Валюталық қатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2012 в 18:44, курсовая работа

Краткое описание

ХХ ғасырдың орта шенінен бастап халықаралық экономикалық, қаржы-қаражат және валюталық қатынастар өз дамуында жаңа сатыға көтерілді. Ашық экономика құруға ұмтылыстардың басты тенденциясы сауда айырбасын жеделдетуді, халықаралық қаржыландыруды дамытуды, жаңа валюталық рыноктарын құруды, әр түрлі елдер арасындағы валюталық-қаржылық қатынастарды кеңейтуді көздейді.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3

1 Халықаралық валюталық қатынастардың қалыптасуы.

1.1. Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың ұғымы.................5

1.2. Халықаралық валюталық қатынастардың элементтері............................9

1.3. Валюталық нарық ұғымы және қалыптасуы..........................................14

2 Валюталық қатынастардағы валюталық бағамды талдау.

2.1. Валюталық бағам және валюталық қоржын..........................................17

2.2. Қазақстанның валюталық қатынастар жүйесі.......................................21

3 Қазақстан Республикасының валюта саясатын жетілдіру жолдары............................................................................................................23

Қорытынды............................................................................................................26

Қолданылған әдебиеттер......................................................................................27

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курс раб Валюталық қатынастар.doc

— 118.00 Кб (Скачать документ)

Валюталық бағамның дамуы  жай тауар өндірісінен қазіргі  дүниежүзілік шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесін көрсетеді.

Монометаллизм тұсында  – алтын немесе күміс валюталық  бағамның базасы монеталық паритет  болып табылады, яғни ол әр түрлі  елдердің ақша бірліктерінің олардың  металдық құрамына байланысты арақатынасын сипаттайды. Ол валюталық паритет ұғымымен сәйкес келеді. Алтын монометаллизмі тұсында валютаның бағамы алтын паритетіне сүйенді және стихиялы түрде алтын нүктелерінің классикалық механизмі тек екі жағдайда жүзеге асты: алтынды еркін түрде сатып алу-сату және сыртқа шығару. Валюталық бағамның ауытқу шектері паритеттің 1%-нан асқан жоқ және қажетті валютада ауыстыру мақсатында алтынды шетелге тасымалдау шығындарымен анықталды.

1930-1933 жж. фунт стерлингтің  алтындық құрамы 7,32 г болса, ал  АҚШ долларыныкі - 15 г. Бір фунт  стерлингтің монеталық паритеті былай анықталды: 1ф.ст = 7,32000/1,50416 = 4,86 доллар. Фунт стерлингтің ең төменгі бағамы монеталық паритеттен оның аударым құны - 0,05 долл. шегергендегі сомаға теңесті.

Валюталық бағам алтын  нүктелерінің шегінен шығып кете алмады, себебі осы нүктелерге жеткенде борышқорлар үшін, тауарларды ұлттық валютаға сатып алып, ал алтынды сыртқа шығарған тиімдірек болды. Алтын стандартын алып тастағаннан кейін, алтын нүктелерінің механизмі істен шықты.

1971 жылы долларды алтынға  ресми бағасы бойынша ауыстыру тоқтатылғаннан кейін, валюталардың алтындық құрамы және алтын паритеттері сандық түсінікке айналды. Халықаралық валюталық қатынастар оларды 1975 жылдан  жариялауды тоқтатты. Валюталық бағамның негізі ретінде алтын паритетінен заңды түрде бас тарту Ямайка валюталық конференциясымен рәсімделді.

Бұл жағдайда валюталық  бағамның қалыптасу ерекшелігі мынада: валюталар өзінің құндық көрінісін  алтында емес, яғни алтын нарығында  стихиялы түрде болатын нақты  баға ауқымы, несиелік ақшалардың  салыстырмалы құны арқылы болуында.

Валюталық бағам валюталық  паритет шеңберінде ауытқиды. Халықаралық  валюталық бағамның жарғысы бойынша 1978 жылдан бастап, валюталық паритет  СДР немесе ЭКЮ-да валюталық қоржын базасында бекітілді.

Валюта бағамдарының динамикасы ақша бірліктерінің сатып алу қабілеттеріне, инфляция қарқынына, сұраныс пен ұсынысқа ықпал ететін төлем балансының жағдайы, пайыздық мөлшерлеме деңгейіндегі айырма, валюталық нарық қызметтері мен алыпсатарлық валюталық операциялар, валюталық бағамды мемлекеттік реттеу, дүниежүзілік нарықтағы валютаға деген сенімділік дәрежесіне байланысты.

Жалпы алғанда валюталық  бағамның қозғалысының бағыттарын анықтайтын факторларды үш топқа бөлуге болады: фундаментальды, техникалық, қысқа  мерзімді күтпеген факторлар.

Фундаментальды факторлар орта мерзімде әрекет ететін ұлттық экономиканың жағдайының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері болып табылады. Әдетте, олар ұлттық статистикалық органдармен жарияланатын макроэкономикалық статистиканың мәліметтерін білдіреді. Мынадай негізгі факторлар бар: сатып алу қабілетінің паритеті бойынша валюталық бағам, жалпы ұлттық өнім, нақты пайыз мөлшерлемесінің деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, инфляция, төлем балансы, өнеркәсіптік өндіріс индексі, іскерлік оптимизм индексі.

Техникалық талдау – бұл бағамды жүргізу графигін талдауды сипаттайды. График-чарттардың келесідей типтерін ажырата білу керек: сызықты, кесінді гарфиктері, жапон шамдарының крестиктер-ноликтер графигі. Валюталық бағамның қозғалысы толқынға ұқсас болып келеді және онда бір жерде жоғарыласа, екінші бір жерде төмендеу байқалады.

Қысқа мерзімді күтпеген валюталық бағам динамикасына маңызды  түзетулер енгізуі мүмкін. Оларға мыналар жатады: төтенше оқиғалар, саяси оқиғалар, саяси лидерлердің  сөздері, валюталық инвестиция.

Валюталық нарыққа қатысушылардың арасындағы валюталық операциялар валюталары айырбастаусыз және олардың пропорцияларын анықтаусыз жүзеге аспайды. Бір валютаны басқа валютаға немесе басқа валюталарға сату немесе сатып алу, ал оларды айырбастау пропорциялары валюталық котировка арқылы анықталады. Валюталар котировкасы айырбасқа ұсынған екі ақша бірлігінің қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Көптеген елдерде валюталық бағамды бекіткенде жанама баға белгіленімі қолданылады. Ол мынадай мағынаны береді: шетел валютасының белгісінің бір сомасы ұлттық валюталық сәйкес сомасының өзгерісін көрсету үшін қолданылады. Жаңа баға белгіленімін көп қолданбайды. Бұл жағдайда негіз ретінде ұлттық валютаның бірлігі болады. Бұл баға белгіленімі көбінесе Ұлыбританияда қолданылады. [6;148]

АҚШ-тың ішкі айналысында жанама баға белгіленімі неміс маркасына қатысты қолданылады.

Валюталық баға белгіленімінің түрі валютаның жағдайына, оның курстық  деңгейіне әсер етпейді, өйткені  валюталық бағамның мәні өзгермей тек  формасы ғана өзгереді.

Әр валюта бойынша сұраныс пен ұсынысты салыстыру жолымен банкаралық бағамды анықтаудан және тіркеуден тұратын баға белгілеу процедурасы фиксинг деп аталады. Фиксинг негізінде егер банк валютаны сатса, сатушының бағамы бекітіледі, ал егер валютаны сатып алса, сатып алушының бағамы бекітіледі.  

Банкаралық валюталық  нарықтардағы операциялар халықаралық  төлем және резерв құралы болып табылатын  АҚШ долларына қатысты жасалынады.

Сауда - өнеркәсіп клиентурасы үшін валюталар кортировкасы кросс-курс негізінде бекітіледі. Кросс-бағам – бұл екі валютаның, олардың үшінші валютаға қатысты есептелінетін бағамнан шығатын қатынасын білдіреді.

 

 

 

 

 

2.2. Қазақстанның валюталық қатынастар  жүйесі.

Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылық интеграциялануға ұмтылысы оның халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастарына белсенді түрде қатысуын талап етеді. Бұл қатынастардың толыққанды мүшесі болу үшін Қазақстанға бірталай проблемаларды шешуге тура келді. Негізгі валюталық саясаттың бірі – теңге құнының тұрақтылығын орнықтыру және оны еркін ауысатын валюталарға айырбастауды мейлінше ырықтандыру. Мұның өзі бір жағынан теңдестірілген, екінші жағынан шетелдік тауарлар мен валюталар үшін ашық ұлттық рыноктың болуын талап етеді. Теңгенің еркін ауысатын валюталармен салыстырғандағы курсының орнықтылығы Қазақстан экономикасы үшін дүниежүзілік рынокқа шығудың тиімді жолы.

Қазақстанда қазірдің өзінде теңгенің ел ішінде еркін ауысуына іс жүзінде қол жеткізіліп отыр. Ішкі еркін ауысу дегеніміз –  ол теңгенің ішкі валюта рыногында  шетелдік валютаға өзгермелі курс бойынша еркін айырбасталу мүмкіндігі. Ал,  теңгенің толық ауысу мүмкіндігіне жетуі үшін елдің саяси-экономикалық және қаржы-қаражат тұрақтылығы, алтын валюта резервтерінің қорлануы, ТМД елдерімен валюталық ынтымақтастық механизмінің қалыптасуы қажет.

90-жылдардың ортасына  қарай теңгенің ішкі ауысуының  тұрақсыздығы экономиканың, сонымен  қатар қолда бар ақша айналымының  едәуір долларлануына әкелді.

Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа интегарциялануға ұмтылыстары  қарыз капиталының дүниежүзілік рыногына шығуына, портфельдік және тікелей инвестициялар операцияларына қатысуына ахуалға, ұлттық валютаға тұрақты сенімсіздік жағдайларына жол берілсе атлаған мүмкіндіктерден айрыларымыз анық. Бұл факторлардың бір-бірімен тығыз байланысты екендігіне ешкімнің күмәні болмаса керек. Осы тізбекті үзіп алмай, экономикалық реформалар бағытымен тынбай қозғалу, шаруашылық жүргізу механизмін, соның ішінде валюта рыногын дамыта беру Қазақстанның дүниежүзілік рынокта өз орнын табуының кепілі.

Қазақстаннның валюта саясатының маңызды бағыттарының бірі ТМД елдерімен экономикалық және валюта одағын қалыптастыру. Бұл арада Еуропалық Одақ шеңберінде қалыптасқан бай тәжірибені пайдалану қажет.

Қазақстанның Халықаралық  Валюта қоры сияқты халықаралық қаржы  ұйымдарына мүше болып кіруі ел экономикасын жандандыру үшін қарыз, кәсіпкерлік капиталдарын келтірудің оңтайлы жолы болып отыр. Халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдары біздің елге бірқатар несиелер берді. Дегенмен, Қазақстанның қазіргі кезеңдегі төлем мүмкіндігінің төмендігі оған бөлінген кредиттердің тауар жеткізуге байланыстырылып, немесе белгілі бір номалармен  шектеліп, инвестициялық жобаларға бектіліп отыр. Әрине, мұндай жобаларды жүзеге асыру мүмкін емес, ал оның кейбір бөліктерінің пайдаланылмай қалуы да ғажап емес.

1997 жылдан бастап Қазақстан  үкіметі өз жұмысының басты  бағыттарының бірі шетелдік инвестицияларды  тарту және оларды тиімді орналастыру  деп ұйғарып отыр. Инвестицияларды  дамушы мемлекеттерді былай қойғанда, дамыған елдердің өзінің пайдаланатындығы  белгілі.

Шетелдік инвестициялар  рыногындағы ахуал оларға деген  Шығыс Еуропа және ТМД елдерінің  ортасында зор сұранысына байланысты елеулі шиеленісіп келеді. Осының нәтижесінде  капиталды импорттаушылар арасында үлкен бәсеке қалыптасып отыр. Қазіргі  уақытта әзірге капиталды тарту мәселесінде Қазақстанның бәсекелестік қабілеті төмен болып отыр. Қазақстан әлі де болса қызмет көрсету және инфрақұрылымды дамытудың шетелдік инвесторларға қолайлы деңгейіне жеткен жоқ. Көптеген заңдарда, нормативтік актілерде шетелдік капиталмен жұмыс істеу жүйесінің өзінде де әлі айқындық жоқ. Біз әрбір инвестормен жеке келісуге мүмкіндік беретін жеңілдіктер мен преференциялардың икемді жүйесін қалыптастырып, орнықтыруға ұмтылуымыз қажет.

 

 

 

. Қазақстан Республикасының валюта саясатын жетілдіру жолдары.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарық экономикасы жағдайында мемлекет тарапынан валюталық реттеу жүргізіледі. Қазақстан Республикасы егенменді  ел ретінде өзінің маңызды тарихи даму кезеңінде валюталық саясат жүргізуге тиісті. Қазақстанның алдында валюта байланыстарының қызметін құрумен бірге халыққа шаруашылығын қайта құру, оны нарық жолына бұру мәселелерін қатар алып жүру жұмыстары тұр. Жақын уақыттарға дейін Қазақстан Республикасында «Валюта реттеу» заңы 1993 жылы 14 сәуірде қабылданған заң бойынша жүрді. Бұл Қазақстан егемендік алған соң қабылданған 1 заң еді. Бірақ та, ол кезде Қазақстан өз зонасында еді, сондай-ақ жеке валюта саясатын жүргізуге практикалық тәжірибесі аздау болды. Бұл кезеңде еліміз өзінің ұлттық валютасын дайындау үстінде және алтын валюта резервін құру жұмыстарының қажеттілігін түсінді. Бірақ ескі заңнын қағидалары либерилизациялау деңгейіне жауап беру мүмкіндігінің артта қалғанын байқатты, ол кей жерлерде қарама-қайшы сипатта болды. Ал қазіргі кезде жұмыс істеп жатқан Қазақстан Республикасының заңының 8 бабына түзетулер енгізілді.[9;89]

1996 жылы 24 желтоқсанда  Қазақстанда «Валюталық реттеу»  туралы жаңа заң қабылданды. Жалпы  алғанда валюталық реттеу бірнеше  әкімшілік шараларды қажет етеді,  яғни бұл валюталық түсімнің  көтерілуі және елден валюталық ағылудың қысқаруы деген сөз. Басқаша айтқанда, валюталық реттеу еліміздің төлем балансын бір қалыпта ұстау, валюта курсының тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекетке валюталық ресурстарды жинау жұмыстарына ықпалын тигізеді. Сондықтан да  валюталық реттеудің жаңа заңы бойынша, нормативті құқық актілерін бекіту, хабар жинау, валюта заңдылықтарын қадағалау және қолдану жұмыстары жүргізіледі.

Қазақстан заңы бойынша  валюталық реттеудің объектісі  болып валюталық байлықтар және олардың операциялары есептеледі.

Жаңа заң бойынша  валюталық байлыққа жататындар:

  • шетел валютасы;
  • құнды қағаздар мен төлем құралдары және құны шетел валютасымен бекітілген номиналдар;
  • алтын құймасы;

Валюта байланыстарының  субъектілері болып резиденттер  және резидент еместер жатады. Қазақстан заңы бойынша резиденттерге жататындар:

  • Қазақстан Республикасында тұратын жеке кәсіпкерлер, оның ішінде уақытша шетелдерде мемлекеттік қызметте жүргендер;
  • Қазақстан Республикасының заңы бойынша құрылған заңды тұлға, Қазақстан территориясындағы және одан тыс жерлердегі филиалдары;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жердегі дипломатиялық сауда және басқа ресми ұйымдар;

Қазақстан Республикасында  резидент еместерге жататындар:

  • Қазақстан республикасындағы барлық жеке кәсіпкерлер және заңды

тұлғалар, сондай-ақ олардың  филиалдары, резидент түсінігінде көрсетілген  ұйымдар жатады. Валюталық операциялар  валюталық байлыққа жеке құқық берілуі  кезеңіне өтуге байланысты жүргізіледі, шетел валютасын төлем құралы ретінде пайдалану, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметте теңгені қолдану.  

  • Күнделікті валюта операциясына жататындар: валюта байлықтарын

сатып алу мен сату. Тауар мен қызмет көрсету операциялары. Жеке меншік құқын пайдалану, шетелге  келетін және келетін айналымдар, банк салымынан түсетін табыстар, дивиденттер, әр түрлі саудаға жатпайтын айналымдар, операциялар, коммерциялық және қаржы несиелері.

  • Капитал қозғалысына жататын валюталық операцияларға инвестиция,

оның ішінде құнды  қағаздарды сатып алу және сату, 180 күнге берілген коммерциялық және қаржы несиесі, шотқа салынған құралдар, тағы да басқа күнделікті валюта операциясына жатпайтындар кіреді. Шетел валютасын сатып алу елдің ішкі валюта рыногында жүргізіледі.

Қазақстанда 2 баптың қаулысы  бойынша, валюта қадағалау органы болып  табылатындар:

    1. Қазақстан Республикасының валюта қадағалауының негізгі

органы болып, Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкі жатады. Қазақстан Республикасының үкіметі  және басқа мемлекет органдары осы  заң бойынша жұмыс істейді. Халықаралық  міндеттерді орындауда, кезедйсоқ болып қалған үлкен түсініспеушілікте Қазақстан Республикасының президентінің араласуға құқы бар,  яғни кез келген операцияларды шектеп немесе тоқтатып тастауға міндетті.

Информация о работе Валюталық қатынастар