Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2013 в 19:57, курсовая работа
Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты- бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.Салық саясатының басты мақсаты- салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.
Кіріспе.................................................................................................3
I Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері
Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері
1.2. Пайдалы қазыналарды өндіру салығы
II Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін төлеу және ресімдеу тәртібі
2.1 Жер қойнауын пайдаланушылардың бонустарды төлеу мерзімі
мен оны рәсімдеу әдістері………………………………………….......11
2.2 Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі..................12
2.3 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері келiсiм-шарт бойынша
жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша
төлеу мерзімі мен ресмдеу әдістері........................................................13
2.4 Жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайда салығы................14
III Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін жүзеге асырудағы қазіргі кездегі жетілдіру
жолдары...................................................................................15
Қорытынды.....................................................................................19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................
Жаңа Кодекс салық қызметтерінің оның нормаларын өз қалауларынша түсіндірулерінен қорғайтындай, әкімшілендіру сапасы мен салық төлеушілер мүдделері үйлесетіндей тікелей іс-әрекет ету заңы сипатына ие болуы керек.Бірақ, ең бастысы, ол экономиканың шикізаттық емес секторы, әсіресе, шағын және орта бизнес үшін жалпы салықтық ауыртпалықтардың төмендетілуін қарастыруы керек. Бюджеттің күтілетін шығындарының орны өндіруші сектордың экономикалық қайтарымын арттыру есебінен өтелуі тиіс.ҚР Парламенті Мәжілісінде жаңа өтіп, құжаттағы негізгі жаңалықтар бойынша Салық кодексі жобасының таныстырылымы болып, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов баяндама жасады
2008 жылдың Қыркүйектің
8-інде ҚР Парламенті
Жобадағы негізгі жаңалықтар бойынша баяндама жасаған Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, Кодексте салық салу барысында туындайтын мәселелермен айналысатын Консультациялық кеңес құру қарастырылған. Бұл кеңесті ҚР Премьер-Министрі басқаратын болады. «Кеңестің негізгі жұмысы салықтық міндеттемелерді атқару барысында туындайтын айқын емес, нақтыланбаған тұстарды және қайшылықтарды жою мәселелерін жедел шешу. Сондай-ақ, салық төлеуден жалтарудың болуы мүмкін жолдарын кесу жұмыстары да аталған кеңес тарапынан жүргізіледі», деді министр. Оның сөзіне қарағанда, жаңа Салық кодексін қабылдау экономиканың тұрақты дамуына, әртараптануына жағдай жасап, «көлеңкелі» секторды барынша қысқартуға септігін тигізетін болады.
2009 жылы қосымша құн салығының ставкасы 12 пайызға тең мөлшерде болады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінде жаңа Салық кодексі жобасының таныстырылымы барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті. «Бұл көрсеткіштің өзінен қазақстандық қосымша құн салығы ставкасының әлемдегі стандартты салықтар арасындағы ең төменгі деңгейдің бірі болатынын көруге болады. Бұнымен қоса, жобада қазіргі жеңілдіктер жиынтығының орнына есепке жатқызылған қосымша құн салығы есептелгеннен асып кету сомасын автоматты түрде бірыңғай қайтару енгізіледі. Ал 2012 жылы тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде дебетті сальдоны автоматты түрде қайтару жүйесін толық енгізу көзделеді», деді Б. Сұлтанов. Сонымен бірге, Қазақстанда шығарылмайтын қондырғыларға, жабдықтарға қатысты жеңілдіктер 2012 жылға дейін сақталатын болады.Жобаны таныстыру барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов 2009 жылы Қазақстанда өндірілетін жалпы мұнайдың 44 млн. тоннаға жуығына Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша салық салынатындығын хабарлады.Министрдің баяндамасынан кейінгі сауалдар барысында депутат Кенжеғали Сағадиев жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық жүктемесі бойынша қамтылған негізгі өзгерістерге назар аудартты. «Қазақстанда биыл шамамен алғанда 70 млн. тоннаға жуық мұнай өндірілді. Келесі жылы да осы шамалас өнім өндіріледі деп күтілуде. Осы тұрғыдан алғанда елде өндірілетін мұнайдың қаншалықты бөлігіне салық салынады? Өйткені, бұл салық ауыртпалығынан Өнімді бөлу туралы келісім шартын жасасқандар, «ТШО» секілді ірі жер пайдаланушылар құтылып отыр ғой», деді депутат К. Сағадиев.
Депутат сауалына жауап бере отырып министр Б. Сұлтанов, алдын ала болжамдарға да тоқталды. «2009 жылы Қазақстанда өндірілген жалпы мұнайдың 44 млн. тоннаға жуығына Пайдалы қазбалар өндіруге салынатын салық бойынша салық салынады. Жалпы алғанда салық кодексінде қамтылған өзгерістер нәтижесінде мұнай саласындағы жерді пайдаланушылар үшін салық ауыртпашылығы коэффицентін 49 пайыздан
62 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік бар», деді Б. Сұлтанов. Жаңа Салық кодексі жобасының таныстырылымы барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов 2009 жылы Қазақстанда 72 млн. тоннаға жуық мұнай мен газ конденсаты өндіріледі деп болжанып отырғандығын айтты.Министрдің айтуынша, келесі жылы жер қойнауынан алынатын мұнай мен газ конденсаттарының көлемі биылғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда соншалықты қомақты болмайды. «Биылғы жылы шамамен 70 млн. тоннаға жуық мұнай өндірілсе, келесі жылы Қазақстанда өндірілетін мұнай мен газ конденсатының көлемі 72 млн. тонна шамасында болжанады. Жалпы қазіргі кезең Қазақстан үшін дайындық жылы болғандықтан да мұнай-газ өндірудің көлемі айтарлықтай өзгермейді. Біздегі ауқымды мұнай өндіру көрсеткіші 2012 жылға қарай күтіледі», деді министр.
Қазақстан үкіметі жаңа Салық кодексінде әлеуметтік салықты 11% деңгейінде белгілеуді ұсынуда. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен "Салық салуды реформалаудың басты бағыттары" атты дөңгелек үстелде таратылған материалдарда айтылған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі."Әлеуметтік салықты 11% мөлшерінде белгілеу ұсынылған, ал қолданыстағы заңнамада ол 5 - 13% тең. Әлеуметтік салық сомасы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын мөлшерге азайтылып отыратынын ескергенде, бюджетке аударылатын нақты әлеуметтік салық ставкасы 2009 жылы 7%-ға, 2010 жылы 6%-ға тең болмақ,- деді еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов.
Жаңа Салық кодексін қабылдау экономиканың тұрақты дамуына және әртараптануына жағдай жасайды, экономиканың көлеңке секторын қысқартуды қамтамасыз етеді, Қазақстанның инвестициялық климатын жақсартады, ол елге капитал ағымын ықпал етеді және экономиканың шикізаттық емес секторына салықтық жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. Салық кодексін тікелей қолданылатын заңның принциптеріне сәйкес келтіру, салық органдары әрекеттерін терең регламенттеу, салықтық бақылау жүйесін құру салықтық жүйесінің сыбайлас жемқорлығын азайтуға мүмкіндік береді және салық органдары мен салық төлеушілердің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.
Бұл заңнан мемлекеттің
ұтатыны – салық салудың
Жаңа жоба салықты әкімшіліктендіру бағытында да жақсы нәтижелерге қол жеткізеді. Өйткені былай алып қарасақ, біз салық салуды, оның есептелуін және салық төлеудің тәртібін жеңілдету арқылы салық органдарының қызметін жетілдіреміз. Атап айтар болсақ, ақпараттық жүйелер дамиды. Мұның нәтижесінде, әкімшіліктендіру жүйесі де жаңарады деген сөз.Қандай да бір себептермен енгізілмей қалған нормалар бар. Бұл жерде әңгіме бір жағынан мемлекет және екінші жағынан кәсіпкерлік қауымдастық ұсынған нормалар туралы болып отыр. Оны тарқатып айтар болсам, мемлекет өз тарапынан салықтық бақылауды күшейтуге бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыруды ұсынды. Бірақ жаңа заңның жобасын сараптау барысында ондай бақылаудың күшеюі кәсіпкерліктің өркендеуіне кедергі келтіретіндіктен ондай өзгерісті қабылдамауға шешім шығарылды. Ал кәсіпкерлік қауымдастықтың ұсынғаны – жекелеген субъектілерге салықтық жеңілдіктер беру. Жаңа кодекстің тұжырымдамасының өзі жалпы салықтардың салмағын төмендетуге бағытталғандықтан бұл ұсыныс та енгізілген жоқ. Бұған дейін әртүрлі санаттағы салық төлеушілерге қолданылып келген жекелеген салық жеңілдіктеріне қатысты нормалар мақұлданған жоқ.
Жаңа кодексті
әзірлеуге Үкіметке бар жоғы алты
ай уақыт берілгендігімен
Ең бастысы, қазіргі кезде кәсіпкерліктің алдында тұрған ең үлкен әкімшілік кедергі – салық есептілігінің шамадан тыс болуы. Бұл бағытта үлкен-үлкен шаралар жүзеге асырылды. Салықтың негізгі түрлері бойынша салық есептілігі барынша қысқартылды. Жаңа кодексте салық есептілігін берудің біртұтас мерзімі қарастырылып отыр. Яғни салық төлеудің жалпыға ортақ мерзімін бір айға дейін ұзарттық деуге болады.
Салық - бұл мемлекетпен заңды түрде бекітілген құзырлы орган тарапынан бір жақты ретпен жəне сəйкес құқықтық негізде мемлекет кірісіне міндетті ақшалай немесе нақты төлем, ол- қайтарымсыз, эквивалентсіз жəне тұрақты түрде белгілі мөлшерде төленіп тұрады. Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер, дiни бiрлестiктерден басқа жеке меншiк құқығындағы, тұрақты жер пайдалану құқығындағы жəне бастапқы өтеусiз уақытша жерпайдалану құқығындағы салық салу объектiлерi бар жеке жəне заңды тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады. Жер қойнауын пайдаланушылар үшiн белгiленетiн салық режимi жер қойнауын пайдаланушыға арналған келiсiм-шартпен айқындалады. Ол үшiн келiсiм-шарт тиiстi мемлекеттiк органда тiркелуi жəне салықтық сараптамадан өтуi тиiс.
· Бiрiншi – өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн қоспағанда,жер қойнауын пайдаланушының салық пен басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуiн көздейдi;
· Екiншi – жер қойнауын пайдаланушының өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн төлеуiн (беруiн), сондай-ақ экспортталатын шикi
мұнайға салынатын рента салығын, газ конденсатын қоса алғанда, шикi мұнайға салынатын акциздi, жер салығы мен мүлiк салығын қоспағанда, салық жəне бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң
барлық түрлерiнiң төленуiн көздейдi.
Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салуда мұнай операцияларын және
өндiрумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салу мен пайдалану
жөнiндегi жұмыстарды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану бойынша
операцияларды жүргiзу жөнiндегi қызметке салыќ салудың ерекшелiктерi
реттеледi және жер қойнауын пайдаланушылардың мынадай салықтары мен
арнайы төлемдерiн:
1) үстеме пайда салығын;
2) жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерiн:
а) бонустарды (қол қойылатын, коммерциялық табу);
б) роялтидi;
в) өнiмдi бөлу бойынша Қазаќстан Республикасының үлесiн;
г) қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер
қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiн есептеу мен төлеу тәртiбi
белгiленедi.
Жер қойнауын пайдаланушы роялтидi Қазақстан Республикасының
аумағында өндiрiлетiн пайдалы қазбалардың әр түрi бойынша, оның сатып
алушыларға өткiзiлгенiне (тиеп жөнелтiлгенiне) немесе өз қажетiне
пайдаланылғанына қарамастан, жеке төлейдi.
Бонустар жер қойнауын пайдаланушының тіркелегн төлемдері болып
табылады. Жер қойнауын пайдаланушы роялтиді Қр-ның аумағында өндірілетін пайдалы қазбалардың әртүрі бойынша оның сатып алушыларға өткізілгеніне немесе өз қажетіне пайдаланғанына қарамастан жеке төлейді. Жер қойнауын пайдалану барлаумен және өндірумен байланысы жоқ жер асты құрлыстарын салу және пайдалану жолымен жүзеге асырылатын кезде жер қойнауын пайдаланушы роялтиді жер асты құрлыстарын салу кезінде жер қойнауынан алынатын пайдалы қазбаларының көлемі үшін, сондай-ақ мұндай құрлыстардың жер қойнауында алатын көлемі үшін төлейді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Информация о работе Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық