Отчет по практике в «Бакан-1» ЖШС-нің

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2015 в 08:59, отчет по практике

Краткое описание

Таныстыру іс-тәжірибе есебін жасау барысында келесі мақсаттар қойылып, өз шешімін тапты:
кәсіпорын қызметін қаржылық талдау мен ұйымдастыру жөнінде қажетті тәжірибе жинақтау; теориялық сабақтарда алған білімдерді тереңдету және бекіту, кәсіпорын қызметін қалыптастырудың теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, оның экономикалық категория ретінде мазмұнын, мақсатын және мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу және мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, оның қызметінің теориялық сипатын беру, кәсіпорын қызметін жетілдіруге, тиімділігін арттырудың жолдарына әдістемелік және іс тәжірибелік ұсыныстарын жасау.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3 - 4
1«Бакан-1» ЖШС-нің сипаттамасы.....................................................................5 - 6
1.1«Бакан-1»ЖШС-нің құрылымы, қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттер................................................................................................................7-11
2 «Бакан-1» ЖШС-нің экономикалық және қаржылық қызметтеріне талдау жасау.....................................................................................................................12-20
Қорытынды.................................................................................................................21
Қолданылған әдебиеттер тізімі ........................................................................22
Қосымша құжаттар............................................................................................23

Прикрепленные файлы: 1 файл

бакан1.doc

— 219.00 Кб (Скачать документ)

 

 

     2. «Бакан-1» ЖШС-нің экономикалық және қаржылық қызметтерін талдау.

Нарықтық экономикада кәсіпорынның өндірістік тиімділігін арттыру үшін оның шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жасау керек. Экономикалық талдау кәсіпорынды дамытудың стратегиясы мен тактикасын жоспарлап дайындауға және басқарушылық шешімдер қабылдауға қажет болады. Мысалы: өндірістің тиімділігін арттыру резервтерін анықтау, кәсіпорынның өндірістік саласын анықтау. Экономикалық талдау шешімдер мен іс-әрекеттің алдында жүреді. Оларды негіздейді және ғылыми түрде дұрыс шешім қабылдауға бағыттайды. Талдаудың негізгі мақсаты шаруашылық қызмет ету тиімділігін арттыру және оның резервтерін анықтау. Ол үшін мынадай жағдайлар жасалады:

1. Өткен кезеңдегі қызмет нәтижесі  бағалану керек. Мұнда қызметті  бағалаудың оперативті процедуралары дайындалады.

2. Кәсіпорынның қызметіндегі қаржылық  нәтижелердің әлсіз және күшті  жақтары анықталады.

3. Тиімділіктің резервтері анықталады.

Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық жағдайын талдау мынадай міндеттерді жүктейді:

1.  Баланс өтімділігін бағалау.

2.      Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және өтімділігін талдау.

3.      Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау.

4.      Кәсіпорынның табыстылығын бағалау.

Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаудың басты ақпараттық көзі бухгалтерлік есеп, бұл кәсіпорынды қоғаммен және оның құрылтайшысымен тығыз байланыстырады, олар кәсіпорынның қаржы жағдайын білу мақсатында бірінші кезекте бухгалтерлік баланспен танысады.

Қаржы жағдайын талдау жасаудың ақпараттық көздері бухгалтерлік есептер:

—             №1 форма «Кәсіпорынның балансы»;

—             №2 форма «Қаржы нәтижесі және оны пайдалануы туралы»;

—             №4 форма «Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есеп».

Баланс мәліметі бойынша кәсіпорын, акционерлер, инвесторлар, несие берушілер, сатып алушылар, сатушылар т.б. алдында өз міндеттерін атқара алатындығын, немесе қаржылық қиындық бар екенін көрсетеді.

Актив баптары өтімділік дәрежесіне қарай, яғни шаруашылық айналымындағы мүліктердің ақшаға айналу жылдамдығына қарай орналысады. І – бөлімдегі активтер бұл қозғалмайтын мүліктер бірнеше жыл пайдаланылады, яғни мерзімді салымдар. ІІ және ІІІ бөлімдерде кәсіпорынның айналым мүліктері, яғни өндіріске бір рет қатынасып, өзінің құнын өндірілген өнімге түгел аударатын және заттық қасиетін жоятын мүліктер, немесе ағымдағы активтер деп аталады.

Балансының пассиві – бұл, біріншіден, кәсіпорынның шаруашылық ісіне қандай мөлшерде құралдар салынғанын көрсетеді, екіншіден, кім қандай формада кәсіпорынның мүлкін жасақтауға қатынасқанын бейнелейді. Баланс пассиві алынған байлық үшін міндеттеме ретінде немесе кәсіпорынның ресурстарды алғаны үшін талап ретінде анықталады. [14]

Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаудың басты ақпараттық көзі бухгалтерлік есеп, бұл кәсіпорынды қоғаммен және оның серіктестерімен тығыз байланыстырады, олар кәсіпорынның қаржы жағдайын білу мақсатында бірінші кезекте бухгалтерлік баланспен танысады.

Бухгалтерлік баланс негізінде кәсіпорында бар қорлар, олардың жағдайы туралы, құрамы мен орналасуындағы өзгерістер, сондай-ақ олардың пайда болу көздері туралы мәліметтер алады. Бұл мәліметтер белгілі бір күнге жалпы ақшалай көрсеткіштермен берілген. [14. 28 бет]

Баланс абсолютті өтімді болып табылады, егер келесі теңсіздік сақталса:

А1≥П1

А2≥П2

А3≥П3

А4≤П4

А5≤П5

«А қосымшасына сәйкес» «Бакан-1» ЖШС-ның  балансы  өтімділігін анықтайық (3-кесте). 

 

3-кесте.  «Бакан-1» ЖШС 2013-2014 жылғы баланс өтімділігін бағалау 

 

А

Сомасы

П

Сомасы

төлеу артықшылығы +; жетіспеу -

2013 ж

2014 ж

2013 ж

2014 ж

2013 ж

2014 ж

А1

5254169

4764293

П1

4646096

2419116

608073

2345177

А2

2232930

1552230

П2

639723

255976

1593207

1296254

А3

15201752

19667162

П3

917396

23184

14284356

19643978

А4

59338675

60414461

П4

68367896

71892807

-9029221

-11478346

А5

2232930

1552230

П5

9689345

13359293

-7456505

-11807063

баланс жиыны

84260456

87950376

 

84260456

87950376

   

Ескертпе: кәсіпорын мәліметтері негізінде жасалған.


 

 

3-кестеге сәйкес бұл кәсіпорынның баланс өтімділігі абсолютті деп айтуға болады. Қаржылық жағдайы тұрақты, себебі қажетті теңсіздік сақталып, баланс толық өтімді болып табылады.Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылық маңызды белгілерінің бірі. О.С.Эфимованың айтуы бойынша, төлем қабілеттілігі дегеніміз кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін білдіреді. Сондай-ақ, М.Н.Крейниннің айтуы бойынша, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп – бұл кәсіпорынның несие берушілер жағынан төлемдер туралы қойған талаптары мен қарыздарын өтеуге дайындығы. Профессор В.В.Ковалевтің айтуы бойынша, төлем қабілеттілігі деп қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша есеп айырысуды өз уақытында және толығымен жүргізу қабілеттілігі.Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасы мен жедел төлемдер сомасының қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі коэффициенті арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттіліі коэффициенті 1-ге тең немесе одан үлкен болса, бұл кәсіпорынынң төлем қабілеттілігін білдіреді. Ал 1-ден төмен болса, ақша қаражаттарының жетіспеуін білдіреді. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі дегеніміз – кәсіпорынның сыртқы міндеттемелермен есептесу мүмкіндіктері. Демек, кәсіпорын төлем қабілетті болып саналады, егер ағымдағы активтер сомасы сыртқы міндеттемелерден артық емес немесе тең болса. Бұл көрсеткіш ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелер айырмасы.Кәсіпорын өтімділігін бағалау үшін абсолютті көрсеткіштермен қатар, салыстырмалы көрсеткіштер де есептелінеді. Оларға ағымдағы өтімділік коэффициенті, жылдам өтімділік коэффициенті, абсолютті өтімділік коэффиценті жатады. Бұл көрсеткіштер кәсіпорынның басшалығы үшін ғана емес, сыртқы субъектілер үшін де үлкен қызығушылық туғызады. Абсолютті өтімділік коэффициенті шикізаттар мен материалды жеткізушілер үшін, жылдам өтімділік коэффициенті банктер үшін, ағымдағы өтімділік коэффициенті инвесторлар үшін маңызды. 4-кестеде кәсіпорынның өтімділік және төлем қабілеттілік көрсеткіштерін талдау көрсетілген. 

 

4-кесте. «Бакан-1» ЖШС-ның өтімділік және төлем қабілеттілік көрсеткіштерін талдау 

 

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Жылдар

Ауытқу

2013

2014

+ / -

%

1

Абсолютті өтімділік коэффициенті

 

0,6

1,0

0,4

166,6

2

Жылдам өтімділік коэффициенті

 

0,8

1,3

0,5

162,5

3

Ағымдағы өтімділік коэффициенті

 

2,6

5,5

2,9

211,5

Ескертпе: кәсіпорын мәліметтері негізінде жасалған.


 

 

Абсолютті өтімділік коэффициенті кәсіпорынның ақшалай қаражаты мен қысқа мерзімді қаржылық салымдарының қысқа мерзімді міндеттемелеріне қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткіштің мәні қысқа мерзімді міндеттемелердің қандай бөлігі тез арада жабыла алатындығы көрсетіледі. Мұның мәні неғұрлым жоғары болса, қарыздарды жабу кепілдігі соғұрлым көп болады. Ол 2014 жылы өткен жылмен салыстырғанда 0,4-ке артқанын көрсетеді.Жылдам өтімділік коэффициентінің (аралық жабу коэффициенті) мәні 2013 жылы 0,8 болса, ал 2014 жылы 1,3 болды. Бұл көрсеткіш ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігін ақшалай қаражаттармен ғана емес, сонда-ақ күтіліп отырған ақшалайтүсімдердің есебінен жабылатындығын көрсететді. Оның шекті мәні 0,7 мен 1,5-тің шамасында болуы тиіс.Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы жабу коэффициенті) ағымдағы активтердің (болашақ кезең шығындарынан басқа) ағымдағы немесе қысқа мерзімді міндеттемелерге  (болшақ кезең табыстарынан басқа) қатынасымен анықталды. Ол ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелерді жабу дәрежесін көрсетеді. Оның қалыпты мәні 2-ден үлкен болу керек. Ал кәсіпорындағы бұл коэффициенттің мәні 2014 жылы 5,5-ті құрайды.Қаржы тұрақтылығы – бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы, ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өнім өндіру мен өткізу үрдісінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да, қаржылық тұрақтылық барлық өндірістік-шаруашылық қызмет үрдісінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады. Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы – бұл тәуекелдің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны бөлу мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурстарының жағдайы. Қаржы тұрақтылық көрсеткіштері кәсіпорын активтерінің жағдайы мен құрылымын, қарыздық капиталды тарату деңгейі және осы қарыздарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қабілетін сипаттайды. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау 5-кестеде көрсетілген.  

 

 

 

5-кесте. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін талдау 

 

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Жылдар

Ауытқу

2013

2014

+ / -

%

1

Меншікті капиталды шоғырландыру коэффициенті

 

0,80

0,90

0,10

112,51

2

Қарыздық капиталды шоғырландыру коэффициенті

 

0,10

0,01

-0,09

10,02

3

Қарыздық тәуекелділік коэффициенті

 

0,40

0,50

0,10

125,13

4

Ағымдағы берешек коэффициенті

 

0,10

0,06

-0,04

60,25

5

Қаржылық меншікті капиталды жабу коэффициенті

 

0,87

0,93

0,06

106,89

6

Қаржылық леверидж

 

1,14

1,06

-0,08

92,98

7

Тұрақты қаржыландыру коэффициенті

 

0,88

0,93

0,05

105,61

Ескертпе: кәсіпорын мәліметтері негізінде жасалған.


 

 

5-кестеге сәйкес меншікті капиталды шоғырландыру коэффициенті кәсіпорынның капиталдың немесе активтерінің қандай бөлігін меншікті қаражаттарды құрайтынын көрсетеді. Оны табу үшін меншікті капиталды жинақталған балансқа бөлеміз. Оның мәні 2014 жылы 0,10-ға артқан.

Қарыздық капиталды шоғырландыру коэффициентінің мәні 2013 жылы 0,10 болса, 2014 жылы 0,01 болып 0,09-ға азайды, ол кәсіпорынның капиталдың 0,09-ға азайған түрдегі қарыздық қаражаттардың азайғанын да білдіреді.Қаржылық тәуекелділік коэффициенті меншікті қаражаттардың кәсіпорын активтерінің 2014 жылы 0,50, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,10-ға артқанын көрсетеді, яғни активтерінің сомасының артқанын білдіреді.Ағымдағы берешек коэффициенті активтерінің қандай бөлігі қысқа мерзімді қарыздық қаражаттардан қалыптасатынын көрсетеді. Оның мәні 2013жылы 0,10 болса, 2014жылы 0,06 болып, 0,04-ға азайғаны анық.Қаржылық меншікті капиталды жабу коэффициенті қаржылық капиталдың 1 тг-не меншікті капиталдың қанша теңгесі келетінін көрсетеді.Қаржылық леверидж меншікті капиталдың 1 тг-не қанша қарыздар тартылғанын көрсетеді. Оның мәні 2014жылы өткен жылмен салыстырғанда 0,08-ге азайғаны көрсетілген.Тұрақты қаржыландыру коэффициенті баланс бөлімінің қандай бөлігі тұрақты көздер есебінен қалыптасатынын көрсетеді. Ол 2013жылы 0,88 болса, 2014жылы 0,05-ке артып, 0,93-ті құрайды.Табыстар – бұл кәсіпорындарға қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса бұл пассивтердің азаю түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады. Нарық жағдайында табыстар екі түрлі қызмет атқарады:

1) мемлекеттік бюджет табысының  көзі;

2) кәсіпорынның өндірістік және  әлеуметтік даму көзі болып  табылады.

Кәсіпкерлік іс пайда табу мақсатымен жүзеге асырылатын жеке азаматтың немесе азаматтар тобының инициативалық ісі. Сондықтан пайда түсіру – кәсіпорынның бастапқы мақсаты. Бірақ пайданы кәсіпорын қоғамдық мұқтаждықты қанағаттандыратын өнім өндірген кезде түсіре алады. 

 

6кесте. Кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштері 

 

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Жылдар

Ауытқу

2013

2014

+ / -

%

 

2

3

4

 

 

 

 

 

 

 

10

11 

 

12

13

14

Өнімді өткізуден түскен түсім

Өнімнің өзіндік құны

Жалпы табыс

Кезең шығындары

Негізгі қызметтен түскен табыс

Негізгі емес қызметтен түскен табыс

Салық салғанға дейінгі табыс

Корпоративті табыс салығы бойынша шығындар

Салық салғаннан кейінгі табыс

Таза табыс

Өткізілген өнімнің 1 тг. кеткен шығындар

Өнім рентабельділігі

Сату рентабельділігі

Өндіріс рентабельділігі

мың тг. 

 

мың тг.

мың тг.

мың тг.

мың тг. 

 

мың тг. 

 

мың тг. 

 

мың тг. 

 

 

 

мың тг. 

 

мың тг.

тг. 

 

%

%

%

47357,3 

 

30391,7

16965,6

12340,2

4616,4 

 

1641,9 

 

6258,3 

 

1251,6 

 

 

 

5006,7 

 

5006,7

0,9 

 

11,7

35,8

6,4

76568,1 

 

49349,0

27219,1

17951,8

9267,3 

 

3826,8 

 

13094,1 

 

2618,8 

 

 

 

10475,3 

 

10475,3

0,8 

 

15,5

35,5

13,7

29210,7 

 

18957,3

10253,5

1611,5

4652,9 

 

2184,9 

 

6835,8 

 

1367,2 

 

 

 

5468,6 

 

5468,6

-0,1 

 

3,8

-0,3

7,3

161,6 

 

162,3

160,4

109,8

200,7 

 

233,0 

 

209,2 

 

209,2 

 

 

 

209,2 

 

209,2

88,8 

 

 

 

 

Ескертпе: кәсіпорын мәліметтері негізінде жасалған.

Информация о работе Отчет по практике в «Бакан-1» ЖШС-нің