Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2014 в 13:07, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Адам капиталын дамыту үшiн лайықты еңбекке қол жетiмдiлiктi ұлғайтудың ерекше маңызы бар. Мемлекет басшысы бiрнеше мәрте атап көрсеткенiндей, жұмыспен қамту саясаты кедейлiктi еңсеру мен адамдардың әл-ауқатын арттыруда ең негізгі құрал болып отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстық жұмыс.docx

— 326.05 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

 

Курстық жұмыстың өзектілігі: Адам капиталын дамыту үшiн лайықты еңбекке қол жетiмдiлiктi ұлғайтудың ерекше маңызы бар. Мемлекет басшысы бiрнеше мәрте атап көрсеткенiндей, жұмыспен қамту саясаты кедейлiктi еңсеру мен адамдардың әл-ауқатын арттыруда ең негізгі құрал болып отыр.

Елбасының тапсырмасымен еліміздің еңбек нарығындағы қалыптасқан жағдайды оң шешуге, индустриялық саясатты жүзеге асыру үшін еңбек әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін бұрын - соңды болмаған «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы әзірленді. Жалпы бұл бағдарлама халық арасында жақсы қабылданып, экономиканың өрлеуіне, оң жетістіктерге  жетуіне әсерін тигізуде.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 27 қаңтар 2012 жылғы Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында бірінші басымдық – Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы болып белгіленді.

Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу  Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі болып табылады.  Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстары әлеуетін дамыту және  іске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмір сүру сапасын жақсартудың басты құралы.

Еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау,  қоғамдық бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, ол өз кезегінде ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді.

Еліміз күннен-күнге қарыштап дамып, биік арман мақсаттар мен мұраттарға қол жеткізіп келеді. Алайда, жұмыссыз адамдардың санының көбеюі - басты проблема күйінде қалып отыр.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Курстық жұмыстың мақсаты – Республика аймақтарындағы жұмыссыздықты кешенді талдау арқылы оны шешу және жетілдіру жолдарын анықтау. Алға қойған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу қажеттілігі айқындалады:

- еңбек нарығы, еңбекке  сұраныс пен ұсыныс, жұмыссыздық, халықты   жұмыспен   қамту  мәселелерінің теориялық-әдістемелік  негіздерін нақтылау;

- өңірдегі өмір сүріп  отырған халық арасында жұмыссыздық  себептері, жұмыспен қамтылу мәселесі  туралы көзқарастарын айқындау  мақсатымен социологиялық пікір  алмасулар жүргізу;

         - өңірдегі еңбек нарығын реттеу үшін маңызды факторларды анықтау;

         - жұмысбастылықты арттырудың заманауи  жолдарын анықтау;

         - еңбек нарығындағы сұраныс мен ұсынысты талдай отырып, жүзеге асыруға тиісті бағыттар мен атқарылатын іс әрекеттерді тұжырымдау.

Зерттеу пәні - халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру мен реттеуде қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық қатынастар жиынтығы.

Зерттеу нысаны – нарықтық экономика жағдайында жұмысбастылықты артыру мәселелері.

Нарықтық қатынастардың дамуы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты реттеу, еңбек қатынастары жүйесін реформалау мен жұмыс орындарының сапалық сипаттамаларының артуы, кәсіби білім беру жүйесінің жаңа экономикалық жағдайға бейімделуімен байланысты еңбек нарығында туындайтын мәселелерді зерттеуді көздейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I БӨЛІМ. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ МӘНІ МЕН ТҮРЛЕРІ, СЕБЕПТЕРІ МЕН САЛДАРЫ

 

1.1 Жұмыссыздықтың мәні  мен түрлері

 

         Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Экономикалық әдебиеттерде кез келген қоғамдағы жұмыссыздық құбылыстары сипатына байланысты фрикциялық жұмыссыздық, құрылымдық жұмыссыздық, циклдік Жұмыссыздық болып ажыратылады. Фрикциялық жұмыссыздық – қызмет керлердің жұмыс орнын ерікті түрде ауыстыруымен және жұмыстан уақытша босау кезеңдерімен байланысты (қызметкерлердің бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысқан кездегі уақытша жұмыспен қамтылмауы) құбылыс. Құрылымдық жұмыссыздық – елдегі тұтыну тауарларына сұранымның құрылымында және өндіріс технологиясында болатын өзгерістер салдарынан пайда болатын құбылыс. Бұл жағдайда қызметкер не өзінің кәсібіне (мамандығына) сұранымның жоқтығы салдарынан‚ не жұмыс алу үшін жеткілікті біліктілігінің жоқтығы салдарынан жұмыссыз қалады.

          Кез келген қоғамдағы экономикалық  даму барысында тұтыну тауарларының  сұранымы құрылымында және өндіріс  технологиясында маңызды өзгерістер  болады. Бұл өзгерістер өз кезегінде  жұмыс күшіне жалпы сұранымның  құрылымын да өзгертеді. Осындай  өзгерістерге байланысты кәсіптердің  кейбір түрлері азаяды не қысқарады‚  ал басқа бір түрлері көбейеді. Қоғамдағы жұмыссыздықтың пайда  болу себебі жұмыс күшінің  осы өзгерістерге баяу ыңғайланатындығына  және оның құрылымының нақты  жұмыс орнына сай келмейтіндігіне  байланысты болады. Фрикциялық жұмыссыздық  пен құрылымдық жұмыссыздық арасындағы  елеулі ерекшелік мынада: бірінші  жағдайда жұмыссыздарда еңбек  нарығында ұсынуына болатын дағды‚  машық бар‚ ал екінші жағдайда  олар қайта даярланбайынша‚ қосымша  оқып біліктілігін арттырмайынша‚  тіпті тұрғылықты жерін ауыстырмайынша  жұмыс таба алмайды. Фрикциялық  жұмыссыздық неғұрлым қысқа мерзімді  сипатта болады‚ ал құрылымдық  жұмыссыздық неғұрлым ұзақ мерзімді  сипатта болады‚ сондықтан ол  қоғамдағы неғұрлым елеулі жұмыссыздық  болып табылады. Циклдік жұмыссыздық  – елдегі тауарлар мен көрсетілетін  қызметтерге жиынтық сұранымның  күрт азаюы салдарынан болатын  құбылыс. Осы себептен оны кейде  сұранымның тапшылығына байланысты  жұмыссыздық деп те атайды. Циклдік  жұмыссыздық – кез келген қоғам  үшін экономикалық және әлеуметтік  дағдарыс болып саналады. Экономикалық  дағдарыс (экономикалық дамудың  құлдырауы‚ тоқырау) елдегі еңбекке  қабілетті тұрғындардың елеулі  бөлігінің бостан босқа уақыт өткізуіне әкеліп соғады‚ ал мұндай жағдай олардың біліктілігінің жоғалуына‚ адамгершілік қадір-қасиеттің азғындауына‚ әлеуметтік және саяси жанжалдарға апарып соқтырады. Жұмыссыздық – барлық қоғамда болып тұратын құбылыс. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде‚ мысалы‚ АҚШ-та‚ еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы жұмыссыздық мүлдем жоқ дегенді білдірмейді. Фрикциялық және құрылымдық жұмыссыздық болмай қоймайды деп есептеледі. Демек, елдегі тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы – ол елде циклдік жұмыссыздықтың жоқтығын білдіреді. Жұмыспен толық қамтылу кезіндегі жұмыссыздық деңгейі оның табиғи деңгейі болып саналады. Мұндай жағдай елдегі жұмыс күшінің рыноктары теңдестірілгенде, яғни жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орындарының санына тең болғанда пайда болады. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі қоғамдағы оң құбылыс болып есептеледі. Өйткені “фрикциялық” жұмыссыздарға бос жұмыс орнын табу үшін әрқашан уақыт керек‚ “құрылымдық” жұмыссыздарға да біліктілігін жетілдіру, жаңа мамандық алу үшін немесе жұмыс табу мақсатымен басқа жерге көшу үшін уақыт керек. Егер жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орнынан асып түссе‚ онда жұмыс күші рыногінің тең болмағаны. Екінші жағынан‚ жиынтық сұраным молайған жағдайда жұмыс күшінің “жетіспеушілігі” сезіледі‚ яғни бос жұмыс орындарының саны жұмысқа мұқтаждардың санынан асып түседі. Қазақстанда нарықтық экономикаға өту кезеңінде бұрынғы тиімсіз кәсіпорындар мен ауыл шаруашылық мекемелерінің жұмысын уақытша тоқтатып, жабылуына, банкротқа ұшырауына, жекешелендіріліп, қайта құрылуына байланысты құрылымдық жұмыссыздық құбылысы байқалды. 2000 жылы елдегі жұмыссыздар саны 1997 жылғы деңгеймен салыстырғанда біршама (0,2%-ке) төмендеді. Елдегі түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформалар барысында жаңа жұмыс орындары ашылуына, ішкі, сыртқы инвестициялар көмегімен, бірқатар өндіріс ошақтары мен ауыл шаруашылығының жандануына орай, ауылды қайта өркендетудің 3 жылдық бағдарламасына байланысты жұмыссыздық деңгейі де біртіндеп табиғи деңгейге түсе бастады.

АҚШ Конгресінің экономикалық статистика комиссиясының жүргізген зертеуінің мәліметі бойьшша қазір шет елдерде жұмыссыздықтың 70-ке жуық нысандары және олардың болуның ерекше себептері бар екен. Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздықтың нысандарын екі үлкен негізгі топқа бөледі. Біріншісіне жиынтық сұранымның жетіспеуіне байланысты болатын, соның ішінде ең алдымен циклдік жұмыссыздықты жатқызады. Екіншісіне жиынтық сұранымның өзгеруіне байланыссыз болатын жұмыссыздықты (фрикциопдық, маусымдық, құрылымдықщ, технологиялық және басқа нысандары) жатқызады.

Біздің елдегі жұмыссыздықтың негізгі нысандары жасырын және фрикциондық болып табылады. Нарық қатынастарының жасырын және фрикциондық болып табылады. Нарык қатынастарының калыптасу барысында жасырын жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа айнала бастады. 138 мыңға таяу адамы бар 160 кәсіпорындар жұмыссыз тоқтап түұды. Осындай кәсіпорындардын 2 мыңнан астам жұмыскер еңбектен босатылды, 25 мың адам еріксіз демалысқа жіберілді. Жұмыссыздықтың зардабын бәсендететін факторлардың бірі ғылыми - техникалық прогресс. ҒТП, жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін жаңа өндіріс түрлері мен шаруашылық салаларын тудырады, ол материалдық өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар түрғындарды жұмыспен камтуды көбейтеді. Жалпы, ғылыми техникалық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру, негізінен, өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Оның ұлғаюы, тұрғындардың әртүрлі қызмет түрлеріне деген шығынының тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағанда жоғары еңбек ауқымдылығымен сипатталады.

Қандай да жұмыссыздық болмасын қоғамдағы аса ауыр экономикалық және әлеуметтік қайшылық. Батыс елдерінде жұмыссыз болу - тек қана жұмысты жоғалту ғана емес, сонымен бірге адам өзінің ар - намысын, абырой - беделін жоғалту деп те есептеледі.

Шетелдердегі бағалау бойынша, жұмысты жоғалту, өзінің қасірет жағынан жақын туыс адамның өлімі немесе түрмеге түсуден ғана кейін тұрады екен. Кәсіпорынның жұмысының түпкі нәтижесінен тәуелсіз, жаппай жұмыспен қамту жұмыскерлердің өндіріс тиімділігін арттыруға деген жеке мүдделіктеріне кері әсер етті, олардың өндірісті басқарудан шеттелуіне әкеліп соқтырды. Осының бәрі еңбек тәртібінің шұғыл құлдырауына әкеліп соқтырды. Осының бәрі еңбек тәртібінің шұғыл кұлдырауына үлкен экономикалық шығындарға жол берді. . Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы - тұрғындарды толық бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді. Әкімшілдік - әміршілдік басқару жүйесі жағдайында мемлекет, жұмыспен толық қамту мәселесін өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырды. Жаңа жұмыс орындарын жасау еңбек етуге қабілеті бар тұрғындардың санына асып кетіп отырды, ал ол, өз кезегінде жұмыс күшінің тапшылығын тудырды. Бұл қардарлық интенсивті типтігі шаруашылық механизмінен қолдау тауып отырды: кәсіпорынның жалақы қоры жұмыскерлердің санынан тәуелді болды, олардың санының өзгеріп отыруы еңбек өнімділігінің төмендегінің және жұмыскерлерді өндірістегі негізгі жұмыстарынан ауыл шаруашылық және басқа жұмыстарға пайдаланудың орнын толтыруға тиіс еді.

Оның есесіне жұмыскерге, белгілі бір жұмыс орнына ие болуға нақты кепілдік берілетін және оны жұмыстан шығару іс жүзінде мүмкін болмады. Соның нәтижесінде жұмыс күшіне сұраным еркіндігі мен ұсыным еркіндігі қатаң шектелді. Мемлекет жұмыскерлердің белсенділігі мен қозғалысына қатаң бақылау жасап отырды, олардың өздерінің жұмыс күшін колдануына тек қана мемлекет белгіленген еңбек нысандарының шеңберінде ғана рұқсат етілді.

Кадрларды тұрақтандыруда «жас маман» институты, белгілі бір кезеңге мерзімдік шартқа қол қою сияқты тікелей әдістер, тиісті жұмыс уақыты өтелгеннен кейін пәтер беруге уәде беру, бір кәсіпорында істеген үзіліссіз жұмыс стажын жоғалту қатері сияқты жанама әдістер де қолданылды.

Өздерінің қабілетін толығырақ көрсетуге және лайықты өмір қалпын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жұмыс іздеу ұмтылысы қалада төлқұжат тәртібі түрінде, елде керісінше колхозшыларға төлқүжат бермеу, жұмыстан шығуға кедергі жасау, пәтер алу қиындықтары сияқты әкімшілік механизмі кедергілеріне тірелетін. Бір орында ұзақ уақыт жұмыс істеу экономикалық тұрғыдан да және әлеуметтік тұрғыдан да ынталандырылды. Соның нәтижесінде еңбекті ауыстырудың экономикалық заңы бұзылды. Оның мәні - адам өзінің экономикалық жағдайын жақсарту үшін белсене жұмыс істеуі керек, ал ол, үнемі өзін - өзі жетілдіруді қажет етеді, соған сәйкес жұмыс істейтін өмірінің барлық кезеңі бойына еңбек ету нысанын ауыстырып отырад

            Жұмыссыздықтың түрлері:

° Уақытша жұмыссыздық.' Бұл жұмыссыздық уақытша болдады, ол адамдардың жұмыс орнын ауыстыра бергісі келгеннен туады. Алайда бір жұмыс орнынан екіншісіне көшу белгілі бір уақытты керек етеді, әсіресе жаңа жұмыс орны елдің басқа бір аймағында болса. Осы аралықта адамдар жұмыс істемейтін уақыт уақытша (фрикциялық) жұмыссыздыққа жатады.

° Құрылымдық жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрінің пайда болуына техникалық прогресс себепші, өйткені бұл процестің нәтижесінде кейбір мамандыөтар өшіп, олардың орнына жаңа мамандықтар дүниеге келеді. Әсіресе біздің елімізде соңғы он жылда құрылымдық жұмыссыздық айқын қылаң берді. Әміршіл экономиканың нарықтық экономикаға көшу барысы бір мамандыққа сұранымның азайып, екінші мамандыққа өсуімен қатар жүрді. Мұндай жағдайда жұмыссыз қалған адамдардың жаңа жағдайға бейімделе білуі, еңбек нарғында сол сәтте сұранымға ие жаңа мамандық алуға құлшыныс таныта білуі маңызды.

° Маусымдық жұмыссыздық. Маусымдық жұмыссыздық қызметі белгілі бір маусым кезінде жүретін жекелеген салаларға тән. Бұл әсіресе қысы мен жазы климат жағдайы бойынша күрт өзгеше болып келетін елдерге қатысты.

° Циклдік жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі елдегі экономикалық құлдырау кезінде бой көрсетеді. Құлдырауға барлық дерлік тауар және қызмет көрсетулерге сатып алушылар сұранысының төмендеуі, өндірістің қысқаруы, демек жұмыс орындарының қысқарып, жұмыссыздар санының көбеюі тән болып келеді.

 

 

 

    1. Халықты жұмыспен қамтудың теориялары

 

            Жұмыссыздық – экономикалық теорияның  бұрынғы және қазіргі тарихындағы  ең өткір мәселелерінің бірі. Жұмыссыздықты әр түрлі мектеп  өкілдері әр түрлі түсіндіреді. Мысалы, мальтузиандық теория жұмыссыздықтың  пайда болуын тұрғындардың тым  артып кетуімен түсіндіреді. Кейнстік  теория бұл құбылысты рыноктық  сұраныстың жетіспегендігімен түсіндіреді, еркін кәсіпкерлік мектебінің  теориясы – жұмыссыздық жалақы  деңгейінің жоғарылауымен туындайтынын  айтады, яғни ол еркін болып  табылады. Еркін кәсіпкерлік теориясы  қазіргі өкілдері –  «монетаристер»- осы көзқарасты қолдады. К. Маркстың  қорлану теориясы мен қазіргі  технологиялық теория жұмыссыздықтың  болуын біріншіден - капиталдың қорлануымен, екіншіден,- техника прогрессімен  болатындығын көрсетеді.

           Мальтузиандық теорияны ағылшын  экономисі Томас Роберт Мальтус (1766-1834ж.ж) жасаған. Ол 1798 жылы ˝ Халық  саны туралы заңның тәжірибесі  ˝кітабын шығарған. Онда ол былай  жазған: Жер шарындағы тұрғындар  геометриялық прогрессиямен өседі: яғни әрбір 25 жылда 2 есе өседі; ал  өмір сүру жабдығы тек арифметикалық  прогрессиямен өседі. Ол халық  санының және  өмір сүру әдісінің  өсу қарқыны жоғарыдағы көрсетілген  есеппен салыстыра отырып мынадай  қорытындыға келген:  тұрғындардың  жоғары қарқынмен өсуі қайыршылық  пен жұмыссыздықтың себеп-салдары  болып табылады. Тұрғындардың қарқынды  өсуін Мальтус ( әрбір 25жылда 2 есе  өсуі)  17-ші ғасырда АҚШ-да тұрғындар  саны тек табиғи өсіммен ғана  емес, Еуропадан иммигранттар легінің  келуімен де өскенің ескермеді.

         Қазіргі жағдайда адамзаттың  өмір сүру әдісінің тұрғындар  қарқынының тез өсуінен қалмауы  үшін мүмкіндіктер көп. Бұл туралы  ағылшын экономисі Джон Бернал  өзінің 1954 жылы шыққан ˝ Қоғам  тарихындағы ғылым ˝ кітабында  былай жазған : Қазіргі уақытта  атом ядросының бөлінуі негізіндеге  ядролық энергия алынды және  оны ядролық синтезден тіпті  көп мөлшерде күтуге толық  негіз бар , себебі тамақ өндірісін  ары дамытудың шексіз екенін  көрсетеді.

          Ағылшын экономисі Джон Кейнеттің  баяндауынша, жұмыссыздық бұл тауарға  сұранымның төлем қабілеттілігінің  жеткіліксіздігі мен жалақының  өте жоғарылауының салдары деп түсіндірді. Төлем сұранымының жеткіліксіздігін ол адамдардың қор жинауға бейімділігімен және күрделі қаржыға ынталандырудың әлсіздігімен түсіндіреді. Оның ойынша, толық жұмыстылықпен қамтамасыз етуге болады, ол үшін адамдардың қор жинауға бейімділігін жою қажет және жұмыс орнын құру үшін жоғарғы деңгейлі күрделі қаржыны қарастырған дұрыс.                                                                                                        

Информация о работе Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері