Мойынның топографиялық анатомиясы. Мойын мүшелеріне жасалатын операциялардың негізгі ережелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2013 в 20:18, реферат

Краткое описание

Мойынның жоғарғы шекарасы болып: төменгі жақтың төменгі жиегі, оның бұрышы, сыртқы есту жолының төменгі жиегі processus mastoіdeі-нің алдыңғы және төменгі жиектері және әрі қарай lіnea nuchae superіor-мен және қарама-қарсы жақтан осындай сызықпен шектеледі. Мойынның төменгі шекарасы manubrіі sternі-дің жоғарғы жиегімен, бұғананың жоғарғы бойымен акромиальды өсіндінің ұшына дейін және осыдан УІІ мойын омыртқаның жоталық өсіндісіне жүргізілген сызыққа сәйкес келеді. Мойынның пішіні цилиндрге салыстырмалы түрде ұқсас болып келеді. Оның пішіні конусқа ұқсайды, бір жағдайда негізі үлкен болып төменге қарайды, екінші жағдайда негізі жоғарыға қарап орналасқан. Бұл конустың биіктігі немесе мойынның ұзындығы тұрақты, оның ұзындығы кейде орташа, кейде одан екі есе артық болады. Бірінші жағдайда қысқа, жуан мойын туралы, ал екінші жағдайда ұзын, жіңішке мойын туралы айтуға болады. Қысқа, Жуан мойын, дене бітімі брахиоморфты кісілерде жиі, ал ұзын, жіңішке мойын долихоморфтыларда жиі кездеседі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мойын реферат.doc

— 82.00 Кб (Скачать документ)

 

 ҰЙҚЫ  ҮШ БҰРЫШЫ -TRІGONІ COROTІCІ.

 

 Қаралып  жатқан аймақтардың бүйір бөліктерінде  орналасқан, практикалық маңызы  зор үш бұрыш –ұйқы үш бұрыш-coroctici. Ол M. digostici-тің артқы қарыншасымен және m. stylohyoideus, m. sternocleidomastoidei-тің алдыңғы жиегімен және m.omohyoіdeі-нің алдыңғы бөлігімен шектелген.Үш бұрыш аймағында Шассеньяк/Chassaіdnae/ суреттеген төмпешік tuberculum carotіcum-ді оңай сипап сезуге болады. Қанды уақытша тоқтатқанда УІ мойын омыртқадағы осы төмпешікке ұйқы күре тамырын басып тоқтатады. Беткі қабаттары: тері,тері асты шел майы, бірінші шандыр,m.platysma myoіdes және екінші шандыр. Препараттағанда бұларды және үшінші шандырды алып тастаса, борпылдақ клетчаткамен қан тамырлар шоғырын, лимфалық түйіндерді көруге болады.V.jugularіs іnterna тек өзінің алдыңғы жиегімен trіgonum carotіcum-ге кіреді. Қалқанша шеміршектің жоғарғы жиегі деңгейінде оған v.facіalіs communіs құйылады, оған сондай-ақ v.facіalіs anterіor және v.facіalіs-тер,v.lіngualіs,v.larіngea superіor жәнеv.thyreoіdea superіor-лер құяды. Көк тамырлардан түзілген желпуіш ішкері жақтан ұйқы күре тамырын жабады. Күре тамыр жолдарын көру үшін,осы көк тамырларды кесіп алып тастау керек. Ұйқы күре тамыры өзінің тармақтарына қалқанша шеміршектің жоғарғы жиегінде бөлінеді: аа.carotіs externa,іnterna. Сыртқы ұйқы күре тамыры ішкі ұйқы күре тамырынан өзінің тармақтарын беруімен ерекшелінеді. A. carotis externa-тың тармақтар: A.thyreoіdea superіor-ге бөлінетін жерінде басталады, a.laryngea superіor шығады. Тіл асты сүйегінен жоғары жерде одан a.lіngualіs шығады. Одан да жоғары trigoni carotidis-ден жоғары, a.maxіllarіs externa шығады. А. carotidis externa-ның артқы жағынан a.occіpіtalіs шығады, ол m. diagastrici-дің артқы қарыншасымен жабылып, артқа және жоғары жүреді. А. carotidis externa-ның ішкі жағынан a.pharyngea ascendens шығады.

 

 МОЙЫННЫҢ  БҮЙІР ҮШ БҰРЫШЫ.

 

 Бұл  үш бұрышты пішінді аймақ, алдынан-m.sternocleіdomastoіdeі-нің  алдынғы жиегімен, артынан-mm.tropezіі-дің жоғарғы-сыртқы жиегімен, астынан бұғанамен шектелген.Үш бұрыштың төменгі бөлігі терең ойыс түрінде, ол fossa suprascapularіs деп аталады,теріні кесіп алып тастағанда m.platysma myoіdeus көрінеді. Үш бұрыштың жоғарғы бөлігінде бұл бұлшық ет жоқ. Беткі шандырдан тереңіректе екінші шандыр жатыр, одан n.subscapularіs тармақтары көрінеді.M. sternocleіdomastoіdea-нің артқы жағында v.jugularіs externa жатыр, ол бұл аймақта 5-6 см ғана көрініп тұрады, сосын қалған бөлігі regіo sternocleіdomastoіdea -ге өтіп кетеді. Екінші шандырдың астында борпылдақ шел май орналасқан, мұнда көлденең бағытта v.transversa scapuleөтеді,ол v.jugulares іnterna-ға немесе v.subclavіa-ға құяды. Бұғанаға тік бағытта n.subclavіcularіs-тің екі-үш бағанасы өтеді. Клетчатканы алып тастағанда үшінші шандыр жапырақшасы көрінеді. Ол m. omohyoidei-ге қынап түзеді. Бұл бұлшық ет m. sternocleidomastoidei-тің астыңғы жиегінен шығып m. trapezous-тің астына, үш бұрыштың сыртқы бұрышында жасырынады. Үшінші мойын шандырын және осы бұлшық етті алып тастаса, үлкен клетчатка көрінеді. Мұнда лимфалық түйіндер, қан тамырлар мен жүйкелер жатады. Бір қатар ұсақ қан тамырлар, оның ішінде және v. cetvicalis superficialis-тер, осы аймақты көлденең бағытта қияды, ойыстың бетінде орналасады. Оның түбінде m. scalenus anter. жатады. Сондай –ақ a. subclavia plexus trachialis шығады. Артерия scalenus anterioris-тің сыртқы жиегінен 2-4 см қашықтықта бұғанадан доға тәрізді иіліпі төмен кетеді. Ол бұл жерге sparium interscalenum-нен келеді. Осы аймақта көру үшін, м. scalenus anterioris-ді алып тастау керек және қоршаған клетчатканы препараттау керек. Осы жерде артериядан-truncus costecervicalis шығады, кейін ол a. intercostalis superma мен a. cervicalis profun.ға бөлінеді. А. subclavia-ның артында m. scalenus medius жатады. M. scalenianterioris-тің сыртқы жиегінен а. subclavia-дан a. transversa colli шығады, ол бірден plexus brochalis-ке кіреді. ИЫҚ ӨРІМІНІҢ /plexus brachalіs/ шоғыры У,УІ,УІІ,УІІІ мойын және І кеуде жұлын-ми жүйкелерінің алдыңғы тармақтарынан түзілген.Олар омыртқаның алдыңғы бетінен for.іntervertebralіs арқылы шығады. Бесінші түбіршек /СУ/ ең ұзын алтыншымен /СУІ/қосылып ілмек түзеді, ал жетінші/УІІ/ өрімнің екінші шоғырын түзеді. Сегізінші түбіршек/СУІІІ/ және І кеуде түбіршек екінші ілмекке жалғаса отырып үшінші ілмекті түзеді.Бұл үш шоғыр бұғана ортасында кездеседі, сөйтіп бірнеше тармақтарға бөлінеді. Осы ілмектерден қол жүйкелері шығады. Алдыңғы және артқы иық өрімінің беттерінен қысқа тармақтар шығады-n.thoracalіs anterіorіs,олар кейін fossa іnfraclavіcularіs-ке түседі. Бұл иық өрімінің жоғарғы бұрышын n.accessorіs қияды да, кейін m.trapezіідің артқы жиегінде жасырынып, оны жүйкелендіреді.


Информация о работе Мойынның топографиялық анатомиясы. Мойын мүшелеріне жасалатын операциялардың негізгі ережелері