қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдерді топтастыру. Осыған орай төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2014 в 06:14, дипломная работа

Краткое описание

Құрылымы мен мазмұны жағынан күрделі синтаксистік категорияға жататын құрмалас сөйлемдерді зерттеп, зерделеу тілтанушылар үшін оңай болмағандығы рас. Оның айқын дәлелі өткен ғасырдан бастау алатын сан салалы зерттеулер мен күні бүгінге дейін жарық көріп жатқан еңбектердің барлығында да сөйлемнің осы түріне қатысты күрмеуі қиын мәселелер мен табиғаты тылсымдау бір проблеманың шығып тұратындығында.

Содержание

І. К І Р І С П Е
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Құрмалас сөйлемді топтастыру мәселесі
Компонент санына қарай топтастыру
2.1. Екі құрамды құрмаластар
2.2. Көп құрамды құрмаластар
3. Компоненттерінің байланысу тәсілдеріне қарай топтастыру
3.1. Салалас құрмаластар
3.2. Сабақтас құрмаластар
4. Сабақтастарды байланыстырушы амалдарының қатысына қарай топтастыру
1. Есімше формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
2. Шартты рай формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
3. Көсемше формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-ҚҰРМАЛАС-СӨЙЛЕМДЕРДІ-ЖІКТЕУ-МӘСЕЛЕСІ.doc

— 645.00 Кб (Скачать документ)

Келтірілген сөйлемдердің барлығында талғау мәні бар, бірақ бұлар құрылысы жағынан құрмалас сөйлем емес, ортақ субъектіге негізделген жай сөйлемдер. Құрмалас сөйлемнің әр компонентінде субъект-предикаттық қатынастың болуы туралы қағида аталған бірлікте де сақталуы тиіс.

Талғау мәнді құрмаластарға қатысты соңғы кезде жарық көрген еңбектерде оның таза талғау мәнімен бірге кейбір құрылымдарда талғау-шарт мәнді («ҚГ», 695-б), талғау-қарсылықты  мәнде (Т.Қ. -70-б.; дұрысы – шарт мәнді, автор келтірген мысалдар: Сен қазір жұмысқа кіріс, әйтпесе мен сені бұл маңайдан қуамын (Ә. Әбішев). Сен оны өлтір, болмаса өзің өлесің (А. Бек). – Т. Е.)  жұмсалатыны көрсетіледі. Расында да тілдік бірліктерде таза талғау мәнімен қоса, авторлар көрсеткендей, талғау-шарт, сондай-ақ талғау-себеп, талғау-мезгіл,  талғау-салыстырма мәнді сөйлемдердің болатындығын байқадық. Жалпы талғау ұғымы болжау ұғымымен тығыз байланысты. Болжам жоқ жерде талғау да болмайды. Мұндай құрмаластардың тағы бір ерекшелігі – компоненттері салаласа да, сабақтаса да байланысады.  Ал оның әр түрлі мағыналық реңтері осы атаудың шеңберіне сияды.

Талғау-себеп: Поштаға сенбегендігі ме, жоқ әлде мен арқылы беріп жібергісі келді ме, суырмасынан аппақ даяр пакетті алып, маған ұсынды (Ә. Сығай). Жақсының жанына арашашы болдың ба, әлде жаманның малына қорғаншы болдың ба, екі ауыз сөзді білдім деп хан қасына отыруға нең лайық («Ел аузынан»)?

Талғау-мезгіл: Айшаға құда түсіп кеткеннен кейін бе, әлде қыстауға көшер алдында ма, қашан келгені есімде жоқ.

Талғау – салыстырма: Аспандағы ай ма екенсің,

                                      Жер бетінде гүл ме екенсің?

Ай мен күн бе  екенсің,

Мың бір түн бе екенсің

Жұлдыздайсың маған моншақ тағынған.

 Жайылған қамырды  ірілеу етіп турайды немесе  ұнның қатты сортынан жасалған  макорон қолданылады («Парасат»  журналы). Талғау мәнді құрмаластарды байланыстырады деп көрсетіліп жүрген әйтпесе, болмаса жалғаулықтары үнемі осы мәнде қолданыла бермейді:

Салыстырыңыз:

Талғау мәнді

 

Келгенің жақсы болды ғой, болмаса өзім барғалы отыр едім (Ә. Нұршайықов).

Өзі кетіп құтылды, әйтпесе өзіміз-ақ тастатқалы жүр едік (Б. Майлин)

Шарт мәнді

 

Уәдеңді бер, болмаса қыз жоқ саған.

Сен қазір жұмысқа кіріс, әйтпесе мен сені бұл маңайдан қуамын (Ә. Әбішев).


Компоненттер арсындағы мағыналық қатынасты ажыратуда жалғаулықтар шешуші роль атқара бермейді. Мұндайда компонент баяндауыштарының формасы білдіретін шақтық мағынаның да үлесі бар. Жоғарыдағыдай жалғаулықтар арқылы байланысқан құрмаластардың алғашқы компонентіндегі іс, оқиға екінші компоненттегіден бұрын орындалып қойған болса, талғау мәнді құрмалас түзіледі де;   ал екі компонентте де әлі орындалмаған, әсіресе бірінші компонент бұйрық райдың ІІ жақ формасы арқылы жасалып, екінші компонент І жақта тұрғанда (дәлірек айтсақ, І жақтағы субъект ІІ жақтағы субъектіге шарт қойса) шарт мәнді құрмаластар түзіледі.

Кезектес мәнді құрмаластардың өзіндік ерекшелігі ретінде талғау мәнді құрмаластар секілді, тек қана жалғаулықтар арқылы және салаласа байланысатыны айтылып жүр. Қазақ тіліндегі салалас құрмаластың осындай түрінің бар екендігін айтқан С. Аманжолов болса, мұндай мағыналық қатынас сабақтастарда да кездесетінін Қ. Шәукенұлы айтқан еді. Кезектестердің талғау мәнді құрмаластардан айырмашылығы – онда екі компонентте айтылған ойдың біреуінің ғана орындалатынына болжау жасалса, кезектесте  екі компонентте  айтылған ой да жүзеге асады, бірақ бірінен соң бірі кезектесе орындалатын оқиға, әрекет баяндалады.

 

Кезектес салалас

 

Қазан аспаның  астында от кейде жылтылдайды, кейде қызыл жалын лапылдайды (М. Әуезов).

Біресе Хамит Күдірені алып ұрады, біресе Күдіре Хамитті алып ұрады (С. Сейфуллин).

Кезектес сабақтас

 

Қазан аспаның  астында от кейде жылтылдап, кейде қызыл жалын лапылдайды.

Біресе Хамит Күдірені алып ұрса, біресе Күдіре Хамитті алып ұрады.


  Кезектес мәнді құрмаластар құрамындағы кейде, бірде, біресе жалғаулықтары компоненттерді салаластыра да, сабақтастыра да байланыстыратындығы..

 

 Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер

Профессор Н. Сауранбаев жалғаулықсыз салаластарды «іргелес құрмалас»  деп атап, оны салалас құрмаластың қатарынан шығарып, салаластар мен сабақтастардың арасындағы категория деп қарайды: «Сүйтіп, іргелес құрмаласта салаластың да, сабақтастың да белгісі бар. Салаласқа тән белгісі – ондағы жай сөйлемдердің грамматикалық жағынан бір-бірімен тең дәрежеде құрмаласатындығы және баяндауыштың тиянақты қалыпта болатындығы. Бұл екі қасиет іргелес құрмаластарды салалас құрмаласпен жақындастырады. Ал іргелестерді сабақтастармен жақындастыратын белгі – іргелестегі жай сөйлемдер ішкі мағына жағынан бірін-бірі сыйпаттап, бір-біріне тәуелді болып байланысады... Ал іргелестегі жай сөйлемдер ішкі мағына жағынан сабақтасып байланысады да, сыртқы байланысу формасы жағынан салалас болып келеді»  [Н.С., 36-б.]. Тіл білімінде бұған қарсы  көзқарастар да жоқ емес.

 Бірде іргелес салалас, бірде жалғаулықсыз салалас, бірде  үлестес сабақтас деп берілетін сөйлемдердің өзіне тән төмендегідей қызметі көрсетіліп жүр:

    1. Іргелес салалас сөйлемдер сөзді эмоциялы етіп айту қажет болғанда жұмсалады.
    2. Іргелес салалас сөйлемдер сөзді үнемді, жинақы құрап айту қажет болғанда жұмсалады ( «ҚГ», 696-б).

Іргелес салаластарды тұрақты (үнемі жалғаулықсыз қолданылатын)  және ауыспалы іргелестер (бірде жалғаулықты, бірде жалғаулықсыз қолданылатын) деп бөліп қарастырады.

Мезгілдік қатынасты білдіретін іргелес салаластардың жасалу жолдары:

  1. алдыңғы компонент (І) көсемше формалы негізгі етістік+отыр еді/еді – кейінгі компонент (ІІ) баяндауышы жедел өткен шақ формасында;
  2. І: жедел өткен шақ+ болды, шартты райлы етістік + болғаны;
  3. І: жедел өткен шақ+ақ;
  4. І: тұйық етістікті бастауыш + мұң еді баяндауышы;
  5. ІІ: сол-ақ екен, сөйткенше болмады деген анафористік сөздердің қатысы арқылы.

Қарсылықтық іргелес салаластардың жасалуы:

  1. І: бұйрық райлы етістік;
  2. І: өткен шақ көсемше+еді;
  3. І: -атын, етін тұлғалы есімше – ІІ: тежеу мәнді оқиға;
  4. І: келгендей, алғандай, келетіндей, алатындай тұлғалы есімшелі баяндауыштар.

Себептік қатынасты білдіретін іргелес салаластардың жасалу жолдары:

  1. І: бастауышы есімше- баяндауышы сол –ІІ: оқиғаға себеп болған хабар;
  2. ІІ: бастауышы есімше-баяндауышы сол;
  3. І: көргендей, көретіндей тұлғалы есімше.

Шарттық қатынасты білдіретін іргелес салаластардың жасалу жолдары:

  1. І: жедел өткен шақ+ бар ғой
  2. І: келер шақ есімше+ бар
  3. І: жедел өткен шақ/есімше-ған + екен;
  4. І: өткен шақ етістік +ба;
  5. І: бұйрық райлы етістік.

 

Үнемi жалғаулықты қолданылатын салалас сөйлемдер

Үнемi жалғаулықты қолданылатын салалас сөйлемдерге талғаулы және кезектес салаластар жатады. Талғаулы салаластарды А. Байтұрсынов айырыңқы деп атаса, С.Аманжолов бейтарап, ал Қ. Жұбанов талғама  салаластар деп атаған. Компоненттерiнде айтылған iс-оқиғаның бiреуiнiң орындалу-орындалмауын талғай, болжау жасай көрсетедi. Жалғаулықтары: не, немесе, әлде, не болмаса, я, құй, мейлi, яки. Аталған жалғаулықтар құрмалас сөйлем компоненттерiн байланыстырудан гөрi бiрыңғай мүшелердi байланыстыруда жиi қолданылады.

Компоненттерiне айтылған ой, iс-әрекеттердiң бiрiнен соң бiрi кезектесiп орындалатынын бiлдiретiн салалстың түрi кезектес салалас деп аталады. Кезiнде С. Жиенбаев талғаулы және кезектес салаластарды, екi жақтылығына орай, оларды  бөлмей, бiрге қарастырған болатын, кейiннен олардың мағыналық ерекшелiктерi сараланды. Жалғаулықтары: бiрде, бiресе, кейде.

Қазақ тiлiнде үнемi жалғаулықсыз қолданылатын салалас сөйлемге тек түсiндiрмелi салалас қана жатады. Алғашқы компонентiнде баяндалған оқиғаның мәнi келесi сөйлемде түсiндiрiлiп отыратын салаластың түрi түсiндiрмелi салалас деп аталады. Түсiндiрмелi салалас алғашында iлiктес, анықтамалы болып әр түрлi аталып келдi. Жасалу жолдары:

  1. Алғашқы компонентiнiң баяндауыштары сол, сондай, сонша есiмдiк, үстеу сөздерiнiң қатысы арқылы жасалады.
  2. Алғашқы компонентiнiң  құрамында мынандай жалпылауыш сөзi қолданылады. Кейде ол сөз жасырын тұруы да мүмкiн.
  3. Алғашқы компонентiнiң баяндауыштарында түсiндiрмелi мәндегi есiм, етiстiк сөздер де қолданылады.

  2.2. Сабақтас құрмалас сөйлем

Сабақтас сөйлем деп компонеттерi өзара тең болмай, бiр-бiрiне бағына, бағындырыла байланысатын құрмалас сөйлемдердi айтамыз. Бағынушы компоненттiң баяндауыш формасы тиянақсыз болып, өз бетiнше сөйлем бола алмайды, ал бағындырушы компонент бағыңқы сөйлемсiз де өз алдына сөйлем болып айтыла алады. Сабақтас құрмалас сөйлемнiң бiр компонентi бағынушы, тәуелдi болып тұрса, екiншiсi тәуелсiз, өз бетiнше сөйлем бола алады. Бағынышты, тиянақсыз компонент бағыңқы сөйлем деп аталады да, өз бетiнше тиянақты болып тұратын компонент басыңқы сөйлем деп аталады. Сабақтас құрмаластың бағыңқы компонетi де сөйлем деп аталғанымен, онда қалыпты сөйлемге тән қасиеттердiң көбi жоқ. Себебi оның сөйлемдiк мәнi құрмалас сөйлемнiң құрамында айтылғанда ғана айқындала түседi. Сабақтас құрмалас сөйлемдегi негiзгi ой көпшiлiк жағдайда басыңқы жай сөйлемде берiледi де, басыңқы компонентi көбiне сол басыңқыдағы ойды түрлi жағынан айқындап, дәлелдеп түсiндiру үшiн қолданылатын қосымша бiр мүше ретiнде қолданылады. М. Ақжан серуеннен қайтып оралғанда, киiз үйлердiң маңында қара құра көбейiп қалыпты. Түнде күзетшi ұйықтап қалғандықтан, қалың жылқы егiске түсiп кетiптi (М. Әуезов) – себеп

Бұл қасиет, яғни бағыныңқының басыңқы компонентке тәуелдi болып, оның тұрлаусыз мүшесi секiлдi болуы барлық бағыныңқыға тән емес. М: Кiлемдер тұтылып, әсем оюлы сырмақтар жайылыпты.(М. Әуезов).

Бұл сабақтастың бағыңқы компонентi басыңқы компонентке меңгерiлiп тұрған жоқ. Мағыналық жағынан алғанда мұндай бағыныңқының мазмұны да тиянақты, басыңқы сөйлемге тәуелсiз, тиянақсыздық тек баяндауыш формасында.

Қай тiлдiң құрмалас сөйлемi болмасын, оның өзектi мәселесi сабақтас түрi болып саналады. Өйткенi құрмалас сөйлемдегi айқындалмаған мәселелердiң көпшiлiгi оның сабақтас түрiмен байланысты келедi. Сабақтас сөйлемнiң құрмаласуы оның бағыңқы компонент арқылы қалыптасады. Түркiтанушы ғалымдар арасында бағыңқы сөйлемдердi ажыратуда пiкiр алшақтықтары орын алып келедi. Ғалымдардың бiрiншi тобы бағыңқы сөйлемдi айқындауда бастауыш меже бола алмайды дейдi де, олар сөйлемнiң сабақтас екенiн ажыратуда бастауышты негiзгi тiрек қылмай, баяндауышқа арқа сүйейдi. Сондықтан олар сөйлем компоненттерiнен айырым бастауыштарды талап етпей, баяндауыш мүшенiң болуын басшылыққа алады. Мұндай iлiмдi жақтаушылардың қатарына Н.П. Дыренкова, А.Н. Баскаков, Т.А. Бертагаев, А.З. Абдуллаев, С.А. Аманжолов, М.Б. Балақаев т.б. жатқызуға болады. Олар бағыныңқы сөйлемнiң критерийiн айқындауда баяндауыш мүшенi ең басты меже ретiнде ұсынып, бастауыштың әр компонентте болуын мiндеттi етпей, ортақтаса айтылуын көрсетедi. Ғалымдардың 2-бiр тобы бастауышты бағыңқы сөйлем түрлерiнде саралай қолдануды ұсынады. (Сагибатталов Г.Пешковский, С. Жиенбаев, Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиев т.б.). Олар бағыныңқы сөйлемнiң бiр түрлерiнде бастауыштың болуын шарт деп қараса, ендi бiрiнде оны мiндеттi деп санамайды. Бағыныңқы сөйлемдегi бастауышты саралай қарау- ортақ бастауыш iлiмiмен байланысып жатады, яғни бағыңқының кейбiр түрлерiнде ортақ бастауыштың болуын терiске шығармайды. Айт-қ, С.Жиенбаев ортақ бастауышты құрмаласқа шартты бағыңқыны, Ғ.Бегалиев шартты, қарсылықты бағыныңқыларды, Н.Т. Сауранбаев шартты, қарсылықты және мақсат бағыныңқыларды сөйлемдегi тұрлаулы мүшелердiң қажет екендiгiн көрсете отырып, кейде бастауыштың сөйлем компонентiнде ортақ болып келетiндiгiн де айтады.

Ғалымдардың үшiншi тобы бағыныңқылардың барлық түрiнде бастауыштың қажеттiгiн көрсетедi. Мұндай көзқарасты проф. Абдурахманов (өзб), М.З. Закиев, Т. Қордабаев,      Қ. Есеновтер қолдайды. Олар құрмалас сөйлемнiң әр компоненттiнде бастауыш- баяндауыштық қатынастың болуын жақтайды. Тiптi жiктiк жалғауында қиыса айтылған шартты бағыңқының өзiнiң де басыңқы компоненттен бөлек бастауыш болуын талап етедi. Егер сөйлемде қимыл иесi ортақ болса, ондай сөйлемдi жай сөйлем құрамында қарау керек екендiгiн көрсетедi. Қазақ тiлiнде мұндай сөйлемдердi Қ. Есенов жай сөйлемнiң күрделенген түрi деп атайды.

Қай тiлдiң құрмалас сөйлемi болмасын, оның өзектi мәселесi сабақтас түрi болып саналады. Өйткенi құрмалас сөйлемдегi айқындалмаған мәселелердiң көпшiлiгi оның сабақтас түрiмен байланысты келедi. Сабақтас сөйлемнiң құрмаласуы оның бағыныңқы компоненті арқылы қалыптасады. Түркiтанушы ғалымдар арасында бағыныңқы сөйлемдердi ажыратуда пiкiр алшақтықтары орын алып келедi. Ғалымдардың бiрiншi тобы бағыныңқы сөйлемдi айқындауда бастауыш меже бола алмайды дейдi де, олар сөйлемнiң сабақтас екенiн ажыратуда бастауышты негiзгi тiрек қылмай, баяндауышқа арқа сүйейдi. Сондықтан олар сөйлем компоненттерiнен айырым бастауыштарды талап етпей, баяндауыш мүшенiң болуын басшылыққа алады. Мұндай iлiмдi жақтаушылардың қатарына Н.П. Дыренкова,                    А.Н. Баскаков, Т.А. Бертагаев, А.З. Абдуллаев, С.А. Аманжолов,                       М.Б. Балақаев т.б. жатқызуға болады. Олар бағыныңқы сөйлемнiң критерийiн айқындауда баяндауыш мүшенi ең басты меже ретiнде ұсынып, бастауыштың әр компонентте болуын мiндеттi етпей, ортақтаса айтылуын көрсетедi. Ғалымдардың екінші бiр тобы бастауышты бағыныңқы сөйлем түрлерiнде саралай қолдануды ұсынады (Г. Сагибатталов, А. М. Пешковский, С. Жиенбаев, Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиев т.б.). Олар бағыныңқы сөйлемнiң бiр түрлерiнде бастауыштың болуын шарт деп қараса, ендi бiрiнде оны мiндеттi деп санамайды. Бағыныңқы сөйлемдегi бастауышты саралай қарау- ортақ бастауыш iлiмiмен байланысып жатады, яғни бағыныңқының кейбiр түрлерiнде ортақ бастауыштың болуын терiске шығармайды. Айталық, С.Жиенбаев ортақ бастауышты құрмаласқа шартты бағыныңқыны, Ғ.Бегалиев шартты, қарсылықты бағыныңқыларды, Н.Т. Сауранбаев шартты, қарсылықты және мақсат бағыныңқыларға тұрлаулы мүшелердiң қажет екендiгiн көрсете отырып, кейде бастауыштың сөйлем компоненттерiне ортақ болып келетiндiгiн де айтады.

Ғалымдардың үшiншi тобы бағыныңқылардың барлық түрiнде бастауыштың қажеттiгiн көрсетедi. Мұндай көзқарасты проф. Абдурахманов, М.З. Закиев, Т. Қордабаев, Қ. Есеновтер қолдайды. Олар құрмалас сөйлемнiң әр компоненттiнде бастауыш-баяндауыштық қатынастың болуын жақтайды. Тiптi жiктiк жалғауында қиыса айтылған шартты бағыныңқының өзiнiң де басыңқы компоненттен бөлек бастауыш болуын талап етедi. Егер сөйлемде қимыл иесi ортақ болса, ондай сөйлемдi жай сөйлем құрамында қарау керек екендiгiн көрсетедi. Қазақ тiлiнде мұндай сөйлемдердi Қ. Есенов жай сөйлемнiң күрделенген түрi деп атайды. Бұл жайт қазақ тiлi бағыныңқыларын саралауда “предикаттық қатынас” болсын деген тұжырымның бiр жақты екендiгiн көрсетедi, сондықтан бағыныңқы сөйлем субъект-предикаттық қатынасқа негiзделуi керек. Сабақтас құрмалас сөйлемдi айқындауда бұл басты меже болып саналады.

Информация о работе қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдерді топтастыру. Осыған орай төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді