Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2014 в 06:14, дипломная работа
Құрылымы мен мазмұны жағынан күрделі синтаксистік категорияға жататын құрмалас сөйлемдерді зерттеп, зерделеу тілтанушылар үшін оңай болмағандығы рас. Оның айқын дәлелі өткен ғасырдан бастау алатын сан салалы зерттеулер мен күні бүгінге дейін жарық көріп жатқан еңбектердің барлығында да сөйлемнің осы түріне қатысты күрмеуі қиын мәселелер мен табиғаты тылсымдау бір проблеманың шығып тұратындығында.
І. К І Р І С П Е
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Құрмалас сөйлемді топтастыру мәселесі
Компонент санына қарай топтастыру
2.1. Екі құрамды құрмаластар
2.2. Көп құрамды құрмаластар
3. Компоненттерінің байланысу тәсілдеріне қарай топтастыру
3.1. Салалас құрмаластар
3.2. Сабақтас құрмаластар
4. Сабақтастарды байланыстырушы амалдарының қатысына қарай топтастыру
1. Есімше формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
2. Шартты рай формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
3. Көсемше формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
16 Қапалбеков Б. Көсемше бағыныңқылардың дамып қалыптасуы мен мағыналық түрлері. Филол.ғыл канд дисс. А., 2000.
17 Мамытбеков К. Сложносочиненные предложения в современном казахском языке. Автореф. дис. ...канд. филол.наук. – Алма-Ата, 1973.
18 Салиева У. Бессоюзные сложные предложения в современном казахском языке. . Автореф. дис. ...канд. филол.наук. – Алма-Ата, 1974.
19 Әмір Р. Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер// Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.
20 Шәукенұлы Қ. Синтаксис. А., «Арыс», 2004.
21 Шалабай Б. // Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.
22 Елшібаева Ә. Салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрылымдық, функционалдық арақатынасы. КДА, 2006.
Нұғманова Индираның
”Құрмалас сөйлемдерді жіктеу мәселесі”
атты дипломдық жұмысына
П I К I Р
Сөй синтаксисiндегi күрделi мәселелердiң бiрi – құрмалас сөйлем синтаксисi. Осы мәселеге қатысты тiл бiлiмiндегi қалыптасқан пiкiрлерден гөрi осы уақытқа дейiн дау тудырып жүрген мәселелердiң көптiгi жасырын емес. Басқасын айтпағанда, құрмалас сөйлем деп қандай сөйлемдi танимыз, оның құрамындағы компоненттердiң мағыналық белгiсiн негiзге аламыз ба, әлде субьект-предикаттық қатынасты тiрек етiп ұстаймыз ба деген мәследен бастап, оның түрлерiн саралау, әрқайсысының жасалу жолы мен ерекшелктерiн айқындауға дейiнгi аралықта талас пiкiрлер өте көп. Сонықтан дипломшының алып отырған тақырыбы тiл бiлiмiндегi көкейкестi мәселелердiң бiрiнен саналады.
Дипломшы осы мәселелерге қатысты тiл бiлiмiндегi көзқарастарға шолу жасай отырып, өз ойын бiлдiредi. Н. Сауранбаев, Т.Қордабаев, Қ. Есенов, Р. Әмір, Б. Шалабай т.б. сынды ғалымдардың пiкiрлерiн басшылыққа ала отырып, кейбiр мәселелердiң басын ашуға талпыныс жасаған. Ол үшiн, алдымен, қазақ тіл біліміндегі құрмалас сөйлемдердi бірнеше ұстаным бойынша жіктейді.
Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемдерді зерттеуде назар көбіне байланысу амалдарына аударылды. Зерттеулердің көбі бұл конструкциялардың салалас, сабақтас болып бөліну мәселесіне арналады. А. Байтұрсыновтың, Н.Т. Сауранбаевтың, С.А. Аманжоловтың іргелі зерттеулері де осы бағытта орындалған. Құрмалас сөйлемдерді ұйымдастыруға қатысатын басқа грамматикалық формалар, әсіресе жай сөйлеммен бірге ілесіп қатысатын формалар ескерусіз қалып келді.
Құрамына қарай екi құрамды, көп құрамды құрмаластар деп жiктеп, олардың әрқайсысының мағыналық-құрылымдық ерекшелiктерiне тоқталады.
Көп бағыныңқылы сабақтастар, көп компоненттi салаластар, аралас құрмаластардың ерекшелiктерi бiр-бiрiмен салыстырыла, тiлдiк фактiлер негiзiнде сараланады.
Сол сияқты компоненттерінің байланысу тәсілдеріне және сабақтастарды байланыстырушы амалдарының қатысына қарай жіктеп, олардың ерекшеліктерін саралап, белгілі бір нәтижелерге қол жеткізеді.
Қорыта айтқанда, Нұғманова Индираның ”Құрмалас сөйлемдерді жіктеу мәселесі” атты дипломдық жұмысы өз дәрежесінде жазылған жұмыс деп бағалауға болады.
Сарапшы: аға оқытушы М.Қ. Қанабекова
Нұғманова Индираның
атты дипломдық жұмысына
П I К I Р
Қазақ тiл бiлiмiнiң синтаксис саласының аса күрделi нысандарының бiрi - құрмалас сөйлем синтаксисi. Кезiнде А. Байтұрсынов, С.Жиенбаев, Қ.Жұбанов бастаған аталған проблеманы Н. Сауранбаев, Т. Қордабаев, Қ. Есеновтер арнайы зерттеу нысанына айналдырып, қазақ тiл бiлiмi үшiн баға жетпес құнды пiкiрлермен толықтырды. Кейiннен бұл бағытты Қ. Мамытбеков, Ұ. Салиевалар жалғастырса, кейiннен бiр топ жас ғалымдар (Г. Садырова, Б: Сағындықұлы т.т.) толықтыра түстi. Бiрақ бұдан құрмалас сөйлем синтаксисi толық зерттелiп болды деген түсiнiк тумаса керек, өйткенi бүгiнгi күнге дейiн аталған мәселеге қатысты айтыс-тартыс тудырып жүрген мәселелер баршылық.
Дипломшы зерттеу нысанына сай өз алдына бiрнеше мақсат-мiндеттер қойды. Әсiресе, өткен ғасырдан бастау алған қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдердің зерттелуі мәселесін бүгінгі таңдағы зерттеушілер еңбегімен сабақтастыра зерттейді. Құрмаластардың түрлерiн саралауда өзiндiк iзденiс таныта бiлдi. Компонент санына қарай (екі құрамды құрмаластар, көп құрамды құрмаластар), компоненттерінің байланысу тәсілдеріне қарай (салалас құрмаластар, сабақтас құрмаластар); сабақтастарды байланыстырушы амалдарының қатысына қарай (есімше формаларының, шартты рай формаларының, көсемше формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер) деп жіктесе, көп құрамды құрмаластарды жарыспалы, сатылы көп бағыныңқылы сабақтастар мен көп компоненттi салаластардың, аралас құрмаластар деп жіктеп, олардың ерекшелiктерiн нақтылайды. Кейбiр мәселелерге қатысты тiлшi ғалымдар пiкiрiн саралап, ой қорытындысын жасай бiлдi.
Құрмаластарды жіктеудің бірнеше ұстанымға негізделген топтастыруын ұсыну арқылы осы мәселеге қатысты белгілі бір ой түйеді. Аталған мәселерге қатысты көрке әдебиет пен баспасөз материалдарынан көптеген мысалдар жинастырды.
Қорыта айтқанда, Нұғманова Индираның ”Құрмалас сөйлемдерді жіктеу мәселесі” атты дипломдық жұмысы өз дәрежесінде жазылған, жұмыс деп бағалауға болады.
Ғылыми жетекшi:
ф.ғ.к., доцент Т.Н. Ермекова