Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2012 в 18:44, курсовая работа
ХХ ғасырдың орта шенінен бастап халықаралық экономикалық, қаржы-қаражат және валюталық қатынастар өз дамуында жаңа сатыға көтерілді. Ашық экономика құруға ұмтылыстардың басты тенденциясы сауда айырбасын жеделдетуді, халықаралық қаржыландыруды дамытуды, жаңа валюталық рыноктарын құруды, әр түрлі елдер арасындағы валюталық-қаржылық қатынастарды кеңейтуді көздейді.
Кіріспе...................................................................................................................3
1 Халықаралық валюталық қатынастардың қалыптасуы.
1.1. Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың ұғымы.................5
1.2. Халықаралық валюталық қатынастардың элементтері............................9
1.3. Валюталық нарық ұғымы және қалыптасуы..........................................14
2 Валюталық қатынастардағы валюталық бағамды талдау.
2.1. Валюталық бағам және валюталық қоржын..........................................17
2.2. Қазақстанның валюталық қатынастар жүйесі.......................................21
3 Қазақстан Республикасының валюта саясатын жетілдіру жолдары............................................................................................................23
Қорытынды............................................................................................................26
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................27
Мазмұны
Кіріспе.......................
1 Халықаралық валюталық қатынастардың қалыптасуы.
1.1. Валюталық жүйелер және
1.2. Халықаралық валюталық
1.3. Валюталық нарық ұғымы және қалыптасуы....................
2 Валюталық қатынастардағы валюталық бағамды талдау.
2.1. Валюталық бағам және валюталық қоржын........................
2.2. Қазақстанның валюталық
3 Қазақстан Республикасының валюта саясатын
жетілдіру жолдары.......................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер....................
Кіріспе
ХХ ғасырдың орта шенінен
бастап халықаралық экономикалық, қаржы-қаражат
және валюталық қатынастар өз дамуында
жаңа сатыға көтерілді. Ашық экономика
құруға ұмтылыстардың басты тенденцияс
Валюталық қатынастар дегеніміз – дәстүрлі ақша қызметінің дүниежүзілік ақша қызметіне ауысумен байланысты жүзеге асатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Дүниежүзілік ақша сыртқы сауда мен қызмет көрсетулерді, капиталдар қозғалысын, пайданы инвестицияларға аударуды, несие және қарыз беруді, ғылыми-техникалық айырбасты, заңды және жеке тұлғалардың ақша аударуын қамтамасыз етеді.
Валюталық қатынастар ұлттық және халықаралық деңгейде жүзеге асады. Ұлттық деңгейде олар ұлттық валюта жүйесін қамтиды. Ұлттық валюта жүйізесі дегенім - мемлекеттік заңдармен бекітілген, елдің валюталық қатынастарын ұйымдастыру нысаны (формасы).
Ұлттық валюта жүйесінің негізгі белгілеріне мыналар жатады:
Ұлттық валюта жүйесін байланыстыратын буынға валютаның курсы мен паритеті жатады.[1;145]
Валютаның курсы дегеніміз - жекелеген елдердің валюталарының ара қатысы немесе басқа елдің валютасы арқылы көрсетілетін жеке бір ел валютасының бағасы.
«Паритет» - валюталардың алтын мөлшеріне сәйкес ара қатысы. Паритет валюта курсының негізі, бірақ валюта курсы оның паритетіне дәлме-дәл келмейді.
Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзілік шаруашылық шеңберіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың нысаны.
Бұл жүйе дүниежүзілік капиталистік
шаруашылықтың бірте-бірте
Халықаралық валюта жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:
Халықаралық валюта жүйесінің негізгі міндеттеріне тұрақты экономикалық өсуді, инфляцияны ауыздықтауды, сыртқы экономикалық айырбас пен төлем айналымын тепе-теңдікте сақтауды қамтамасыз ету шеңберіндегі халықаралық есептеулер мен валюта рыноктарын реттеу жатады.
Қазақстандағы валюта жүйесі халықаралық экономикалық қатынастарды кеңейтуге, немесе керісінше шектеуге әсер ететін ең маңызды механизмдердің бірі.[1;147]
Халықаралық валюталық қатынастардың қалыптасуы.
1.1. Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың ұғымы.
Халықаралық валюталық қатынастар - бұл ұлттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысындағы қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері вексель ісі түрінде Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезеңдері Лиондағы «вексель жәрмеңкелері» мен басқа да Ортағасырлық Еуропадағы сауда орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізілді. Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен, дүниежүзілік нарықтардың құрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты болды.
Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық қатынастарға делдал болады.
Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.
Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда –бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдау негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда – белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегіндегі валюталық қатынастрады ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.
Тарихта мынадай валюталық жүйенің типтері қалыптасқан: ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық.
Басында елдегі ұдайы
өндіріс процесіне қажетті
Ұлттық валюталық жүйе мен дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы негізінде қалыптасқан және мемлекетаралық келісімшарттармен бекітілген халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы – дүниежүзілік валюталық жүйе өзара ажырамастай байланысты. Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің мұндай байланыстылығы олардың біртұтас екендігін білдірмейді, себебі олардың міндеттері, қызмет етуі және реттеу шарттары, жекелеген елдер экономикасын және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әртүрлі болып келеді. Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық жүйемен байланыстыратын, яғни валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін мемлекетаралық валюталық реттеулерде және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын ұлттық банктер болып табылады.
Дүниежүзілік валюталық жүйені мемлекеттік-құқықтық ұйымдастыру формасы жетекші елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердің орналастырылуымен, өндірістің және дүниежүзілік сауданың дамуымен анықталады.
Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйе арасындағы байланыс пен айырмашылықтар, олардың элементтерінен байқалады.
Егер ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға – елдің ақша бірлігіне негізделген болса, ал дүниежүзілік валюталық жүйе – бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептесу бірліктеріне негізделеді.
Резервтік валюта – халықаралық төлем және резерв құралы функциясын орындайтын, басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауға базалық қызмет ететін, валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын алдыңғы қатарлы елдердің айырбасталған ұлттық валюталарының ерекше категориясы.
Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғышарттар:
Резервтік валюта мәртебесі эмитент – елдің экономикасына белгілі бір міндеттемелерді жүктейді: осы валютаның тұрақтылығын қолдап отыру қажеттілігі, сауда және валюталық шектеулердің болмауы, девальвация жүргізбеу. Сонымен қатар, ұлттық валютаны резервтік дәрежеге көтеру ұлттық шаруашылық үшін төлем балансының тапшылығын ұлттық валютамен автоматты түрде пайызсыз және мерзімсіз халықаралық несие алу жолымен жабу мүмкіндіктері түрінде бірқатар артықшылықтар береді.
Халықаралық есептік ақша бірлігі
– валюталық паритет пен
Валюталық қоржын 1973 жылы наурыз айынан бастап өзгермелі бағам режимін енгізумен байланысты банктерді және халықаралық валюталы-несиелік ұйымдарда қолданылады. Осы топтағы валюталар саны, олардың құрамы және валюталық компоненттердің мөлшері орташа өлшемді бағам мақсатына байланысты белгіленеді.
Валюталардың орташа өлшемді құны, топқа кіретін валюталардың АҚШ долларына қатысты нарықтық құнының сомасында есептеледі. СДР халықаралық есептесу бірлігінің негізін құрған валюталық қоржын бес валютадан тұрады: АҚШ доллары – 40%, неміс маркасы – 21%, жапон иені – 17%, француз франкі – 11%, фунтстерлинг – 11%.
Елдің экономикалық және валюталық жағдайларына байланысты анықталатын валюталардың конверсиялау дәрежесі валюталық жүйенің келесі бір элементін сипаттайды. Басқа да ұлттық валюталарға еркін айырбасталатын, ақша бірліктері ретінде еркін конверсияланатын валюталар болады. 1978 жылдан бастап халықаралық валюталық қорлар мынадай ұғымдарды енгізген болатын:
1.2. Халықаралық валюталық қатынастардың элементтері.
Валюталық паритет – бұл валюталық бағамның негізі болып табылатын және заңды түрде бекітілетін екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіреді. ХВҚ жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде белгіленеді.
Ұлттық валюталық жүйенің шегінде Халықаралық Валюталық Қатынастар арқылы мемлекетаралық реттеу объектісі болып саналатын валютамен жасалатын операцияларға шек қою, яғни валюталық шектеу енгізілуде.
Халықаралық ақшалай
талаптар мен міндеттемелерді
Халықаралық несиелік құралдарды пайдалану ережелерінің регламенттелуі және халықаралық есеп айырысулар жүйелік нормаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Валюталық жүйенің институционалдық құрылымы ұлттық және мемлекетаралық деңгейлерде реттеледі.
Аймақтық валюталық жүйелердің пайда болуының себептерінің біріне - жаңа валюталық орталықты құру және оны дүниежүзілік валюталық жүйе аумағына қосу жатады.
Аймақтық валюталық жүйе – валюталық бағамдардың ауытқуын азайту және интеграциялық процессті ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше елдердің валюталық қатынатарын мемлекеттік-құқықтық ұйымдастыру формасының және экономикалық интеграция шегінде валюталардың қызмет етуімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады.