Сұрғалтайұлы Сыпыра жырау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2014 в 12:51, реферат

Краткое описание

Неғұрлым көне дәуірлерге тереңірек бойлаған сайын, соғұрлым жыраулардың аты мен жырларының әр алуан хикая, аңыз, әңгімелерде ғана ұшырысатынын көреміз. Айталық, «Өзгелерге жыр жырлау өнерін үйреткен Бірінші жыршы Қорқыттың» (Шоқан) өзінің жырлары бізге өлең күйінде жетпей, тек оны күй атасы тұрғысында баяндайтын аңыздар ғана сақталып қалған. Ал Кетбұғаның Жошы хан өліміне байланысты туған естірту жыры да қара сөзбен келетін аңыз ішінде жүр. Осылардың бізге жақынырақ тұрған Сыпыра жыраудың өзі бірыңғай аңыз бен эпос кейіпкері ретінде сипатталады. Сондағы Сыпыра атынан берілген жыр, толғуларды жыраулықтың көне дәстүрін белгілейді десек те, бұларды жыраудың бірден-бір өз авторлығымен сақталған жырлар деп айта алмаймыз.

Прикрепленные файлы: 1 файл

сыпыра жырау.docx

— 31.07 Кб (Скачать документ)

Сұрғалтайұлы Сыпыра жырау

 

 Неғұрлым көне дәуірлерге  тереңірек бойлаған сайын, соғұрлым  жыраулардың аты мен жырларының  әр алуан хикая, аңыз, әңгімелерде  ғана ұшырысатынын көреміз. Айталық, «Өзгелерге жыр жырлау өнерін  үйреткен Бірінші жыршы Қорқыттың» (Шоқан) өзінің жырлары бізге өлең  күйінде жетпей, тек оны күй  атасы тұрғысында баяндайтын  аңыздар ғана сақталып қалған. Ал Кетбұғаның Жошы хан өліміне  байланысты туған естірту жыры  да қара сөзбен келетін аңыз  ішінде жүр. Осылардың бізге жақынырақ  тұрған Сыпыра жыраудың өзі  бірыңғай аңыз бен эпос кейіпкері  ретінде сипатталады. Сондағы Сыпыра  атынан берілген жыр, толғуларды  жыраулықтың көне дәстүрін белгілейді  десек те, бұларды жыраудың бірден-бір  өз авторлығымен сақталған жырлар  деп айта алмаймыз. Бұл, сөз жоқ, туған әдебиетіміздің өркендеп  дамуындағы тек өзіне тән белгі-сипаттары  мен өзге де қайталанбас табиғи  ерекшеліктері еді.

 

 Қазақтың аттары әйгілі  зерттеушілері, әдебиетші, тарихшылары  түгел дерлік Сыпыраның тарихта  болған адам екендігіне күмән  келтірмейді. Бәрі де бір ауыздан  оның ұлы жырау болғанын мойындайды. Мысалы, профессор Б.Кенжебаев «Сөз  жоқ, Сыпыра жырау тарихта болған  адам... қыпшақ хандығының соңғы  кезінде... хан ордасында тұрған...»  деп жазады.

 

 Ш. Уәлиханов деректеріне  сүйене отырып, академик Ә. Марғұлан  оны қыпшақ руынан шыққан, ұзақ  өмір сүрген, тарихта ноғай жырларын  туғызған атақты эпик жыршы  деп мәлімдейді. Зерттеуші жыраудың  аса шешен болғанын және оның  көшпелі қыпшақ еліне беделді  адам саналғанын атап көрсеткен. Мысалы, Сыпыра жыраудың кейбір  өлеңдерінен Шоқан жеке үзінділер  келтірген. Жырау сөздерінің кейбір  үлгілерін В.Радлов пен Ильминскийлер  жинақтарынан да жиі ұшыратамыз. Басқа да қолжазба мұраларда  жырау нақылдары кездесіп қалады. В.В. Радлов өзінің белгілі жинағында  жырау толғауларынан үзінділер  жариялап, Қырым ноғайлары арасында  сақталған аңызды келтіреді.

 

 Сыпыраның есімі аталатын  «Тоқтамыс жырын» алғаш бастырған  П.М.Мелиоранский өзінің алғы  сөзінде Сыпыра жыраудың қыпшақ  даласының көп хандарын көрген  көне ақыл иесі, Тоқтамыс ордасында  ол 1393 жылы ең соңғы толғауын  айтқан еді деп сендіреді. Бұл  мәліметті негізге алсақ, Сыпыра  – 1213-1393 жылдар арасында өмір  сүрген ноғай-қазақтардың атақты  жырауы.

 

 «Тоқтамыс жырын» баспаға  ұсынушы Шоқан Уәлиханов жырды  Аманқарағайдағы қыпшақ ақыны  Жұмағұл дегенннен жазып алған  екен. Кейін академик Қаныш Сәтбаев  Баянауылдың Қаржас елінің ақыны  Қопабайдың айтуымен жазып алып, 1927 жылы Орынборда бастырады, өзі  жырға кіріспе сөз жазады. Осы  кіріспесінде ол Сыпыраның тарихта  болған адам екеніне күмән  келтірмейді. Қ.Сәтбаевтың айтуынша: Сыпыра – топ бастаған дана, үздік дара шешен, қажымас ерлік, қайтпас жігер, мұқалмас қайрат  иесі, халық қиялының төрешісі  болған қария жырау.

 

 Кейбір әдебиетшілердің  пікірлеріне қарағанда, ол «Ер  Сайын», «Ер Қосай», «Ер Көкше», «Ер  Тарғын» сияқты ноғайлы циклындағы  жырларды шығаруға араласқан  эпик жырау болуы да ғажап  емес. Аталмыш эпостарда жыраудың  монологтары, арнаулары кезігеді. Сыпыраның  өз сөзі деп сендіріледі. Мысалы, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, Ә.Марғұлан пікірлері  де осындай.

 

 Профессор Е.Ысмайылов  тек қана қазақ жырлары емес, ноғайлы, қарақалпақ басқа да  Орта Азия халықтары жырларының  авторы да жыраулар мен шайырлар  еді деп дәлелдейді. Сондай- ақ, «Қазақтың  да белгілі батырлар жырын  ең әуелі Шалгез, Сыпыра, Жиембет  сынды жыраулар шығарып таратса  керек» дейді.

 

 С.Мұқанов: «Сыпыра жырау, Асан қайғы, Бұқар жыраулар XIX ғасырға  дейінгі қазақ ақындарының символы, олар хан қасында отырып батырды  жырлаумен қатар, сол кездегі  мемлекет мәселесін шешуге қатысады», - деп ескертеді.

 

 Сыпыра жырауды еске  салатын қазақ ақындарының сөздерін, атап айтқанда, Мұрын жырау, Жамбыл, Нұрпейіс, Ығылман т.б. ақындар пікірлерін  естен шығармау керек. Олар Сыпыра  жырауды тарихта болған кісі  және көп жырлардың шығарушысы  екеніне күмән келтірген емес.

 

 Кейінгі жылдары жырау  туралы соны деректер табылуда. Есім Байболов Сыпыра жыраудың  өмір жолын анықтарлық бағалы  материал жариялап, оның көпшілікке  белгісіз өлеңдерінен хабар береді. Ол Сыпыраның жүрген жері мен  тарихта аттары мәлім адамдарға  қарым-қатысы туралы деректер  жариялады. Е.Байболовтың байқауынша, Сыпыра жырау Солтүстік Кавказ  маңындағы Ақшахан, Еділдің бойындағы  Ноғай хан, Алтын Орданы билеген  Тоқтамыс ханның жерлерінде еркін  жүрген адам.

 

 М.Мағауин Телағыс, Құбағұл  аттарына байланысты туыстас  халықтар арасындағы барлық жырларда  «Сыпыра – Сувра, Супра чырау, Сефар-дау»-деген аттармен көрінетінін  айта келіп, «Сыпыра қарақалпақ  әдебиетіндегі ең үлкен эпосшы, жыраулар мектебінің негізін  салушы болып саналады»,- дейді.

 

 Белгілі зерттеуші  Ә.Дербісәлиннің: «Мұнда тарихи Едігеге  берілген халық бағасы бар»,-деген  пікірін толық мақұлдауға болады, алайда қарт жырау ханға «Қасыңа  ал да, басын ал» деп кеңес  бергенде, бір ғана Тоқтамыс ханның  мүддесін ойлаудан гөрі, ертеңгі  іргесі сөгілмес ел бүтіндігін  көздеген тәрізді.

 

 Ә.Марғұлан: «Біздің дәуірге  жақындаған сайын, көне заман  жыршыларының бейнесі айқын сипатқа  ие бола бастайды. Қыпшақ руынан  шығып, аты аңызға айналған Сыпыра  жырау бейнесін XIV ғасырға жатқызған  жөн...Ол XV- XVIII ғасырлардағы көптеген  қазақ ақындарының көшбасшысы  және ноғай-қазақ эпостарын («Ноғайлы жыры») бірден-бір жазушы кісі... Қарт жырау, ел «аңыздарына қарағанда, ең соңғы рет халық толқуларына орай» (1393) Тоқтамыс ханның шақыртуымен Маңғыстаудан әдейі келіп, хан сарайында келелі жыр толғаған», - деп жазады.

 

 Сыпыра жырау туралы  сан қырлы аңыз, әңгімелер мен  жырлардың кезінде жарық көрген  зерттелуіне Ш.Уәлиханов, В.В.Радлов, М.Османов (құмық ақыны), С.Сейфуллин  сияқты жинаушы-фольклористердің  елеулі үлес қосқаны мәлім. Айталық, Ш.Уәлиханов Едіге жырын өзге  ұлттарға таныстыру мақсатымен  алғаш рет орыс тіліне аударса, В.В.Радлов өзінің халық әдебиетінің  үлгілеріне арналған көп томдық  еңбегінде барабы, құрдақ, қырым  татарларында кең тараған Тоқтамыс, Едіге туралы әр алуан аңыздарды  жазып алып, жариялады. Ал М.Османов  өзінің «Ноғай уа құмық шығырлары»  деген кітабында «Тоқтамыс ханның  хикаяты» атты жыр аралас көлемді  аңыз әңгімені бастырып шығарды. Сондай- ақ, С.Сейфуллиннің «Қазақ  әдебиеті» деген жинағына Сыпыра  атынан айтылатын әйгілі «Ноғайлының  ауыр жұрты» атты толғауы еніп, жарық көрді. Бұлардан тыс, осы  тақырыптағы аңыз, жырлар әр түрлі  хрестоматия, жеке жинақтарда үздіксіз  басылып келеді.

 

 Сыпыра жырау – қазақ  пен ноғай, қарақалпақ пен башқұрт, барабы, құрдақ, қырым татарларына  бірдей ортақ әдеби тұлға. Мәселен, қазақтар оны « Сыпыра», «Сып  жырау» (Шоқан) деп атаса, ноғайлар  «Сыбыра жырау», қарақалпақтар «Сопбасылы  Сыпыра жырау», башқұрттар «Сбырырай  жыршы», барабы татарлары «Сафардау», құрдақ татарлары «Сұрғантайұлы  Сыпыра», ал Қырым татарлары «Сыпыра  жырау» деп атап кеткен. Сондықтан  Сыпыра жырау туралы пікір  айтқанда, оның өзге туысқан әдебиеттерде  жасалған бейнесіне де зер  салып, салыстыра зерттеуге тиіспіз.

 

 Осы орайда туысқан  елдер әдебиетіндегі Сыпыра жырау  бейнесінің жасалуында біздегі  жырлармен көптеген үндестіктері  бары байқалады. Сыпыра оларда  да біздегі секілді бірыңғай  аңыз, әңгімелер мен эпос кейіпкері  болып сипатталады. Айталық, қарақалпақ  зерттеушісі Н.Дәуқараев Сыпыра  жырауды дастаншылдық мектебінің  ұлы ұстазы, қарақалпақ жырларының  атасы деп бағаласа, Қ.Максетов  Сыпыраның әлгіндей ерекшеліктерінің  қарақалпақ, қазақ, ноғай, башқұрт және  басқа ұлттарға ортақ аңыз  кейіпкері ретінде алып зерттейді. Ал башқұрт зерттеушісі Ғ.Хұсайынов  оны бүкіл Орал мен Алтайдың  даңқты жыршысы дей келіп, Сыпыраның  өзінің елдегі «Үдекей мен  Мұрадым» дастанында басты кейіпкер  болып сипатталатынын атап көрсетеді. Мұнда ол Сыпыра жырау атынан  берілген « Ей, Оралтау, Оралтау»  атты толғаудың композициялық  жағынан өзгеше құрылып, ерлік  пен ездікті, әділдік пен жауыздықты, шындық пен көлгірлікті шендестіре  жырлайтынын айтады. Дәл осы іспеттес  пікірлер ноғай әдебиетшісі Ә.Секалиев  еңбектерінен де ұшырасады.

 

 Кезінде фольклор үлгілерін  жинап, бастырған ғалым, құмық ақыны  Магомет Османов (1840 - 1904) Петербург  университетінің шығыс тілдері  факультетінде 1867 – 1881 жылдар аралығында  дәріс оқи жүріп жинаған «Ногай  уа кумык шығырлары» атты әңгіме  кітабында ноғай-құмық фольклорының  небір қайталанбас асыл үлгілерімен  қатар, аталған «Тоқтамыс ханның  хикаяты» атты әңгімені де  қоса бастырады. Осыдан 101 жыл бұрын  жарық көрген бұл әңгіме күні  бүгінге дейін, ішінде Шалгез, Асанқайғы  жырлары бар, сол бағалы кітаптың  өзі де қалың оқушы жұртшылыққа мәлім болмай келді. Мұнда өзге барабы, құрдақ, Қырым татарлары әңгімелеріне қарағанда, Сыпыра жырау бұрын танылмаған жаңа бір қырларымен дараланып көрінеді.

 

 Қазақ арасында аты  кең жайылған (бірақ өз атымен  шығармасы сақталмаған) үлкен ақын-жыраулардың  бірі – Сыпыра жырау Сұрғалтайұлы. Сыпыра жырау ноғайлы-қазақ ақын-жырауларының  атасы есепті. Оның өмір сүрген  кезі XIV ғасыр деп шамаланады. Бірақ  жырау жайындағы аңыздарда оның  жасы туралы сөздер әр алуан. Бірінде 180 жас жасаған десе, енді  бірінде 230 жастағы қарт жырау  делінеді.Үшіншісінде тағы басқаша. Ноғайлы жырларында Сыпыра жыраудың  жасы шамадан тыс әсіреленеді. Жырау бұларда да ханның ақылгөй, батагөй қарты рөлінде көрінеді. Алайда оның кезінде Дешті  Қыпшақтағы ең атақты сөз зергері  болғаны, мол мұра туғызғаны байқалады.

 

 Сыпыра жырау Тоқтамыс  хан тұсында XIV ғасырда жасаған. Маңғыстау  мен Жайық бойын, Сарайшық қаласын  мекендеген. Ол – Еділден Донға  дейінгі Кубанның кең даласын, Арал теңізі мен Каспий жағасын, Қырым мен Кавказ арасын ен  жайлаған қыпшақтар мен ноғай-қазақ  ұлыстарының аты аңызға айналған  перзенті. Тірі кезінде-ақ даңқы  шартарапқа жайылып, сөз ұстаған, аузы дуалы ақсақалы, хан-қара  демей, бетке айтқан сөзімен жұртын  ұйыта білген, көпті көрген көне  көз жырауы, жыраулық өнердің  кемеңгері. Амал не, сөйлесе көмейінен  өлең төгілген, ағыл-тегіл ақтарылған  ғаламат жырлардың авторы болған  ұлы жырау шығармаларын тарихтың  қалың құрдымы жұтып жіберген. Ел есінде оның қадірмен есімі, кейбір естеліктер, ақыл-кеңестерінің  үзік-жұлық үлгілері ғана сақталған.

 

 Сыпыра жырау қай  жырда да халық басына ауыр  іс түскен мезгілде көрініп  түбегейлі ой айтады, ол ой  халықтың тыныш, бейбіт өмір туралы  арман-тілегінен онша ұзап кетпейді. Жырдың бірінде Тоқтамыс пен  Едігенің билікке таласы, Едігенің  қашып кетуі, осы кездегі ноғайлы  елінің ауыр халі сөз болады. Сонда сасқан ел кәріліктен  жағы түсуге айналған Сыпыра  жыраудан ақыл сұрайды.

 

 Ноғайлының ауыр жұрт,

 

 Абдырады айланды.

 

 Айланып кеңес таппады,

 

 Тіл мен жағы байланды ...

 

 Аузында отыз тісі  жоқ,

 

 Адам көрер түсі  жоқ ...

 

 Сыпыра сынды сұм  жырау ...

 

 Толғайды да сарнайды,

 

 Сарнайды да жырлайды ...

 

... Керегеңді кертер-ді,

 

 Күл қылып отқа өртер-ді,

 

 Туырлығын тілер ол,

 

 Тіліп тоқым қылар  ол,

 

 Тоқсан басты ақ  орда,

 

 Тонамай ие болар-ды.

 

...Сонау бір жалғыз  құбаша ұл,

 

 Әлі де ұзап кеткен  жоқ,

 

 Еділден әрі өткен  жоқ 

 

 Тоғыз мынау ерінді 

 

 Тобыменен жібер де,

 

 Алдап-сулап қасыңа  ал,

 

 Қасыңа ал да басын  ал !...

 

 Осы сөзді, осы ойды  Сыпыра жырау шын мәнінде айтты  ма, жоқ па, әлде ол кейінгі  дәуірдің, тарихтың бағасы ретінде  кеш туып, жырауға кейін таңылды  ма – бұл араларын айыру  өте қиын. Бірақ қандай болғанда  да ол өзекті ой, орынды баға. Мұнда тарихи Едігеге берілген  халық бағасы бар деп түсінуге  болады. Соны халық көпті көрген  кәрі жыраудың уәлі аузымен  айтқан тәрізді. Әдетте жырауларға  өмірдің алдын болжау, көріпкелдік  қасиеттер таңылады. Бұл қасиет  Сыпыра жыраудан басталып, кейінгі  көп жырауларға тән ерекшелік  боп көрінеді.

 

 «Ер Тарғын» жырында  да Сыпыра үлкен рольде көзге  түседі. Ханзада хан мен Тарғынның  арасын бітістіруші қызметін  атқарады. Ханзада ханның опасыздығын  бетіне басып, батырдың ашуын  қайтарады, батырды ханға өкпелеп  елінен безбеуге, елімен жауықпауға  шақырады.

 

 Аруақты ер болсаң,

 

 Не қыласың бір қызды.

 

 Жас баладай жайдақтап,

 

 Жас тайлақтай ойнақтап,

 

 Шыға берме төрлерге,-дейді  жырау батырға (Ханзада қызын  Тарғынға бермек боп, кейін алдап  кеткенде).

 

 Сөйтіп, Сыпыра жыраудың  өз атымен сақталған шығарма  болмаса да, қазақ, ноғай арасында  сақталған жырлар мен аңыздарда  жыраудың өмір сүрген заманы  мен атқарған үлкен рөліне  елдік, ерлік мәселелерін алға  тартып, оларды өзіне негізгі  нысана, мақсат етіп отырғанына  байланысты алшақтық байқалмайды. Керісінше, барлығы жинала келіп, өмірден көргені мен түйгені  көп, тәжірибесі мол, уәлі ауыз, дана  қарияның бейнесін жасайды.

 

 Жыраудың өз атынан  айтылған аңыздарға сенсек, Сыпыра  ноғайлының бірнеше хандарын  өз көзімен көрген, олардың кейбіріне  ақылшы да болып, ұзақ өмір  сүрген, жағы түскенше өлең шығарып  айтқан асқан ақыл иесі, даңқты  дана адам болған.

 

 Алайда Сыпыраны әлгіндей  аңыз бен эпос кейіпкері еді  деп, оның тарихи тұлға екеніне  ешбір нұқсан келтіруге болмайды. Әсіресе, халық әңгімелері («Құбағұл», «Едіге би», «Тоқтамыс ханның  хикаяты» т.б.) мен батырлар жырында («Ер Тарғын», «Едіге батыр» т.б.) сөз болатын Сыпыра Тоқтамыс  хан мен Едіге тұсында жасаған  тарихи адам. Шоқан Едігені «Темірланның  әзірейілдерінің бірі, Тоқтамыс  ханның замандасы» деп көрсетеді. Шоқан «Едіге» жырын 1841 жылы Жұмағұл  ақыннан жазып алғанын айта  келіп, бұл жырды XIV ғасырдың ақыры  мен XV ғасырдың бас кезінде туған  деп жазады. Осыған ұқсас деректер  Б.Д.Греков пен А.Ю.Якубовскийдің  еңбектерінде де бар. Мұнда: «Едігенің  Тоқтамыс ханнан ең соңғы рет  қол үзуі 1391 жылдан аз кейін  болды. Тоқтамыс ханның тарих  сахнасынан біржолата кетуі 1405 жылдың  қаңтар айында еді»,- деп дәйектеледі.

Информация о работе Сұрғалтайұлы Сыпыра жырау