Қазақстан Республикасының діни проблемалары мен ұлт дүниетанымына әсері және исламның таралуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2014 в 22:12, курсовая работа

Краткое описание

Батыс мәдениетінде «Дін» ұғым түсінігінің мәні екі мағынада түсіндіріледі. Оның бірінші мағынасы латын тіліндегі «religare» ұғымының түсінігі. Бұл ұғым түсінікпен жер мен көк /аспан/ арасында рухани байланыс бар екендігі түсіндіріледі. Ал екінші, осы латын тіліндегі «religo» ұғым – түсінігі – қасиетті, табыну заты, құдайға құлшылық ету мағынасында танылады.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3-4
І бөлім: Дін теориялары мен дін әлеуметтануының қалыптасуы және әлеуметтік функциялары.
1.1. Діни интеграция және әлеуметтік өзгерістер...............................................5-21
1.2.Дін әлеуметтануының қалыптасуы және әлеуметтік функциялары.........22-33

ІІ бөлім: Қазақстан Республикасының діни проблемалары мен ұлт дүниетанымына әсері және исламның таралуы.
2.1. Қазақстан Республикасында секталардың таралуы және өзекті проблемалары......................................................................................................34-42.
2.2.Ұлттық дүниетанымның қалыптасуындағы діннің рөлі және исламның таралуы..................................................................................................................43-52
2.3.Социологиялық зерттеу нәтижесі.................................................................53-62
Қорытынды...........................................................................................................63-64 Пайдаланған әдетиеттер......................................................................................65-66

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Дін-теориялары-мен-дін-әлеуметтануының-қалыптасуы-және-әлеум.doc

— 324.00 Кб (Скачать документ)

Сұралғандардың 61% көбі ғибадатты  өмірдегі принцип ретінде қарастырады. 20,5 % ғибадат жасауды міндетті деп есептемейді, ал 18 % ғибадатқа қатыса алмайтындығын білдірген.

 Ғибадатты жиі орындау жағынан  келесі нәтижелер белгілі болды:

29,8 % күнделікті  ғибадат етеді, 19,3 % аптасына бір  рет, 4,5 % айына бір рет, 3,3 %  жарты  жылда бір рет, 2,5 % жарты жылда  бір реттен кем, 1,8 % арнайы ғибадат  етпейді, 11,3 % жауап беруге қиналады. Әрине, бұл респонденттер үшін сұрақтар алғаш рет қойылған, оларға мұның алдында діни сана жайында сұраулар жүргізілмеген, сондықтан жауап бере алмағандардың саны 10 % көп болып отыр.

Діни шаттарды толыққанды ұстау респондентерді діннің құпиялары және ережелеріне бейімдеу, яғни діни теңестіру процесі болып табылады. 33,0 % діни ұстанымдарды орындауға әрекет етушілер болса, 24,3 % шарттылықты нақты орындайды. 17,3 %  дінге соншалықты мән бермейтін болса, 9,5 % мүлде орындамайды. Сонымен, сұралғандардың 57 % ораза ұстау принциптеріне белсенді  қатысады.

 Адамдар арасында діншілдік қағидаттарымен қатар  рухани сана сезімінің өзара байланысын сақтау жөніндегі сұраққа 44,0% қолдайтындығын  білдірген, сондай-ақ 31,5 % тек ережелермен ғана шектеліп қоймай, рухани ағарту жұмыстарын жүргізу - діндарлардың шынайы борышы деп санайды. 8,8 % ораза ұстаудың рухани даму үшін ғана  емес, ағзаның медициналық тазаруы үшін де ұстанатындығын алға тартады,  яғни бұлар діни дәстүрдің мағынасын жете түсіне бермейді. Бұл қағидаттың дін жолын ұстанатындарға сәйкес келмейтіндігінің дәлелі.

     15,5 % жауап беруге қиналатындығын  білдірді.

Негізгі діни ережелер бойынша сұрақтарға мына көрсеткіштер дәлел:

    37,3 % -  өзінің сенім - нанымының  басты қағидаттарын хабардар;  

    27,8 % -  басты қағидаттарын ғана  біледі;       

    22,0 % - бірнеше қағидаттарын біледі.

   Барлығы 87,1 % респонденттер өз сенім - нанымдарының бастапқы діни  қағидаттарынан хабардар, яғни, тұрғындардың  діни рухани ой - санасы жоғары деңгейде. Сонымен бірге, 8,5 %- хабардар емес, бірақ терең оқылатын діншілдік қағидаттарына  қызығушылық білдіреді. 4,5 % - дінге сенбейтіндер.

  Діни  әдет - ғұрып үлгілерінің орындалуын  сараптау жөніндегі сұраққа түрлі  нұсқалар белгіленді:

43,3 % - әрдайым ұстанбайды, бірақ дінін сыйлайды;         

28,5 % - басты  қағидаттарын  ұстанады;

22,0 %- діни  іс-шараларға белсенді қатысушылар;

6,3% - қатыспайды, бірақ діншіл адамдар болып  табылады.

  Басты бірқатар респонденттердің  пікірлері  мына кезекті діни сенімдерді ұстанудың мынадай үлгілерін көрсетеді:

  1. белсенді ұстанушылар;
  2. ұстанушылар;
  3. ұстанбайтындар, бірақ дінге сенушілер. 

   Ақпарлардың  негізгі кемшілігі, өзекті сұрақтарға діни - танымдық  тұрғыдан пікірін, діннің қазіргі  қоғамдағы рөлін ұйымдастыру, дінді  ұлттық тиесіліктерімен сәйкестендіру, дінбасыларының өте жағымсыз  факторы және кемшіліктері болып табылады.

  5 8% пайыз сұралған респондентердің көпшілігі діни - дәстүрлерді отбасы ортасында ұстануды қолдайды.

         Діни сенім  бостандығын қолдау  немесе қолдамау қағидаттары 35,0 % респонденттер, ал сұралған респонденттердің 6,5 % діни дәстүрді қолдауға құлықсыздық танытқан.

    Қызықты жауаптар респонденттердің, діни сана - сезімі деңгейінің   әлеуметтік ортадағы  қандай да  бір құрамы ретінде отбасы, туыстар, достар, қызметкерлерді атауға болады.      

Әлеуметтік ортадағы діни нанымдар

Отбасы -  айырықша бір сенімде (88,8 %),

Ортақ сенімдегі туыстар (73,3 %), әртүрлі сенімдегілер (26,3 %)

Түрлі сенімдегі достар (67,5 %), ортақ сенімдегі 30,3 %

Түрлі сенімдегі қызметкерлер (68,8%), ортақ сенімдегілер (22,5%).

 Дін мәселелеріндегі негізгі әдебиеттердің рейтингі:

1.     44,0 % - құран оқуды,  библияны, көне кітаптарды, т.б  басты дін әдебиеттер ді оқуды;

  1. 20,3 % - дінге қатысты барлық әдебиеттерді;
  2. 9,0 % - газет-журналдардағы  кезеңдік діни- нанымдар жөніндегі баптар  мен сұрақтар;
  3. 7,8% - үн парақтарды оқу, дін қайраткерлерінің үндеуі;
  4. дін мекемелерінің интернет- сайттарына бару 7,5% - дін тақырыбынан хабардар емес;

      Жүргізілген рейтинг діннің өзекті мәселелерін, қазіргі кездегі проблемалар бойынша қоғамдық қызығушылықтың жоғарғы деңгейін көрсетіп берді.

Діни ақпараттарды алу көздері 

  1. 28,0 % - Рухани әдебиеттерді оқу
  2. 23,3 % - Тәжірбиелі дінбасылар, қарт адамдардың  кеңестері
  3. 21,0 % - Теледидар
  4. 9,5 % -  Дінбасылармен пікір алмасу
  5. 8,0 % -   Кездейсоқ жолсеріктер
  6. 3,5 % - Радиоқабылдағыштар
  7. 2,5 % -  Рухани жиындар
  8. 2,5 % - Діни тақырыптағы диспуттарға қатысу
  9. 0,8 % - Діни мекемелердегі курстарға қатысу 

  Дін ұстанымын бағалау төмендегідей  болды:

35,8 % - ұстанушылар

24,8 % - белсенді  ізбасарлары

16,0 % - діннің  нормаларына сай салттарды орындаушылар

3,5 % - атейстер 

3,0 % - дінге  жаңадан бет бұрғандар

2,3 % - басқа  дінге өткендер

  Құран  қағидаттары бойынша  өзге дінді  ұстанушылар немесе жолдан тайғандармен  күрес туралы пікірлер төмендегідей болды:

30 % қолдайды, 15,5 % аздап келіседі, 27,8 % пайызы құранда мұндай қағидаттар жоқ деп санайды, 26,8 % жауап беруге қиналады. Құранның негіздерін түрлі деңгейде талдау көбіне қате түсініктер тудырады, бұл қоғамға қауіпті фактор болып есептеледі, азаматтарды ұлттық және діни топтарға жіктелуге әкеліп соқтырады.

