Табиғи ортаны қорғаудың ғылыми және теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2013 в 10:03, реферат

Краткое описание

Бүгінгі күні табиғат байлығын экономикалық бағалаудың мәні ерекше артып отыр және біздің экономикамызда әлі толық зерттелмеген мәселе. Өйткені көп жылдар бойы табиғат байлығын тегін пайдалану принципі үстемдік етті. Тегін затты экономикалық бағалаудың қажеттігі де жоқ еді. Дегенмен белгілі бір мақсаттар үшін (оптималдық болжамдар, жобалау, жоспарлау, т.б.) экономикалық бағалаудың теориялық негіздері, әдістемелері зерттеліп келді. Бірақ экономикалық бағалау іс-тәжірибеде қолданбағандықтан теориядан қолданысқа жеткізілмеді. Табиғат қорғау және табиғат байлығын тиімді пайдалануға ынталандыру, жауапкершілікті арттырып мүдде туғызу да экономикалық бағалау арқылы жүзеге асырылады. Табиғатты пайдалану халықаралық мемлекеттік және аймақтық (жергілікті) мәселе. Сондықтан барлық деңгейде қарастырылады. Табиғатты пайдалану дәрежесін бағалау әдістері барлық деңгейді қамтитын және алдын алу сипатында болуы керек.

Прикрепленные файлы: 1 файл

nurkabylova.doc

— 196.50 Кб (Скачать документ)

2. Мұнай мен газ кен орындарының қарқынды игерілуі және өнеркәсіптің басқа салаларының қызметі, жаңа технологиялардың әзірленуі мен ендірілуі және қызметтің кеңейтілуі себебінен халықаралық стандарттардың ендірілуі өнеркәсіптік қауіпсіздікті, еңбек пен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында технологияларға, өнімдерге, адам қызметінің түрлі қырларына қойылатын талаптарды бірыңғайландыруға бағытталған. Қызылорда облысының өнеркәсібін қалыптастыру мен дамыту минералды-шикізат және басқа да ресурс түрлерін игеруге бағытталған. Облыс экономикасын дамытудың негізгі көрсеткіштері және соңғы бес жылдағы мұнайгаз саласының жоғарғы қарқынмен дамуымен сипатталады.

3.  Қоршаған ортаны қорғау бойынша қойылған мақсаттарға жету үшін мұнай-газ компаниялары төмендегідей міндеттемелер қабылдайды: қоршаған ортаны қорғау бағдарламаларын дайындау мен іске асыру бойынша, мекеменің өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздіктің ең маңызды міндеттерін үнемі анықтап әрі шешіп отыруды қамтамасыз ететін пәрменді рәсімдер жасау; жүзеге асырылатын жұмыстың қоршаған ортаға жасайтын ықпалының сипаттамалары мен көрсеткіштерін дәйекті түрде үздіксіз жақсартуға ұмтылу, сондай-ақ табиғи ресурстарды ғылымның, техниканың және қоғамның қазіргі заманғы деңгейіне түгелдей сәйкес тұтыну.

4. Табиғат байлығын экономикалық бағалаудың екі негізгі түрін ажыратуға болады: абсолюттік және салыстырмалы экономикалық бағалау. Абсолюттік экономикалық бағалау табиғат байлығын ұлттық байлық құрамында, кәсіпорындардың, жеке аймақтардың балансында есептеу үшін, табиғат пайдалану төлемдерін анықтау үшін және табиғат байлығын тиімді пайдалануға ынталандыру мақсатында қолданылады. Табиғат ресурстары пайдаланылатын барлық жылдардағы тиімдер ренталар жиынтығы болып табылады

5. Қызылорда облысының салалық құрылымында кен өндіру өнеркәсібі иемденген және оның ішінде мұнай өндірісі көптеген үлесін алып тұр. 2010 жылы мұнай өндіру бойынша үлкен жетістікке жетіп, 1,7 млн. тонна өндірілді, 2011 жылы бұл көрсеткіш 11,2 млн. тоннаға дейін төмендеді. 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда мұнай өндірісі 37%-ға төмендеді. Талданған мерзімде газ өндірісі ұлғаюда. 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда газ өндірісі 14,9%-ға, ал 2007 жылмен салыстырғанда 154,0%-ға өсіп, 1348,8 млн. м2 құрады. Жалпы қоғамдық өнім өндірісінде 2007 жылы өнеркәсіптің үлесі 28,7%, ал өнеркәсіп өндірісінде мұнайгаз өндіру саласының үлесі 39,9%-ды құрағаны белгілі.

6. Облыстың ауа бассейініне негізгі ескерілген тұрақты және жылжымалы ластау көздерінен 2010 ж. 74,831 мың тонна құраған, ол 2009 ж. салыстырғанда 0,439 мың тоннаға аз (75,27 мың тонна). Ластаушы заттардың жалпы көлемінің ішінде тұрақты ластау көздерінің шығарулары 29,831 мың тонна құрайды, ол 2009 ж. салыстырғанда 4,489 мың тоннаға аз, жылжымалы ластау көздерінің шығарулары 45,0 мың тонна құрайды, ол алдыңғы 2009 ж. көрсеткішінен 6,5%-ға артық (42,09 мың тонна). 2010 ж. облыстың атмосфералық ауасына түскен жалпы көлемінің ішінде 3,16% қатты заттар, ал газды фракциялар 96,84% құрайды.

7. Аймақтың кен орындарында зиянды газ қосындыларын қайта жарату үшін газды тазарту қондырғылары әзір жоқ. Осыған байланысты, ешбір кәсіпорын шекті ұйғарынды концентрация талаптарын қанағаттандыратын зиянды заттар шығарылымын қамтамасыз етпейді. Табиғатты пайдаланушыларды табиғатты қорғау шараларын жүргізуді және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға ынталандыру экологиялық төлемдер жүйесін қарастыратын табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмі көмегімен жүзеге асырылады.   

8. Қызылорда облысының мұнай-газ өндіруші кәсіпорындары бойынша экологиялық талаптардың бағалық кестесі ұсынылған және де әрбір мұнай-газ өндіруші кәсіпорын үшін аталған критерийлердің бағалауын жүргізілді. Сомалық нақты бағалық көрсеткіштері және олардың экологиялық нәтижелілік критерийлері бойынша мұнай-газ компанияларын сыныптарға саралау бойынша «ПККР» АҚ – жалпы бал 173.  Экологиялық нәтижелілік критерийлері бойынша басшылық саясаты «Жеткілікті» деп бағаланады. «ҚазГерМұнай» БК ЖШС - жалпы бал 218. Экологиялық нәтижелілік критерийлері бойынша басшылық саясаты «Қалыпты» деп бағаланады. «КАМ» БК ЖШС - жалпы бал 167.  Экологиялық нәтижелілік критерийлері бойынша басшылық саясаты «Жеткілікті» деп бағаланады. «Торғай Петролеум» АҚ - экологиялық нәтижелілік критерийлері бойынша басшылық саясаты «Қалыпты» деп бағаланады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Табиғатты қорғаудың экономикалық мәселелері //Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің Экономика және қашықтықтан оқыту институтының 20 жылдығына арналған «20жыл: экономикалық өрлеу және тәуелсіздік туы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция. 25 қаңтар, Қызылорда, 2012ж. 

2. Қоршаған ортаға келтірілген зиянды экономикалық бағалау // «Жаһандану жағдайларындағы тауарлар мен қызметтер көрсетудің сапасы және бәсекеге қабілеттілігінің өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция - Қарағанды, 2012ж.

 




Информация о работе Табиғи ортаны қорғаудың ғылыми және теориялық негіздері