Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2013 в 19:57, курсовая работа
Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты- бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.Салық саясатының басты мақсаты- салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.
Кіріспе.................................................................................................3
I Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері
Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері
1.2. Пайдалы қазыналарды өндіру салығы
II Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін төлеу және ресімдеу тәртібі
2.1 Жер қойнауын пайдаланушылардың бонустарды төлеу мерзімі
мен оны рәсімдеу әдістері………………………………………….......11
2.2 Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі..................12
2.3 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері келiсiм-шарт бойынша
жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша
төлеу мерзімі мен ресмдеу әдістері........................................................13
2.4 Жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайда салығы................14
III Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін жүзеге асырудағы қазіргі кездегі жетілдіру
жолдары...................................................................................15
Қорытынды.....................................................................................19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................
Өндірілген минералдық шикізаттың,мұнайдың жерасты сулары мен емдік балшықтың барлық түрлері бойынша пайдалы қазындылары өндіру салығы жүргізілетін өндіру түріне қарамастан салық заңнамасында белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен төленеді. Пайдалы қазындыларды өндіру салығын есептеу үшін жер койнауын пайдалануы Салықтық кодексте келтірілген шэкілге сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жекелеген контракт бойынша ағымдағы салық жылына арналған өндірудің жоспарланған көлеміне сәйкес келетін мөлшерлемені колданады. Пайдалы казындыларды өндіру салығының құрамына: мұнайға арналған пайдалы қазыналарды өндіру салығы, кең таралған пайдалы қазындыларды коспағанда, минералдық шикізатқа пайдалы казындыларды өндіру салығы және кең таралған пайдалы казыналарға жерасты суларға және емдік балшықтарға, пайдалы казындыларды өндіру салығы кіріктіріледі.
Шикі мұнайға пайдалы қазындыларды өндіру салығының мөлшерлемелері газ кондесатын қоса алғанда, тіркелген тұлғанымда жылдық өндіру көлеміне қарай (10 мөлшерлеме,өндіру ауқымы 250 мың тоннаға дейін және 10 млн.тоннадан жоғары) 7%-дан 20%-ға дейінгі шэкіл бойынша белгіленеді. Қазақстан Республикасының ішкі рыноғында шикі мұнай мен газ конденсатын өткізген және (немесе) берген, соның ішінде мемлекет атынан алушыға пайдалы казындыларды өндіру салығын, экспортка рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеу есебіне заттай нысанда берген немесе өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланған жағдайда белгіленген мөлшерлемелерге 0,5 төмендетілген коэффициент қолданылады. Табиғи газға пайдалы қазындыларды өндіру салығының мөлшерлемесі 10%ды құрайды.Ішкі рынокта табиғи газды өткізген кезде жылдық өндіру көлеміне қарай: 1,0 млрд. текше метрге дейін қоса алганда - 0,5%, 2,0 млрд. текше метрге дейін - 1,0%, 2,0 млрд. текше метрден жоғары - 1,5% мөлшерлемелер бойынша төленеді. Минералдық шикізаттың құрамындағы пайдалы казындылар босалқы корларының нақты (физикалық) көлемі (айналыстан шыққын босалқы қорлардың салық салынатын көлемі) минералдық шикізатқа (қара,түсті және радиоактивті металдар кендері (рудалары); металдар; күрамында металдар бар минералдық шикізат, сондай-ақ сирек ездесетін металдар,шашыраңқы металдар, радиоактивті металдар, бейметалдар, қымбат бағалы тастар, жасанды тастар,техникалық тастар) салық салу объекті болып табылады.Салық кезеңіндегі орташа биржалық бағаны немесе алғашқы кайта өңдеуден (байытудан) өткен минералдық шикізатты өткізуден безбенделген бағасын тигізе ала отырып,салық кезеңінде минералдық шикізаттың құрамында пайдаланылаты н айналыстан шыққан қосалқы қорларының салық салынатын көлемінің құны пайдалы казындыларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады. Мөлшерлемелер ауқымы тым кеңтас көмір мен жанғыш тақ-тастар үшін белгіленген нөл пайыздан уран үшін белгіленген 24 пайызға дейін (ең жоғары). Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы казындылардың, жерасты сулары мен емдік балшықтың нақты көлемі салық салу объекті, оларды өткізуден безбенделген бағасын негізге ала отырып,осы көлем құны салық базасы болып табылады.Салықтың мөлшерлемелері 2,5%-дан 10,6%-ға дейінгі мөлшерлерде белгіленген.
Пайдалы қазындыларды өндіру салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.Салықтөлеуші салықтың есептелген сомасын орналаскан жері бойынша бюджетке салық кезеңінен кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей төлеуге міндетті. Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазындыларды өндіру салығы жөніндегі мағлұмдаманы орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей береді.
II Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін төлеу және ресімдеу тәртібі
2.1 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері бонустарды төлеу мерзімі мен ресімдеу әдістері
2009 жылдан жер қойнауын
пайдаланушылардың арнаулы
жер койнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерін:а) қол қойылатын бонусты; ә) коммерциялық табу бонусын; б) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді;
пайдалы қазындыларды өндіру салығын;үстеме
пайда салығын кіріктіреді.
барлауға арналған контрактты;
пайдалы казындыларды өндіруге арналған
контрактты жасаскан жеке немесе заңи
тұлға болып табылады.Қол
Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс өткізілгенге дейінгі қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері құзырлы органның конкурстық комиссиясының шешімі бойынша ұлғайтылуы мүмкін.Қол қойылатын бонустың бастапқыдан төмен емес сомадағы түпкілікті мөлиіерін жер койнауын пайдалану құқығын алуға өткізілген конкурстық нәтижелері бойынша конкурстық комиссияның шешімі немесе жер койнауын пайдаланушымен тура келіссөздер жүргізу нәтижелері бойынша құзырлы орган белгілейді және ол жер койнауын пайдалануға арналған контрактқа кіріктіріледі. Қол койылатын бонус бюджетке салық төлеушінің тұрғылықты орны бойынша мынандай мерзімдерде: белгіленген соманың елу пайызы - салық төлеушіні Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен конкурс жеңімпазы деп жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде,қалған белгіленген елу пайызы жер қойнауын пайдалануға арналған контракт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей төленеді.Коммерциялық табу бонусын контракт аумағындағы пайдалы казындыларды әрбір коммерциялық табу үшін, соның ішінде бастапқыда белгіленген алынатын пайдалы казындылар корларын ұлғайтуға алып келетін кен орындарың қосымша барлау жүргізу барысындағы, табу үшін жер; койнауын пайдаланушы төлейді. Коммерциялық табу бонусының салық салу объекті пайдалы қазындылар қорларының нақты көлемі болып табылады. Коммерциялық табу бонусынын сомасы салық салу объектінің, салық базасы мен мөлшерлемелерінің негіз шие айқындалады. Коммерциялық табу бонусы салық базасының 0,1 пайыз мөлшерлемесі бойынша төленеді.
2.2 Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі
Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі тараптардың келісімімен анықталады, бұл келісімге сәйкес жер койнауын пайдаланушыға ақылы негізде белгілі бір мерзімде жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар өткізуге контракт аумағында құқық берілді. Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін төлеушілер өнімді бөлу туралы контракттар жасаскан жер койнауын пайдаланушылар болып табылады. Өнімді бөлу бойынша үлес ақшалай немесе натуралдық нысандарда төленуі мүмкін. Өнімді бөлу бойынша үлес корпоративтік табыс салығын есептеу үшін жылдық жиынтық табысты анықтаған кезде шегеріледі. Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасы үлесінің мағлұмдамасы жер қойнауын пайдаланушы тіркелген жері бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етіледі.
Өнімді бөлу бойынша
Қазақстан Республикасының
R-фактор (табыстылық көрсеткілері)
жер қойнауын пайдаланушының
жоба бойынша кордаланған
мердігер рентабелділігінің ішкі нормасы (РІН)нақты таза дисконтдисконтталынған табыс өзінің нөлдік мәніне жететін дисконттау мөлшерлемесі;
Р-фактор (баға коэффициенті) - есеп кезеңіндегі жер қойнауын пайдаланушы табысының өндіру көлеміке катынасы.
Өнімді бөлу туралы контракт бойынша қызметін жузеге асыратын жер қойнауын пайдалануіиының қосымша төлемін өнімді бөлу туралы контракт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар төлейді.
Өнімді бөлу туралы контракт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер койнауын пайдаланушының косымша төлемін есептеудің тәртібі салық заңнамасында белгіленген. Өнімді бөлу туралы контракт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер койнауын пайдаланушының қосымша төлем бойынша күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады. Өнімді бөлу туралы контракт бойынша кызметін жүзеге асыратын жер койнауын пайдаланушынын косымша төлемі мағлұмдаманы тапсыру мерзімі болғаннан кейін 15 күннен кешіктірілмей төленеді.
2.3 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлеу мерзімі мен ресмдеу әдістері
Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiн төлеушiлер болып табылады.
Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiн есептеу тәртiбi:
1. Өнiмдi бөлу туралы
келiсiм-шартты орындау
2. Осы баптың мақсаттары үшін мемлекет
түсімдерінің үлесі жер қойнауын пайдаланушының
салық кезеңі ішіндегі өнімді бөлу бойынша
Қазақстан Республикасының үлесi, салық
және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
төлемдер болып табылатын, орындалған
салықтық мiндеттемелерiн бiлдiредi.Мемлекет
түсiмдерiнiң үлесi қосылған құн салығын
және жер қойнауын пайдаланушы оларға
қатысты салық агентi ретiнде әрекет ететiн
салықтарды қамтымайды.
3. Егер қайсыбiр салық кезеңiнiң қорытындылары
бойынша түсiмдер сомасы осы баптың 1-тармағында
көрсетiлген мәннен кем болып шықса, тиiстi
айырманы жер қойнауын пайдаланушы бюджетке
Қазақстан Республикасы үлесiнiң шотына
осы салық кезеңi
Күнтiзбелiк жыл қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi жөнiндегi салық кезеңi болып табылады.
Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемдi төлеу мерзiмi.Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн он бес күннен кешіктiрiлмей төленедi.Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi жөнiндегi декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына осы Кодекстiң 137-бабында белгіленген мерзiмде табыс етедi.
2.4 Жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайда салығы
Жер қойнауын пайдаланушылардың
үстеме пайда салығы - салыстырмалы жақсы
табиғи жағдайлардағы қызметінен алынған
немесе рыноктың салысты рмалы жағдайындағы
шығарылған өнімді сатудан алынған косымша
пайда үшін төленетін төлем, яғни белгіленген
нормативтен тыс алынған табыс үшін төлем.
Кең таралған пайдалы казындыларды, жерасты
суларын және (немесе) емдік балшықты барлауға,
барлау мен өндіруге немесе өндіруге,
барлауға және өндіруге байланысты емес
жерасты құрылыстарын салуға және (немесе)
пайдалануға арналған контракттардың
негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша
жер койнауын пайдаланушылар үстеме пайда
салығын төлеушілер болып табылады. Салықтық
кодекске сәйкес айқындалған үстеме пайда
салығын есептеу мақсаты үшін жер қойнауын
пайдаланушының шегерімдер сомасының
25%на тең сомадан асатын салық кезеңі үшін
жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір
жеке дсонтракт бойынша жер койнауын пайдаланушының
таза табысының бір бөлігі үстеме пайда
салығын салу объекті болып табылады.
Жер қойнауын пайдалануға арналған контракт бойынша корпоративтік табыссалығы жер койнауын пайдалануға арналған әрбір жеке контракт бойынша контракттық қызмет бойынша салық кезеңі үшін Салықтық кодексте белгіленген мөлшерлеменің және көзделген табыстар мен шығыстар сомаларына, сондай-ақ Салықтық кодекске сәйкес ауыстырылатын жер койнауын пайдалануға арналған контракт бойынша залалдар сомасына азайтылған, салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жер койнауын пайдалануға арналған осындай контракт бойынша есептелген салық салынатын табыстың көбейтіндісі ретінде айқындалады. Жер қойнауын пайдалануға арналған контракт бойынша бейрезиденттің тұрақты мекемесінің таза табысына салықтың есеп айырысу сомасы салық кезеңінде салық заңнамасында белгіленген бейрезиденттің тұракты мекемесінің таза табысына салық мөлшерлемесінің және белгіленген тәртіппен жер койнауын пайдалануға арналған контракт бойынша есептелген бейрезиденттің тұрақты мекемесінің таза табысына салық салу объектінің көбейтіндісі ретінде айқындалады. Салық кезенінде үстеме пайда салығын есептеу Кодексте белгіленген әрбір деңгей бойынша әрбір тиісті мөлшерлемені осындай деңгейге жататын, кейіннен барлық деңгейлер бойынша үстеме пайда салығының есептелген сомаларына коса отырып, үстеме пайда салығын салу объектінің әрбір бөлігіне колдану арқылы жүргізіледі. Таза табыс салық салынатын табыс пен корпоративтік табыс салығы арасындағы айырма ретінде айқындалады. Үстеме пайда салығының мөлшерлемелері өзгермелі шэкілі бойынша - 0%-дан 60%-ға дейін белгіленген (25%-дан кем емес немесе соған теңнен 70%дан жоғарыға дейін, барлығы 7 мөлшерлеме).
Үстеме пайда салығы салық төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірілмей төленеді. Үстеме пайда салығы үшін 1 каңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.
III. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін жүзеге асырудағы қазіргі кездегі жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан халдқының әл ауқатын аттырумемлекеттік саясаттың басты мақсаты» - Макроэкономикалық саясаттың басымдықтары туралы. Былай делінген:
Үкімет, Ұлттық банк, Қаржылық бақылау агенттігі мемлекеттің қаржылық тұрақсыздық қатерлеріне қарсы жүйелі де жедел іс-қимылдар жасауының ықпалды тетігін қалыптастырып, халықаралық рыноктардың Қазақстан экономикасына деген сенімін нығайтуы керек. Салық жүйесін Қазақстанның жаңа сатыдағы дамуының міндеттерімен сәйкестендіру қажет.Қолданыстағы Салық кодексі экономикалық өсуде оң рөл атқарды, дегенмен, қазіргі кезде оның әлеуеті іс жүзінде таусылды. Кодексте үнемі және жүйесіз өсіп отыратын 170-тен астам жеңілдіктер мен преференциялар бар.Үкіметтің жаңа Салық кодексін әзірлеуі қажет. Ол экономиканы жаңғыртуға, әртараптандыруға және бизнестің “көлеңкеден” шығуына жағдай жасауға тиіс.
Информация о работе Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық