Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2013 в 10:03, реферат
Бүгінгі күні табиғат байлығын экономикалық бағалаудың мәні ерекше артып отыр және біздің экономикамызда әлі толық зерттелмеген мәселе. Өйткені көп жылдар бойы табиғат байлығын тегін пайдалану принципі үстемдік етті. Тегін затты экономикалық бағалаудың қажеттігі де жоқ еді. Дегенмен белгілі бір мақсаттар үшін (оптималдық болжамдар, жобалау, жоспарлау, т.б.) экономикалық бағалаудың теориялық негіздері, әдістемелері зерттеліп келді. Бірақ экономикалық бағалау іс-тәжірибеде қолданбағандықтан теориядан қолданысқа жеткізілмеді. Табиғат қорғау және табиғат байлығын тиімді пайдалануға ынталандыру, жауапкершілікті арттырып мүдде туғызу да экономикалық бағалау арқылы жүзеге асырылады. Табиғатты пайдалану халықаралық мемлекеттік және аймақтық (жергілікті) мәселе. Сондықтан барлық деңгейде қарастырылады. Табиғатты пайдалану дәрежесін бағалау әдістері барлық деңгейді қамтитын және алдын алу сипатында болуы керек.
Кесте 2 – Қызылорда облысының мұнай-газ кәсіпорындарының
шығарулар көлемі
Кәсіпорын атауы |
Рұқсат етілген көлем, мың тонна/жылына |
Нақты көлем, мың тонна/жылына |
1. «ПҚҚР» АҚ |
6,320 |
5,437 |
2. «ҚазГермұнай» БК ЖШС |
8,904 |
8,244 |
3. «ТорғайПетролеум» АҚ |
12,274 |
5,581 |
4. «КАМ» БК ЖШС |
1,822 |
1,673 |
5. «АйданМұнай» АҚ |
1,763 |
0,887 |
6. «Саутс-Ойл» ЖШС |
0,889 |
0,682 |
7. «КумкольТранс Сервис» ЖШС |
0,515 |
0,324 |
8. «Колжан» ЖШС |
0,235 |
0,160 |
9. «Жанрос» ЖШС |
0,460 |
0,295 |
10. «Kazpetrol group» ЖШС |
0,029 |
0,0118 |
11. «КОР» МК АҚ |
0,879 |
0,510 |
Ескерту - Қызылорда облысының статистика басқармасының мәліметтері бойынша автордың құрастыруы. |
Қоршаған ортаны қорғау саласында өндірістік бақылау қоршаған ортаға объектілердің әсерін анықтау, алдын алу, және қажет болған кезде қоршаған ортаға зиян келтіріп, бұзушылық орын алған кезде бекітілген тәртіп бойынша кейбір объектілердің қызметін уақытша тоқтату мақсатында жүзеге асырылады. Облыстың ірі мұнай-газ өндіруші кәсіпорындарында қоршаған ортаға мониторинг және өндірістік бақылау жүргізу бағдарламалары өңделген.
Аймақта қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешу мақсатында, соның ішінде мұнай-газ өндіруші компанияларынын залалын жою мақсатында облыс деңгейінде «Ілеспе газды қайта жарату» бағдарламасы жүзеге асырылды. «Ілеспе газды қайта жарату» бағдарламасы бойынша мәліметтер кесте 3 бейнеленген.
Кесте 3 – Қызылорда облысының мұнай компанияларымен ілеспе мұнай газын өндіру және қайта жарату
Көрсеткіштер |
2010 ж. |
2011 ж. |
Ауытқу (+,-) |
Мұнай өндіру, мың тн |
10 759,21 |
10 830,3 |
+ 71,09 |
Газ өндіру, млн. м3 |
1 419,92 |
1 546,33 |
+ 126,41 |
Қайта жарату млн. м3, оның ішінде: - меншікті мұқтаждарға; |
928,53
184,81 |
1 068,42
186,6 |
+ 139,89
+ 1,79 |
- ГТУ-ға берілді; - қалаға берілді; - пластқа айдау; - факелдерде жағылды. |
194,22 120,65 307,66 491,4 |
223,2 199,2 390,71 469,92 |
+ 28,98 + 78,55 + 83,05 - 21,48 |
Мұнайдың 1 тоннасына шығарулар, кг |
1,75 |
1,22 |
- 0,53 |
Мұнайдың 1 тоннасына қайта жарату, м3/т |
86,3 |
98,6 |
12,3 |
Ескерту - Қызылорда облысының статистика басқармасының мәліметтері бойынша автордың құрастыруы. |
Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкалары, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріне қарай анықталады.
Мысалы, 2010 жылға АЕК – 1 413 теңге; 2011 жылға АЕК – 1 512 теңге; 2012 жылға АЕК – 1 683 теңге. Төлемақы ставкаларының мөлшері келесі 4 кестеде берілген.
Кесте 4 - Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары
№ |
Ластаушы заттардың түрлері |
1 тоннаға төлемақы ставкалары (АЕК) |
1 килограмға төлемақы ставкалары (АЕК) |
1 тоннаға төлемақы ставкалары, теңге |
1 |
Күкірт тотықтары |
20 |
- |
28 260 |
2 |
Азот тотықтары |
20 |
- |
28 260 |
7 |
Көмірсутектері |
0,32 |
- |
452,16 |
8 |
Формальдегид |
332 |
- |
469 116 |
9 |
Көміртегі тотықтары |
0,32 |
- |
452,16 |
10 |
Метан |
0,02 |
- |
28,26 |
11 |
Күйе |
24 |
- |
33 912 |
Ескерту - 26.12.2008 ж. Қызылорда облыстық маслихаттың №121 шешімі; 27.03.2009 ж. Қызылорда облыстық маслихаттың №145 шешімімен толықтырулар енгізілді[43] |
Аймақтың кен орындарында
зиянды газ қосындыларын қайта жарату
үшін газды тазарту қондырғылары
әзір жоқ. Осыған байланысты, ешбір
кәсіпорын шекті ұйғарынды
Үшінші бөлімде қоршаған ортаны қорғауды жетелдіру жолдары ұсынылған. Табиғатты пайдаланушылардың тәуекелдерінің деңгейі объективті және субъективті факторлар бойынша анықталған. Объективті факторға ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес табиғатты пайдаланушылардың санаты жатады: I-II санаттар тәуекелдердің жоғары деңгейінің объектілері болып табылады; III санат - тәуекелдердің орташа деңгейі; IV санат – тәуекелдердің төмен деңгейі (кесте 5).
Кесте 5 - Қызылорда облысының мұнай компанияларының тәуекелдерінің деңгейін бағалау
Аталуы |
тәуекелдердің жоғары деңгейі (І-ІІ санат) |
тәуекелдердің орташа деңгейі (ІІІ санат) |
тәуекелдердің төмен деңгейі (ІV- санат) |
«Құмкөл Транс Сервис» ЖШС |
+ |
||
«Қазпетролгруп» ЖШС |
+ |
||
«ҚазГерМұнай» БК ЖШС |
+ |
||
«Петро Қазақстан Венчуринс Инк» филиал |
+ |
||
«АйданМұнай» АҚ |
+ |
||
«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ |
+ |
||
«Сибу-Кызылорда» Бұрғылау компаниясы ЖШС |
+ |
||
«СырдарияМұнай» АҚ |
+ |
||
«Саутс Ойл» ЖШС |
+ |
||
«Тургай Петролеум» АҚ |
+ |
||
«ҚОР» МК АҚ |
+ |
||
«КАМ» БК ЖШС |
+ |
||
Магистралды газ құбыры басқармасы «Қызылорда» |
+ | ||
«Zhanros Drilling» ЖШС |
+ |
||
«КУТТ» ЖШС |
+ |
||
«САТ» ЖШС |
+ |
+ |
|
Ескерту – автордың құрастыруы |
2011 ж. табиғатты
Кесте 6 – Сомалық нақты бағалық көрсеткіштері және олардың экологиялық нәтижелілік критерийлері бойынша мұнай-газ компанияларын сыныптарға саралау
Сыныптар |
Сомалық нақты бағалық көрсеткіш, балл |
Басшылық саясатының сипаттамасы |
Түстік белгілеу |
1 сынып |
200-230 |
Қалыпты |
Жасыл |
2 сынып |
150-200 |
Жеткілікті |
Көк |
3 сынып |
100-150 |
Орташа |
Сары |
4 сынып |
100 төмен |
Қалыпты емес |
Қызыл |
«ПККР» АҚ – жалпы бал 173. Экологиялық нәтижелілік критерийлері бойынша басшылық саясаты «Жеткілікті» деп бағаланады. «ҚазГерМұнай» БК ЖШС - жалпы бал 218. Экологиялық нәтижелілік критерийлері бойынша басшылық саясаты «Қалыпты» деп бағаланады. КАМ» БК ЖШС - жалпы бал 167. Экологиялық нәтижелілік критерийлері бойынша басшылық саясаты «Жеткілікті» деп бағаланады. «Торғай Петролеум» АҚ - экологиялық нәтижелілік критерийлері бойынша басшылық саясаты «Қалыпты» деп бағаланады.
Экономикалық басқару механизмдерін қолданып табиғатты қорғауға, тиімді пайдалануға жағдай жасалады. Мұнай тасымалдау жүйелерін құру қоршаған ортаға үлкен жасанды әсермен сипатталады, ол құрылыс және пайдалану барысында ластану нәтижесінде оның құлдилауымен көрсетіледі. Осыған байланысты осы саладағы табиғатты пайдалану механизмі мұнай кешеніндегі жағдайды республикалық деңгейде және де оның аймақтық ерекшеліктерін ескеру қажет. Ластайтын заттардың шығаруларының қайнар көздерін анықтау өте маңызды. Сонымен қатар, аймақтың табиғатты қорғау қызметіне инвестицияларды негіздеуде құрылыс және пайдалану барысында өндіріс және тұтыну қалдықтарымен қоршаған табиғи ортаны ластайтын потенциалды қайнар көздері болып табылатын мұнай құбырларының объектілері қарастырылуы тиіс. Осыған байланысты, мұнай құбырын жүргізу бойына экзогендік процестердің негативті құбылыстарының және лайықты эколого-экономикалық механизм көмегімен топырақтарды эрозиядан қорғау бойынша және де бұзылған жерлердің рекультивациясы бойынша шараларды өңдеу барысында мониторинг жүргізу қажет.
Басқару жүйесінің функционалдық құрылымы төтенше жағдайларға байланысты, сонымен қатар оның себеп-салдарын жою бойынша мәселелерді қамту тиіс. Бұл үшін мұнай құбыры және оның инфрақұрылым объектілерінің құрылысы барысында қоршаған табиғи ортаға мүмкін болатын зиян алдын-ала бағалау бойынша жеті негізгі көрсеткіштерді есептеу қажет. Сайып келгенде, ауылшаруашылығы ресурстарына, жануарлар әлеміне, ауылшаруашылық емес жер ресуртарына, атмосфераға (құрылыс кезеңі), қалдықтарды орналастыру бойынша (құрылыс кезеңі) орман ресурстарына, су ресурстарына зияны.
Ескерту – Құрастырған автор.
2 сурет – Құбыр жүргізу құрылысы және пайдалану барысында мүмкін болатын жалпы залалды бағалау блок-схемасы
Мұнай құбыры көлігінде экстремальды (төтенше) жағдайлар орын алған кезде табиғатты қорғау қызметіне ерекше көңіл аудару қажет. Төтенше жағдайлардың зардаптарын жою бойынша шаралар кешендерін тиімді жоспарлау және оперативті басқару жүйесін құру апатты жағдайдағы жұмыс ерекшеліктерінен пайда болатын мәселелерді шешуді жеңілдете алады.
Құбыр апатын жою барысында басқарушылық шешімдерді орындауды жоспарлау және бақылау жүйесі 3 суретте көрсетілген.
Жоспарлау басқарудың әкімшілік әдісіне сәйкес келеді деп есептелгенімен, экономикалық басқару механизмінде де оның маңызы зор. Бірақ, мұнда жоспарлаудың сипаты түпкілікті өзгереді. Ол жоғарыдан келетін нұсқауларды бұлжытпай орындайтын заңдылық сипатын өзгертіп, іс-әрекеттерді ерікті, сапалы басқару сипатына ие болады, Жоспарлау көмегімен көптеген жағымсыз құбылыстарды, шығындарды алдын ала болжап, оларды болдырмау шараларын ұйымдастыруға болады. Жоспарлау персонал еңбегін белгіленген мақсатта жұмылдыруға мүмкіндік береді.
Ескерту – Автордың құрастыруы.
3 сурет – Құбыр апатын жою барысында басқарушылық шешімдерді орындауды жоспарлау және бақылау алгоритмі
Табиғатты пайдалану саласында жоспарлаудың басты мақсаты - табиғи ортаны қорғауды, табиғатты тиімді пайдалануды, оның ресурстарын үнемдеп, мүмкін болғанда молайтуды қамтамасыз ету. Жоспарлаудың мұндай қызметі нарық экономикасы жағдайында күшейе түседі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Табиғатты пайдалану дәрежесін бағалау әдістері барлық деңгейді қамтитын және алдын алу сипатында болуы керек. Табиғатты пайдаланудың мемлекеттік және жергілікті мәселелерін экономикалық механизмдерді жетілдіру арқылы шешуге болады. Жер қойнауын қорғау, минералдық шикізатты тиімді пайдалану қазіргі ғылыми-техникалық жетістікке байланысты, бірінші кезекте, экономикалық мәселе болып отыр және көпшілік жағдайда ол экономикалық бағалау, ынталандыру, төлемдер белгілеу негізінде шешіледі.
Информация о работе Табиғи ортаны қорғаудың ғылыми және теориялық негіздері