Өнеркәсіптік кәсіпорындарда еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 18:46, дипломная работа

Краткое описание

Меншік нысандарының трансформациялануы және әлеуметтік-еңбектік қатынастардың екі жаңа субъектілері – жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылардың қалыптасуы сияқты белгілермен сипатталатын Қазақстан Республикасындағы нарықтық өзгерістердің жаңа кезеңі еңбек ақы сияқты көптеген экономикалық категорияларға дәстүрлі қалыптасқан көзқарастарды қайта қарастыруды талап етеді. Сондықтан бүгінгі таңдағы қалыптасқан жағдайларда еңбек ақыны реттеудің нарықтық механизмдерін қалыптастыру проблемасы нарықтық жағдайлардағы еңбек ақының мәнін және оның мөлшерін дифференциациялаудың объективті факторларын анықтау қажеттілігін туындатады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3

1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың функциялары мен қағидалары.............6
Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың нысандары мен жүйелері..................11
Қазақстан Республикасында еңбек ақы төлеуді мемлекеттік реттеу.......22

2 «АРЫСТАН» ЖШС-ДЕ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ

2.1 Қазақстандағы еңбек ақы төлеудің деңгейі мен серпінін талдау.................29
2.2 «Арыстан» ЖШС-нің технико-экономикалық сипаттамасы.......................36
2.3 «Арыстан» ЖШС-де еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды талдау...............44

3 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың шет ел тәжірибесі............................56
3.2 «Арыстан» ЖШС-де еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру жолдары.....................................................................................................................65

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................74

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ...................................................................77

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Өнеркәсіптік-кәсіпорындарда-еңбек-ақы-төлеуді-ұйымдастыруды-жетілдіру.doc

— 802.50 Кб (Скачать документ)

Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерінің өзгеруі жайлы мәліметтерге келетін болсақ   талданған мерзім ішінде «Арыстан» ЖШС-гі өндірістік-шаруашылық және қаржылық  қызметінде біршама жетістікке жеткенін көре аламыз.

Кәсіпорынның шығаратын өнімдеріне жылдан жылға сұраныс ұлғаюда. Табыстың бірінші абсолютті  көрсеткіші   өнімді өткізуден түскен  түсім. Ол қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижесі есебінде қосылған құн салығын, акциз және сол сияқты міндетті төлемдерді есептелмегенде көрсетіледі.

Төмендегі көрсетілген кесте бойынша, өнім өткізуден түскен түсім 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда  996809 мың тенгеге өсті, ол 206,6 % құрады.   2005 жылы  жиынтық табыстың жоғарлауы байқалды. Ол 2005 жылы  996809 мың тенгеге өсіп 1478419 мың тенгеге жетті. Әрине бұған әсер еткен өнімнің өзіндік құны десек те болады. Есепті жылы  ол алдыңғы жыллмен салыстырғанда кемідіі. Яғни 2005 жылы 103,489 мың тенгені құрады немесе 23,1% ға өсті жиынтық табыстың да ұлғаюыда байқалып тұр, есепті ол 103,544 мың тенгеге өсіпті. Келесі көрсеткіш  кезең шығындарына тоқталатын болсақ, бұл көрсеткіш жалпы шығындар, өнімді өткізуге кеткен шығындар, пайыз шығындары, курстық ерекшелік шығындары. Осылардың қосындысы кезең шығындарын береді және мұны 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы 815058 теңгеге өсті немесе  638 пайызды құрады [23] .

 

 

5 – кесте - «Арыстан» ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Жылдары

Ауытқулар

2004

2005

     +/-

     %

1

Өнімді өткізуден түскен түсім

мың. тг

481,610

1478,419

996,809

306,9

2

Өткізілген өнімнің  өзіндік құны

мың. тг

210,225

103,489

106,736

49,2

3

Жиынтық табыс

мың. тг

271,385

1374,929

1103,544

506,6

4

Кезең шығындары

мың. тг

151,361

966,419

815,038

638,0

5

Негізгі қызметтен түскен түсім

мың. тг

120,024

408,51

288,49

340,3

6

өткізілген өнімнің 1 тг-ге  шығыны

 тенге

0,75

0,72

0,03

96

7

Таза табыс

мың. тг

84,01

285,96

201,95

340,38

8

Өндіріс рентабельдігі

%

8,9

12,1

3,2

135,9

9

Жұмысшылардың саны

адам

14

32

18

228,5

10

Еңбекақы қоры

мың. тг

839,0

4319,0

3480,0

514,7

11

Жұмысшылардың орташа  жылдық еңбекақысы*

мың. тг

59,92

134,968

75,048

225,2

12

Өндірістегі негізгі  құралдардың орт. жылдық құны

мың. тг

896,524

1833,868

937,344

204,5

13

Қор сыйымдылығы

тенге

1,88

1,25

-0,6

66,4

14

Қор қайтарымдылығы

тенге

0,53

0,8

0,09

116,9

15

Қормен қарулану

тг./адам

64037,4

57302,6

-6734,8

89,4

16

Еңбек өнімділігі

мың.тг

34,4

46,2

11,8

134,3


*Кәсіпорын 2004 жылы 7 ай жұмыс істеді. Сол себепті орташа айлық жалақы төмен болады

 

Негізгі қызметтен түскен түсім көрсеткіші бойынша 2004-жылға қарағанда 2005-жылы 240,3 пайызға өсті. Бұның себебі жалпы табыс өсіп жатыр және өнімнің өзіндік құны да төмендеген.

Өндірістегі шығындар мен жұмыс нәтижесі көрсетілетін көрсеткіш, яғни нәтижелі көрсеткіш өткізілген өнімнің 1 тенгеге шығыны. Бұл көрсеткіш көлемі 2004 жылы 0,75 тенге, ал 2005 жылы 0,72 тенге болды. Яғни 0,03 тенгеге кеміді, бұл кәсіпорын аз болса да оң әсерін тигізеді. Егер жылдан жылға осынша деңгейге төмендеп тұрса кәсіпорын үшін бұл өте жақсы.

Өндірісте негізгі мәнді  жұмысшылар санына беріледі.  Себебі жұмысшылар    көмегімен    өндіріс    үзіліссіз         жүреді.    Бізде    2004   жылмен салыстырғанда  жұмысшылар саны өсті,    егер  2004 жылы 14 адам болса 2005 жылы 32 жетті.   Бұның басты себебі өндіріс көлемін ұлғайтуға байланысты   жаңа еңбек күші қажет болды, сонымен бірге жаңа құралдарды меңгеруге жоғары білікті мамандар қажет болды.

Ендігі көрсеткіш  еңбекақы қоры - бұл кәсіпорын жұмысшыларының жалақысының жиынтығы. Бізде 2004 жылы еңбекақы қоры 839 мың тенге болса, 2005 жылы ол 4319 мыңға жетті.   Яғни ол 3480 мыңға себебі.  Мұның басты себебі   кәсіпорын табысы өсті және  кәсіпорын үздіксіз жұмыс істейді

Өндірістегі негізгі  құралдардың орташа жылдық құны Бұл көрсеткіш кәсіпорынның орналасқан жерін, мекемесін тасымалдайтын транспортты, машиналары жатады Бұлардың қосындысы арқылы негізгі құралдардың орташа жылдық құнын табу үшін, осы көрсеткіштің бәрін қосып, әр жылды жеке – жеке (2) бөлеміз. Бұл көрсеткіш 2004 жылы 896524,5  мың тенгені құрапды. Ал 2005 жылы 2366560,1 мың тенгеге жетті.

Қызметтің соңғы нәтижелері бойынша қорытындыны таза табыс және  өндіріс рентабельділігі   көрсеткіштері арқылы жасаймыз.

Өндіріс рентабельділігі. Осы көрсеткіш  кәсіпорын өндірісінің тиімділігін  есептеуде қолданылатын ең негізгі көрсеткіш болып табылады.  Ол өндірістегі 1 тенгеден алынған пайданы көрсетеді.   Бізде өндіріс рентабельділігі 2005 жылы 12,1 пайыз болса 2004 жылы 8,9 пайыз болған. Байқап тұрғанымыздай өндіріс рентабельділігі өсуде бұл кәсіпорын үшін оң нәтиже береді. Осыған байланысты таза табыстың да өсуін байқап тұрмыз.  Есепті жылы таза табыс 201,95 мың тенгеге өсті.

 Қор сыйымдылығы қор қайтарымдылық көрсеткішіне кері көрсеткіш болып табылады. Оның қасиеті сонда, оның алымын бірнеше бөлек цех және  құрал – жабдықтар группаларға бөліп тастауға болады. Бұл техникалық өндірістік учаскілеріне деген жерін, қор пайдаланудағы жалпы көрсеткішін анықтауға мүмкіншілік береді. Қор сыйымдылығы былтырғы,  яғни 2004  жылы 2005 жылмен салыстырғанда кеміді.   Осы көрсеткішті есептеу үшін біз:қор сыйымдылығы = негізгі қордың (орт)/ өнімді өткізуден түскен түсім [24].

 Негізгі өндірістік қорларды пайдаланудағы жалпы көрсеткіш ретінде қор қайтарымдылығы кәсіпорынның эффектілігін көрсетеді. Осы көрсеткішті 2004 салыстырғанда 2005 жылы 150,9    пайызға өскен. Осы көрсеткішті есептеу үшін біз: қор қайтарым. = өнімді өткізуден түскен түсім / негізгі қордың (орт) Қолданылған негізгі капиталдың деңгейі бір жағынан кәсіпорынның қор құрылымын құруда қолданылатын прогрессивті  технологиялық политикасы. Ал екінші жағынан өнім шығару өндірісінде ұйымдастыруы мен технологиясы. Бұл жағдайда басшылар негізгі қорлардың нақты қалай қолданатынын білу керек.

Бұл мақсаттар үшін негізгі  капиталды қолдануды бағалайтын көрсеткіштер жүйесі қолданылады. Олардың  ішінде ең маңыздалары қор қайтарымдылығы, қор сыйымдылығы көрсеткіштері. Қор қайтарымдылығы өткізілген өнімнен түскен түсімнің негізгі құралдарына қатынасына тең.

2005 жылы  «Арыстан» ЖШС-ң қор қайтарымдылығы 0,8 тенге, ал 2004 жылы 0,53 тенге болған. Қор қайтарымдылығы көрсеткіші басшыларға бекітілген қорлардан қаншалықты табыс алатынын көрсетеді. 2005 жылы негізгі қорлардың 1 тенгесіне 8 тиын пайда түседі. Бұл аз, бірақ 2004 жылмен салыстырғанда өсті. Егер жыл сайын мұндай өсулер байқалса, онда кәсіпорын пайдасы сондай деңгейде өседі.

 

6 кесте Негізгі капиталды қолдану көрсеткіштері.

  №

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Жылдары

Ауытқулар

2004

2005

     +/-

     %

1

Өнімді өткізуден түскен түсім

мың. тг

481610,0

1478419,0

996809,0

306,9

2

Өндірістегі негізгі  құралдардың орт. Жылдық құны

мың. тг

896524,5

1833868,5

937344

204,5

3

Қор сыйымдылығы

тенге

1,88

1,61

0,27

85,6

4

Қор қайтарымдылығы

тенге

0,53

0,62

0,09

116,9

5

Қормен қарулану

тг.адам

64037,4

57308,0

-6729,1

89,4

6

Тозу коэффициенті

     %

0,07

0,11

0,04

157,1

7

Жарамдылық коэффициенті.

     %

0,92

0,87

-0,05

91,5


  

Жоғарыдағы кестеге  сүйене отырып қор сыйымдылығы, яғни 1 өнім көлеміне қанша негізгі қор келетінін көрсетеді. Қор сыйымдылығы – бұл өте қажет көрсеткіш, ол капитал салымдарының үнемдеуімен немесе олардың ұлғаюымен байланысты. Қарастырылып отырған кезең уақытында 2004 жылы қор сыйымдылығы 1,86 тенге, ал  2005 жылы  1,24 тенгені құрды. Қор сыйымдылығы төмендеген кезде негізгі өндірістік қорлардың жақсы қолдануы байқалады.  Сонымен бірге 1 жұмысшының қормен қарулануы 2005 жылы 57308,3 мың тенгені көрсетті, ол  2004 жылдан  89,4% төмендеді.

Негізгі өндірістік қорларды сипаттайтын келесі көрсеткіш  тозу коэффициенті. Ол негізгі құралдардың тозуын көрсетті 2005 жылы  0,11 болса, 2004 жылы 0,07-ге дейін төмендеді, сондықтан оларды ауыстыруы қажет етеді.

Жарамдылық коэффициенті негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайды және негізгі құралдардың соңғы құнының бастапқы құнына қатынасы арқылы есептеледі. Қарастырылып тұрған кәсіпорында бұл коэффициент 2005 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда төмендеді. Бұл көрсеткіштің  төмен болуы бізге тиімсіз. Себебі, егер негізгі құралдардың жарамдалығы төмен болса, оларды жиі ауыстыру керек  болады, ал ауыстырулар қосымша шығындарды керек етеді.

 

2.3 «Арыстан»  ЖШС-де еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды  талдау

 

Еңбек ақы төлеуді талдау өндірістің ұйымдастырушылық және техникалық деңгейін көтеруімен байланысты [25]. Еңбек ресурстарын тиімді пайдалануын жақсарту жалпы кәсіпорын тиімділігін жоғарлатуға бағытталған [

Еңбек ақы төлеуді  талдау келесіден көрінеді:

-кәсіпорында кадрлар құрамы, олардың қозғалысын талдау;

-еңбек өнімділігі деңгейін талдау;

-еңбек ақы қорын пайдалануды талдау,

-негізгі факторлардың жалақы қорын қолдануға әсерін талдау;

Кәсіпорын кадрлары жайлы талдау жасауда келесі сұрақтар қарастырылады:

-еңбек ресурстарының  құрамы;

-кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтылуы;

-мамандардың қозғалуы;

Талдау жүргізу алдында қызметкерлерді топтастырылуын қарастырамыз. Кәсіпорындағы барлық мамандар өнеркәсіптік-өндірістік және өндірістік емес топтар деп бөлінеді. Өнеркәсіптік-өндірістік мамандарға кәсіпорынның негізгі қызметімен байланысты (өнеркәсіп өнімдерін өндіру, өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорынды басқару) еңбек операцияларымен айналысатын тұлғалар жатады. өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлер жұмысшылар мен жұмыскерлерге бөлінеді. Жұмысшыларға тікелей еңбек құралдарына және өнім қозғалысына, яғни тікелей өндіріске қатысты тұлғалар жатады. Оларға кіші қызмет көрсетуші мамандар жатады, яғни курьер, жүргізушілер.

Жұмыскерлер құрамынан  ерекше бөлінетіндер басшылар, мамандар, сонымен бірге басқа да ұйым жұмыскерлері жатады. Олар өндіріске қатысты емес. Талдау барысында персоналдың құрылымы өзгерісімен танысу қажет. Өнім өндірісінің негізгі шартарының бірі ол еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі. Мұнда еңбек ресурстары өздерінің кәсіби біліктілігі, жасы және т.б. көрсеткіштері бойынша орналасуы керек.

 

7 - кесте - Кәсіпорын қызметкерлерінің саны құрылымының өзгерісі

Мамандар категориясы 

(адам)

2004ж

%

2005

%

Жұмысшылар

8

57,14

13

65,62

Басшылар

3

21,43

3

9,38

Мамандар

3

21,43

8

25

Барлығы, соның ішінде:

14

100

32

100


 

Кесте мәліметтерінен көріп тұрғанымыздай талданып тұрған кәсіпорында өндірістік әлеует өсті. Сонымен қатар басшылардың үлес салмағы кеміді 12,05%-5ға, ал мамандар үлесі өсті 3,57%. 2004 жылы кәсіпорын қызметкерлерінің саны 2005 жылмен салыстырғанда екі есе аз. Мұның себебі кәсіпорынның өзі 2004 жылы құрылған. Кәсіпорында жұмысшылар санының өсуі айқын көрініп тұр, яғни 2004 жылы 8 адам болса, 2005 жылы 21 адамға жетті. Бұл өндірістің жұмыс істеуіне оң әсер береді.

Еңбек көрсеткіштерінің талдауын жүргізу үшін еңбек ресурстарының қолдануымен танысуымыз қажет.

Төмендегі кесте мәліметтерінен көріп тұрғанымыздай 2005 жылы өнімді өткізуден түскен түсім 996,809 мың тенгеге өсті немесе 206,9%. Бұл шығарылатын өнім бағасы мен көлеміне байланысты. Есепті жылы жұмысшылар саны 18 адамға өсті. Жұмысшылар санының өсуі кәсіпорынның жаңадан құрылғанынан оған жаңа мамандардың керектігімен түсіндіріледі.

Өнім өндірілімі мен жұмысшылар санының өсуінен  кәсіпорынның еңбек ақы қоры да өсті. Егер 2004 жылы 839 мың тенге болса, 2005 жылы 4319 мың тенгеге жетті.

Жұмысшылар санының  өсуінен және өткізілген өнім түсімінің  өсуінен де жұмысщылардың еңбек  өнімділіг өсті 2005 жылы 46,2 мың тенгеге  жетті. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 11,79 мың тенге артық.

Кәсіпорынның орташа жылдық жалақысы өнім өндірісі мен  минималды жалақының өсуімен  түсіндіріледі. Біздің жағдайымызда орташа жылдық жалақы өсіп тұр. Бұл өте жақсы, әрине кәсіпорында тапсырыс бар  екендігін көрсетеді.

Информация о работе Өнеркәсіптік кәсіпорындарда еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру