Отчет по практике в «Бакан-1» ЖШС-нің

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2015 в 08:59, отчет по практике

Краткое описание

Таныстыру іс-тәжірибе есебін жасау барысында келесі мақсаттар қойылып, өз шешімін тапты:
кәсіпорын қызметін қаржылық талдау мен ұйымдастыру жөнінде қажетті тәжірибе жинақтау; теориялық сабақтарда алған білімдерді тереңдету және бекіту, кәсіпорын қызметін қалыптастырудың теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, оның экономикалық категория ретінде мазмұнын, мақсатын және мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу және мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, оның қызметінің теориялық сипатын беру, кәсіпорын қызметін жетілдіруге, тиімділігін арттырудың жолдарына әдістемелік және іс тәжірибелік ұсыныстарын жасау.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3 - 4
1«Бакан-1» ЖШС-нің сипаттамасы.....................................................................5 - 6
1.1«Бакан-1»ЖШС-нің құрылымы, қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттер................................................................................................................7-11
2 «Бакан-1» ЖШС-нің экономикалық және қаржылық қызметтеріне талдау жасау.....................................................................................................................12-20
Қорытынды.................................................................................................................21
Қолданылған әдебиеттер тізімі ........................................................................22
Қосымша құжаттар............................................................................................23

Прикрепленные файлы: 1 файл

бакан1.doc

— 219.00 Кб (Скачать документ)

Кіріспе....................................................................................................................3 - 4

1«Бакан-1» ЖШС-нің сипаттамасы.....................................................................5 - 6

1.1«Бакан-1»ЖШС-нің құрылымы, қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттер................................................................................................................7-11

2 «Бакан-1» ЖШС-нің экономикалық және қаржылық қызметтеріне талдау жасау.....................................................................................................................12-20

Қорытынды.................................................................................................................21

Қолданылған  әдебиеттер тізімі ........................................................................22

Қосымша құжаттар............................................................................................23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Кіріспе

     Мен  ................................................................................................., экономика факультеті, өндірістік іс-тәжірибемді  2015 жылдың маусым айының 8-ші маусымнан 2015-жылдың 15-ші маусымана дейінгі аралықта Астана қаласында орналасқан «Бакан-1» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінде өттім.

Таныстыру іс-тәжірибе есебін жасау барысында келесі мақсаттар қойылып, өз шешімін тапты:

кәсіпорын қызметін қаржылық талдау мен ұйымдастыру жөнінде қажетті тәжірибе жинақтау; теориялық сабақтарда алған білімдерді тереңдету және бекіту, кәсіпорын қызметін қалыптастырудың теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, оның экономикалық категория ретінде мазмұнын, мақсатын және мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу және мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, оның қызметінің теориялық сипатын беру, кәсіпорын қызметін жетілдіруге, тиімділігін арттырудың жолдарына әдістемелік және іс тәжірибелік ұсыныстарын жасау.

Таныстыру іс-тәжірибенің міндеттері:

Кәсіпорын жарғысымен, ұйымдастырушылық құжаттармен, оның   құрылымымен, қызмет сипатымен және бөлімдерінің атқаратын қызметтерімен танысу;

Кәсіпорындағы жетекшімен бірлесіп іс-тәжірибені өтудің күнтізбелік жоспарын құру, күнделікке осы жоспар бойынша күнделікті жазбалар жүргізу;

Кәсіпорын қызметіне талдау жүргізу, ішкі шаруашылық  қызметінің анықтамасын жасау;

Ғылыми жетекшінің тапсырмасы бойынша қортындылаушы жұмысты дайындауға, ғылыми зерттеулерге және іс-тәжірибе жөнінде есеп беруге материалдар жинақтап, жүйеге келтіру;

Кәсіпорынның ішкі тәртіп ережелері мен еңбек заңдылығының талаптарын орындау.

Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Терең және ұқыпты талдау негізінде оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақтылай  ұсыныстар беру. Бір сөзбен айтқанда оқу-танымдық тәжіребиесін өту  барысындағы атқарған жұмысымызды бейнелеу.

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді  қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыста-рының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабыл-данған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді.Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономи-калық өсуіне бағытталатыны белгілі.

Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршендігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізгі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорын-ның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 . «Бакан-1» ЖШС-нің сипаттамасы.

 

«Бакан-» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің - қызметі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республика-сының 1998 жылғы 22 сәуірдегі Заңымен және 2009 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңдарымен реттеледі.

Серіктестіктің орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 45/3 үй.

Серіктестіктің құрылтайшысы:

Оразбаев Ж.К, жеке куәлігі № 032265040, 2001ж. 03.04 ҚР ІІМ.берілген Серіктестіктің жарғылық капиталы құрылтайшы салымынан, серіктестік алған кірістер мен заңмен тиым салынбаған көздерден кірістер есебінен құрылады. Серіктестіктің жарғылық капиталының салымы ақша қаражат-тары, құнды қағаздар, мүліктік құқықтар, соның ішінде жер пайдалану құқығы және өзге де мүліктер бола алады. Серіктестіктің жарғылық капиталы 102 000 (жүз екі мың) теңгені құрайды. Серіктестік қүрылтайшыларының үлесі 100% Оразбаев Ж.К үлесіне тиесілі.Серіктестік қатысушының ерекше құзіреті:

Серіктестік жарғысын өзгерту, соның ішінде жарғы капиталының көлемінің өзгеруін қоса алғандағы, тұрған жерін және фирмалық атауын өзгерту немесе серіктестік жарғысын жаңа редакцияда бекіту;

Серіктестіктің атқарушы органдарын құру және оның өкілетін тоқтату, сондай-ақ серіктестікті немесе мүлікті оралымды басқаруға беру;

Бақылау кеңесі мен тексеру комиссиясын сайлау және олардың өкілет-тілігін ерте тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің тексеру комиссиясының есептерін және қорытындыларын бекіту.Серіктестіктің жылдық қаржылық есептерін бекіту,таза кірістерді бөлу;Серіктестіктің ішкі қызметтерін реттейтін ережелер,

Серіктестіктің басқа шаруашылық серіктестіктерге, сондай-ақ коммерциялық ұйымдарға қатысуы туралы шешім қабылдау;Серіктестікті тоқтату және қайта

Тарату комиссиясын тағайындау және тарату балансын бекіту;

Серіктестіктің ағымдағы қызметіне басшылық жасаушы, серіктестіктің атқарушы органы болып директор табылады. Серіктестіктің өкілі болуға құқық беретін сенімхат береді;Қызметкерлерге қатысты оларды қызметке тағайындау және босатуға бұйрық шығарады, еңбек төлемдерінің жүйесін, қосымша ақы белгілейді, сыйақы беру мәселесін шешеді, тәртіптік шаралар қолданады;

Қатысушы немесе байқау органдарының құзіретіне жатпайтын өзге де өкілдіктерді жүзеге асырады.

Серіктестік коммерциялық ұйым болып табылады, азаматтық құқыққа ие,

Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес тыйым салынбаған қызметтің кез-келген түрлерін жүзеге асыру барысында қызметіне қажет міндеттемелер жүктеледі.Бұл заңды тұлғада өзінің дербес балансы, өз атауы жазылған шеңбер мөрі, банктегі жеке шоттары және басқа да реквизиттері бар. Серіктестіктің қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының және серіктестікке қатысушылардың мүдделері үшін шаруашылық, кәсіпкерлік қызметтерді біріктіре отырып жүзеге асыру болып табылады.

Серіктестік тізімі заң актілерімен анықталған, қызметтердің жеке т.рлерімен тек рұқсат қағазы негізінде ғана айналыса алады.

Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты  табыс табу болып табылады.

Серіктестік қызметінің сипаты:

         Тұрғын үй ғимараттарының күрделі құрылысы және жөндеуі, және салынуы.

ҚР Заңдары тыйым салмаған қызметтің басқа да түрлері.

Лицензияланатын қызмет түрлері Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес тек тиісті лицензия болғанда ғана жүзеге асырылады..

Серіктестіктің қызмет мерзімі шектелмеген.

Серіктестіктің экономикалық жүйесін уақытында бюджетке төлемдерді төлеу, сатып алушылар мен тапсырушылар, есеп қойма есебі, кассалық операцияларды және тағы басқалар атқару міндеттері бас бухгалтерге бекітілген. Ай сайын бас бухгалтер директор алдында қаржы және шаруашылық кәсіпорынның қызметі туралы есеп береді.

Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.                                                                                                           

Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.

Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.                                                                                                           

Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіш-терден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.                                                  

Іс-тәжірибесін өтіп отырған серіктестіктің өз алдына бухгалтериясы бар, оны бас бухгалтер басқарады. Мұнда бухгалтерлік есеп қабылданған тәртіппен және қаржылық есеп беру формасына  сәйкес жасалады және де Атқару органына тапсырылып отырады.

Серіктестіктегі есеп бөлімінің ұйымдастырылу құрылымы:                                                                                Бас бухгалтер

1.1 «Бакан-1» ЖШС-нің құрылымы, қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері

Кәсіпорынның негізін ұйымдық құрылымы құрайды. Ұйымдық құрылым өнім шығаруға әрекет етуші субъектілерден тұрады. Осы ұйымдық құрылым арқылы өндірістік процестер орындалады және басқару қызметтері жүргізіледі. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы тек оның элементтерінің тізбегі ғана емес , оның барлық жағдайларын қарастырады. Кәсіпорынның ұйымдық құрамы оның қызметтерімен басқару деңгейлерінің байланысы мен құрамын көрсетеді.  
Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы көрсетілетін қызметтің көлемі және кәсіпорынның болашақтағы даму негізіне қарай құралады. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы бәрінен бұрын фирманың жеке бөлімшелері арасындағы өзара байланысына , олардың ұқсастықтарымен міндеттемелерін бөлуге бағытталады. Басқарудың ұйымдық құрылымы көптеген факторлардан тәуелді.  
 
«Бакан-1» ЖШС жұмыскерлерінің атқарытын міндеттеріне сипаттама:  
Директор орынбасарының атқаратын міндеттері:  
Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес «Бакан-1» ЖШС барлық қызмет түрлерін басқарады. Кәсіпорындық – іс шаруашылық қызметін жоспарлау әдісін пайдалана отырып, құжатты, материалдық, қаражаттық және еңбек шығыстарын ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпорынды білімді кадрлармен толықтыру, олардың еңбек етуіне жағдай туғызады. Қаражатты пайдаланудың дұрыстығын тексереді. Шешімдер, өздерінен жоғары тұратын құзырлы әдістемелік, құжатты материалдарды экономика жұмыстарын ұйымдастыруды, жоспарлы жұмыстардың түрлері мен әдістерін, жаңа өнімдердің түрлерін енгізудің тиімділігін, шаруашылық келісімдерді орындау, еңбек қауіпсіздігін, тазалық және өрт қауіпсіздігін білу қажет.  
Бас бухгалтердің міндеттері:  
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды, материалдық, еңбек, қаржылық ресурстарды, жеке меншік жұмыстарын ұйымдастырады. Бухгалтерлік құжаттарды, есептерді, төлемдерді, айлық қорының шығысын, ақшалай қаражатқа алынған құндылықтарды тексереді. Экономикалық талдау жұмыстарын өткізуге қатысады. Штатқа сай жұмыстарды, қаражат тәртібін, әкімшілік – шаруашылық сметасын және т. б. шығыстарды әзірлеуге қатысады, бухгалтерлік құжаттарды сақтауға оларды архивке өткізуге қатысады.  
Тауарды бақылаушы:  
Материалдық ресурстарды дайын өнімдерді, келісім – шарттардың сапаға сай болуын тексереді; материлдық – техникалық қамтамасыз ету, заттарды сақтау мен тасымалдау жұмыстарына басшылық жасайды. Қоймадағы құндылықтардың сақталуын, қажетті құжаттардың толтырылуын қадағалайды. Сонымен қатар құжаттардың есебін, материалды ресурстардың мөлшерін, экономика негіздерін, еңбек заңының негіздерін, техника қауіпсіздігін білуі қажет.  
 
 
 
1.1-кесте  
Есеп бухгалтерінің міндеттері  
 
Алғашқы құжаттарға сай бухгалтерлік есептің өз уақытында орындалуы және айтылған мерзімде орындалысы Мерзімі  
1. Алғашқы құжаттарды әзірлеу, айлық жазудағы уақыт есебі (жұмыс уақыты табелі, осыған дейінгі бұйрықтармен салыстыру)  
2. Уақытылы және сапалы түрде айлық есептеу (еңбекке жарамсыздығы туралы қағаз, демалыс және жұмыстан босау туралы), айлықтан ұстау (кассамен салыстыру, қоймамен т.с.с) әрбір айдың 7 күні  
3. 68,1 бойынша бухгалтерлік есепті уақытылы көрсету,шоттағы айлықты есептеу. әр айдың 10 дейін  
4. №7 33.3 бойынша аванс отчетын уақытылы тексеріп өткізу. ай сайын  
5. Әлеуметтік және зейнетақы қорларына аударымдары салынған қызметкерлердің тізімін әзірле ай сайын  
6.№300 формасы бойынша квартал сайын  
 
1.2-кесте  
Материалдық бөлім бухгалтерінің міндеттері  
 
Алғашқы құжаттарға сай бухгалтерлік есептің өз уақытында орындалуы және айтылған мерзімде орындалысы Мерзімі  
1. Қойма және шикізат арқылы өндірілетін құндылықтардың құжаттарын қабылдау мен өңдеу. апта сайын  
2. Сальдо ведомосы бойынша қойма меңгерушісінің материалдық заттай құндылықтарының есебін тексеру. ай сайын  
3. Сальдо ведомосы бойынша қойма меңгерушісінің материалдық заттай құндылықтарының есебін тексеру. күнделікті  
4.Қойма жұмысы бойынша уақытылы бухгалтерлік есеп күнделікті жүргізу жыл сайын  
5. Материалдық заттай құндылықтарды санау. ай сайын  
6.Зат қоймасын қабылдау. айдың 10-на дейін  
7.20.4; 20.5; 20.6; 20.7; 22.3. шоттраы бойынша уақытылы және сапалы өткізу. әр айдың 5 күніне  
8.Сұраныс берушілер мен тасушылар арасындағы төлемдерді уақытылы және дұрыс тексеру. әр айдың 5 күні  
9. НДС төлемі бойынша реестр. әр айдың 5 күні  
10. 300 форма бойынша үнемі, сапалы жұмыс істеуді бақылау ай сайын  
11.Сұраныс берушілер мен тасушылардың құжаттарын қарастыру. тоқсан сайын  
 
Экономистің міндетті:  
Кәсіпорынның экономикалық қызметін, еңбек тиімділігін, шығарылатын өнім сапасын, еңбек қаржы ресурстарының ұйымдастырылуын бақылайды. Сонымен қатар барлық кәсіпорындардың бөлімдерінің перспективалық жоспарын экономикалық және әлеуметтік дамуын бақылау сандарына сай әдістемелік жағынан басқарады. Экономикалық көрсеткіштерінің жоспарлануын, заттық құндылықтардың межесін жетілдіруді бақылайды. Материалды, еңбек, қаржы ресурстарының барлық шаруашылық қызметінде орындалуын қатаң бақылайды; Экономикалық бақылауды мекемеде жүзеге асырады. Ол: үкімдерді, бұйрықтарды, әдістемелік құжаттарды, кәсіпорынның экономикалық жұмыстарын ұйымдастыруды, еңбекті қорғау нормалары мен өрт қауіпсіздігін білу қажет.  
Кадрлар бөлімінің инспекторының міндеттері:  
Жұмыскерлердің кадрлық жағынан қамтамасыз ету, мамандықтарына сай біліктілікті тағайындауда іскерлік қабілеттерін бақылау. Перспективалық, жылдық жоспарды дайындау, жаңа техника мен технологияны енгізу, жұмыскерлерді жұмысқа қабылдау, орындарын ауыстыру және жұмыстан босату. Сонымен қатар құжаттардың есебін, материалды ресурстардың мөлшерін, экономика негіздерін, еңбек заңының негіздерін, техника қауіпсіздігін білуі қажет.  
Технологтың міндеттері:  
Технологиялық процесстердің дамуын, шығарылатын өнімнің орындалысын, қызмет түрлерінің орындалуын, шикізат шығынының азаюын, еңбек сапасының артуын ұйымдастырады.  
Кәсіпорында жоғары дәрежедегі ғылыми – техникалық жетістіктерді жеделдету, жаңа заманға сай алдыңғы қатарлы технологиялық процесстерді дамыту үшін жұмыс жүргізеді. Жаңа технологияны енгізу жоспарларын бақылап, құжаттарды дайындау, цех, участок және басқа да құрылым жұмыстарын басқарады. Перспективалық және жылдық кәсіпорын жоспарларын орындалысын қадағалайды жаңа өнімдерді жоспарлау мен ұйымдастыру жұмыстарын басқарады. Өнім қалдықтарының азаюын, еңбек шығындарының: электрэнергиясы, шикізаттың азаюын, құрал – жабдықтардың заман талабына сай болуын қадағалайды.  
Механиктің міндеттері:  
Барлық құрал – жабдықтардың ақаусыз жұмыс істеуін, уақытылы жөнделуін қамтамасыз етеді. Цехтың, құрылыстың, ғимараттың техникалық бақылауға сай екендігін тексереді.  
Құрал – жабдықтардың тексерілуін толық жөндеу жұмыстарының орындалуын, әрбір құрал – жабдықтың құжатының болуын, артық тетіктер, құрал – саймандардың және т.б. техникалық құжаттардың орындалуын қадағалайды. Жұмыс орынына қабылдауда аттестация жұмыстарын, жаңа құралдарды орнату жұмыстарына қатысады. Барлық пайдалануға жарамсыз заттардың құжаттарын әзірлейді. Әрбір құралды пайдалану шартын, оның жұмыс істеу мерзімін қадағалайды. Еңбек орындағы жарақат, апаттардың алдын алу жұмыстарын жүргізеді, техникалық механизмдерді тексеріске әзірлейді. Әр құралдың сапасын тексереді, жұмыс уақытында еңбек қауіпсіздігінің сақталуының ережесін бақылайды.

Информация о работе Отчет по практике в «Бакан-1» ЖШС-нің