Дүниетаным және оның түрлері (мифологиялық, діни, философиялық)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 20:52, курсовая работа

Краткое описание

Дүниетаным дегеніміз – дүниені түйсіну, түсіну арқылы адамның өзіне өзінің, сыртқы дүниеге қарым – қатынасын анықтаудың өзегі, күре тамыры. Жалпы, дүниетаным адамның тану функциясын орындайды. Бұл оның мәнінен туындайтын негізгі ролі. Сөйтіп, дүниетанымның әр түрлі түрі, қыры, типі бар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

filosofia_1 (1).docx

— 192.50 Кб (Скачать документ)

28. Сопылықтың түркілік бұтағы: Қ.А.Иасауидің хәл ілімі.

Дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізісыршылдық (мистикалық) дін екендігін ескерсек, сопылық дүниетанымның түрік мұсылмандығының ең маңызды ерекшелігін қалыптастыруының себептерін ұғыну қиынға соқпаса керек. Бұл құбылыстың табиғилығын дін феномонологиясы тұрғысынан алғанда діндердің таралуындағы ескі ұстындардың толығымен жойылмайтындығын, жаңаларының сол ұстындар, құндылықтар, түсінік, ұғымдар негізінде өз орнын табатындығынан көруге болады. Бұл барлық әлемдік діндерде кездесетін күбылыс. Түрік мемлекеттерінің саяси, әрі мәдени-дүниетанымдық негізде қалыптасуы мен ондағы адам санасының құндылықтық-құбылыстық рухани жаңғыруының көш басында алғаш түркілік руханият мектебінің іргетасын қалаған ұстаз Қожа Ахмет Иасауи тұрды. Оның ілімі традиционалист ғұламалардың формализміне, сыртқы ғибадат феноменологиясына қарсы мән, мазмұнға маңыз берген, шынайы парасаттылық пен адамгершілік ұстанымдарын қалыптастырды. ХІІ-ші ғасырдан кейін Ислам әлемі сопылық дүниетаным, ахилік сияқты кәсіпкерлік бірлестіктер, тариқат түрінде-текке (зауиййа, ленгерлер), рибаттар-рухты тәрбиелеудің қоғамдық ошағына айналды .

Иасауи ілімінің өзегі—адам және оның рухани тәрбиесі мен кемелдігі болып табылады. Оның осы мақсатта өсірген әрбір шәкірті адамзат тарихында жеке құндылық көздеріне айналды.

Иасауи дүниетанымы мен түркілік сопылық мәдениеттің ерекшеліктері мен категорияларын "дафтари сани" түсінігі төңірегінен табуға болады. Біздіңше, ислам өркениеті және дәстүрлі түркілік дүниетаным негізінде қалыптасқан "дафтари санидың" сопылық-философиялық табиғатының негізін "хәл ілімі", яғни, жүрекке (қалбке) бағытталған практикалық-эмпириялық доктриналар жүйесі құрайды. Қазақ мемлекетінің құрылуындағы Иасауидің маңызын елбасымыз Н.Назарбаев “...Түркістанның жаңа қазақ хандығының астанасына айналуы тек қолайлы географиялық жағдайына ғана байланысты емес еді. Ол сонау ХІІ ғасырдан бастап әлем назарын өзіне аударып алған-ды. Бұл исламдық руханиятта ерекше орын иемденетін айтулы сопылық мектептің негізін салған шайқы, ғұлама ақын, Қожа Ахмет Ясауидің жан-жақты ұстаздық және уағызшылдық қызметінің арқасы еді” -деп бағалайды.  

 

29. Қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктері.

Қазақ ф-сы ауыз әдебиетте, мақал-мәтелдерде, тұрмыс дәстүрлерінде, әдет-ғұрыптарда қалыптасқан.Қазақ халқының менталиті көптеген мәдени дәстүрлердің, яғни сақтардың, көне түркілердің, қытайдың, арабтың, парсының, орыстың, европалықтың өзара ұшырасып, араласуынан туындаған.Қазақтың ұлттық менталитетінің архетиптері болып табылатын кеңдігі, кеңпейілділігі, қайырымдылығы, қонақжайлығы, басқаны жатырқамауы, аңғарымпаздығы, байқағыштығы, табиғатқа жақындығы, ф-лық ойларға бейімділігі, дүние, өмір, заман туралы ойлары, ақын – жандылығы, маңғаздығы, асықпай – аптықбауы, тәубәшілдігі, сәтті күнді күтуі, туысшылдығы сияқты сипаттарының қалыптасуы Анахарсис, Қорқыт ата, әл – Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Қ.А.Ясауи сынды әртүрлі бағыттағы ф-лық дәстүрлердің әсерінен болды.Қазақ философиясы мен дүниетанымының тағы да бір маңызды бастауы – сопылық дәстүр.Қазақ философиясының дамуына негіз, бастау, тарихи тамыр болған объективті алғышарттардың қатарына қазақ халқының өзінің ауыз әдебиеті және өмір сүру салт – дәстүрі, түрік мәдениеті мен түрік ойшылдары, араб- парсы әдебиеті мен философиясы, сопылық дәстүр жатады.

Табиғаттың қатаң жағдайына, түрлі өзгерістеріне сай көшіп – қонып жүріп, өз шаруашылығын табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырды. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық қажет екендігін ерте сезінді.

Қазақ философиясы негізгі үш бағытта дамыған. Бірінші, көрнекті бағыт жыраулар философиясы, екінші – билер, ал үшінші – зар заман философиясы.

30. Ақын-жыраулар шығармашылығындағы дүниетаным: табиғаты, толғау; бостандық, дүние, заман, адам, адамшылық мәселесі.

Ақын-жыраулар негізінен өз шығармаларын толғау жанрында шығарған. Толғау – белгілі бір жағдайға байланысты философиялық пайымдау немесе тоғаныстар түріндегі поэтикалық сюжетсіз шығарма.Бұл кезеңдегі белгілі жыраулардың ішінен Асан Қайғы, Қазтуған, Жиембет, Шалкиіз, Сыпыра жырауларды және т.б. ерекше атауға болады..Жыраулардың шығармашылығы олар өмір сүріп отырған ортамен тығыз байланысты. Олардың кейбіреулері ханға қызмет етсе, үстем тап өкілдерінің мүддесін көздесе, басқалары бұқара халықтың атынан сөйлеп, халықтың мұң-мүддесін – көңіл-күйін білдіреді және батырлар жырларының, аңыздардың сақтаушылары және орындаушылары болып табылады.ХҮ-ХҮІІ ғасырларда өмір сүрген қазақ ақын-жыраулар поэзиясынан ғасырлар сырын, халықтың салт-санасын, ой-өрісін, тілек-мақсатын айқын аңғарамыз. Өйткені жыраулар толғауларынан халықтың не бір нәзік сырлары, мұң-мұқтажы, қайғы-қасіреті, қуаныш-сүйініші, келер ұрпаққа айтар өсиеті, тәрбие тағылымы өзекті орын алады.Адам баласының танымындағы ең басты мәселе – дүниені тану. Ақын - жыраулар осы мәселеге ерекше назар аударып, ондағы түрлі заңдылықтарды поэтикалық тұрғыда бейнелеуге ұмтылады. Олардың жыр толғауларында дүниенің, әлемнің жаралуы туралы ұғым діни түсініктермен және адамзат санасының сәбилік кезеңіне тән пайымдаулармен өрнектеледі. Жаратылыс бейнесіне қатысты поэтикалық тіл ең әуелі ғаламның бейнесін жасады, сол поэтикалық тілдің өзі жыраудың дүние бейнесі туралы танымын қалыптастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

31. XIX ғасырдағы қазақ философиясының  ағартушылық сипаты: Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбайұлы.

Қазақ ағартушылық философиясының көрнекті өкілдері: Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев.

Ш.Уалиханов (1835—1865) – ұлтының ұлылығын әлемге әйгілеген ұлы ғалым. Ш.Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, барша шығармаларынан дерлік филосо-фиялық пікірлер мен тұжырымдарды байқауға болады. «Қазақтар-дағы шамандықтың қалдығы», «Сахарадағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір (құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады Қазақ жеріндегі шамандықтың шығу тегін мұқият зерттеулерінен және басқа да еңбектерінен Шоқанның себеп-тілік заңдылығын құптайтындығы, себепсіз құбылыс болмайтынды-ғына кәміл сенетіндігі байқалады.Ол сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін, оның объективтік заңдылықтарға бағынатындығын мойындайтын философиялық көзқараста болған. Ыбырай Алтынса-рин (1841-1889) дүниетанымы қалыптасуына туған ел, халық ауыз әдебиеті, озық орыс әдебиеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері елеулі әсерін тигізді.Ыбырай Алтынсарин арнайы философиялық тақырыпта еңбек жазбаған, дегенмен, ағарту және қоғам мәселелерін талдауға арналған шығармаларында дүниетанымдық ерекше пікірлер қалыптастырған. Ыбырай қоршаған дүниенің объективті өмір сүретіндігін мойындайды, сонымен бірге дүниені жаратушы құдай деп біледі. Бұдан Алтынсариннің дүниеге көзқарасы деизмге жақын екенін көреміз. А.Құнанбаев (1845-1904) қазақ ағартушылық тари-хында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл. Оның шығармашылық мұрасы өлең, дастан, философиялық проза, аудармалар мен әндерден тұрады. Абай - қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Ол «ақынның азаматтық парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен ақылдың билігіне жүгіндіруде» деп білді. Дүниетанымдық мәселеде Абай деизмге жақын. А-ң пік-ше,құдай әлемнің алғашқы себебі немесе түпнегізі. Құдай әлемді жаратты,сонан соң ол оның дамуына араласпайды, яғни әлем өзіндік заңдарына сүйеніп дамиды .Таным - адам тіршілігінің маңызды мақсаты мен жанының бірден-бір қажеттілігі;әр адам еңбекқор, әділетті және гуманды, адал, мейірімді болуы керек.

32. Абай философиясындағы Алла мен  адам болмысы. (қара сөздерінен  қараңдар)

Абай Құнанбаевтың  шығармашылығындағы дүниетанымдық сұрақтар құдай мен табиғаттың, құдай мен адамның, жан мен тәннің, өлім мен өмірдің арасындағы қатынастар мәселесі болып табылады. Абайдың пікірінше, құдай - әлемнің алғашқы себебі немесе түпнегізі. Құдай әлемді жаратты, сонан соң ол оның дамуына араласпайды, яғни әлем өзіндік заңдарына сүйеніп дамиды.

Құдай адамды да жаратты.Адамның белсенділігін көрсете отырып, Абай құдай адамды ақылды немесе ақымақ, мейірімді немесе қатал, бай немесе кедей еткен жоқ. Бәрі адамның өзіне, оның ақылына және қоршаған ортасына байланысты.Абай дүниетанымының өзегі, күре тамыры – адам.Таным- адам тіршілігінің маңызды мақсаты, адам жанының бірден – бір қажеттілігі.

Абайдың шығармашылығында философиялық,этикалық, танымдық және әзіл-сықақ, кеңес беру түрінде жазылған қара сөздер маңызды орын алады. Мұнда философ ақын адамдардың рухани толысуын, адамдық қасиеттер жүйесін, әлеуметтік этика мен қоғамды көркейту-дің жолдарын көрсетпекші болды. Таза философиялық терминдерге бой ұрмай әлеуметтік топтағы адамдарға жетілуді түсінікті түрде ұғындырып, қоғамдық сананы айқындай бейнелі түрде жеткізді. Абай шығармашылығындағы адам мәселесі зерттеу барысында әлеуметтік философияға айналды. Ақынның қоғамға, оның құрылымына көзқарасы, ұлттық бірлік туралы зерделі ойы, рулық, тайпалық жаулықты жою, сайлау, билер соты жайлы,пікірлері ұлттық сананың өсуіне өріс ашты. 
Ұлы ақынның өмірінің соңында жазылған 45 қара сөзі мен өлеңдерінің біршамасында қоғамдық ой-пікірлері ашық та айқын жазылған. Ол қазақ халқын өнер үйренуге, тіпті сауданың да мәнісін білуге шақырды. Егіннің ебін, сауданың тетігін үйреніп, ойлын, мал тап , дейді. Қазақ елінде ойын-сауыққа көп әуестеніп, бір үйден бір үйге, бір ауылдан бір ауылға селтеңдеп қыдырып жүретін келеңсіз әдет барын ашына ескертіп, одан аулақ болуды арман етті. Қырық екінші сөзде Абай қазақты пайдасыз, жұмыссыз, қаңғырып жүруге құмар деп санады. Абай өзінің өлеңдерінде, әңгіме, өсиеттерінде жан-жандағында қара, көршілес өзбек, татар халықтарынан өнеге ал, солардан үйрен дейді. 

33. XX ғ. басындағы қазақтың ұлттық  сананың ояну философиясы.

 

 Абайдан басталған қазақ мәдениетіндегі тың сарын XX ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты.Қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі — «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол түңғыш рет халықты ашық күреске шақырған ұран тастады. Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мәдени тоқыраудың себебін М. Дулатов бодан-дықтан көреді.Бұл жерде әңгіме ұлттық мәдениеттен алыстап, үстем-дік етіп отырған жат өркениетке қызмет еткендер туралы болып тұр. Болыстар мен тілмаштар, әкімшіліктің маңайындағы неше түрлі пысықтар көптеген жағдайларда «мәңгүрттік» қасиеттерге ие болып, ұлттық мәдениеттен қол үзе бастады. Қазақтың ұлттық санасының оянуына үлкен әсер еткен тұлғаның бірі — Әлихан Бөкейханов.Ол сан қырлы қоғамдық қызметтерімен бірге қазақтың рухани мәдение-тін алғашқы зерттеушілердің қатарында танымал. Оның еңбектерінің ішіндегі құндысы —  Қырғыздың «Қобыланды» аңызындағы әйел» атты еңбегі.Бұл жерде көтеріп отырған мәселе бұрынғы қазақтың рухани мәдениетінің бай мұраларына байланысты. Аталған аңызда мұсылмандық дін мен ежелгі тәңірілік түсініктердің қарымқатынасы, көшпелілер мәдениетіне тән ана мен әйелді қастерлеу, ел намысын пендешіліктен жоғары қою т.б. мәселелері талқыланады.Қысқаша айтқанда, Әлихан мен Міржақып, Ахмет Байтұрсынов пен Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов пен Сұлтанмахмұт Торайғыров секілді алаштың арыстары өз күресінде халқының ғасырлық мұрасы-нан қашанда күш-қуат алып отырды.

Қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғаның бірі — Шәкәрім Құдайбердіұлы. Шәкәрім лирикасының аса бір ауқымды саласы - оның Абай дәстүрінде жазылған ағартушылық сарындағы өлеңдері. Ол өзі өмір сүрген заманның барлық болмысын, бүкіл қазақ қауымы-ның экономикалық, әлеуметтік, рухани дамуының дәрежесін жан-жақты түсінген қайраткер болды."Бостандық таңы атты", "Бостандық туы жарқырап", "Қош, жұртым" сиякты - өлеңдерінде ақын қазақты оянуға, марқаулықтан арылуға шақырды. Бұл кезеңде Шәкәрімге елінің басына тәуелсіз заман туғандай көрінді ү, содан міттенді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

34) ХIХ - XX ҒҒ  БЕЙКЛАССИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ 
Сонымен, жоғарыдағы тарауларда көрсеткенiмiздей, ХУIII ғ бастап Батыс 
философиясында рационализм бағыты өзiнiң кемелiне келiп, философияның негiзгi 
iргетасына айналады. Бiр қарағандағы материализм мен идеализм бағыттарының 
арасындағы үлкен айырмашылықтарға қарамастан - осы екi негiзгi ағымның негiздерiнде 
адамның ақыл-ойына деген сенушiлiк, адамзаттың болашақ өрлеуiне күмән 
келтiрмеушiлiк , ал маркстiк философияны алар болсақ, онда тiптi ақыл-ойдың негiзiнде 
болашақ коммунизмге қарай жылжуда адамзаты тек жағалай ортаны күрт өзгертiп қана 
қоймай, сол iс-әрекеттiң негiзiнде адамның өзiнiң табиғаты өзгеретiндiгiне сену байқалды. 
Бiрақ, сол кездегi өмiрдегi қоғамдық қатынастар мұндай оптимистiк өмiршеңдiк 
көзқарастарға бiрте-бiрте күмәндәнудi туғызды. Бiрiншiден, күннiң жарық сәулесiнiң 
шығуын асыға күткендей сияқты шаттықпен қарсы алынған ұлы Француз революциясы 
үлкен төңкерiстерге ғана әкелiп қоймай, сонымен бiрге зор қантөгiс, зорлық-зомбылыққа 
ұласып, одан күткен үмiттердi жоққа шығарды. 1848-49 ж.ж. бiршама Европа елдерiн дүр 
сiлкiндiрген буржуазиялық-демократиялық революциялар да олардан күткен үмiттi 
ақтамады, ал 1871 ж. Париж коммунасының тәжiрибесi марксизмнiң “жұмысшы табының 
диктатурасының қажеттiгi² жөнiндегi идеяларды тудырып, көп ойшылдардың жалпы 
ағарту, адамзаттың өрлеуiне деген көзқарастан, ақыл-ойдың құдiреттi күшiне сенуден бас 
тартып, оларға түңiлуiне әкелiп соқты. 
Осы көрсетiлген және басқа себептер рационализм ағымына, яғни жалпы классикалық 
философияға, дискурсивтiк ( discursus - латын сөзi,- ақыл-ойға, қисынға негiзделген 
тұжырымдар) ойлау әдiсiне деген терiс пiкiрлердi оятып, оларға қарсы бағытталған 
философиялық ағымдарды тудырды. Бұл көштi бастаған немiс философы А.Шопенгауер 
мен Дания ойшылы С.Кьеркогер болды. Бұлардың екеуi де Гегельдiң панлогистiк 
көзқарасын сынаудан бастады. 
Кьеркогердiң ойына қарағанда, Гегельдiң философиясы ақыл-ойға негізделген, онда 
бүкіл дүниенiң шындығы ашылғандай. Бірақ, оның философиясында адам Абсолюттік 
идеяның танымдық құралына айналады. Кьеркогер Гегельдiң болмыс пен ойлаудың тепе- 
теңдiгi жөнiндегi негiздемесiне қарсы шығады, өйткенi ол болмыстың не екенiн бiзге 
түсiндiрмейдi, сондықтан ол “абстракциялық құбыжық² қана. Философияның негiзгi 
пәнiне, сондықтан, тек қана жеке адамның өмiр сүруi, оның қайғысы мен қуанышы, үрейi 
мен зардабы, өз-өзiнiң рухына үңiлуi т.с.с. жатуы керек. Соңынан мұндай көзқарастардың 
негiзiнде ХХ ғ экзистенциализм философиясы пайда болады. Ол бағытты талдаған кезде 
бiз Кьеркогердiң идеяларына қайтып ораламыз. 
А.Шопенгауердiң әлемдiк Еркi 
Артур Шопенгауер (1788-1860 ж.ж.) - Данциг қаласында бай саудагердiң жан-ұясында 
дүниеге келедi. Геттинген мен Берлин қалаларында философиялық бiлiм алады. Негiзгi 
еңбегi “Дүние ерiк пен елестету ретiнде² деген атпен 1844 ж. жарық көредi. Берлин 
университетiнде 1819 ж. оқыған лекциялары ешкiмдi қызықтырмайды. Сондықтан ол өмiр 
бойы әкесiнен қалған капиталдың жылдық пайыздарын жұмсап өз замандастарынан 
оқшау да жаңғызiлiктi өмiр сүредi. Өмiрiнiң соңғы 10 жылында ол даңқтың шапағатына 
да ие болады. Бiрақ, нағыз атақтылық оған ХХғ келедi. 
Шопенгауердiң ойынша, Дүниенiң негiзiнде өмiр сүруге деген бiтпейтiн iңкәрi бар 
Әлемдiк Ерiк жатыр. Сонымен, материя, табиғат заты, атом, сана, рух т.с.с. бұрынғы 
философтардың жатқызған дүниенiң негiздерiн ысырып тастап, ойшыл “ерiк² ұғымын 
дүниенi түсiнудегi негiзгi категорияға айналдырады. Бұл ұғымның тарихына көз 
жүгiртсек, көне заманда “сана² мен “ерiк² категориялары әлi бiр-бiрiнен бөлiнiп алынған 
жоқ-ты. Мысалы, Сократ адамдардың жүрiс-тұрысы мен iс-әрекеттерiндегi келеңсiз 
жәйттер оларды бiлмегендерiнде деген пiкiр айтқан болатын. Егер адам жамандықты 
бiлетiн болса, онда ол оған бармайды. Алайда, Орта ғасырда өмiр сүрген ұлы христиан 
философы Августин мұндай көзқарасты толығынан терiске шығарады. Жамандықтың не 
екенiн бiлсем де, соған қарай менi тартады, мен соны iске асыруға ынтықпын,- дейдi ұлы 
ойшыл. Өйткенi, ақыл-ой - бiледi, ал ерiк - таңдайды. Мiне, осы сәтте Августин сана мен 
ерiктiң екi түрлiлiгiн айқын көрсетедi. Дiни ойшыл адамның Құдай алдындағы 
күнәкәрлiгiнiң негiзгi себебiн ерiктiң алғашқы көрсетiлген түзу жолдан ауытқуынан 
табады. 
Жаңа дәуiрде немiс философиясының шеңберiнде Кант практикалық зерденiң 
үстемдiгiн көрсете келiп, оның негiзiн ерiктiң бостандығынан көредi. Канттың бұл 
идеясын Фихте әрi қарай дамытып, “Меннiң² ерiктi iс-әрекетiнен Дүниенiң пайда 
болуының рухани қайнар көзiн көредi. Қалай айтқанда да, Шопенгауерге дейiн ерiк 
категориясы ерекше түрде алынып Дүниенiң негiзiне жатқызылған жоқ-ты. 
Сонымен, Шопенгауердiң ойынша, Дүниенiң негiзiнде жатқан Ерiк - ол бiреу және 
одан басқа ешнәрсе жоқ, бiрақ ол өзiнiң өмiрдегi құбылуында шексiз сан-алуан болып 
көрiнедi. Ол - өзiнiң толық еркiмен теңелетiн бейтұлғалық орасан зор құдiреттi күш. Ол 
бейсаналы болғаннан кейiн өзiнiң мәңгiлiк қалыптасу, мақсат-мұратсыз өмiрге ынтық 
болу барысында неше-түрлi залымдықты тудыруы мүмкiн. әлемдiк ерiктiң ешқандай 
себебi, белгiлi бiр негiзi болмағаннан кейiн ол ешқандай заңдылықтарға бағынбайды. 
Өзiнiң өмiрде болуға деген iңкәрiнiң негiзiнде ол бүкiл дүниенi тудырса да оған ешқандай 
тәртiп, жоспар сияқты нәрселердi әкеле алмайды, керiсiнше, ол заттарды бiр-бiрiнен бөлiп, 
қиратып, қарсы қойып, оған тағы да қанағаттанбай, өзiнiң шексiз iзденiсiн, күресiн 
жалғастыра бередi. Ол ызаға толы, не iстеу керектiгiн бiлмегеннен кейiн өзiн-өзi тырнап 
жыртып жатқан жануарға ұқсайды. 
Ендi әлемдiк Ерiктiң тудырған дүниесiндегi оның көрiнiстерiне назар аударсақ, олар - 
өлi табиғаттағы дүниежүзiлiк тарту, магнетизм, химиялық қосындылар т.с.с. табиғат 
күштерi. Тiрi табиғатта - тiршiлiктер формаларының өмiрге деген еркi, сол үшiн өзара бiр- 
бiрiмен күресi, өмiрдi жалғастыруға бағытталған жыныс инстинктерi, адам өмiрiндегi 
ешқашан да ойдағы нәтижелерге әкелмейтiн саналы талпыныстар, бейсаналық түрде 
пайда болатын әр-түрлi сезiм толқындары т.с.с. 
Бiрақ, қандай да болмасын өмiрдегi құбылыстарды тудырса да, олар күрделенiп саналы 
түрде сезiнiлген сайын әлемдiк Ерiк оларға қанағаттанбай, өзiн зардап шегiп, азапқа толы, 
бақытсыз ретiнде сезiнедi. Мысалы, адам өмiрiнiң деңгейiндегi ерiктiң көрiнiсiне келер 
болсақ, онда мынаны байқауға болады - егер адам ой өрiсi мен адамгершiлiк тұрғысынан 
қатты дамыса, соғұрлым оның өмiрде неше-түлi қайшылықтарға келуi көбейiп, зардап 
шегуi де өседi. әлеуметтiк өмiрде көре алмаушылық, надандық пен екiжүздiлiк жиi 
кездеседi. Адамдардың өмiрi жетiспеушiлiк пен үрейге, қайғы мен қасiреттерге толы. 
ґмiрге келген жаңа ұрпақтар өткендердiң қаталарын тағы да қайталайды, адамгершiлiгi 
жоқ адамдар қоғамды билейдi, ғылыми жетiстiктер залымдық жолында жұмсалады. Ал, 
моральдық салаға келер болсақ, соңғы ғасырларда онда ешқандай алға жылжушылық 
болған жоқ - езiлу, зардап шегу, қантөгiс, қатыгездiк осы уақытқа шейiн азайудың орнына 
көбейiп келедi. Мәңгiлiк алаңдаушылық пен тұрақталынған адамдардың бiр-бiрiне деген 
сенбеушiлiгi өмiрдi шырмап алған. 
Әрине, Шопенгауердiң жоғарыдағы көрсетiлген қоғам өмiрiндегi келеңсiз жәйттер 
жөнiндегi ойларын бiз сырттата алмаймыз. Керiсiнше, оның санын бүгiнгi өмiрге қарап 
өсiртуге де болар едi. Өмiр алдына үлкен мақсат- мұраттар қойып, соған жету жолында 
неше-түрлi “тар жол, тайғақ кешуден² өтпеген адам бiрде-бiреу болса керек. Бұл өмiрдiң 
трагикалық диалектикасын өмiрден әсiресе көп зардап шеккен қазақ халқы 
“орындалмайтын арман², “жалған², “дүниенiң төрт құбыласы ешқашанда бiр-бiрiне тең 
емес² т.с.с. ойлармен берiп, нағыз бақытты өмiрдi о дүниедегi жұмақтан iздеген болатын. 
Сонымен, Шопенгауердiң ойынша, зардапқа толы дүниенiң негiзгi күнәкерi - әлемдiк 
Ерiктiң өзi. Бiрақ, оның санасы болмағаннан кейiн ол өз iстерiне жауап бере алмайды, тек 
қана мәңгiлiк бiр трагедиядан өтiп екiншiге т.с.с. ауыса бередi. Бұл арадағы бiр үмiт - 
Әлемдiк Ерiк сананы тудырған ғарышты дүниеге әкелдi. Мiне, дүниенiң ажырамас бiр 
бөлiгi ретiндегi адамдардың өзi ғана сол әлемдiк Ерiкке қарсы шығып оны

таратуы керек, 
сонда ғана дүниенiң зардабы тоқтатылады. Ол үшiн адам өзiнiң өмiрлiк күш-қуатын, өз 
бойындағы еркiн сол дүниенi тудырған әлемдiк Ерiкке қарсы қойуы қажет. Ал мұның өзi 
ең алдымен адамдардың философиялық таным арқылы әлемдiк Ерiктiң терең мәнiн 
зерттеп- бiлуiмен тығыз байланысты. Содан кейiн адам екi сатыдан өтуi керек. 
Алғашқысы - эстетикалық аңлау, соңғысы - моральдық жолмен жетiлу. 
Кьеркогердiң философиясы 
Серен Кьеркогер (1813 - 1855 ж.ж.)- өз заманында бағаланбаған, жалғыздықтың 
зардабын толығынан басынан өткiзген, бүкiл өмiрiн жеке тұлғаның iшкi рухани өмiрiнiң 
қайталанбас жақтарын, оның Құдаймен тiкелей байланысын көрсеткiсi келген Дания 
елiнен шыққан дiни философ. Оның философиялық көзқарасы мен жалпы дүниесезiмiнiң 
қалыптасуына әкесiнiң дiни дүниесезiмi мен “бiздiң жан-ұямызға Құдай қарғысын атты² 
деген жалған пiкiрi үлкен әсерiн тигiздi. Жас Кьеркогер әлсiз болып, неше-түрлi 
аурулардан шықпай өстi, бұл жағдай да оның дүниесезiмiне өз әсерiн тигiзсе керек. Ең 
соңында, ол 1841 ж. белгiсiз себептерге байланысты өзiнiң терең махаббаты Регина 
Ольсен деген қыздан үйленерiнiң алдында бас тартады. Осыдан кейiн ол толығынан дiни 
сезiмге берiлiп әкесiнен қалған үлкен үйде жазушылық iсiмен айналысып, қалада жүрттың 
көзiне өте сирек кездеседi. Әкесiнен қалған барлық қаражатты өзiнiң жазған көп 
шығармаларын жарыққа шығаруға жұмсайды. Негiзгi еңбектерi: “Әлде- әлде², “Үрей мен 
қалтырау. Диалектикалық лирика². “Ажалға бастайтын ауру. Қайта туу мен оянуға 
бағытталған христиандық-психологиялық тебiренiстер² т.с.с. 
Жалпы алғанда өзiнiң қысқа өмiрiнiң шеңберiнде бұл кiсi 28 томдық еңбектердi 
тудырған, соның iшiнде 14 томы - оның күнделiктерi. өз заманында атағы шықпаған 
философ ХХ ғ үлкен құрметке бөленедi, оның шығармашылығына арналған мыңдаған 
зерттеулер жарық көредi. 1948 ж. берi Копенгаген қаласында “Кьеркогериана² деген осы 
ойшылдың көзқарасын зерттеуге арналған журнал шығады. 
Өзiнiң шығармашылық жолының басында Кьеркогер қайсыбiр философиялық жүйенi 
жасаудан бас тартып, соңғының ең биiк шыңы - Гегельдiң философиясын қатты сынға 
алады. Өйткенi, оның философиясында рационализм өзiнiң шегiне жетiп панлогистiк 
дәрежеге көтерiлдi ( pan,- грек сөзi,- бәрi де, logos,- ақыл-ой). Гегельдiң ойынша, болмыс - 
ойлаумен тең, ақыл-ойдың шеңберiнен шығаттынның бәрi де ақиқатты емес, Ғарышта 
өжеттi танымның аша алмайтын ешқандай сиқыры болмақ емес. 
Кьеркогер мұндай көзқарасқа үзiлдi-кесiлдi қарсы шығады, өйткенi, болмысты жүйелеу 
мүмкiн емес. Қайсыбiр жүйе - аяқталғандықпен тең, ал болмыс үне-бойы өзгерiсте. Екiншi 
жағынан, Гегель тұлғаны объективтi нақтылы-тарихи шеңбердiң iшiне қойып түсiнедi, 
яғни жеке тұлғаның өзiндiк қайталанбайтын тек соған ғана тән өмiрi, оның еркi тарихтың 
қадамының астында көмiледi. Сондықтан, ол Гегельдiң объективтiк диалектикасына 
өзiнiң субъективтi, жеке тұлғаның өмiр сүру (экзистенциалдық) диалектикасын қарсы 
қояды. Оның ойынша, қайсыбiр дүние жөнiндегi жаратылыстануға негiзделген ғылыми 
көзқарас - залымдықтың нышаны. Жаратылыстану ең соңында адамзаттың құруына әкелуi 
мүмкiн,- дейдi Кьеркогер. Ойшылдың бұл пiкiрiн үстiрт қарамай терең ойласақ, расында 
да, бүгiнгi таңда ғылым адамға көп жақсылық әкелгенiн бәрiмiз де бiлемiз, сонымен қатар, 
ядролық соғыс пен экологиялық апаттың мүмкiндiгiн адамзат жоя алмай отырғаны да - 
бүгiнгi таңдағы ақиқат. 
Фридрих Ницше 
Фридрих Уилһелм Ницше (нем. Friedrich Wilhelm Nietzsche, IPA: [ˈfʁiːdʁɪç ˈvɪlhəlm ˈniːtsʃə]) (1844 қазаннаң 15 — 1900 тамыздың 25) — 19 ғ. неміс пәлсапашысы және филологы.Бонн және Лейпциг университеттерінде оқыған. Ницше болмыс пен мәдениеттің екі бастамасын – “дионистік (“өміршеңдік пен трагедиялық”), ләззатқа жүгенсіз елеуреу” және “апполондықты” (пайымдау, логик. топшылау мен бір жақты интеллектуалдық) салыстыра зерттеді. Ницше ғасырлар бойы қалыптасып келген салт-сана мен дәстүрлерге, әсіресе, философияда зердеге қарсы шықты. Ол зердені қатты сынға ала отырып, оның негізгі қағидаларын іске алғысыз етеді. Философтың айтуынша,

дүниені тануда негізгі рөл атқаратын зерде немесе сана емес, рухтың күші ғана, ал рух дегеніміз – өмірдің өзі. Өмір өзінің қайғы-қасіретімен және азабы арқылы білім бола алады. Ницшенің иррационалистік философиясының бір ерекшелігі: өмір мен ырық (абсолютті ырық) арасындағы байланысты анықтауға ұмтылғандығы. Ол өз шығармашылығының алғашқы кезеңдерінде ырықты өмірге деген құштарлық деп танып, өмір философиясының негізін қалады. Бірақ Ницше шығармашылығының соңғы кезеңі ырыққа деген басқа көзқарасты тудырды. Оның ойынша, өмір ендігі жерде ырыққа деген құштарлық емес, керісінше, бұл рухтың үстемдікке, билік етуге құштарлығы болып шықты. Ницшенің пікірі бойынша, адам, бір жағынан, тек жәндік қана, ал екінші жағынан алғанда, әрі тудырушы, әрі жаратушы. Жалпы ол адамның рөлін, әсіресе, шығарм. қызметін жоғары бағалаған. Ол неміс тілінің айрықша өткір түрімен сол дәуірдегі қоғамдық сенім, өнеге, мәдениет, пәлсапа және ғылымды сын тезіне алады. Ницшенің көзқарастары кейінгі пәлсапаға әсіресе бар болушылық ағымы мен постмодернизмге терең ықпал етті. Оның құндық көзқарасы және шындық туралы қойған сұраулары мен түсініктемелері еуропалық және түсініктемелік пәлсапаның негізін қалады. 
Ницше пәлсапаға кірісуден бұрын жұмысын филологиядан бастаған. 24 жасында Базел университетінің классикалық филология бөліміне басшы болып орналасады, бұл сол кезге дейін осы орынға отырған ең жас профессор еді. Бірақ, 1889 ж. ол жүйке ауруына ұшырап, денсаулық жағдайымен орнынан шегінеді, осыдан кейінгі өмірінде ол бастан ақыр ауырумен алыса жүріп өткізді. 1889 ж. ауыр науқас болғаннан бастап, шешесі мен қарындасының жанына келіп 1900 ж. көз жұмғанға дейін солардың күтімінде болды.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

35. ХІХ ғ. Орыс ой кеңістігіндегі  славяншылдық һәм батысшылдық (П.Я. Чаадаев, А.И. Герцен, И.В. Кирееевский, А.С. Хомяков).

ХІХ ғасырдың 40-50 жылдары жалпы философиялық мәселелердің қатарында орыстың қоғамдық және философиялық ойы екі бағытқа бөлінді: батыстану және славяншылдық. Бұл екі бағыттың да қалыптасуына П.Я. Чаадаев  үлкен рөл атқарды. Өзінің көзқараста-рын ол атақты « Философиялық хаттарында» баяндады. Чаадаев католиктік батысты дәріптеп, оны Ресейге үлгі тұтты, ал екінші жағынан, Ресейдің Батыстан айырмашылығы оның ерекше «Ғаламдық миссиясында» деп айтты. Батыстың идеологиясын В.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.Г.Чернышевский қолдады. Олардың еңбектері негізінен ең ірі батысеуроппалық ойшылдары: Гегелдің, Фейербахтың, франция материалистерінің идеясын жаңғыртады. Бұлардың барлығы шіркеуді сынап, материализмге сүйенеді. Олардың пікірінше, ел Батыс Еуропаға бағдар ұстай отырып, еуропалық және әлемдік өркениеттің толыққанды мүшесі болады. Славяншылдық орыстың нағыз философиялық-идеалистік бағытында көрініс тапты. Оның негізінде орыс халқының мессиандық ролі туралы, оның діни және мәдени болмысы,  тіпті алабөтендігі туралы  идея жатыр. Бастапқы Славяншылдардың тезисін оқу барлық әлемдік өркениеттің дамуы үшін православияның шешуші ролін бекітуден тұрады, өйткені  провославия сол байырғы орыс бастамасын қалыптастырған, сол «орыс рухы» орыс жерінің шексіз көлемін жасады. Славяншылдықтың негізін қалаушылар: А.С. Хомяков, И.В. Киреевский, К.С. Аксаков т.б. Олар Ресей православилік рухани негізге сүйене отырып, оны әлемдік жетекшілікке әкелетін ерекше жолмен жүруі тиіс деп ойлады.

Бұл идеялық позицияға Даль, Островский, Тютчев сияқты ақын-жазушылар жақын болды.  Олардың жұмысында тарихтың  өзінен  туындайтын дербес сара жол мен ерекше міндеттерді шешу үшін орыс ойының қажеттілігі туралы  ойы бекітіледі.Орыстың төлтума философиясының  зерттеу аймағы осымен  сипатталады. Бұл міндеттер мен зерттеу  аймағы  Православиемен тығыз байланыстырылды. 

Славяншылдар  Ресей дамуының бүкіл Батыс өркениетінен түбірлі    айырмашылығы туралы тезисті ұстанады.Бұл  жерде ең алдыңғы орынға діни  бастау шығады.

36. Марксизм  философиясы.

Марксизм — 19 ғасырдың 40-жылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельс негізінқалаған философиялық, экономикалық және әлеумет-тік-саяси көзқарастар жүйесі. Марксизмнің теориялық қайнар көзі — классикалық неміс философиясы (Г. Гегель, Л. Фейербах), классикалық ағылшын саяси экономиясы (А. Смит және Д. Рикардо) және француз утопиялық социализм ілімі (Ш. Фурье, Р.Оуэн және Сен-Симон). Марксизмнің мақсаты, қоғамның негізгі қозғаушы күші ретінде жұмысшы табының маңызын теориялық негіздеу болды. Марксизм дүниені кең ауқымда қайта құрудың белгілі бір үлгісін қалыптастыруға бағытталды, жаппай әлеуметтік, рухани көзқарастар төңкерісі идеясын жариялады. Классикалық марксизм ымырасызды-ғымен, іске асатын жобасының зардаптары туралы мәселені шешудегі қаталдығымен ерекшеленді. Марксизм социалистік төңкеріс нәтижесінде пролетариат диктатурасын, екі кезеңнен (социализм мен коммунизм) тұратын коммунистік қоғам орнатуды мақсат етті. Марксизмдегі ашқан қоғамдық-экономикалық формация теориясы бойынша жаңа өндіргіш күштер мен күні өткен өндірістік қатынастардың арасында жанжал шығып, әлеуметтік төңкеріске әкеледі. Нәтижесінде бір формация екіншімен ауысады. Марксизм ілімі бойынша тарих барлығы бесформациядан: алғашқы қауымдық, құлиеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистікформациялардан тұрады.

Информация о работе Дүниетаным және оның түрлері (мифологиялық, діни, философиялық)