          Экстремистік  ұйымдардың елді исламдық мемлекетке  айналдыру туралы таратып жүрген  үнпарақтарын қалай бағалайсыз? деген сұраққа респонденттердің 33,0 % бұл процестердің алдын алу керектігін, жастармен және түрлі әлеуметтік салалар бойынша жұмыстар жүргізу керектігін айтса, 12,5 % мұндай көріністердің мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне өте қауіпті екендігін білдірді. Сондай - ақ, 45,5 % бұл көріністі жағымсыз деп бағалаған. 23,5 % мұндай көріністерге барлық адамдар жауапкершілікпен қарамайтындығын торығушылықпен айтады. 6,3 % жастар мұндай мәселелерге аса мән бермейтіндігін білдірсе, 14,0 % жауап беруге қиналды. 5,3 % мұсылман емес, өзге дін өкілдерімен күресу керек деп есептейді.

    Әлеуметтік зерттеулерге облыста тұратын барлық ұлт өкілдерінің қатысқандығын есепке ала отырып, орын алып тұрған мұндай өзекті мәселелердің қоғам үшін, әсіресе жастар үшін қауіпті, теріс фактор екендігін білуге болады.

  Соңғы кездерде көбінесе мазмұны сапасыз миссионерлік әдебиеттердің таралуы орын алуда. Мұндай әдебиет, қоғамыздың ерекше мінезіне бейімделіп құрастырылған. Адам санасына кері әсерін тигізетін мұндай әдебиеттерге  шетелдерден  қоныс аударып келген оралмандардың бейім екендігін көрсетеді. Оралмандардың қазақстандық қоғамда әлеуметтік теңестіру  процестерінен өтіп жатқаны белгілі.

     Қазіргі жастарды адамгершілік және өнегелік тұрғыдан тәрбиелеу мәселесіне келер болсақ, қатысушылардың 21,0 % рухани әдебиеттерді оқу керек деп есептейді, 20,8 % сенім мәселесінде тәжірбиелі дін адамдары, қариялардың насихаттары, адамның сенім тұрғысынан позицияларын анықтауға септігін тигізеді деп сенеді. 19,0 % бүгінгі қоғамда адамгершілік пен құлықты адамдардың жеке тұлғасы  белгілейді деп есептесе, респонденттердің 15,0 % пікір - сайыстар мен диспуттарға қатысу,  рухани лидерлермен кездесулерді жиі өткізу керек деген стратегияны  алға тартады. 15,1 % рухани жиындарға қатысуды, дінбасылардың рухани  нағыз үнін тыңдауға болатын жиындарға жиі бару қажеттігін айтады. 2,3 % мемлекет және дін қайраткерлерінің өзара бірлесіп атқарған іс-шаралары - экуменизм, яғни қоғамда төзімділікті арттыру - белсенді фактор болады деп есептейді.

Социологиялық зерттеулер нәтижелері бойынша

негізгі қорытындылар.

1.  Қазіргі  Қазақстанда діни сенімдерді  күшейтудің негізгі факторларының бірі діншілдікті көтеру, қоғамда орын алған рухсыздықтың алдын алу, санадағы тоқырауды жеңу үшін алға ұмтылу.

2. Социологиялық  зерттеулер облыстағы  түрлі сенім - нанымдағы діндарлардың мынадай  бірнеше мінездемелерін ашып  көрсетті: дінге сенушілер "жасарған", көпшілігі білімді, әлеуметтік енжарлық пен саяси бойкүйездіктен арылып, қазіргі таңдағы білім мен техниканы, соңғы ақпараттық құралдарды пайдаланып, өз білімдерін жетілдіруге тырысады.  Діндар адамдардың бірқатары дінді  салт-дәстүрмен, тарихи түп-тамырмен байланыстырады.

3. Зерттеулердің  бірден бір қорытындыларын, діннің  маңызы мен  рөлін оған қатысушы  діндарлардың  санымен ғана анықтауға, өлшеуге болмайды.

4. Дінге  сенбейтіндердің көпшілігі дінді  жалпыұлттық өнегелі тірек ретінде  қарастырады, оны әлеуметтік бедел ретінде қабылдайды, олардың санасында дін ұлттық дәстүрмен сәйкестендіріледі.

5. Тұрғын  халықтың діни сенімдерінің өсуі, сонымен бірге қазіргі дін  қызметкерлерінің санасында электикалық  қайшылық  процестер орын алуда.

6. Исламда, дінді үйрету мен ағарту үшін арнайы әдістердің аз екендігі байқалады, дегенмен (діни оқу орындарынан тыс) талдау жұмыстары көрсеткендей, сауалнама барысында ислам дінін тұтынатын респонденттердің едәуір көп шоғырланғандығын көрсетеді.

7. Қоғамның  санасында елде жасалынып жатқан конфессиялық ұйымдардың беделінің бірден өсуі, діни - саяси қозғалыстардың пайда болуы, дінге селсоқ қарайтындардың дінге ұмтылуы. Екінші жағынан дінді мәдениеттің элементі ретінде түсіну процесі басым.

8.  Діндарлардың  бір бөлігінде діни дүниетанымы, әсіресе өзіндік "сәнге" еруі, сырт көзге көріну діндарлығы, белгісіздік пен мазмұнсыздығымен ерекшеленеді.

9.   Кейбір респонденттер өзін діндар  деп есептемейді, сонымен қатар, басқа да жауаптарында өздерінің  белігілі бір дінге, көбінесе дәстүрлі дінге тиесілігін көрсетеді. Мұндай көрініс олардың "исламды" немесе "православияны" ұлттық өмір салтымен, мәдениет пен өркениет түрімен теңестіруі деуге болады.

10.  Қоғамда  орын алған  ой- саналық қысым,  халықтың сол мұраттары мен  құндылықтарынан бас тартуға мүмкіндігі болмай,  қаншалықты тұтас жүйені,  құндылықтарды, зайырлы мінез түсінігін халықтың қабылдауы, еліктеуі, үміттендіру шарттарының көпшілігі   өз үміттерін  дәстүрлі діни мекемелермен байланыстырып, олардың күшін  біріктіріп, сәйкестендіруі арқылы патриоттық рухта  тәрбиелеуді мақсат қояды.                

11. Әртүрлі діни ағымдардың, оның ішінде жаңа ағымдарға табынушылардың қозғалысы, түрлі пікірлері, таралуы мен  басым жақтары қазақстандыққоғамның бір мезгілдегі қолдауы мен төзімділіктің тенденциялары болып табылады.

Діннің іс-әрекетінің жағымды жақтары.

1.Дін әлеуметтік сезімдерге ықпалды 

2. Көпұлтты қоғамда әлеуметтік ынтымақтастықты насихаттап, бекіту.

 Діншілдіктің жағымсыз факторлары. 

1.    Үлкендер мен балалар және  жастардың наным - сенім жағынан бөлінуі

2. Түрлі секталардың  қоғамнан салттық - әлеуметтік тұйықтануы, оқшаулануы

3. Балаларды, жеке тұлға ретінде қалыптаспаған  жас жеткіншектерді күштеп отырғызу

4.  Діншілдіктің  рухани мәдениет пен идеологияға  айналуы

5. Діншіл  фанат экстремистердің "Барлық  адамдардың бір дінде болуы" деген қағидамен қоғамымызға  енуі 

Қорытынды.

Қорыта айта бірінші бөлімде классикалық және ресейлік ғалымдарының діни интеграция және діннің әлеуметтік өзгеруі жайлы толық айтып өткен. Э.Дюргейм, М.Вебер, Б.Малиновский, К.Маркс және тағы басқада ғалымдар дінді жан-жағынан талдап зерттеген.

Дюргейм діннің қоғамдық интеграциясын социологиялық теорияны жасаудағы басты еңбегі «Діни өмірдің элементті факторларынан» ол діннің  пайда болуы мен дамуының эволюциялық теориясын жасайды. Дюргеймнің еңбегін сыни бағалағандардың бірі Малиновский болды. Малиновский Дюргеймнің қоғам тұрақтылығын сақтау мәселесі өз мақсатына жетпеді.

Малиновскийдің ойынша адам қажеттілігі және талпыныстары қоғамдағы тепе-теңдік сақтауға мүмкіндік беретін тәсілдірмен қанғаттандырылып отыруы керек  дейді. Д.Хоманста Малиновский мен Рэдклифф-Брауынның теориларын салыстыра келіп, олардың бір-бірін жоққа шығармайды, қайта бірін-бірі толықтырады дейді. Осылайша, интеграция ұғымы Парсонсқа жүйенің тұрақтылығы, тәртіп мәселесі ұғымдармен байланысты. Парсонсқа сәйкес дін ұйымындағы маңыздысы мәдени элемент болып табылады.

Классикалық функционализмге жақын Никлас Луманның дін теориясын мына түрде қарастыруға болады: жүйе барлық уақытта мүмкін әрекеттердің шектелуін, редукциясын білдіреді, яғни, «қиындықтар редукциясының қайсыбір» оңтайлануы. Сонымен қоса М. Вебер да осы функционализм көзқарасынан тұрақтылық негізін емес, әлеуметтік өзгеріс факторын түсінуге тырысады. Вебер өзінің діни концепциясында Парсонстың тұжырымдамаларын қолданған.

Ал екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы діни экстремиз мен діни ахуал, оның ұлттық дүниетанымына әсері және қазақ жерінде исламның таралуы жайлы талқыланған

Информация о работе Қазақстан Республикасының діни проблемалары мен ұлт дүниетанымына әсері және исламның таралуы