Сұрғалтайұлы Сыпыра жырау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2014 в 12:51, реферат

Краткое описание

Неғұрлым көне дәуірлерге тереңірек бойлаған сайын, соғұрлым жыраулардың аты мен жырларының әр алуан хикая, аңыз, әңгімелерде ғана ұшырысатынын көреміз. Айталық, «Өзгелерге жыр жырлау өнерін үйреткен Бірінші жыршы Қорқыттың» (Шоқан) өзінің жырлары бізге өлең күйінде жетпей, тек оны күй атасы тұрғысында баяндайтын аңыздар ғана сақталып қалған. Ал Кетбұғаның Жошы хан өліміне байланысты туған естірту жыры да қара сөзбен келетін аңыз ішінде жүр. Осылардың бізге жақынырақ тұрған Сыпыра жыраудың өзі бірыңғай аңыз бен эпос кейіпкері ретінде сипатталады. Сондағы Сыпыра атынан берілген жыр, толғуларды жыраулықтың көне дәстүрін белгілейді десек те, бұларды жыраудың бірден-бір өз авторлығымен сақталған жырлар деп айта алмаймыз.

Прикрепленные файлы: 1 файл

сыпыра жырау.docx

— 31.07 Кб (Скачать документ)

 

 Бұл тарихи деректер  жоғарыда айтылған аңыз-әңгімелермен  де өзара үндесіп, бірін-бірі толықтыра  түсетіні аңғарылады. Біз атаған  аңыз-әңгімелерде де Сыпыра жырау  Тоқтамыс хан мен Едігенің  соңғы айрылысу сәтіне куә  болып, Едігенің ел ішіндегі әр  алуан бүліншілікке бас болатынын  дұрыс бағалай білгені баяндалады.

 

 Жырау тіпті бір  әңгімеде 120 жас, екіншісінде 180 жас, тағы  бірінде 390 жас жасаған еді делінеді. Айталық, барабы татарлары әңгімесінде  Қыпшақ деген би Сыпыра туралы:

 

 Ханым, ием, төрем,

 

 Мен де білбес иш  иган,

 

 Сен де білбес иш  иган,

 

 Канлаулай бажы қашқайган,

 

 Күндіздей тіжі сарғайған,

 

 Азулар тіжі божаған,

 

 Юз жигирма яшаған,

 

 Білсе, білмесе бу ішкі,

 

 Сафардау білер бу  ішкі,-десе, қырым татарлары аңызында :

 

 Уч иуз токсан яшаган,

 

 Атқа мінер алы жоқ.

 

 Арбага мінер амал  жоқ.

 

 Уч иуз токсан яшаган,

 

 Оның бойы шошаган,

 

 Тішілерін інжі салып,

 

 Ши ибекпен қоршаған.

 

 Атқа мінер амал  жоқ.

 

 Арбага мінер алы  жоқ,-деп сипатталады. Ал ноғай  аңыз-әңгімелерінде ол бұл тұста:

 

 Юз де сексен ясаган,

 

 Азу тиси босаган.

 

 Сыбыра атлы, сып топли 

 

 Бизим элде қарт  – жырау, -

 

 Сүйін аяқ ат мінген,

 

 Судай болат байланған,

 

 Сусар бөріклі, сұп  тұтлы,

 

 Юз де сексен ясаган,

 

 Атанден ақ ат қоқын  асаған,

 

 Сыпыра деген жырау  бар,

 

 Құбаулдың асылын 

 

 Ол білмесе, кім білер?!-деп  бейнелейді.

 

 Бұл кейіптеулер біздің  «Ер Тарғын», «Едіге батыр» жырларындағы  Сыпыраны сипаттайтын жолдармен  егіздің сыңарындай ұқсас, үндес, әйгілі «Ер Тарғын» жырында  ол «Жүзден асқан жасында басынан  тоғыз ханды өткізіп, толғау айтып  тоғыз ханды түзеткен қарт»  болып суреттелсе, «Едіге» жырында  Сыпыра көптеген хандарды бастан  өткізген, 180 жастағы «сұм аяқ, сұпа  бөрікті» сұңғыла қария:

 

 Аузында отыз тісі  жоқ,

 

 Адам көрер түсі  жоқ,

 

 Сұм аяқ, сұпа бөрікті,

 

 Сыпыра сынды сұм  жырау 

 

 Жібекпен жағын тарттырып,

 

 Салтанатқа үлде мен  бүлде арттырып,

 

 Алып бір келші деп  еді...

 

 Сыпыра – болашақты  болжағыш, білгір, көреген, сәуегей  дана қарт. Оның болжағыш білгірлігі  мен көрегендігін бяндайтын барабы  татарларының «Идага би», құрдақ  татарларының «Тоқтамыш хан», Қырым  татарларының «Идага би» әңгімелері  мен ноғайлардың «Құбағұл» ертегісі, «Тоқтамыс ханның хикаяты» атты  аңыз-әңгімелерінің мазмұнында көптеген  ұқсастықтар бар. Бұлардың бәріне  тән ортақ мазмұн төмендегіше  болып келеді:

 

 Тоқтамыстың әкесі  Тайқожа ханның (кейде бір ханның) Құтлықия деген уәзірі бір  аяулы лашын құсты (енді бірде  сол лашын құстың жұмыртқасын) ханға айтпай Сәтемір ханға (бірде  Ақсақ Темірге) жасырып беріп  жібереді. Хан мұны біліп қалып, уәзірін дарға асып өлтіреді. Құтлықияның баласы Едіге (Құбағұл) бір сенімді досының қолында  ер жетіп, кейін Тоқтамыс ханның  малын бағып жүреді (енді бірде  хан Едігені жастай тауып алып, асырап, атын Едіге қояды). Сол  Едіге жас кезінен-ақ ел ішіндегі  небір қиын дау-шараларды тапқырлықпен  шешіп, кемеңгер би де атанады... Жалшысы үйге кіріп келгенде, хан өзінің шошып кетіп, қалайша  орнынан ұшып тұрғанын білмей  қалады екен. Мұны әйелі ханға  айтса, ол бұған сенбепті. Сол  үшін әйелі бірде ханның етігін  инемен жастыққа түйреп қойыпты. Содан барып хан өз жағдайын  біліп, Едігенің кім екенін анықтау  үшін, әдейі төтенше кеңес шақырыпты. Ешкім бұл мәселеге жөнді жауап  айта алмай, жұрт дал болып  отырғанда, уәзірі Жанбай (кейде  Янбай, бізде Кеңестің ұлы Көк  Жанбай) көнекөз Сыпыра жырауды  алдырып, ақыл-кеңес сұрауды ұсынады. Қарттықтан қажып, жібекпен жағын  тарттырған Сыпыраны алтын күймеге  отырғызып алып келеді. Жырау  ханға, ең алдымен, Едігенің кім  екенін айтып, оның ертеде өлген  әкесі үшін (Құтлықияны Тоқтамыстың  әкесі Тойқожа өлтірткен) ескі  кегі бар екенін ескертеді. Хан  төңірегіндегілермен кеңесіп, Едігеге  у беріп өлтіртпек болады. Едігенің  досы Жанбайдың (біздегі жырда  Аңғысын баланың) ақылымен бұл  өлімнен де құтылып, Сәтемір ханға  сапар шегеді. Хан оны кері  қайыруға Жанбайды жібереді, бірақ  Едіге алған бетінен қайтпайды...

 

 Осындай хандық үшін  болғалы тұрған қанды қырғын, талас-тартыстарға орай ел ішінің  бүлінбеуін көздеген Сыпыра бұл  істе де көрегендік танытады. Сондықтан жоғарыда аталған әңгімелердің  бәрінде де ол көп жасап, көпті  көрген, сәуегей дана қарт бейнесінде  көрінеді.

 

 Ноғайдың сол «Тоқтамыс  ханның хикаяты» деген әңгімесінде  Сыпыраны хан сарайына алып  келу салтанаты мен оған көрсетілген  қошемет-құрмет жайын сипаттауға  да ерекше мән берілген. Бұл  жәйт өзге аңыздармен де (барабы, Қырым әңгімелерімен) дәлме-дәл түсіп, өзара үндесіп отырады.

 

 Бұлардың бәрінде де  жырауды алты ат жеккен алтын  қоспен алып келіп, қошеметпен  төрге отырғызып, жол соқты болған  қарияны ес жидырып сөйлету  үшін дүркін-дүркін бал ішкізу  дәстүрі түгелдей өзгеріссіз  қайталанады. Тіпті барабы татарлары  әңгімелесуге Сафардау алғаш  хан шақыруына келмей қалса, артынша  оны ыңғайлы екі нөкер жіберіп, үлкен құрметпен алдыртады. Айталық, біздегі Едіге туралы жырда  осы салтанатты оқиғалар аз  ғана сөзбен: «Жібекпен жағын  тарттырып, Салтанатқа үлде мен  бүлде арттырып»,-деп түйін берілсе, қырым татарлары әңгімесінде: «Алты  ат жеккен көш билан, Сыпыра  жырау келді-ді. Хан төрінде ер  бар-ды, Яз аяқмен бал берди, Бурак  балга біткенде, Шыңқылдатып ішкенде»,-деп  баяндалады. Алайда жоғарыда аталған  «Тоқтамыс ханның хикаяты» атты  халықтық әңгімеде осы жайлы  қалыпты ритуал тұрғысында кең  қамтылып, қазбалай сипатталады. Мұның  өзі сол тұстағы жыраулардың  алдын болжап айтатын көрегендік  қасиеттеріне көрсетілген ерекше  құрмет болумен қатар, сондай-ақ, олардың сәуегейлігі мен рухани  күшіне де бас иіп табыну  тәрізді: «Алты ақ боз ат жектіріп, Алтын қосқа мінгізіп, Белдерін  бұтаменен будырып, Яқаларын алауменен  аулатып, Азуларын ши иығыңмен  шырматып, Қолтығына жезлау таяқ  сүйентіп, Қолына алмас қондырып, Көзіне зұнбұл сүрттіріп, Өтірік  иғлан демаске, ай мен шаһаттың  ескартіп, Алып келді жырауды... Ұшқу  бастан жыр берді, Үш тостақай  бал берді, Жырау балды ішкенде, Бал жүрекке түскенде, Тілқанлай  сылтырап, Басы, қөзі қалбырап, Қопсымаға  келіп еді қарт жырау».

 

 «Тоқтамыс жыры» - ноғай-қазақ  дәуіріне жататын көркем туындының  бірі. Шығарма қаһармандары негізінен  тарихта болған адамдар. Негізгі  бейне Тоқтамыс 1376 – 1395 жылдар арасында  хандық құрып, Темірланның Едіге  бастаған қолының тегеурініне  төтеп бере алмай күйреген. Сарай  әмірінің бірі Тоқтамыстың ауыр  ноғай жұртымен, Сараймен қоштасуы, қайғылы халы көрсетілген. Жырдағы  ханның тоғыз батыры да тарихта  болған адамдар. Әрқайсысы қазақтың  белді руларының басшы батырлары. Міне, аталмыш жырда да Сыпыра  жырау қатысады. Тоқтамыс көпті  көрген дана жырауды алдырып, оның ақылын тыңдайды.

 

 Бір ескерерлік жай: Сыпыра жырау түсінігінде Едіге  ұнамды адам емес. Ол Едігеге  наразы адам. Сондықтан Тоқтамысқа  берген ақылында: «Едігені басқа  хандыққа өткізбей, қалай да болса  Тоқтамыс хан оны өз қарамағында  ұстауың керек. Егер ол мүлде  көнбесе, амал-айламен қолға түсіріп, шақырып алып басын ал»,-дейді. Бұған қарағанда ол Тоқтамыс  пен Едіге араларында болған  жанжалдарға бейтарап емес. Жырау  жараспас жанжалдың аяғы апатқа  соқпай тынбайтынын сезеді. Едіге  Темірге қосылса, Тоқтамыс ордасының  шаңырағы ортаға түсерін ескертер  ақыл айтып, оны сақтыққа шақырады. Бұл тұста жыраудың ұстаған  бағыты – Тоқтамыс билеген  елдің мүддесі. Не болғанда да  ол – Тоқтамыс жағының жоғын  жоқтаушы.

 

 Тоқтамысқа өшіккен  Едіге би Ақсақ Темірдің қолдауына  сүйеніп, ақыры сарайды шабады. Тоқтамысты  тақтан тайдырады. Бұл – тарихи  шындық. Осы тұста Тоқтамысты  жақтап, оның қайғысына ортақтасқан  ақылшысының бірі – кәрі жырау  Сыпыра болады.

 

 Сыпыра жыраудың бізге  жеткен мұралары көп емес. Оның  есімі халық аңызына айналып  кеткен. Оның бізге жеткен шығармаларының  кейбірі эпостық жырлардың ішінде, белгілі бір адамға ақыл ретінде, толғау ретінде беріліп, ел-жұртының  мұңы қозғалады. Мысалы, бір аңызда  өзі туралы айта келіп:

 

 Мен қартыңмын қартыңмын,

 

 Не көрмеген қартыңмын.

 

 Бастыққа бастық, Бастық  хан,

 

 Оны көрген кәріңмін.

 

 Одан соңғы Кедей  хан 

 

 Оны көрген кәріңмін.

 

 Онан соңғы Ала хан,

 

 Оны көрген кәріңмін.

 

 Онан соңғы Қара  хан,

 

 Оны көрген кәріңмін.

 

 Құлағы шұнақ Хазар  хан,

 

 Оны көрген кәріңмін.

 

 Он екі тұтам оқ  атқан,

 

 Онан соңғы ер Шыңғыс,

 

 Оны да көрген кәріңмін.

 

 Мұнарасы қырық құлаш 

 

 Өзден сұлтан Жәнібек 

 

 Оны көрген кәріңмін.

 

 Ұлы бабам Домбауыл,

 

 Соны көрген кәріңмін.

 

 Жүз сексенге келгенде,

 

 Сонша хандар өткенде,

 

 Жас та болсаң Тоқым  хан 

 

 Сені көрген кәріңмін,- дейді ол Тоқтамыс ханға.

 

 Тоқтамыстың Сарайды  тастап кетерде би-шораларымен  қоштасу үстінде айтқан сөздерін  кейін елге хан атынан өлең  мен толғау түрінде тарататын  да осы Сыпыра жырау болса  керек. Себебі Тоқтамыс табан  асты өлең шығаратын ақын емес, хан ғой. Оның үстіне толғау  мазмұны да хан атынан айтылған  басқа біреудің сөзі екенін  бірден-ақ көрсетеді. Бұған С.Сейфуллиннің  жариялаған аталмыш қоштасу мазмұны дәлел бола алады. Біздіңше С.Сейфуллин жариялаған «Тоқтамыстың қоштасу сөзі – осы Сыпыра жыраудың өз туындысы. Хан атынан айтқан Сыпыраның төл шығармасы. С.Сейфуллин бұл толғауды қысқартып, 46 жолдайын ғана жариялаған. Аталмыш үзінді Тоқтамысқа қараған ноғайлылардың бұрынғы тарихын, шаруаға жайлы қонысын, жау айбынар батырларын, сауық-сайранды салтанатын ардақтайды. Хан басына түскен ауыр күн толғанып, Едіге бидің әмірі орнағаны айтылады. Ханның бейқамдығы сыналып, өткен күн өкініштері толғанады.

 

 Ей, жігіттер, шоралар!

 

 Он сан ноғай бүлгенде,

 

 Саназар батыр жауынан,

 

 Жаралы болып келгенде,

 

 Алаш ата алаш болғанда,

 

 Алаша хан болғанда,

 

 Аязды күнде қалшылдап,

 

 Арасан оты жанғанда,

 

 Бура мұздан тайғанда,

 

 Шықырлаған буыршын,

 

 Бас көтеріп тұрғанда,

 

 Ханнан қайрат кеткенде,

 

 Биге медет жеткенде,

 

 Хан қашып, би қуғанда,

 

 Хан Тоқтамыс қорланып,

 

 «Байтағым» деп зарланып,

 

 Айтып жылай жөнелді...

 

 Бұл жолдарды оқыған  адамға Тоқтамыстың өзі айтқан  сөз емес, ол туралы басқаның  айтқан сөзі көрініп тұрады. Бұдан  кейінгі жолдарда да Тоқтамыстың  өзін қолдаған Қобыландыдай батырынан  айрылғаны, Ноғайлыдай ауыр жұртын  тастап, бас сауғалаған ауыр жағдайы  жырланады.

 

 Сап-сап жүре, сап жүре,

 

 Сай азамат қосылып,

 

 Жауды жайқай ала  алман,

 

 Қара қыпшақ Қобыландым,

 

 Сен секілді ерден  соң...

 

 Бұдан кейінгі кейбір  жолдарда, Еділ мен Жайық арасындағы  шүйгін жайлау, сулы нулы, орманды, құнарлы алқап ардақталып, ноғайлының  бұзылмай, бүлінбей тұрған мығым  шағы жоқталады.

 

 Басқа бір деректе  кезігетін, жырауға таңылып жүрген  жолдарда да жоғарыдағы пікірлерге  үндес сөздер жиі ұшырайды. Мысалы :

 

 Отырушы едік жайласып,

 

 Шалғынға бие байласып,

 

 Құлын-тайдай ойнасып,

 

 Иіндесіп, сырласып,

 

 Асылдан саба толтырып,

 

 Әзелде қымыз іше  алман,

 

 Ноғайлының ауыр жұрт  – 

 

 Сен секілді елден  соң...

 

 Тоқтамыстай тақтан  тайған әмірдің ендігі күні  мәз емес. Бұрынғыдай жайғасып  отырарға шама жоқ, жауы жағасынан  алып, күнін бір уыс етіп отыр.

 

 С.Сейфуллиннің 1931 жылғы  «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары»  жинағында «Кәрі бидің жас  биге айтқаны» - деп аталатын тағы  бір мадақ сөзі бар. Бұл сөзді  оқып шыққанда бізге қартайып  сөзден қалғалы отырған және  өзіне пана тұтқан Тоқтамысынан  айрылып, басынан бақ тайған Сыпыра  жыраудың сыры елес береді. Бұл  сөздерін ол өз тұсындағы алғыр  жас билердің біріне қаратып  айтпады ма екен деген ойға  келесің. Асылы, бұл Сыпыраның кейінгі  жас ұрпаққа айтқан батасы, келешекке  келтірер сенімі сияқты жыраудың  соңғы сөздерінің бірі болса  керек.

 

 Көп ішінде сөйлесем,

 

 Жас жігіт саған  қарасам – 

 

 Қара лашын тұйғынсың,

 

 Асылыңа қарасам – 

 

 Құс алатын қырғисың,

 

 Қызыл тілге келгенде,

 

 Сар садақтың оғындай,

 

 Көлденеңдеп зырғисың,

 

 Көрмегеннен сұраймын.

 

 Асылыңды білдірші,

 

 Қай ұлыс елдің, жарқыным?!

 

 Сөзді жұптап, түйдектеп,

 

 Бәйге атындай шұлғисың!

 

 Есім Байболов жариялаған  жырау сөзінің бір үзіндісінде  ол өзінің алпыстан астам хан  көрген кәрия жырау болғанын  тағы хабарлайды.

 

 Өрлеуге қандай алабың,

 

 Шыңға шықсын талабың,

 

 Алпыс екі хан көрдім,

 

 Несіне оны сұрадың?!

 

 Атқа мінер халі  жоқ,

 

 Мінсе түсер әлі  жоқ,

 

 Жүз сексен жасаған,

 

 Халі осы да Сыпыраның!

 

 Әрине, көп жасаған  жыраудың шығармалары сан салалы  мол болғаны күмәнсіз. Бірақ ол  шығармаларынан әзірге жеткені  теңіздің тамшысы ғана. Осыған  байланысты Сыпыра жыраудың қоғамдағы  әлеуметтік орны, ақындық өнері, әдебиетке қосқан үлесі туралы  тиянақты ой түю, пікір қорыту  қиынға соғатын сияқты.

 

 «Тоқтамыс ханның хикаяты»  атты әңгіменің түзілімі-құрылысында  да көптеген өзгешеліктер бар. Мұнда өзгелердегідей емес, қара  сөзден гөрі жыр үлгілері әрі  көркем, әрі көлемі жағынан басым  болып келеді. Бұларды өзінің  мазмұны мен түрі жағынан дәстүрлі  толғау іспеттес болып құрылған  деп айтуға болар еді. Осы сипат, әсіресе, Сыпыра атынан берілген  толғауда ерекше ұшталып, айқын  көрініс тапқан дей аламыз.

 

 Бас жағы біздегі  «Мен қартыңмың, қартыңмың» жырын  еске түсіретін бұл толғаулардан, жыраудың ханнан қаһар қылар  деп тайсалмай, шындықты бетке  айтудың көне бір дәстүр үлгісін  көргендей боламыз. Сыпыра өзі  көрген хандарды шетінен тізбелей  келе, Тоқтамыс ханның осы бір  қысылтаяң сәттің үстінде де  өзіне қастандық ойлаудан тайынбайтын  қараниеттілігін айқын сезсе  де, осы сапар төніп тұрған  ажалдың өзіне қасқая қарап, айылын  жимай, айбат шеге сөйлейді:

Информация о работе Сұрғалтайұлы Сыпыра жырау