Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2014 в 13:07, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Адам капиталын дамыту үшiн лайықты еңбекке қол жетiмдiлiктi ұлғайтудың ерекше маңызы бар. Мемлекет басшысы бiрнеше мәрте атап көрсеткенiндей, жұмыспен қамту саясаты кедейлiктi еңсеру мен адамдардың әл-ауқатын арттыруда ең негізгі құрал болып отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстық жұмыс.docx

— 326.05 Кб (Скачать документ)

Жергілікті орындардағы жұмыспен қамту қызметтері жастармен әлдеқайда белсенді жұмыс жүргізуі керек. Осы мақсатта еңбек нарығының сұраныстары мен экономикалық дамудың перспективаларын ескере отырып, жастарды қажет мамандықтарға оқыту мен қайта оқыту жөніндегі ауқымды бағдарламаларға кірісу маңызды болмақ.

 

 

 

 

 

III БӨЛІМ. ЕҢБЕК НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

        Еңбек нарығындағы мемлекет қызметінің маңызды бағыты болып, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлеу және жүргізу табылады. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу екі бағытта –макроденгейде және микроденгейде жүзеге асуы қажет.

Қазіргі кезде микроденгейде жұмыспен қамту мәселелері өзекті болып отыр. Кәсіпорын деңгейіндегі жұмыспен қамту мәселелерін шешіп алмай, еңбек нарығының шиеленісін төмендету мүмкін емес.   

Өңірлік  жұмыспен қамту стратегиясы халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге және олардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Халықты жұмыспен қамтамасыз етуді жетілдіру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей байланысты.

Сонымен бірге, өңірлік  жұмыспен  қамту  мәселелерін  шешуде  жергілікті  атқарушы  органдардың  рөлін  біршама  арттыру  керек, өйткені, осы  органдар  арқылы  өңірлік жұмыспен  қамту  бағдарламалары  жасақталады  және  ең  бастысы, жүзеге  асырылады.

Яғни, жергілікті жұмыс күшін тиімді пайдалану және бекітуді, оның сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруда еңбек ресурстарының ұдайы өндірісі мен дамыту жүйесін қалыптастыру жұмыспен қамту саласында маркетингтік басқаруды пайдалануды қарастырады. Жұмыспен қамту саласындағы маркетинг -  бұл әлеуметтік тиімділікке қол жеткізу мақсатында жоғары сапалы қызмет көрстеу бойынша мемлекеттік мекеменің қызметі.

Өңірлік  жұмыспен қамту стратегиясы халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге және олардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Халықты жұмыспен қамтамасыз етуді жетілдіру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей байланысты.

Өңірде жастарды жұмыспен қамту мәселесі бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі болып табылады және зерттеуді қажет етеді.

Облыс аумағында аймақ жастарының жұмысбастылық деңгейін, еңбек нарығында қалыптасқан жұмыссыздыққа көзқарастарын айқындау, жұмыссыздық себептерін анықтау мақсатында жастар дамуына үлес қоса алатын, қоғамдық құрылымның әртүрлі саласын қамтиды.

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыспен қамту саласындағы маркетингтің қызметтері, ұйымдастыру  принциптері мен мақсаттары   5 - суретте көрсетілген.


                                         


                                                                                                          


 

 

             Сурет 5 - Жұмыспен қамту саласындағы маркетингтің ерекшеліктері

Жұмыспен қамту саласындағы маркетингтің менің ойымша, әлеуметтік-экономикалық-этикалық бағыттылығы болуы тиіс, өйткені жұмыс берушілер жұмыстан босатылған адамдарға жауапты болуы тиіс және халықты жұмыспен қамту органдары сияқты қаланың және ауданның, оның ішінде ең алдымен аймақтардағы еңбек нарығында тұрақты жағдайды сақтауға ықпал етуі тиіс.

Биліктің жергілікті органдарының, жоғары, орта арнайы және орта мектептердің басшыларына, жұмысшылар мен мамандардың даярлығының кәсіби-біліктілік құрылымы мен көлемін, еңбектің аймақтық нарығының қажеттілігіне сәйкестендіру және келістіруі қажет.

Қазіргі әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастарға сай жастарға кәсіптік бағдар беру жұмысы қоғамдағы өзекті мәселелер қатарына жатады. Қоғам өмірін демократияландыру мен ізгілендіру бағытында болып жатқан түбегейлі жаңаруларға байланысты республикамыздың білім беру мекемелеріндегі шәкірттің кәсіп таңдау мәселесіне жаңа талаптар қойылуда. 

Біздің пікірімізше, қазіргі қоғамымыздағы белең алып бара жатқан жұмыссыздық мамандықтың дұрыс таңдалмауынан туындаған күрмеулі мәселелердің бірі деп есептейміз.

Болашақ мамандық таңдау кезінде мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін жас азаматтың аңсаған арманы мен шынайы қажеттіліктерін басшылыққа ала отырып, тұлғаның ерекшеліктері мен қандай нәрсеге икем екендігін ескеріп қадам жасаған дұрыс.

Біз, өз тарапымыздан, болашақ жастардың еңбек нарығында сұранысқа ие болатын мамандықты дұрыс таңдау үшін «Мамандық таңдау» үлгісін  ұсынамыз.


ҚАЛАЙМЫН – ықылас, қызығушылық, талап.

 

ҚОЛЫМНАН КЕЛЕДІ –қабілеттілік, талант, денсаулық жағдайы.

 

КЕРЕК – еңбек нарығының жағдайы, аймақтағы әлеуметтік –экономикалық мәселелер.

Сурет 6 -   Мамандық таңдау үлгісі

Егер сіз «ҚАЛАЙМЫН», «ҚОЛЫМНАН КЕЛЕДІ», «КЕРЕК» сөздерін біріктіре алсаңыз, онда сіздің мамандық таңдауыңыз сәтті болмақ. Яғни, сіз мүмкіндіктеріңізге сәйкес келетін, еңбек нарығында сұранысқа ие болатын мамандық иесі боласыз. 

Қызылорда облысындағы еңбек нарығының жағдайына талдау жасай отырып, біз халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру механизмдерін  ұсынып отырмыз.

Аталмыш механизмнің қызметі төмендегідей:

  • мектептерде кәсіби бағдар беруді арнай пән ретінде енгізу керек. Онда Қазақстан Республикасы бойынша ЖОО туралы және мемлекетімізде дайындалатын барлық  мамандықтар бойынша толық мәлімет беру;

  • ЖОО мен мектептер арасында байланысты күшейту. ЖОО өздерінде дайындалатын мамандықтардың ерекшеліктерін түсіндіру жіне болашақта сол мамандық бойынша қайда жұмыс істеуге болатыны жөнінде ақпарат беру;

  • ЖОО мен жұмыс орындары арасында байланыс орнату. Өндірістік іс-тәжірибеден өтуді дұрыс жолға қою. ЖОО еңбек нарығының сұранысын қанағаттандыратын және бәсекеге қабілетті мамандар дайындауды ұйымдастыру;

  • өңірде кәсіптік білім беруді дамыту. Кәсіптік білім беру саласын жұмыс берушілердің сұранысы мен еңбек нарығын бағдарлай отырып әрекет етуге бейімдеу.

  • кадрларды қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру. «Индустрияландыру картасы және «Бизнестің жол картасы – 2020» жобалары негізінде индустриялық секторды кеңейтуге қажетті мамандықтарды анықтау бойынша өңірде жұмыстар өз  жалғасын табу  қажет. Өңірдегі еңбек нарығы жан-жақты әрі терең зерттелсе, алдағы жылдары сұранысқа ие болатын мамандар тізбесі анықталады.

  • нарықтық экономика жағдайында еңбек биржасының қызметін жандандыру.

Еңбек биржалары арқылы қандай бос жұмыс орындары бар екенін біліп жұмыспен қамтылуға ниет білдіру.

Ұсынылған механизм бір-бірімен байланысып  толық жұмыс  жасаған кезде халықты жұмыспен қамтуды  жүзеге асыруда  тиімді болар еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Нарық заңдылықтары үстем құрған заманда жұмысбастылық, жұмыспен қамту мәселелері әр елдің күн тәртібінде бірінші кезектегі мәселе екендігі даусыз. Қоғамдағы толық жұмысбастылыққа қол жеткізу арқылы мемлекет ішіндегі көптеген экономикалық, әлеуметтік, саяси мәселелердің шешіміне қол жеткіземіз. 

Еңбек нарығында барынша қабілетті және іскер жұмыскерлерді қатал, аяусыз түрде іріктеу тән. Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды қамтамасыз етеді, оның жоғары жылжымалығына, қозғалысына, ширақтығына себепші болады, іскерлік пен белсенділікке ынталандырады. Нарықта жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным заңы әрекет етеді, ол енбекке төленетін ақының шамасын белгілейді. Бұл жерде жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар кездеседі. өзінің жұмыс күшін, яғни еңбек ету қабілетін ұсынушы жұмыскерлер сатушылар болып табылады. Еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлер жұмыс күшінің сатып алушылары болады.

  • мектептерде кәсіби бағдар беруді арнай пән ретінде енгізу керек. Онда Қазақстан Республикасы бойынша ЖОО туралы және мемлекетімізде дайындалатын барлық  мамандықтар бойынша толық мәлімет беру;

  • ЖОО мен мектептер арасында байланысты күшейту. ЖОО өздерінде дайындалатын мамандықтардың ерекшеліктерін түсіндіру жіне болашақта сол мамандық бойынша қайда жұмыс істеуге болатыны жөнінде ақпарат беру;

  • ЖОО мен жұмыс орындары арасында байланыс орнату. Өндірістік іс-тәжірибеден өтуді дұрыс жолға қою. ЖОО еңбек нарығының сұранысын қанағаттандыратын және бәсекеге қабілетті мамандар дайындауды ұйымдастыру;

  • өңірде кәсіптік білім беруді дамыту. Кәсіптік білім беру саласын жұмыс берушілердің сұранысы мен еңбек нарығын бағдарлай отырып әрекет етуге бейімдеу.

  • кадрларды қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру. «Индустрияландыру картасы және «Бизнестің жол картасы – 2020» жобалары негізінде индустриялық секторды кеңейтуге қажетті мамандықтарды анықтау бойынша өңірде жұмыстар өз  жалғасын табу  қажет. Өңірдегі еңбек нарығы жан-жақты әрі терең зерттелсе, алдағы жылдары сұранысқа ие болатын мамандар тізбесі анықталады.

  • нарықтық экономика жағдайында еңбек биржасының қызметін жандандыру.

Сонымен, жұмыссыздық, халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде анықталғаны белгілі.

Нарықтық жағдайда кәсіпорындарда еңбек ресурстарына деген көзқарастар өзгереді. Жұмыскер өндіріс процесінде бір ғана факторына емес, ал кәсіпорын басшылығы тарапынан түпкілікті камқорлықтың мақсаты мен көзіне айналып отыр.

Әрбір кәсіпорында кадр саясатының бағдарламасы болғаны жөн. Оның негізгі бағыттары мыналарды камту қажет: жұмыс күшінің саны және кәсіпқой     біліктілік  жағынан     қажеттілікті  анықтау;  нысандарды тарту, кадрларды пайдалануды жақсарту жөнінде шаралар әзірлеу.

Егер де бұрын кәсіпорындарда кадрларды іріктеу, орналастыру және

еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға қамқорлық жасалынған болса, ал қазіргі кезде аса маңызды әлеуметтік проблема ең алдымен түрлі себептермен босап қалғандарды жұмысқа орналастыру.

Қорыта айтқанда, Республикамызда еңбек нарығын қалыптастырудың және дамытудың негізгі мақсаты осындай. Оның мәні рентабельділігі төмен кәсіпорындардың бағытын өзгерту немесе мүлде тарату, нарықтық жағдайға байланысты өндірісті қысқарту, сұраныстың кемуі, өндірістердің салалық құрылымының өзгеруі және басқа да әлеуметтік - экономикалық процестер салдарынан халыктың еңбекке жарамды бөлігінің жұмыспен камтамасыз етілмей отырғаны белгілі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Экономика. Әлемдік классика. М.С Төлегенова. –Алматы: Таймас, 2005.- 480б.
  2. А.А. Садықбекова. Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру. Автореферат.-2010.-25 б.
  3. Темірбеков А.Б. Экономикалық теория негіздері. Оқу құралы.-Алматы.-2011.-198б.
  4. Құрбанова А.Н. Қазақстандағы жұмыссыздық және оны шешу жолдары.  -2013.- 135-138 б.
  5. Stat.kz

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері