Валюталық қатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2012 в 18:44, курсовая работа

Краткое описание

ХХ ғасырдың орта шенінен бастап халықаралық экономикалық, қаржы-қаражат және валюталық қатынастар өз дамуында жаңа сатыға көтерілді. Ашық экономика құруға ұмтылыстардың басты тенденциясы сауда айырбасын жеделдетуді, халықаралық қаржыландыруды дамытуды, жаңа валюталық рыноктарын құруды, әр түрлі елдер арасындағы валюталық-қаржылық қатынастарды кеңейтуді көздейді.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3

1 Халықаралық валюталық қатынастардың қалыптасуы.

1.1. Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың ұғымы.................5

1.2. Халықаралық валюталық қатынастардың элементтері............................9

1.3. Валюталық нарық ұғымы және қалыптасуы..........................................14

2 Валюталық қатынастардағы валюталық бағамды талдау.

2.1. Валюталық бағам және валюталық қоржын..........................................17

2.2. Қазақстанның валюталық қатынастар жүйесі.......................................21

3 Қазақстан Республикасының валюта саясатын жетілдіру жолдары............................................................................................................23

Қорытынды............................................................................................................26

Қолданылған әдебиеттер......................................................................................27

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курс раб Валюталық қатынастар.doc

— 118.00 Кб (Скачать документ)

Валюталық жүйенің даму кезеңдері өндірістің, дүние жүзілік нарықтың, халықаралық еңбек бөлінісінің, дүниежүзілік шаруашылықтың дамуымен байланысты болып келеді.

Бірінші дүниежүзілік валюталық  жүйе өнеркәсіптік революциядан кейін  алтын монометаллизмі базасында  алтын монета стандарты формасында қалыптасты. 1867 жылы Париж келісімі алтынды дүниежүзілік ақшалардың жалғыз формасы ретінде мойындады. Ұлттық және дүниежүзілік валюта және ақша жүйелері біріктірілген болатын, себебі ақша дүниежүзілік нарықта төлемге массасы бойынша қабылданды. Алтын стандарты өндірісті, сыртқы экономикалық байланыстарды, ақша айналысын, халықаралық есеп айырысуларды реттеуші ретінде белгілі бір роль атқарады.

Кейіннен классикалық  алтын монета стандарты өзін түсіріп  алды, себебі ол дүниежүзілік шаруашылықтың  шаруашылық байланыстарына сәйкес келмеді. 1914 жылы валюталық шектеу енгізді. Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсында пайда болған валюталық былықтан соң, алтын және жетекші валюталарға негізделген мемлекетаралық алтын девиз стандарты құрылды.

Екінші дүниежүзілік валюталық жүйе 1922 жылы Генуэз конференциясындағы мемлекетаралық келісіммен құрылды. 30 елдің ақша жүйесі алтын девиз стандарты базасында қызмет етті. Ол кезеңдерде резервтік валюта мәртебесі ресми түрде бір валютаға бекітілмеді, бірақ та фунт стерлинг пен АҚШ доллары жетекшілік етті.

Үшінші дүниежүзілік валюталық жүйе 1934 жылы Бреттон-Вудстағы (АҚШ) валюта-қаржы конференциясында рәсімделді. Қатысушылары 44 ел болды, Халықаралық валюталық қатынастар жарғысы бекітіліп, онда дүниежүзілік валюталық жүйенің мынадай қағидалары анықталды:

  • алтынға және екі резервтік валютаға (АҚШ доллары және фунт

стерлингке) негізделген  мемлекетаралық алтын девиздік стандарттың  жүйесі белгіленді. Бұл жерде алтын  девиз стандарты халықаралық  қатынастарда сақталып, ал ақша жүйесі айырбасталмайтын несиелік ақшаларға негізделді.

Бреттон-Вудс келісімі бойынша  алтынды пайдаланудың төрт негізгі  формасы қарастырылды: валюталардың алтындық паритеті және олардың Халықаралық  валюталық қорда есепке алынуы, халықаралық  есеп айырысулардың қалдығын жабатын  ақырғы құрал және халықаралық валюта өтімділігінің компоненті. АҚШ долларын алтынға теңестіру және оны шетелдік орталық банктерде 31,10352 г (1934 ж) тең 1 тройцк унциясы үшін 35 доллар ресми бағада айырбастау жүзеге асырылып, іс жүзінде долларлық стандарт орын алды:

  • валюталық саясат және валюталық шектеу халықаралық келісімшарттарға бағынды;
  • валюталық паритеттер алтынмен немесе АҚШ долларымен бейнеленді, паритетті өзгерту тек қана Халықаралық валюталық қордың рұқсатымен іске асты;
  • валюталық бағамдардың режимі белгіленді (+/– 0,75% - паритеттен ауытқуға болады).

60 жылдардың аяғынан  бастап, үшінші дүниежүзілік валюталық  жүйе құлдырады. 

Төртінші дүниежүзілік валюталық жүйенің қағидалары Кингстонда 1976-1978жж. Халықаралық валюталық қатынастарға мүше елдердің келісімімен рәсімделді. Онда Халықаралық валюталық қор Жарғысына түзетулер енгізілді. Ямайка валюталық жүйесінің негізгі қағидасы мыналар:

- СДР стандарты енгізілді,  бірақ іс жүзінде долларлық  стандарт сақталды, себебі доллар  СДР жүйесіндегі есеп айырысуларды көбірек пайдаланды (валюталық қоржындағы доллардың үлесі – 40%, ресми валюталық резервтерде – 60% жуық). Бірақ халықаралық валюталық қорға мүше елдерге валюталық паритеттерін кез келген валютада белгілеуге құқық берілді, соның негізінде көп валюталы стандартқа өту заңдастырылды;

- алтынды демонетизациялауға  заңды түрде тыйым салынды:  ресми баға, алтындық паритет  алынып тасталып, доллардың алтынға  айырбасталуы тоқтатылды;

- халықаралық валюталық  қатынастар арқылы мемлекетаралық  реттеу күшейді.

Сонымен дүниежүзілік валюталық жүйенің дағдарысқа ұшырауы ескі жүйені құлатуға және оны жаңамен ауыстыруға әкелді. Жаңа валюталық жүйені құруда үш кезеңді бөліп қарауға болады:

    1. Жаңа валюталық жүйені құру, алғышарттарын қалыптастыру, қағидаларын анықтау;
    2. Құрылымдық біртұтастығын қалыптастыру, құруды аяқтау, жаңа жүйенің қағидаларын біртіндеп іске қосу;
    3. Біртұтас және элементтері өзара байланысқан толыққанды қызмет ететін дамыған дүниежүзілік валюталық жүйені құру.[3;78]

Ямайка валюталық жүйесіне қарсы Еуропалық экономикалық қауымдастық елдері 1979 жылы наурызда валюталар бағамын тұрақтандыру және инфляция деңгейін қысқарту жолымен Еуропадағы экономиканың өсуін қолдау мақсатында Еуропалық валюталық жүйесін құрды. Бұл жүйе ЕВЖ мүше елдердің валюталық бағамдарының айырмасын бағалауға арналған ЭКЮ еуропа валюта бірлігіне негізделді.

Еуропалық валюталық  жүйе мүше елдердің ресми алтын-доллар резервтерінің 20% біріктіре отырып, алтынды ЭКЮ-ді жартылай қамтамасыз ету үшін пайдаланады. Валюталық  бағамдардың режимдері бойынша  мүмкін болар қатынастар валюталардың бірлесіп өзгеруі негінде болар қатынастар валюталардың бірлесіп өзгеруі  негінде өзара ауытқу шегінде белгіленген, жаңа мүшелер үшін 6% және басқа жағдайларда 2,25%. Еуропаның Орталық банктері белгіленген ауытқулар маргинальды және интермаргинальды интервенциялық стратегия жүргізілуде, маргиналдық интервенцияның шектері диаграммада көрсетілген.         

Еуропаның экономикалық жүйелері мен монетарлы саясатының жақындасуы, экономикалық билікті көпұлтты институттарға беруі, ЕВО шеңберінде келісімшарттарды реттеу және жүйелендіру барысы 1988 жылы Еуропалық валюталық жүйесін құрудың алғышарты болып табылады.

Одақты құрудың мақсаты – ЕО шегінде тауарлар, көрсетілген қызметтер мен капиталдардың еркін қозғалысы, ақша саясатына интервенцияның шекарасын қалпына келтіруге, валюталар арасында тұрақты өзара қатынас белгілеу, капиталдар нарығын ырықтандыруға қатысты бірігіп шешім қабылдау.

ЕВО 12 елінің мемлекеттерінің  басшылары Еуропалық одақ жөнінде  жоба дайындап, оған 1992 жылы 7 ақпанда қол қойылды және оны Маастрихт келісім-шарты деп атады. Келісім-шартта болашақ экономикалық және ақшалай одаққа қатысты ережелер жинағы жасалып және бұрынғы ЕО келісім-шарттарына толықтырулар мен түзетулер енгізілді.

Келісім-шартта мемлекеттердің Еуропалық валюта одағына кіру критерийлері анықталды:

  • инфляция деңгейі үш тұрақты қатысушы елдің орташа инфляция деңгейінің 1,5 %-нан аспауы тиіс;
  • бюджет тапшылығы да өте өлшеусіз болмауы керек;
  • ЕВО-ға мүше болған екі жыл ішінде валюта қысымға және девальвациялануға ұшырамауы тиіс.
  • ұзақ мерзімді пайыз мөлшерлемесі үш тұрақты елдің орташа деңгейінің 2%-нан аспауға тиіс.

Сонымен қатар, қатысушы елдердің ақша саясатын анықтайтын, оның шарттарын жасайтын, валюталық операцияларды  жүзеге асыратын және валюталық резервтерді қолдап отыратын, Еуропалық Орталық банк пен қатысушы елдердің орталық банктерін қамтитын орталық банктердің жүйесі құрылды.[4;111]

Қазақстан Республикасы Халықаралық  валюталық қорға мүше бола отырып, дүниежүзілік валюталық жүйелердің бірден-бір қатысушысы болып саналады.

 

 

 

1.3. Валюталық нарықтар  ұғымы және қалыптасуы.

Валюталық нарықтар уақытылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды біршама тиімді пайдалануын, валюталық операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық тәуекелдерді сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі және халықаралық төлем айналымына қызмет етеді.

Халықаралық есеп айырысудың өзіндік  ерекшелігі барлық елдер үшін жалпыға бірдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетілген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажетті шарты сатып алу - сату формасында бір валютаны екінші біріне айырбастау болып табылады.

Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең алдымен  сатылған тауарлар және көрсетілген  қызметтер үшін валюталық түсім  алған экспортерлардан; сатып алған  тауарлары мен көлік және кеме компанияларынан алынған қызметтері үшін төлемдерді үшін фрахты, сақтандыру сыйақысы, брокерлік және банктік комиссия түрінде валюталар алатын сақтандыру қоғамдары мен банктерден; дивидент төлеуге, займды, несиені және оған есептелген пайызды және т.б. қайтаруға міндеттемесі бар заңды және жеке тұлғалардан туындайды.

Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық  операцияларды жүргізуге халықаралық  сауда мен оған байланысты көрсетілген  қызметтер және халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негіз  болып табылады.

Валюталық нарықтар –  сұраныс пен ұсыныс негізінде  ондағы айналатын валюталарға сауда-саттық жүргізілетін ресми орталықты сипаттайды. Қазіргі валюталық нарықтарда мынадай  ағымдарды бөліп қарауға болады:

  • шаруашылық байланыстардың интернационалдануы негізінде валюталық нарықтардың  интернационалдануының күшеюі;
  • байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану;
  • әлемнің барлық бөліктеріне тәулік ішінде үздіксіз операцияларды жасау;
  • банктердің корреспонденттік шоттары бойынша жазбаша түрде негізделетін валюталық операцияларды жүргізу техникасын біртұтастандыру;
  • коммерциялық валюталық мәмілелермен салыстырғанда алыпсатарлық және арбитраждық валюталық мәмілелер көлемін ұлғайту.

Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және пайдаланылатын валюталар тобына қарай қазіргі  валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттық болып бөлінеді.

Халықаралық валюталық  нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы  орталықтарында шоғырланған. Олардың  ішінде: Лондондағы, Нью-Йорктегі, Франкфурт-на-Майнедегі, Париждегі, Цюрихте,  Токио, Сингапурдағы, Гонконгтағы валюталық нарықтарды бөліп айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық төлем айналымында кеңінен қолданылатын валюталармен операциялар жүзеге асырылады.

Аймақтық және жергілікті нарықтарда белгілі бір конвертирленетін валюталармен операциялар жүргізіледі.  Оның қатарында сингапур доллары, сауд риалы, кувейт динары және т.б. бар.

Ұлттық валюталық нарықтар деп ережеге сәйкес, халықаралық  операцияларды жүргізуге маманданбаған, өз клиенттеріне валюта бойынша қызмет көрсететін сол елдің аумағында  орналасқан банктердің жүзеге асыратын операцияларының жиынтығын айтады. сонымен қатар ішкі ұлттық нарықтағы операцияларға жекелеген компаниялар арасында жасалатын операцияларды, жеке тұлғалар арасындағы операцияларды, сондай-ақ валюта биржасында жүргізілетін операцияларды да жатқызады.

Сол немесе басқа елдің  ішкі валюталық заңдылықтарының  ырықтандырылуына байланысты ресми  валюталық нарық «қара нарықпен»  толықтырылуы мүмкін. «Қара нарықтың»  болуы барлық ТМД елдеріне тән  сипат.

Қазақстанда Қазақстан  Республикасы Ұлттық банкінің жүргізетін саясаты, айырбас орындарының көптеп ашылуы пайда массасын өсіру үшін банктер арасында бәсекені ұлғайта отырып, «көше» нарықтарында валютамен сауданы азайтуға және соның нәтижесінде «қара нарықтың» әрекет ету аясының қысқаруына әкелді.

Институционалдық көзқараспен  қарағанда, валюталық нарық банктер, банкирлер үйін, брокерлік фирма  және ірі корпорациялардың жиынтығын  білдіреді.

Қалған банктер мен  брокерлік фирмалар өздеренің валюталық  операцияларын ірі коммерциялық банктердің жетекшілік етуімен, ережеге сәйкес олардың қарамағында жүзеге асырады. Валюталық нарықтар валюталық мәмілелердің 95%-ға дейінгі банктер мен брокерлік фирмалардың үлесіне келеді. Мұндай сызба, валюталық нарықты банкаралық нарық тәрізді  сипаттауға мүмкіндік береді.[5;145]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Валюталық қатынастардағы валюталық бағамды талдау.

2.1. Валюталық бағам  және валюталық қоржын.

Валюталық жүйенің маңызды  элементі – валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің халықаралық саудасы барысында, капитал және несиенің қозғалысында валюталармен өзара айырбастың қажеттігінен; дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдік валюталарда бейнеленген әр түрлі елдердің құндық көрсеткіштерін салыстыруға, банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы шоттарын уақытылы қайта бағалап отыруға байланысты негізделеді.

Валюталық бағам – бұл бір елдің ақша бірлігінің басқа бір елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндіріс және айырбас процесінде пайда болатын объективті құндық қатынастарына негізделеді. Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді.

Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар тобын  бөліп қарастыруға болады:

  • саяси тұрақтылық, валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т.б.;
  • экономикалық, халықаралық тәжірибеде анықталатын экономикалық тікбұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инфляцияның төменгі қарқыны жұмыссыздықтың төменгі деңгейі дүниежүзілік нарықтағы тепе-теңдік;
  • психологиялық: жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б.

Информация о работе Валюталық қатынастар