның өзі

ресми ғылымға, сол кездегі схоластикалық нәтижесі жоқ ой-өрісіне қарсы сезімдерді

туғызады, өйткені олардың ой-өрісі, дүниесезімі, шығармашылық ізденістері діннің

шеңберінен шығып жаңа қөзқарасты талап етеді.

      Материализм  бағытының негізгі категориясы  – материя ұғымы (materіa,-латынша,-зат).Бұл  бағытты ұстайтын ойшылдар алғашында  Дүниенің негізін нақтылы-сезімдік  заттардан көрді (Фалестің - суы, Гераклиттің - оты т.с.с.). Мұндай көзқарастың  көне замандағы шыңы – Демокрит  пен Левкиптің атомдық теориясы. Дүниенің негізінде әр қарай  бөлінбейтін, сонымен қатар, әрі  қарай өткізбейтін ұсақ бөлшектер  жатыр, олардың табиғаты біркелкі, бірақ формалары әр-түрлі болуы  мүмкін. Біз дүниетану жолында  заттардың бетінде орналасқан  дөңгелек формалы ең жеңіл  атомдарды қабылдаймыз.

        Немiс  философиясының келесi ерекшелiгi - Л.Фейербахтан  басқа барлық немiс

ойшылдары - идеализм бағытының өкiлдерi. Егер француз ағартушыларының көбi

материалистiк атеистiк бағытта болса, И.Кант, Г.Гегель, И.Фихте сияқты ұлы

философтарды бiз материалистiк бағытқа жатқыза алмаймыз. Бұлар, керiсiнше,

адамның санасы, рухының құдiреттi күшiн көрсете бiлдi. Сонымен қатар, олар рухтың

тарихи дамуын, ақыл-оймен зерденiң арасындағы қайшылықтың бар екенiн, рухани

өмiрдегi ақиқат пен ерiктiң, iзгiлiк пен әсемдiктiң дүниедегi ең бійiк тамаша

құндылықтар екенiн көрсете бiлдi. Ендi әңгiменi нақтылай түсiп, сол немiс классикалық

философиясының көрнектi өкiлдерiнiң шығармашылық жолын сараптайық.

 

 

 

 

 

 

20. Ф.Бэконның индуктивті әдісі және «идолдар» туралы ілімі.

Бэкон өзінің философиялық зерттеулерінің мақсатын «ғылымдарды түбегейлі қалпына келтіру» деп анықтап, сол уақыттағы ғылыми білімдерді жан – жақты өзгертуге бет бұрды. Бэконның ойынша, таным процесі екі кезеңнен тұрады: 1) сезімнің тануы; 2) ақылдың пікірі. Сезіммен табиғатты тануға болмайды, олар тіпті өтірік ақпар беруі де мүмкін. Заттардың сапалары, дыбыс, түр, дәм, иіс, жылу, суық адамдардың сыртқы заттарды қабылдауларының түрі болып табылады. Ал ақыл сезімнің мәліметтерінен тез арылады және өзіндік рең береді. Осы өзіндік реңді Бэкон «идол», елес деп атаған.

Ф.Бэкон идол, яғни, пұттарды немесе елестерді өзгелердің пікіріне сын көзбен қарамай, қабылдаудан, адамның табиғи мүмкіндіктерінен жеке адамның кемшіліктерінен, тілдің шикілігінен, дәйексіздігінен туындайтын қателіктер деп анықтады.Таным процесін осындай елестерден тазарту үшін арнайы ойлап табылған және жақсы ұйымдастырылған тәжірибені пайдалану қажет. Оның мағынасы – табиғи заттарды іс - әрекетте байқау, не нәрсенің себеп, не нәрсенің салдар екенін түсіну.Сезім туралы ілімі және білімді алудың жолдарын көрсету арқылы Бэкон жаңа эмпиризмнің негізін қалады.

Жаңа дәуір философиясындағы эмпиризм – бұл тәжірибелік, сезімдік білімді нағыз шынайы ақиқат білім деп мойындау.

Бэкон ақылдың негізгі құралы ретінде индукцияны пайдаланды, яғни көптеген жеке құбылыстарды анықтап, жинақтап, қорытындылады. Танымның негізгі әдісі индукция дей отырып, Ф.Бэкон танымдық іс - әрекеттің нақты жолдарын анықтады. Бұлар – «өрмекшінің жолы», «құмырсқаның жолы», «араның жолы». «Өрмекшінің жолы» білімді таза ақылдың күшімен, рационалдық жолмен алу. Бұл әдіс нақты фактілер мен практикалық тәжірибенің ролін төмендетеді. «Құмырсқа жолы» - білімді барлық мәліметтерді пайдалану арқылы алу. Бұл жағдайда зерттеу нысаны туралы барлық мәліметтер жинақталады, оның ішінде керектісі, керексізі де, маңыздысы, маңызды емесі де болады. Ғалым көптеген нақтылықтардың арғы жағында не жатқанын көрмей қалуы да мүмкін.Бэконның пікірінше, оңтайлы таным әдісі «араның жолы». Бұл жағдайда «зерттеуші» өрмекші, құмырсқа жолдарының жақсы жақтарын қабылдап, кемшіліктерінен арылуға тырысады. Яғни нақтылы мәліметтерді жинастырумен қатар оның артында не тұрғанын да білуге ұмтылады.

Информация о работе Дүниетаным және оның түрлері (мифологиялық, діни, философиялық)