Батыс мектебінің өкілдері ХХ-шы
ғасырдың 30-шы жылдарына дейін
жұмыссыздықты дәстүрлі түсіндірумен,
яғни жұмыссыздық –жолдамалы
жұмыскердің өзінше еркін талдауы
деп есептеледі. Жұмысшылар шектен
тыс жоғары жалақы талап етеді,
сондықтан жұмыс күшіне сұраным
төмендейді. Бұл теорияны ағылшын
экономисі Кембридж университетінің
профессоры А. Пигу өте дәйектілікпен
жасады . Ол өзінің ойын 1923
жылы шыққан ˝ Жұмыссыздық
теориясы ˝ кітабында баяндады
. Алайда ХХ- шы ғасырдың 30-
шы жылдарындағы жаппай жұмыссыздық
кезінде бұл позицияның дұрыс
еместігі барынша айқындала
түсті.
II РЕСПУБЛИКА АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН
ТАЛДАУ
2.1 Республика аймақтарындағы
жұмыссыздық жағдайы, мәселелері
Қазақстан Республикасының
аймақтарындағы жұмыссыздық мәселесі
төңірегінде айтылар әңгіме көп. Жұмыссыздық
нарықтық экономиканың айырылмас серігі
дейге болады. Экономистердің пікірлері
бойынша жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейден
аспауы нарықтық экономикағы тән табиғи
құбылыс дейді. Мысалы, кейбір экономистер;
Дж. Кейнс 3-4%, М. Фридмен 5-6% жұмыссыздықты
табиғи мөлшер деп белгілеген. Ал осы деңгейден
жұмыссыздық аса бастаса, онда еріксіз
жұмыссыздық пайда бола бастайды. Санақ
бойынша, жұмыссыздық деңгейі жұмыс
күшінің жалпы санындағы жұмыссыздардың
үлесін көрсетеді. Жалпы жұмыссыздық
деңгейі – жұмыс күшінен пайыздық есептерде:
жұмыссыздар үлесі (экономикалық белсенді
халық) деңгейі жұмыспен қамту мәселелері
бойынша халықты ішінара тексеру негізінде
есептеледі, тексеру Қазақстан Республикасының
Статистика агенттігі жүргізеді. Аптасына
ең кемі 1 сағат жұмыс жасаса, ол адам жұмыспен
қамтылған болып саналады. Ресми жұмыссыздық
деңгейі – экономикалық белсенді халықтан
пайызға шыққандағы мемлекеттің жұмыспен
қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар
үлесі.
Жұмыссыздықтың
орташа ұзақтығы адамның қанша жұмыссыз
жүрген уақытын көрсетеді. Жұмыспен қамтылған
адам деп – жұмысы барлары, ал жұмыссыздар
деп – жұмысы жоқ немесе жұмыс іздеп жүрген
адамдар қарастырылады. Енді сол адамдардың
санақ бойынша зерттелген немесе зерттеу
құрамына кіретіндер қарастырып, және
сол санақ бойынша бірнеше мысалдар мен
еліміздің тәжірибесін қарастырайық.
Халықтың бір бөлігі санақ бойынша жұмыс
күші құрамына кірмейді (оқушылар, зейнеткерлер
және т.б). Мұндай көзқарас әділетті саналуда,
себебі көптеген жұмыссыздар жұмыс табудан
әбден күдер үзіп еш жерге тіркелмей жүре
береді. 2009 жылы олардың саны 18,3 пайызды
құрады. Бірақ ресми сынақтың шынында
кімдердің жұмыстан айырылғандығы мен
кімдердің жұмыс істегісі келмейтіндігін
анықтау қиын. Жалпы 2010 жылы ресми тіркелген
жұмыссыздар саны экономикалық белсенді
халықтың 3,7 пайызы болды. Қазақстан Республикасы
Статистика жөніндегі агенттігінің сараптамалық
бағалауы бойынша 2011 жылдың аяғында жұмыссыздықтың
жалпы көлемі өткен жылға қарағанда 2 пайызға
төмендегендігі байқалады.
2012 жылдың 1 қаңтарында Республика
бойынша тұтас алғанда 231,4 мың
адам жұмыссыз болды, оның 22,2 мыңы ғана
материалдық көмек алды, 7,8 мыңы қоғамдық
жұмысқа қатысты, 2,2 мыңы кәсіптік оқуда
біліктілігін көтеруде және қайта даярлауда
болды. Сондай-ақ жұмыспен қамту бағдарламасын
қаржыландырудың 80 пайызынан жоғары көсеткіші
Шығыс Қазақстан (87%), Батыс Қазақстан (81%),
Қарағанды (86%) облыстарында және Астана
қаласында орын алды. Жалпы алғанда Республика
бойынша жұмыссыздар саны 2013 жылы 5,4 % құрап
отыр.
Сурет 1- 2012-2013 жылдардағы жұмыссыздық
деңгейі
Үстіндегі суреттен көріп тұрғандағыдай
2012-2013 жылдар аралығындағы жұмыссыздық
деңгейі ел аймағында бір қалыпты болып
отыр. Бұл табиғи жұмыссыздық деп баға
берсек те болады. Бұл жылдар біздің алдымызда
Еуропа мемлекетерінің көптеген мемлекеттерінде
жұмыссыздық жайлаған уақыт ретінде есімізге
түседі. Дағдарыс кезінде жұмысбастылық
деңгейінің бір қалыпты сақталып тұруына
осы салаға Ұлттық Қордан аударылған инвестицияның
салдары деп білеміз.
Сурет 2 - 2013 жылғы 4 тоқсандағы
ҚР аймақтар бойынша жұмыссыздық деңгейі
Үстіміздегі статистикалық
мәліметтерге сүйенетін болсақ елімізде
жалпы жұмыссыздық деңгейі 2013 жылы 5,2%
құрыпты. Жұмысыздық деңгейі ең жоғары
аймақтарға ОҚО мен Алматы қаласын
жатқызамыз 5,7-5,5 %. Жұмысыздық деңгейі
ең төмен аймақтарға Шығыс Қазақстан мен
Павлодар қаласын жатқызамыз (4,8%).
Сурет 3 - 2001-2012 жылдар аралығындағы
Ұзақ мерзімді жұмыссыздық дейгейі
Жоғарыдағы диаграммадан көріп отырғанымыздай
2001 жылдан 2012 жылға дейін ерлер мен әйелдер
арасындағы ұзақ мерзімді жұмыссыздық
деңгейінің айтарлықтай төмендегенін
байқаймыз.
2.2 Қазақстан Республикасында
халықты жұмыспен қамтудың қазіргі жағдайына
талдау
Қазіргі кезде әлемдік қаржы дағдарысының
Қазақстан экономикасына тигізе бастаған
әсері халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз
етуді өзекті мәселелердің біріне
шығарып отыр. Осыған орай, елімізде еңбек
нарығының қалыптасуы мен дамуын қарастыру
маңызды болып табылады.
Мәліметтерге келсек, 2011 жылғы 1 қаңтардағы
жағдай бойынша Қазақстан халқының саны
16,4 млн адамға жетсе, оның 48 пайыздан астамы
еңбекпен қамтылған. Соның ішінде жалпы
халық санындағы жалдамалы жұмысшылардың
үлесі - 31,7 пайызды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар
- 16,5 пайызды құрайды. 2015 жылға қарай аталған
бағдарламамен 1,5 млн халықты қамту жоспарланған.
Соның арқасында еліміздегі кедейшілік
деңгейін 6 пайызға төмендетіп, жұмыссыздық
көрсеткішін 5,5 пайыздан асырмау міндеті
қойылып отыр. ҚР Статистика агенттігінің
мәліметі бойынша, республикадағы жұмыссыздықтың
қазіргі деңгейі де 5,5 пайыздың шамасында.
2011 жылғы IV тоқсанда 15 және одан
жоғары жастағы экономикалық
тұрғыдан белсенді халықтың саны
8,9 млн. адамды құрады, бұл 2010 жылғы
тиісті кезеңге қарағанда 3,4%-ға
көп. Республика экономикасында 8,4 млн.
адам жұмыспен қамтылды немесе
15 және одан жоғары жастағы
халықтың 67,9%. Өткен жылғы IV тоқсанмен
салыстырғанда олардың саны 287,7 мың
адамға (3,5%-ға) артты.
Егер 1996-199жылдар аралығында
жұмыспен қамтылғандар санының 1,8%
-ға төмендеу қарқынының баяулағаны байқалса,
ал 2000 жылдан бастап –жұмыспен қамтудың
қамтудың ұдай артып келе жатқандығы байқалды.
2007 жылы 15 және одан жоғары жастағы халықтың
экономикалық белсенділігінің деңгейі
(2001ж.-62,9%) 70,4% -ды құрады.Жұмыспен қамтылғандардың
арасында ерлер 3922,8мың адамды (51,4%),
әйелдер – 3708,3 мың адамды (48,6%) құрады.
Соңғы жылдары құрылыста, білім беруде,
мемлекеттік басқаруда, денсаулық сақтау
мен әлеуметтік қызмет көрсетуде, тау-кен
өнеркәсібінде жұмыс істейтіндердің санының
жылдам өсуіне байланысты халықтың экономикалық
қызмет түрлері бойынша жұмыспен қамтылуда.
Жұмыспен қамтылған халықтың жартысы
халыққа қызмет көрсетумен айналысады.
Қазақстанның тұрақты экономикалық
өсуі еңбек нарығының құрылымында едәуір
өзгерістер, сондай-ақ білікті қызметкерлерге
сұраныстың табиғи артуын туындатты. Мемлекет
экономиканың базалық салаларын (тау-кен
өнеркәсібі, мұнай-газ өнеркәсібі, құрылыс),
өңдеуші өнеркәсіпті (машина жасау, мұнай-химия
өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі),
сондай-ақ сервистік секторда, (туризм,
әлеуметтік қамсыздандыру, қызмет көрсету)
кадрлық қамтамасыз етуде өсіп отырған
қажеттілікті бастан өткеруде.
Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы
еңбек нарығын зерттеуде аймақтардың
әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары
ескерілу керек. Аймақтағы еңбек нарығының
сұранысына қажетті мамандар дайындау
жұмыстары жандандырылып, іске асырылу
қажет.
Біздің пікірімізше, жұмыс
күшінің, ең алдымен, білікті қызметкерлердің
тапшылығы еңбек ресурстары сапасының
төмендігімен және өндіріс пен оқыту арасында
нақты байланыстың болмауымен байланысты.
Жұмыспен қамтудың өсімінің
жаңа мүмкіндіктері үдемелі индустриялық-инновациялық
дамуға өтуге жол ашады. Үдемелі индустриялық-инновациялық
дамудың мемлекеттік бағдарламасын асыру: бір
жағынан, жаңа жұмыс орнын құруды болжайды,
алайда екінші жағынан, жұмысшылардан
заманауи талаптарға сәйкес тиісті кәсіптік
біліктілігінің болуын талап етеді.
Қызылорда облысы Тұран ойпатының
жазық алқабында орналасқан, шығысында
Қаратау сілемдері, Солтүстік-батысында
Қарақұм, ал оңтүстік батысында Қызылқұммен
шектеседі.
Облыс аумағы 226,0 мың шаршы км,
немесе республика аумағының 8,3 % -ын құрайды.
Облыс халқы (2010 жылдың 1 желтоқсанына)
– 698,3 мың адам немесе республика халқының
4,1% -ы.
Кесте 1 - Экономикалық тұрғыдан
белсенді халық саны
№ |
Атауы |
Көрсеткіштер |
Айырмасы
+ (өсу),
- (төмендеу) |
2010 жыл |
2011 жыл |
1 |
Экономикалық белсенді халық
саны, мың. Адам |
320,4 |
353,9 |
33,4 |
2 |
Жұмыспен қамтылған халық, мың.адам |
302,2 |
334,8 |
32,6 |
- Жалдамалы жұмыссыздар, мың.адам |
178,6 |
209,7 |
31,1 |
- Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар,
мың.адам |
123,6 |
125,1 |
1,5 |
3 |
Жұмыссыздар барлығы, мың.адам |
18,2 |
19,0 |
0,8 |
4 |
Жалпы жұмыссыздық деңгейі,
% |
5,7 |
5,4 |
- 0,3 |
Ескерту- Қызылорда облысының
статистика басқармасы мәліметтері негізінде
автордың құрастыруы |
Қызылорда облысы бойынша экономикалық
белсенді халық саны 353,9 мың адамды құрап,
өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда
33,4 мың адамға көбейген. Облыс экономикасында
жұмыспен қамтылған халық саны 334,8 мың
адам, оның ішінде өз бетінше жұмыспен
қамтылғаны – 125,1 мың адам, жалдамалы
жұмысшылар – 209,7 мың адам. Жұмыссыздар
саны – 19,0 мың адам. Жалпы жұмыссыздық
деңгейі 5,4 пайызды құрап, өткен жылмен
салыстырғанда 0,3 пайыздык пунктке төмендеген.
Соңғы бірнеше жылда облыста
макроэкономикалық көрсеткіштер өзгерісінің
оң динамикасын қамтамасыз ететін қолайлы
экономикалық ахуал қалыптасты, сонымен
бірге, өндірістің өсуімен қоса халық
кірісінің ұлғаюына қол жеткіздік. Қызылорда
облысы үдемелі және әртараптандырылған
экономикалық құрылымымен сипатталады.
Қызылорда облысы бәсекеге
қабілетті әлеуетті құрайтын бай ресурстарға
ие. Бұған бірінші кезекте облыс тұрғындарының
47,4% пайызын құрайтын еңбек етуге қабілетті
тұрғындарын жатқызамыз. Табиғи қазба
байлықтары: мұнай, уран, ас тұзы, әк, шынытас
құмы, сондай-ақ, темір және полиметалл
кендерінің молдығымен ерекшеленеді.
Өңірде мырыштың - 15,1%, қорғасынның
- 9,6%, мұнай, газ, конденсаттардың - 4,7%, уранның
-13,7%, жер асты суларының -3,4% қорлары
бар. Қызылорда облысы ас тұзы, шынытас
құмы, бақша, балық өнімдерінің ірі өндірушісі
әрі жеткізушісі болып табылады, сондай-ақ,
сапалы күріш өсіретін жалғыз өңір болып
саналады. Республикалық өндірістің жалпы
көлемінде облыс үлесіне күріш өндіру-90%,
ас тұзы-70%- дан келеді.
Сурет 4 - Экономиканың салалары
бойынша құрылған жаңа жұмыс орындары
Облыста 10003 жаңа жұмыс орындары
құрылды, бұл бағдарлама көрсеткішінің
(8985) 111,3 пайызын құрайды. Жаңа жұмыс орындары
өнеркәсіпте - 1629, құрылыста – 276, шағын
кәсіпкерлікте - 1496, білім және денсаулықта
– 1160, ауыл шаруашылығында – 1350, саудада
- 979, көлік және байланыста – 141, басқаларда
– 2972 құрылды.
Елімізде 2011 жылдың шілде айынан
бастап «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы
жүзеге асырылып келеді.
Қызылорда облысында «Жұмыспен
қамту-2020» бағдарламасыны жүзеге асыруға
2,8 млрд.теңге бөлініп, 71,3 пайызы игерілді.
Облыс бойынша жұмыспен қамтудың
күрделі мәселелері:
- білікті жұмыс күшіне
деген сұраныс және ұсыныс
құрылымның теңгерімсіздігі;
- халықтың мақсаттағы
топтарының жекелеген категорияларын
(әсіресе жастар) жұмыспен қамтуды
қамтамасыз етудің қиындығы;
- облыстың кәсіптік-техникалық
мектептеріндегі материалдық-техникалық
базаның әлсіз болуы;
- ауылдық жерлерде жұмыс
орындарының жетіспеуі;
Өңірде жастарды жұмыспен қамту
мәселесі бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің
бірі болып табылады және зерттеуді қажет
етеді.
Облыс аумағында аймақ жастарының
жұмысбастылық деңгейін, еңбек нарығында
қалыптасқан жұмыссыздыққа көзқарастарын
айқындау, жұмыссыздық себептерін анықтау
мақсатында жастар дамуына үлес қоса алатын,
қоғамдық құрылымның әртүрлі саласын
қамтитын 15 жас пен 29 жас аралығындағы
Қызылорда облысы жастары арасында
сауалнама жүргіздік.
Зерттеу іріктемесі: 394 респондент,
респонденттер жастық, жыныстық, әлеуметтік-кәсіби
санаттарына қарай іріктелді. Зерттеу
барысында қолданылған әдіс: Сауалнамалық
сұрау “face to face” әдісі. Сауалнама қойылған
мәселеге байланысты ашық және жабық сұрақтармен
қамтылған. Ашық түрде қойылған сұрақтарға
респондент өз пікірін ерікті түрде жазып
білдіре алса, жабық сұрақтарға респондент
маманның дайындаған жауаптарына сүйене
отырып өз пікірін таңдады.
Кез келген аймақтың
жас тұрғыны желеу еткен өзекті мәселелері
аз емес. Тіпті, әлем жастарына ортақ проблемалар
да жеткілікті. Ең үлкен проблема, әрине, ақша
табу. Жұмысқа тұру. Білім алу. Бұл барлық
жастардың көңілін күпті еткен ортақ мәселе.
Сауалнама қорытындыларынан көріп отырғанымыздай
жастардың ең өткір мәселесі – жұмысқа
орналасу екендігі анықталды. Осы мәселеге
байланысты аймақ жастарының жұмыссыздығын
азайту, жұмыс көздерін ашу немесе аймақтағы
жұмыспен қамту шаралары жайлы ақпаратты
жастарға кеңінен насихаттау қажет.