Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 18:46, дипломная работа
Меншік нысандарының трансформациялануы және әлеуметтік-еңбектік қатынастардың екі жаңа субъектілері – жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылардың қалыптасуы сияқты белгілермен сипатталатын Қазақстан Республикасындағы нарықтық өзгерістердің жаңа кезеңі еңбек ақы сияқты көптеген экономикалық категорияларға дәстүрлі қалыптасқан көзқарастарды қайта қарастыруды талап етеді. Сондықтан бүгінгі таңдағы қалыптасқан жағдайларда еңбек ақыны реттеудің нарықтық механизмдерін қалыптастыру проблемасы нарықтық жағдайлардағы еңбек ақының мәнін және оның мөлшерін дифференциациялаудың объективті факторларын анықтау қажеттілігін туындатады.
КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың функциялары мен қағидалары.............6
Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың нысандары мен жүйелері..................11
Қазақстан Республикасында еңбек ақы төлеуді мемлекеттік реттеу.......22
2 «АРЫСТАН» ЖШС-ДЕ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы еңбек ақы төлеудің деңгейі мен серпінін талдау.................29
2.2 «Арыстан» ЖШС-нің технико-экономикалық сипаттамасы.......................36
2.3 «Арыстан» ЖШС-де еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды талдау...............44
3 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың шет ел тәжірибесі............................56
3.2 «Арыстан» ЖШС-де еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру жолдары.....................................................................................................................65
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................74
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ...................................................................77
4. Ресурстік-шығарушы функция. Бұл функцияның мәні қазіргі уақытта айтарлықтай өсуде. Оның мәні еңбек ресурстарын аймақтар, салалар, кәсіпорындар бойынша таратуды тиімді үйлестіру болып табылады. Еңбек ресурстарын шығару саласындағы мемлекеттік реттеу минимумға жақын жағдайында, ал еңбек ресурстарының қызмет етуі тек жалданушы жұмысшының еркіндегі жағдайында ғана мүмкін болса, өмір деңгейін жоғарлатуға ұмтылу оның мұқтаждығын қанағаттандыратын жұмысты табу мақсатымен түсіндіріледі.
5. Төлем қабілеті бар халық сұранысын қалыптастыру функциясы. Бұл функцияның мәні – төлем қабілеті бар сұранысты сәйкестендіру, мұнымен сатып алушылардың ақша құралдарымен қамтамасыз етілген тұтыну көрінісінің формасы түсіндіріледі. Төлем қабілеті бар сұраныс екі негізгі факторлардың әрекетімен қалыптасатынына байланысты тұтыну мен қоғамның табысы, онда жалақы көмегімен рынок жағдайында тауарлы ұсыным мен сұранымның арасындағы керекті пропорция белгіленеді.
Жоғарыда
айтылған функцияларды іске
1. Өндіріс және еңбек тиімділігінің өсуіне қарай нақты жалақыны жоғарлату. Бұл қағида тұтынуды көтерудің экономикалық заңының объективті әрекетіне байланысты, олардың толық қанағаттануы материалдық игіліктер мен қызметтерді көп көлемде алу мүмкіндігін кеңейту арқылы іске асыруға болады. Бірақ мұндай мүмкіндік еңбек тиімділігі, өндірістік қызмет нәтижелерімен байланысты болу керек. Мұндай байланыстың болмауы, бір жағынан жалақыны төлемеуге сәйкесінше инфляцияға алып келуі, екінші жағынан – төмендетілген еңбек үлесінің тиімділігіне сәйкес номиналды жалақы төлеу. Нәтижесінде жұмысшылардың мұқтаждығын қанағаттандыру мүмкіндігі және жалақыны көбейту жоққа шығады.
2. Еңбек өнімділігі өсу темпінің орташа жалақының өсу темпінен жоғары болуын қамтамасыз ету (немесе өнім өндіру көлемінің өсу темпінің тұтыну қоры өсу темпінен жоғары болуы). Бұл қағиданың мәні - өндіріс тиімділігін жоғарлату мен дамыту негізінде еңбек табыстарын максималдау. Осы бағытта жүру кәсіпорынның дамуы мен өсуіне жағымды жағдай болып табылады. Бұл қағиданы бұзу инфляцияға, елдің экономикасының тоқырау құбылысына алып келеді. Нақты кәсіпорын жағдайында бұл өндіріс құралдарын жаңарту процесінің бәсендеуі, және перспективалы нәтижесі бар жобаларды жасауға бағыт бұзылады – бәсекелестік фирмалардың өнімдеріне қарағанда сапасы төмен өнімге сұраныстың төмендеуі.
1-сурет - Жалақы функциялары мен ұйымдастыру қағидалары арасындағы байланыс
3. Жұмысшының кәсіпорындағы еңбек нәтижесіне, маңыздылығына және еңбек жағдайына, кәсіпорын орналасқан ауданға байланысты жалақының өзгешелігі. Бұл қағида жұмысшының еңбек біліктілігі тұрғысында материалдық мүддесін жоғарлату керектігі негізінде жасалған. Және де жұмыс күшін қайта өндіруге қажетті, әртүрлі еңбек жағдайындағы, географиялық және климаттық жағдайға байланысты материалдық игіліктердің көлемі белгіленуі керек.
4. Сәйкес еңбекке сәйкес төлем. Нарық жағдайында қарастырып отырған қағиданы жынысы, жасы, ұлты және тағы басқа бойынша еңбек ақы төлеуде дискриминацияны болдырмау деп түсіну керек, кәсіпорын немесе фирма ішіндегі әділеттік қағиданы қорғау болып табылады.
5. Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу.
6. Еңбек нарығы әрекетін есепке алу. Еңбек нарығында мемлекеттік және жеке компаниялардағы жалақының диопазоныны көрсетілген, және де ұйымдастырылмаған секторда.
7. Еңбек ақы жүйесінің қарапайымдылығы, логикалығы еңбек ақы жүйесінің мәні туралы ақпараттылықты қамтамасыз етеді. Атқарушылар жалақы көлемін қандай жағдайда, яғни олардың материалдық игіліктерінің көтеруді нақты алдына қоюы керек.
Көбінде еңбек ақыны
ұйымдастыру қағидаларын
1.2 Еңбек ақы
төлеуді ұйымдастырудың
Әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда еңбекақы төлеудің кең тараған нысандары: кесімдік және мерзімдік [7] .
Жалақының кесімді нысаны өнімнің әрбір данасына төлем немесе атқарылған жұмыс көлеміне байланысты. Ал мерзімді жұмыс істеген уақытына төлем, бірақ күнтізбелік емес, тарифтік жүйемен қарастырылған нормативтік уақыт.
Нақты бір кәсіпорын
өндірілетін өнімнің
Кесімді және мерзімді еңбек ақы төлеудің нысандарын жүйелі түрде көрсетуге болады.
1- кесте - Жалақы жүйелері мен нысандары
Еңбекақы төлеудің жүйелері мен нысандары | |
Кесімді |
Мерзімді |
Қарапайым кесімді |
Қарапайым мерзімді |
Кесімді сый ақылы |
Мерзімді сый ақылы |
Жанама кесімді |
Сағаттық |
Аккордтық |
Күндік |
Кесімді прогрессивті |
Апталық |
Жеке |
Ұжымдық |
Көптеген
жағдайларда еңбек ақы
Кесімді
еңбек ақыны қолдану
- нақты жұмысшыға байланысты жұмысшының сандық көрсеткішінің болуы.
- Орындалған жұмыстарды дәл есептеуге мүмкіндіктің болуы.
- Нақты бөлімдегі өнім шығаруды немесе жұмыс атқаруды көбейту мүмкіндкітің болуы.
- Нақты өндірістік бөлімшеде жұмысшыларды өнім көлемін немесе атқарылатын жұмыстарды көбейтуге ынталандырудың керетігі.
Кесімді
еңбек ақыны қолдануға
- өнімнің сапасының төмендеуіне;
- технологиялық режимнің бұзылуы;
- құрал-жабдықтарды күтудің төмендеуі;
- техника қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы;
- шикізат пен материалдың шығыны;
Мерзімді еңбек ақыны қолданудың жағдайлары:
- өнім шығаруды көбейту мүмкіндігінің жоқтығы;
- өндірістік процестің қатаң уақыты белгіленген;
- жұмысшының функциясы технологиялық процесті бақылауға негізделген;
- өнім шығаруды көбейту бракқа немесе сапасының төмендеуіне алып келеді [21];
Нақты бір кәсіпорында өндірілетін өнімнің мінездемесіне, сол немесе басқа технологиялық процестің болуына, еңбекті және өндірісті ұйымдастыру деңгейіне қарамастан сол немесе басқа еңбек ақы формасы қолданылады. Мысалы, кесімді жалақы тиімсіз болуы мүмкін, егер тек қана кесімді-сыйақылы немесе кесімді прогресивті варианттарын қолданса, бірақ егер аккордтық жүйесі қолданса, онда тиімділік жоғарлайды. Сол кәсіпорындарда цехтардағы нақты бір өнім шығаруға байланысты еңбек ақы варианттарын қолдану әртүрлі болуы мүмкін. Нарық жағдайында жоспарлы экономикада мінезді қатаң уақытты белгілеу жоқ, сондықтан кәсіпкер, кәсіпорын басшылығы қолда бар барлық еңбек варианттарын қолданып көруге және кәсіпорын мақсатына сай келетің варианты таңдап алу мүмкіндігі бар [8].
Сол үшін
басқа еңбек ақы формасы
Тікелей
кесімді жүйеде немесе
Өнімнің бір данасына жеке кесімді баға былай анықталады:
Зед = Зч х Tн ; (1)
мұнда Зч - орындалатын жұмыстың разрядына сәйкес белгіленетін сағаттық тарифтік ставка, теңге/сағ.;
Вч - берілген өнімді өндірудің сағаттық нормасы;
Tн - өнімнің бір данасына уақыт нормасы, сағ.;
Жұмысшының
жалпы жалақысы кесімді бағаны
өндірген өнім көлеміне
Кесімді-сыйақылы жүйеде жұмысшы жалақысын тікелей кесімді баға және қосымша сыйақыны алады. Бірақ бұл үшін сыйақы берілетін көрсеткіштер нақты көрсетілуі керек, олар әрбір атқарушыға белгілі болуы шарт. Жұмысқа қайта алынған адамдар осы туралы хабардар болуын қадағалау керек. Және де жұмысты орындағаны және асырып орындағаны үшін сыйақы көлемі белгіленуі керек. Бұлар еңбек өнімділігі көрсеткішінің өсуі; өндіріс көлемінің ұлғаюы;техникалық дәлелденген жұмыстар нормасын орындау және нормаланған еңбек сыйымдылығының төмендеуі; өндірістік тапсырмаларды орындау; ахуалды болдырмау; стандарттарды, нормативті-техникалық құжатамаларды қолдану; шикізатты, материалдарды, аспаптарды және тағы басқа материалдық құндылықтарды үнемдеу .
Көрсеткіштер санын жоғарлатуға болады, сол немесе басқа көреткішті қолдану нақты өндірістік жағдаймен анықталады. Мысалы, кәсіпорынның тасмалдаушыларға байланысты рекламация көлемі өсіп кетті немесе кәсіпорын сапасына байланысты талаптары жоғары сыртқы рынокқа өз өнімінен шығуға тырысады. Әрине, бұл жағдайда өнімнің сапасына талаптар орындау сапасы жоғарлайды және бұл проблеманы шешуге көрсеткіштер тізімде өз септігін тигізу керек. Бірақ бұл көрсеткіштің тізімі бес-жеті көрсеткіштен көп болмауы керек, себебі олардың көп болуы жұмысшылар есінде сақталып қалмайды.
Жанама-кесімді
жүйеде жұмысшының жалақысы
Жанама-кесімді баға
Зк жұмысшыларға қызмет көрсету нормасы
арқылы формуламен есептелінеді:
мұнда, Зч - қызмет көрсетілетін жұмысшының сағаттық тарифтік стафкасы;
Вч - өнімнің данасына байланысты қызмет көрсеттін жұмысшының сағаттық өнім шығару нормасы;
Р - қызмет көрсететін жұмысшылар саны қызмет көрсету нормасы.
Жалпы табыс көмекші жұмысшы ставкасын қызмет көрсететін кесімді жұмысшылардың қызмет көрсету нормасының орташа пайызына көбейту арқылы немесе жанама кесімді бағаны қызмет көрсетілетін жұмысшылардың нақты өнім көлеміне көбейту арқылы есептелінеді:
Зжал = Зч х Фкөм Y / 100 ; (3)
мұнда, Зжал – жұмыстың жалпы жалақысы, теңге;
Зч - көмекші жұмысшының жалпы тарифтік ставкасы;
Фкөм – берілген көмекші жұмышының нақты істелінген адам-сағат саны;
Y –
берілген жұмысшының қызмет
мұнда, Зкj – j-қызмет көрсететін жұмысшының өнімнің бір данасына жанама кесімді баға, теңге;
Вфj – j-қызмет көрсетеін жұмысшының өлшеу бірлігіне сәйкес берілген кезеңде өндірілген өнімінің нақты көлемі.
Аккоррдтық кесімді еңбек ақыда қолданылып жүрген уақыт нормасы мен бағалау негізінде баға жұмыстың барлық көлеміне белгіленеді (жеке операцияға емес). Еңбек ақының бұл жүйесінде жұмысшыларғы жұмысты атқару уақытын азайтқаны үшін сыйақы беріледі, ал бұл болса еңбек өнімділігінің өсуін күшті ынталандырады [9].
Кесімді
прогрессивті жүйеде
Кесімді прогрессивті
жұмысшының жалақысы Зсп
Зсп = Pтс+[ Зтс (jн-jбаз)gпр]/jн ; (5)
Зсп= Зтс+Зтп (g'пр-1)jn ; (6)
Информация о работе Өнеркәсіптік кәсіпорындарда еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру