Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2015 в 08:59, отчет по практике
Таныстыру іс-тәжірибе есебін жасау барысында келесі мақсаттар қойылып, өз шешімін тапты:
кәсіпорын қызметін қаржылық талдау мен ұйымдастыру жөнінде қажетті тәжірибе жинақтау; теориялық сабақтарда алған білімдерді тереңдету және бекіту, кәсіпорын қызметін қалыптастырудың теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, оның экономикалық категория ретінде мазмұнын, мақсатын және мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу және мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, оның қызметінің теориялық сипатын беру, кәсіпорын қызметін жетілдіруге, тиімділігін арттырудың жолдарына әдістемелік және іс тәжірибелік ұсыныстарын жасау.
Кіріспе....................................................................................................................3 - 4
1«Бакан-1» ЖШС-нің сипаттамасы.....................................................................5 - 6
1.1«Бакан-1»ЖШС-нің құрылымы, қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттер................................................................................................................7-11
2 «Бакан-1» ЖШС-нің экономикалық және қаржылық қызметтеріне талдау жасау.....................................................................................................................12-20
Қорытынды.................................................................................................................21
Қолданылған әдебиеттер тізімі ........................................................................22
Қосымша құжаттар............................................................................................23
«Бакан-1» ЖШС-нің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін (8-кесте)талдау «Ә қосымшасына сәйкес» кәсіпорынның 2013-2014 жылдардағы №1 форма «Кәсіпорынның балансы», №2 форма «Қаржы нәтижесі және оны пайдалануы туралы», №4 форма «Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есеп» сияқты ақпараттық көздер негізінде жасауға болады.
Табыстылықтың І абсолютті көрсеткіші — өнімді өткізуден түскен түсім. Ол қаржылық – шаруашылық қызметтің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер, т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері, баға шегерімдері алынып тастағандағы соманы көрсетеді. Бұл көрсеткіш 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда, өнімді өткізуден түскен табыстың 29 210,7 мың тг-ге артқанын көрсетеді.
ІІ абсолютті көрсеткіш – жалпы табыс. Ол өнімді өткізуден түскен түсім мен өнімнің өзіндік құны арасындағы айырма арқылы анықталады.
«Бакан-1» ЖШС-ның жалпы табысы 2014 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда, 10 253,4 мың тг-ге ұлғайғанын байқауға болады. Әрине, бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының жақсы екенін білдіреді.
ІІІ абсолютті көрсеткіш – негізгі қызметтен түскен табыс. Ол сальдолық қаржылық нәтижені білдіреді. Оны жалпы табыстан кезең шығындарын алу арқылы табуға болады. Негізгі қызметтен түскен табысы өткен жылмен салыстырғанда, 4652,9 мың тг-ге артқанын көрсетеді. Бұдан кәсіпорынның қаржылық тиімділігін аңғаруға болады, яғни кәсіпорын табысты қызмет етеді.Кәсіпорынның шекті мақсаты пайда табу. Пайда табу үшін қоғамға керекті тауарлар мен қызметтерді өндіру керек, тек қана өндіру емес, сапалы өнім, қызметі нарық жағдайындағы бәсекелестікте жеңетін, бағасы жоғары тауар мен қызмет болуы керек. Сондықтан, кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесі болып табылатын таза табыс мөлшеріне ерекше мән беру керек. Зауыттың 2014 жылғы таза табыс мөлшері 10475,3 мың тг, ал 2013 жылы 5006,7 мың тг болса, бұл оның 5468,6 мың тг-ге, яғни 2012жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда, 209,2%-ға артқанын көрсетеді. Бұл кәсіпорын үшін жақсы нәтиже болып табылады.Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен қаржы нәтижелерінің салыстырмалы сипаттамасын рентабельділік арқылы бағалауға болады. Олардың ішінде негізгілері ретінде келесілерді бөліп көрсетуге болады:Сату рентабельділігі жалпы табыстың немесе таза табыстың сатудан түскен табысқа қатынасы арқылы есептелінеді. І жағдайда, яғни жалпы табыс арқылы есептесек, оның мәні кәсіпорынның баға белгілеу саясатындағы өзгерістерді өнімді сатудың өзіндік құнын бақылау мүмкіншілігін көрсетеді. Бұл коэффициенттің динамикасы немесе өсуі материалдық-өндірістік қорларды пайдалануды, бақылауды күшейтуді немесе бағаларды қайта қарау қажеттілігін көрсетеді. Оның мәні 2014 жылы 35,5%, бұл өткен жылмен салыстырғанда, 0,3%-ға азайғанын білдіреді. Ал ІІ жағдайда, яғни таза табыс арқылы есептегенде, ол сатылған өнімнің әрбір теңгесі таза табыстың қанша теңгесін әкелгенін көрсетеді.Өнім рентабельділігі, бұл көрсеткішті есептегенде өндіріліген өнімнің және сатылған өнімнің рентабельділіктерін анықтауға болады. Өндірілген өнім рентабельділігі таза табыстың өнімнің толық өзіндік құнына (сатылған өнімнің өзіндік құны мен кезең шығындарының қосындысы) қатынасы арқылы табуға болады. Бұл көрсеткіштің мәні 2012 жылы 11,7%, ал 2013 жылы 15,5% болған, яғни өнімді өндіру мен сату бойынша жұмсалған әрбір пайызына келетін таза табыс мөлшері 3,8% екенін көрсетеді.
Өндіріс рентабельділігі таза табыстың негізгі өндірістік қорлары мен айналым қорларының орташа жылдық құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткіш өндірістік үрдістегі активтерді пайдалану тиімділігін сипаттайды. Оның мәні 2013 жылы 6,4% болса, 2014 жылы өндіріс рентабельділігі екі жылмен салыстырғандағы 13,7%-дық ауытқуды көрсете отырып, 7,3%-ға артқанын білдіреді.Кәсіпорын жұмысының тиімділігі, көбінесе, негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштеріне, техникалық жарақтануыны байланысты болады. «Бакан-1» ЖШС-ның мүліктік жағдайын талдау 5-кестеде көрсетілген.
7-кесте. Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау
№ |
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
Жылдар |
Ауытқу | ||
2009 |
2010 |
+ / - |
% | |||
1
2
3 4 5 6 7
8
9 |
Негізгі құралдардың орта жылдық құны Айналым құралдарының орта жылдық құны Қор қайтарымдылығы Қор сыйымдылығы Қормен қарулану НҚ-дың тозу коэффициенті НҚ-ды жаңарту коэффициенті НҚ-дың жарамдылық коэффициенті НҚ-дың істен шығу коэффициенті |
мың тг.
мың тг.
тг. тг. мың тг.
|
50715,82
22688,85
0,93 1,07 1035,01 0,49 0,18
0,51
0,43 |
50204,74
25983,68
1,52 0,65 965,47 0,53 0,16
0,53
0,38 |
-511,07
3294,83
0,59 -0,41 -69,54 0,04 -0,02
0,02
-0,05 |
98,99
114,52
163,44 60,74 93,28 108,16 88,88
103,92
88,37 |
Ескертпе: кәсіпорын мәліметтері негізінде жасалған. |
Негізгі қорларды жақсы пайдалану нәтижесі, ең бірінші өндіріс көлемінің ұлғаюымен көрінеді. Сондықтан негізгі қорлардың тиімділігін сол көлемді шығаруға қатысқан қорлармен салыстыру керек. Бұл көрсеткіш қор қайтарымы деп аталады, атап айтқанда 1 теңге негізгі өндірістік қорлардың көлемі шығарған дайын өнім көлемі дегенді білдіреді. Ол өткізілген өнім көлемінің негізгі құралдардың орташа жылдық бағасына қатынасымен анықталады. 5-кесте бойынша кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалағанда, қор қайтарымы 2012 жылы 1,52 теңге, өткен жылғымен салыстырғанда 0,59 теңгеге артты. Қор қайтарымының өсуі уақыт пен қуаттылықты пайдаланудың жақсаруы, қол еңбегінің машинамен ауытырылуының және т.б. факторлардың әсерінен. Егер қор қайтарымы өсуге бағытталса, қор сыйымдылығы төмендеуге бағытталған. Өнімнің қор сыйымдылығы – қор қайтарымына кері шама. Ол шығарылған өнімнің 1 теңгесіне келетін негізгі қорлардың үлестік бағасын көрсетеді. 2014 жылы 0,41 теңгеге төмендеп, 0,65 теңгеге тең болды. Негізгі құралдардың тозу коэффициенті негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайды. Оның мәні 0,5-тен кем емес болу керек. Белгілі бір мерзімдегі кәсіпорынның техникалық базасының жаңарғанын көрсететін жаңарту коэффициенті есепті жылы 0,16-ға тең. Кәсіпорынның негізгі құралдарының жарамды екенін көрсететін жарамдылық коэффициенті 0,5-тен кем емес болу керек.
«Бакан-1» ЖШС-дағы еңбек ресурстарының құрылымы 7-кестеде көрсетілген.
7-кесте. Еңбек ресурстарының құрамы мен құрылымын талдау
№ |
Жұмыскерлер |
2013 ж |
2014 ж |
Ауытқу | |
+/- |
% | ||||
Барлық жұмыскерлер саны |
49 |
52 |
3 |
106,1 | |
1 |
Мамандар саны |
14 |
14 |
- |
- |
2 |
Жалпы жұмысшылар саны |
35 |
38 |
3 |
108,5 |
3 |
с.і. негізгі өндіріс жұмысшыларының саны |
20 |
20 |
- |
- |
4 |
қосалқы өндіріс жұмысшыларының саны |
15 |
18 |
3 |
120,0 |
Ескертпе: кәсіпорын мәліметтері негізінде жасалған. |
6-кестеде көрсетілгендей, кәсіпорындағы
жұмыскерлер саны елеусіз
Қорытынды
«Бакан-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде іс-тәжірибемді атқара отырып мыналарды айтып кетсем деймін.
Теориялық түрде алған білімімді іс-тәжірибеде қолдана отырып, «Бакан-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржы бөлімінде жұмыстарын өз білімімді едәуір шығдадым деп ойлаймын.
Мен онда әр түрлі бастапқы құжаттармен
жұмыс істей отырып, олармен таныстым. Мерзімді және жылдық есепті
құруға көмектестім және де әр түрлі бланкілерді
толтырдым
Тағы да айта кететін жайт, менің ойымша кәсіпорын өзінің қаржылық жағдайына өте үлкен мән береді екен. Кәсіпорын балансын (жоғарыдағы келтірілген тәжірибеге байланысты сүйене отырып) тұрақты деуге болады.
Серіктестіктің қаржы жағдайының стабилді, қаржылық жағдайының мөлшері бұдан да үлкен және де елдегі ең үлкен, қаржылық жағдайы өте жақсы кәсіпорынның бірі болуына өзімнің ойымша келесі іс шараларды жүргізуді ұсынар едім:
Басқарудың техникалық және жаңа әдістерін үйрену;
Басқарудың құрылымын жаңартып отыру;
Техника және технологияның ең соңғы, осы уақыттағы және жаңа техникалық құрал-жабдықтарын, әр түрлі көптеген бағдарламаларды өзге кәсіпорындардан бұрын өте тез енгізу және дер кезінде, дәл уақытында жабдықтармен жабдықтау. Жұмысшыларды жаңарту және алыс және жақын шет елдерге
Кадрлар саясатын дер кезінде жаңартып отыру;
Баға құру саясатын ойланып және жақсылап жоспарлау;
Шығындардың тиімді және әр түрлі азайту жолдарын іздестіру.
Серіктестіктің қаржылық басқаруын болжамдауға және жоспарлауға өте үлкен мән беріп, осылармен көбірек айналысу;
Мемлекетке, әр түрлі ұйымдар мен кәсіпорындарға, халыққа және т.б. қызмет көрсетудің оңай, өте тиімді, екі жақты пайда әкелетін, бәріне қажетті және пайдалы түрлерін ойластыру және іздестіру керек және оларды дер кезінде пайдалана білу керек.
Жоғарыда айтып өткендей, серіктестік шаруашылықтың негізін экономикалық потенциалын құрайды.
Неғұрлым кәсіпорын пайдалы болса, онда соғұрлым оның табысы тұрақты болады және де соғұрлым мемлекеттің қоғамдық сферасына қосқан үлесі көп болады, оның экономикалық потенциалы өседі, соңынан серіктестікте жұмыс істейтіндердің және халықтың жағдайы жақсарады.
Қолданылған әдебиеттер
1.Қазақстан Республикасының
әдістемесі және аудит Департаменті Бухгалтерлік есептің стандарттары және әдістемелік ұсынымдары. Алматы: Кәусар бұлақ, 2010 ж.
2.Оразтаева, З. Б. Кәсіпорында өндірісті ұйымдастыру : оқу құралы/ ҚР білім және ғылым м-трлігі; С.Сейфуллин атын. Қазақ аграрлық ун-ті.- Астана:,2011.- Родостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Родостовец В.В., Шмидт О. И. 3. 3"Кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп".
Бірімжаров Ә. Өндірістік бөлімшелердегі ішкі шаруашылық есеп.- Алматы:
4.Баймуханова С.Б., Балапанова Ә.Ж. "Бухгалтерлік есеп".
5. «Бухгалтерлік және қаржылық есеп
принциптері» (халықаралық стандарт) Әбдіманапов
Ә. Ә. Алматы, 2006ж.
Қосымша құжаттар