Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2014 в 06:14, дипломная работа
Құрылымы мен мазмұны жағынан күрделі синтаксистік категорияға жататын құрмалас сөйлемдерді зерттеп, зерделеу тілтанушылар үшін оңай болмағандығы рас. Оның айқын дәлелі өткен ғасырдан бастау алатын сан салалы зерттеулер мен күні бүгінге дейін жарық көріп жатқан еңбектердің барлығында да сөйлемнің осы түріне қатысты күрмеуі қиын мәселелер мен табиғаты тылсымдау бір проблеманың шығып тұратындығында.
І. К І Р І С П Е
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Құрмалас сөйлемді топтастыру мәселесі
Компонент санына қарай топтастыру
2.1. Екі құрамды құрмаластар
2.2. Көп құрамды құрмаластар
3. Компоненттерінің байланысу тәсілдеріне қарай топтастыру
3.1. Салалас құрмаластар
3.2. Сабақтас құрмаластар
4. Сабақтастарды байланыстырушы амалдарының қатысына қарай топтастыру
1. Есімше формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
2. Шартты рай формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
3. Көсемше формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ
ҚАЗАҚ ТIЛ БІЛІМI КАФЕДРАСЫ
НҰҒМАНОВА ИНДИРА
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕРДІ ЖІКТЕУ МӘСЕЛЕСІ
Қорғауға жiберiлдi:
“__” ___________ 2007 ж.
Кафедра меңгерушiсi: _________________
ф.ғ.к., доцент Т.Н. Ермекова
АЛМАТЫ, 2007.
ЖОСПАР
І. К І Р І С П Е
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Екі құрамды құрмаластар
2.2. Көп құрамды құрмаластар
3. Компоненттерінің байланысу тәсілдеріне қарай топтастыру
3.1. Салалас құрмаластар
3.2. Сабақтас құрмаластар
4. Сабақтастарды байланыстырушы амалдарының қатысына қарай топтастыру
1. Есімше формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
2. Шартты рай формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
3. Көсемше формаларының
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Құрылымы мен мазмұны жағынан күрделі синтаксистік категорияға жататын құрмалас сөйлемдерді зерттеп, зерделеу тілтанушылар үшін оңай болмағандығы рас. Оның айқын дәлелі өткен ғасырдан бастау алатын сан салалы зерттеулер мен күні бүгінге дейін жарық көріп жатқан еңбектердің барлығында да сөйлемнің осы түріне қатысты күрмеуі қиын мәселелер мен табиғаты тылсымдау бір проблеманың шығып тұратындығында.
Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемге қатысты алғашқы пікір, тұжырымдар П.М. Мелиоранский [5], Н.И. Ильминский [6]және т.б. түркітанушылар еңбектерінде көрініс табады. Авторлардың құрмалас деп көреткен сөйлемдері бүгінгі таным тұрғысынан алғанда жай сөйлемге жататындығына қарамастан, бұл еңбектердің сөйлем табиғатын танытудағы ролін жоққа шығаруға болмайды. Түркі тілдес халықтар ғалымдары да құрмалас сөйлемдерді арнайы зерттеу нысаны етіп алып қарастырды. Олардың қатарында М.З. Закиевтің «Синтаксический строй татарского языка», А. Жапаровтың «Синтаксический строй киргизского языка», Н. З. Гаджиева, Б.А. Серебренниковтардың авторлығымен жарық көрген «Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. Синтаксис», Г.Г. Саитбатталовтың «Синтаксис сложного предложения в башкирском языке», К. Чонбашиевтың «Сложные предложения в русском и киргизском языке», Н. Нартыевтің «Строй сложного предложения в современном туркменском языке», сондай-ақ «Грамматика хакасского языка», «Грамматика татарского языка» т. т. еңбектерді атап өтуге болады. Аталған мәселе төл ғалымдарымыздың да назарынан тыс қалмады.
Қазақ тіл білімінің қалыптасып, даму тарихында оның негізін салушылар А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Жиенбаев, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев есімдері ерекше аталатыны сөзсіз. Аталған ғалымдар жалпы қазақ тіл ғылымының дамуына зор үлес қосты дейтін болсақ, соның ішінде синтаксис саласына қалдырған мұралары күні бүгінге дейін маңызын жоймағандығын атап өтуіміз керек. Синтаксистің аса күрделі де күрмеуі мол нысаны құрмалас сөйлемдерді зерттеп, зерделеу, оның тілдік табиғатын таныту мен құрылымдық-семантикалық белгілерін айқындау ісінде белгілі ғалымдар Н. Сауранбаев, М. Балақаев, Т. Қордабаев, Қ. Есенов, Р. Әмір, М. Серғалиев, Б. Шалабай еңбектерінің мәні зор.
Диплом жұмысының өзектілігі.
Қазіргі қазақ тілін мектепте, колледждер мен жоғары оқу орындарында оқытудың өзіндік қиыншылықтары бар. Оның басты себебі, біріншіден, іс жүзінде бір-бірімен сабақтас, белгілі бір жүйемен оқытылуға тиіс білім беру сатыларының бағдарламалары арасында байланыстың жоқтығы болса, екіншіден, оған сәйкес жазылатын оқулықтарда берілетін материалдардың мазмұнының арасындағы елеулі айырмашылықтар. Аталған сәйкессіздік тіл білімінің барлық салаларында да орын алатындығын мойындауымыз керек. Айталық, қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың саны қанша, оған қай дыбыстар жатады деген мәселеге қатысты әр автордың оқулығынан әр түрлі жауап алуға болады. Бұл жайт бағдарламалар мен оқулықтарда берілген құрмалас сөйлемнің түрлеріне де қатысты. Сондықтан оны айқындау ісі жұмыстың өзектілігін танытады.
Диплом жұмысының мақсат-міндеттері
Диплом жұмысының мақсаты – қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдерді топтастыру. Осыған орай төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Құрмалас сөйлемді топтастыру мәселесі
Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемді топтастыру мәселесіне алғаш көңіл аударған А. Байтұрсынұлы «Тіл-құрал. Сөйлем жүйесі мен түрлері» атты еңбегінде құрмалас сөйлемге қатысты түсінік береді [1: 300-310]. Оны сыйыса құрмаласу және қиыса құрмаласу деп бөліп қарастырады. Автордың сыйыса құрмаласу деп берген сөйлемдері (Қарабай мен Сарыбай аңға шықты) қазіргі замандағы тілдік таным тұрғысынан талдағанда бірыңғай мүшелі жай сөйлем деп танылғанымен, аталған сөйлемнің оны құрмалас сөйлеммен барабар ететіндей әлдебір тілдік заңдылықтың негізінде қалыптасқандығын жоққа шығара алмаймыз (салыстырыңыз: Қарабай да аңға шықты, Сарыбай да аңға шықты). Қиысқан құрмаластарды салалас, сабақтас деп жіктеп, салаластарды мағынасына қарай жиылыңқы, қайырыңқы, айырыңқы, сұйылыңқы және қойылыңқы деп бөлсе, сабақтастарды бастауыш бағыныңқы, анықтауыш бағыныңқы, пысықтауыш бағыныңқы деп бөледі. Құрмалас сөйлемді «күрделі сөйлем» деп атаған Қ.Жұбанов оны салалас және сабақтас деп жіктеп қарастырады [2: 231]. 1936 жылы орта мектептің 5-7 сыныптарына арналған «Қазақ тілінің программасында» құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдары мен амал-тәсілдері көрсетіліп, мағыналық түрлеріне тоқталған. Құрмаласты жасайтын амал-тәсілдер салаласта: алғашқы сөйлем баяндауышы құрамындағы еді көмекші етістігі, шартты рай тұлғасы, көсемшенің –п тұлғасы, да, және, сосын дәнекерлері, сол себепті, сондықтан, сөйтіп, бірақ, сөйтсе де, я, әйтпесе, не болмаса, үйткені, неге десең т.б. жалғаулықтары, осы, сол, бұл есімдіктері; сабақтаста, негізінен, құрамында қатыстық сөздері бар шартты рай тұлғалы етістіктерге негізделген. Салалас құрмаластарды өз ішінде ыңғайлас, ереуіл, талғама, себеп-салдар, шарт жағдай деп бөледі де, сабақтастарды анықтауыш бағыныңқылы, толықтауыш бағыныңқылы, пысықтауыш бағыныңқылы деп саралайды [2: 359].
Құрмалас сөйлемді зерттеуді алғаш рет практикалық мақсатта емес, ғылыми тұрғыдан қарастырған С.Аманжолов құрмалас сөйлемдерді салалас, сабақтас, аралас және тиянақсыз сабақтас деп төрт түрге бөліп қараса [3: 359], құрмалас сөйлемдерді арнайы зерттеген Н.Сауранбаев бұл мәселеде бірнеше пікір ұсынды: алғашқы топтастыруда құрмаластарды салалас және сабақтас деп жіктесе [4 ; 46], кейінірек салалас құрмалас, сабақтас құрмалас және іргелес құрмалас деп топтайды [5; 34-106], ал соңғы топтастыруда құрмаластарды 4-ке бөледі: салалас, сабақтас, аралас, үйірлі мүшелі сабақтастар [10; 520], С.Жиенбаев құрмаластың тек салалас және сабақтас деген 2 түрі бар екенін, ал аралас құрмаластың “өз алдына бір бөлек заңдары жоқ” екенін айтады [11;33]. Н.Сауранбаев сөйлемнің бұл түрін сабақтас, салалас, іргелес деп үш үлкен топқа бөледі. Автор құрмаластың жалғаулықсыз байланысқан түрін жеке алып «іргелес» деп қарастырады.
Аталған топтастырулардың қолданыстағы топтастырулардан елеулі айырмашылықтары болғанымен, бүгінгі күн тұрғысынан алып қарағанда назар аударатын тұстары да жоқ емес.
Профессор Н.Сауранбаевтың “Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі” атты очергінде іргелес құрмаластар деп отырғаны – тілімізден берік орын алып, әбден қалыптасып кеткен жалғаулықсыз салалас сөйлемдер. Мұндай сөйлемдерді салаластың бір тармағы есебінде қарамай, жалпы құрмалас сөйлемнің бір түрі ретінде түсіндірген. Ондағы дәлелі – “іргелес құрмаласта салаластың да, сабақтастың да белгісі бар. Салаласқа тән белгісі - ондағы жай сөйлемдердің грамматикалық жағынан бір-бірімен тең дәрежеде құрмаласатындығы және сөйлемнің баяндауышы тиянақты қалыпты болатындығы. Ал іргелестерді сабақтастармен жақындастыратын белгі – іргелестегі жай сөйлемдер ішкі мағына жағынан бірін-бірі сипаттап, бір-біріне тәуелді болып байланысады” [10; 27-28 ].
Сонымен бірге бағыныңқы
компоненттің табиғатын сөйлем
мүшелерінің атқаратын
Үйірлі мүшесі бар сөйлемдерді ғалым екі жақты түсіндіреді: егер есімшелі сөйлемдердің өзіне қатысты бастауышы болмаса, ондайларды есімше анықтауыш үйірлі мүшелі жай сөйлем дейді де (Емтихандарын уақытында өткізген студенттер демалысқа кетті), егер бастауышы болса, мұндайларды анықтауыш бағыныңқы деп түсіндіреді (Асан кітапханадан алып оқыған қызық кітап бүгін маған тиді).
Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлем
синтаксисі мәселесінің зерттелуін Қ.
Есенов үш кезеңге бөліп қарайды [14:117]. Алғашқы кезеңге
Осы кезеңнің үлесіне тиетін М. Базарбаева,
Б. Шалабай,
Ғалым Б. Шалабай құрмалас сөйлемдерді байланыс сипатына қарай салалас және сабақтас деп бөледі де, үш немесе одан да көп предикативтік орталықтан құралған құрмаластарды көп компонентті құрмаластар деп, оны өз ішінде көп компонентті (сыңарлы) салаластар, көп бағыныңқылы сабақтастар және аралас құрмаластар деп жіктейді. Салалас құрмаластарды компоненттерінің байланысу тәсіліне қарай жалғаулықты, жалғаулықсыз деп жіктейді де, жалғаулықты салаластарды мағыналық қатынастарына қарай ыңғайлас (мезгілдес), себептес, қарсылықты, талғаулы, кезектес деп саралайды [18; 690-692]. Назар аударатын мәселе - автордың құрмаластарды, алдымен, предикатив сыңарларының санына қарай жіктеп алуы.
Ал ғалым Р. Әмірдің классификасы өзіндік жаңалығымен ерекшеленеді. Ол қазақ тілі құрмалас сөйлем жүйесіндегі үш құрылымдық түрді бөліп көрсетеді: 1. Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер; 2. Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер; 3. Сабақтас құрмалас сөйлемдер. Оның ішінен іргелес салаластарды бөліп алып, оны құрылыс ерекшелігіне қарай тұрақты іргелес салалас құрмалас сөйлемдер, ауыспалы іргелес салалас құрмалас сөйлемдер деп топтайды да, одан әрі төмендегідей грамматикалық-семантикалық топтарға жіктейді: